Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.
Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71
ә) жолдастарының берген дұрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру.
б) сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру.
2. Сабақтан тыс уақыттарда:
а) үй жұмысын ұйымдастырудың пайдасы көп, оқушыларға жеңілдетілген үлестірмелер, қызықты тапсырмалар беріп, көбірек сөзге, іске тартып белсенділігін арттыру. Мысалы: Әліппе кезеңі - сауат ашудың негізгі кезеңі. Бұл кезеңде оқушы оқу мен жазуды жүзеге асырады. Осыған орай үлгерім дәрежесі төмен оқушыларға тапсырманы жеңілден бастап біртіндеп күрделендіру көзделеді.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі», - дейді [60].
Ата-аналарымен байланыс. Ата-ана біздер үшін сарқылмас күш, олармен жиі байланыс жасап, көмекке шақыру, үлгерімі төмен оқушылардың алға басуына көмегі зор. Ата-аналардың үйлеріне барып, мектепке шақырып әңгімелесеміз.Сыныпта ата-аналар жиналысын өткізіп, балалары жөнінде оның үлгерімі, тәртібі, оның оқуына үйде қалай көмектесу керектігін түсіндіреміз.
Осы сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп отыру, үлгерімі төмен оқушыларды қатарға қосуға және олардың тиянақты білім алуына жәрдемдеседі. Біз осы тұрғыдан оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіп келеміз. Үйде орындалатын жұмыстың жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін кеңінен талқылап, белгілеп алады. Оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады:
- ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы.
- оқу-тәрбие процесіне жанұяның ықпалы.
- қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.
- үйде күн тәртібі жоспарлануы және оның орындалу барысы.
- денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар.
- сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.
- дара ерекшеліктері.
- ойлау қабілетінің деңгейі.
- зейіні мен есте сақтауы.
- ерік-жігері.
- табандылығы.
- қызығушылығы.
- жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері.
- үлгермеу себептері.
Осы мәселелер анықталғаннан кейін, баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып, оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жүмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалык жұмыстар белгіленеді.
Мысалы, Назерке деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғардық.
1. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн тәртібін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағаттарын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру мақсатында сабақта жұмыстар жүргізу, белсенділігін жандандыру, оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.
2. Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру.
3. Сабақта дидактикалық материалдарды, техникалық құралдарды молынан пайдаланып жүргізу. Жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалану.
4. Есте