Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Толеукул А.А..doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

Отандық педагогика ғылымында бейімделу мәселесінің  жүйелі түрде зерттелуі 60-70 жылдары  басталды. Алғашқы нәтижелері шыға бастағанымен бұл мәселеде әлі толық  қалыптасқан, жалпылама, ұғымдама, тұжырымдама  әлі анықталған жоқ. Бейімделу терминін орысша «адаптация», (яғни латын тілінде аdaptасіо – ыңғайлану) деген мағынаны беріп, негізінен қоғамдық ғылымға (әлеуметтік, психология, педагогика) жаратылыстан,биология ғылымдарымен әлеуметтік мәнде «адам - орта» түріндежакындасып, үндесіп келуін білдіреді. Бейімделу ұғымы шын мәнінде жаңа нәрсеге «ыңғайлану», «өз бетінше үйрену), «өздігінен оқу ұйымдастыру» түсінігін береді. Жеке тұлғаның өзінің түрлі ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу процесі де түрлі деңгейде жүреді, әсіресе ол, адамның ойлау жүйесіне,қабылдау мүшелеріне, жеке мінез-құлық, қасиеттері, білім деңгейіне сәйкес жылдам не баяу, түрлі эмоциялық әрекеттердің аз немесе көп жұмсалуына байланысты, уақыт айырмасына қарай әртүрлі жүруі мүмкін. Бейімделу процесі тек кәсіп саласы емес, адамның тұрғылықты жерін немесе өмір сүру ортасы өзгергенде, әскер қатарына қызметке шақырылғанда, т.б. жағдайларда да жүреді. Ал жалпы педагогика мұны «Тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады»,-деп түсіндіреді [9].

Кәсіптік бейімделу – өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру. Бұл қасиеттер:

- кәсіпке қызығушылығына;

- еңбек мазмұнына;

- жанұя әсеріне;

- қызмет ортасына байланысты болады.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүргізіледі [10].

4-6 сыныптағы  жеткіншектер өмірлік және кәсіптік идеялары оянып адамгершілік сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталады.

7-9 сынып оқушыларында  өз мүмкіндіктерін, кәсіптік маңызды қасиеттерін өздігінше бағалай алатын, сол жолда білім алу мен ізденуді жалғастыратын кезең.

10-11 сыныптағы оқушылар  нақты мамандықты таңдап, икемділігі  мен дағдыны қалыптастыра бастауы  қажет.

Кәсіптік бағдарға ұсыныс беру түрі:

- ақпаратты-анықтамалы;

- психологиялық-педагогикалық;

- медициналық тұрғыдан.

Кәсіптік бағдардың тәрбиелік  сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар жұмысын  жүргізудегі диагностикалық және тәрбиелік  әркеттердің (подход) өзара байланысы, бір әрекеттің (подход) - екіншісіне қарама-қайшылықты болдырмайтын принцип. Оның әр қайсысы өзінің тапсырмасын шешеді. Дифференциалды және индивидуальды әрекет (подход) оқушылардың өмірлік жоспардағы үлгерім деңгейіне жас ерекшеліктеріне және кәсіптік қызығушылығының жинақталған (сформированность) деңгейіне бағынышты. Оқушылар тобымен диференциялау әсер етудің қүралдарын анықтайды. Ол бір топта қарқынды болғанымен екіншісінде төмен болуы мүмкін.

Кәсіптік бағдар берудің  әдіснамалық мәселесі. Кәсіптік бағдардың әдіснамасында мамандық таңдау барысындағы қоғамның және тұлғаның қызығушылығын оңтайландыратын негізгі қосымшаны, құрылымды және кәсіптік өзін таңдаудағы ғылыми проблеманы зерттеу әдістерді және жастарға әсер етудегі практикалық әдістердің негізі.

Кәсіптік бағдардың әдіснамалық  сұрақтарына кәсіптік бағдар жүйесін  анықтау және оны дамыту сұрақтары  да жатады. Жалпы білім беретін  және кәсіптік мектептің реформаларының негізгі бағыты оқушылардың кәсіптік бағдарды жақсарту тапсырмасы қойылған.

Кәсіптік бағдар жүйесінің  жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық [24]:

1. Кәсіптік бағдар жүйелік  іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде  мақсаттық орналастыру, тапсырмалар,  прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық (эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.

2. Оқушыларды жалпы кәсіптік  бағдар жүйесі олардың еңбек  және кәсіптік дайындығының ішіндегі  жүйе болып табылады.

3. Кәсіптік бағдар жүйесі - қазіргі қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар және өндіргіш күштердің құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.

4. Кәсіптік бағдар  әлеуметтік жүйеге жатады, ол  әр-түрлі проблемаларды соның ішінде, қоғамдық өндірістегі адам дамуының факторларына байланысты проблемаларды тудырады. Кәсіптік бағдарды қоғамдық проблема ретінде санаса болады. Кәсітік бағдар жүйесінің проблемасын шешуде бір ғана министрлік (Білім және Ғылым) немесе бір ғана ғылымның (мысалы, педагогика) күші жетпейді. Сол үшінде кәсіптік бағдар жүйесі тиімді болуы үшін бірнеше министрліктер және ведмоствалар, сонымен қатар әр-түрлі мамандықтардың ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.

5. Кәсіптік бағдардың қарқындылығына көптеген әр-түрлі объективті және субъективті факторлардың әсері бар. Бұл жүйені ұйымдастыру және басқару өте қиын. Осы және басқа да жағдайлар кәсіптік бағдардың қиын екенін көрсетеді.

 

 

1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістері мен формалары

 

Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы [7].

Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы [11].

Кәсіптік бағдар беру әдістері – кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде оқытушы мен оқушы арасында болатын іс-әрекеттер тізбегі, бағдар беру жұмыстарын жүргізу тәсілдері [12].

Кәсіптік бағдар мектеп жұмысының жеке дара саласы бола алмайды. Ол бүкіл оқу-тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Жасөспірім, жастар жалпы және политехникалық дайындықты меңгерсе ғана, олар мамандықты саналы таңдауына болады.

Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:

- кәсіптік бағдар  барлық оқушыларға қажет және ол түлғаның жан-жақты

 дамуына жағдай жасауы керек;

- кәсіптік бағдар  барлық оқу-тәрбие жұмыстарының  интегралдық бөлімі болып табылады, сондықтанда мектептің барлық  оқу және тәрбие бағдарламасында  мектептегі және мектептен тыс  жұмыстарда басты орын алуы қажет.

- кәсіптік бағдар жұмыстарын бастауыш сыныптардан баланы мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдарынан, бастап жүргізу;

-тұлғаның қасиетіндегі  негізі объективті критерилері  оқушылардың іс-әрекетінің айқын  жағдайларындағы көрсеткіші (оқушыны жұмыста тексеру нәтижесі), яғни оқушылардың қасиетінің сабақтарда, мектеп шеберханаларындағы сабақтарда, оқу тәжірибе бөлімдерінде, пән көркемдік және техникалық үйірмелерде және қосымша курстарда, МОӨК-ғы сабақтарда, өндірістік тәжірибеде қоғамдық және қоғамдық пайдалы еңбектерде көрінуі;

- оқушы тұлғаны  дамытудағы негізгі жағдай оның  айқын жағдайлардағы іс-әрекеті  болып табылады;

- мамандықты еркін әрі саналы таңдау үшін, болашақ буынның ауыл шаруашылығы және мәдениеті, негізгі салаларының, түрлі кәсіптер және ауыл шаруашылық кадрларға сұранысын, түрлі мамандықтарды игеру мүмкіндіктері туралы негізгі жалпы политехникалық және білім өрісін кеңейту;

- барлық оқу-тәрбие  процесі кезінде кәсіптік қызығулықтарды  икемділіктерді, мотивтерді оқушылар  ойын сонымен қатар мамандық таңдау мотивтерін басқаруды тәрбиелеуді қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет;

- кәсіптік бағдардың  іс әрекетінің, оның нәтижесін тексеру және бағалау, мектептің, отбасының және қоғамның нақты жоспарын талап етеді;

- кәсіптік бағдарды ғылыми басқару үшін кәсіптік бағдар қызметінің болуы керек.

Мамандық таңдау – жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Тек кәсіптік техникалық оқу жүйесінің өзінде ғана 1500-ден асатын кәсіптің түрі бар екен. Ал, жалпы қоғамдағы мамандықтың қазіргі кезде 30 мыңнан асады екен. Сол үшінде мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті түр. Бір адамның бірнеше кәсіппен айналысуға білімі, қабілеті болғанымен соның ішінде біреуіне ғана ынтасы ерекше болады. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға көмек беру керек. Ол үшін мынандай мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек.

1. Оқушының таңдаған  мамандығы еңбек рыногында сұранысқа  ие ме? Сол аймаққа (өңір бойынша) қажетті мамандықтарды айту, мамандығының болашағы туралы, ол алдағы уақытта керек пе, жоқ па.

2. Мамандықтың  адамға қоятын талаптары, яғни  еңбекке даярланғының (жан-жақты;  медециналық және т.б.) болуы. Профессиограммаларды  білу қажет.

3. Мамандыққа  оқыта отырып сол адамның қаблеттілігін  білу. Мамандық таңдауда сынып  жетекшісінің, пән мұғалімдерінің, ата-аналардың атқарар ролі ерекше. Сынып жетекшісі мамандық таңдауда  әр-түрлі әдістерді қолдануына  болады. Соның ішінде анкеталық  сұрақтар беру, жеке әңгімелер өткізу және т.б.

Оқушы мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады. Сонымен қатар мамандық таңдауда кездесулер (мамандармен) өткізуде оқушыға  жақсы көмек десе де болады. Зерттеу  нәтижесі көрсеткендей мамандармен  жақсы ұйымдастырылған кездесулер оқушыларға өте әсер етті. Мамандық таңдау барысында сынып жетекшісінің оқушыларымен түрлі оқу орындарына саяхаттар ұйымдастыруына болады.

Кәсіптік бағдар беру – көп салалы әрі қиын үрдіс. Кәсіптік - техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маман дайындап, оларды өндірісте кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталған. Шын мәнінде, бұл - мектеп бастау алатын әлеуметтік кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігі кәсіптік мектептегі оқу - тәрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты. Бұл мәселені шешу табандылықты, тиімді жұмыс әдістері мен түрлерін қолдануды қажет етеді.

Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс  қалмауы керек. Жаңадан оқуға қабылданған оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлауы қажет.

Кәсіптік мектептің  инжинерлік-педагогикалық мамандары  болашақ оқушыларын орта мектепте оқып жүрген кезінде-ақ танысып, бақылап, зерттей бастайды. Бұл кәсіптік мектепте кездейсоқ адамдар қабылдануының алдын алуды, оқушының қалаған мамандығына психофизиологиялық тұрғыдан сай келуін қамтамасыз етеді. Топтар жасақталғаннан кейін өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілерінің алдына оқушыларды зерттеу мен бақылау жұмысын жалғастыру міндеті қойылады, оның басты мақсаты қалаған мамандыққа деген оқушының қызығуын бекіту.Оқушының зерттеу жұмысының екі кезеңін анықтауға болады; алдын-ала танысу және күнделікті сабақ пен сабақтан тыс шараларға қатысуын зерттеу. Алдын-ала танысу жас өспірімнің сауалдамасын зерттеу және сол оқыған мектеп оқушыларымен, мұғалімдерімен, ата-анасымен әңгімелесуден басталады. Көп жағдайда алынған мәліметтер біржақты немесе толық болмайды. (мысалы, оқушы басқа жерден келген болса).

Оқушылардың кәсіптік мектепке дейін байқалмаған қасиеттері мен қабілетінің кейде алғашқы  пікірге қарама-қарсы ашылуы жайлы  көтеген мысалдар келтіруге болады. Сондықтан, өндірістік оқу шебері мен  топ жетекшісі толық мәліметтерді күделікті зерттеу, оқушы өміріне ықпал ете отырып араласу (сабақтан тыс шаралар, үйірме жұмыстарына қатысу) арқылы ала алады.

Оқушы мінездемесін зерттеу арқылы алынған мәліметтер салыстыруға, сараптауға негізделуі керек. Бұл кезде, ең бастысы, үнемі қайталанып отыратын әдістен кездейсоқтылықты ажырата отырып, жинақталған мәліметтерді біріктіру керек. Тәуелсіз мінездемені тұлғаның түрлі шараларға қатысуын білу, әңгімелесу және сауалнама алу арықлы ұйымдастырады. әңгімелесу жоспарлы түрде, белгілі бір бағытта өтуі керек. Оның тиімді болуы ұстаздың педагогикалық тәжірибесіне байланысты, әңгіме тек жеке емес, топпен өтілуі де мүмкін. Топпен әңгіме өткізуге дайындық кезінде оның мақсатын, ауқымын, орнын белгілеп алған жөн. Оқушылар қоюы мүмкін сұрақтарға талдау жасау қажет. Әңгімелесу барысында алынған мәліметтер шара өтілген соң жазылуы керек. Сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Сұрақ өте көп болмауы, жинақы оның қойылуы шарт. Жауаптар сараптаудан өтіп, алынған мәліметтер басқа да жұмыс түрлері негізінде алынған мәліметтермен салыстырылады.

Оқушы зерттеу  үшін зертханалық және табиғи эксперимент  қолданылады. Арнайы ұйымдастырылған  жағдайға өтетін табиға эксперимент  тұлғны зерттеу барысында алынған  мәліметтердің дұрыстығын тексеру  үшін пайдаланылады. Кәсіптік оқыту жағдайында өткізілетін табиғи эксперимент берілген есептерді шешу түрінде өткізілуі мүмкін. Мысалы, станокта жұмыс істеп тұрған оқушыға ауызша тапсырма беріледі; «Бір ақау шықты, сен не істейсің?». Кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпарат және ЭЕМ қолдануға болады.

Информация о работе Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі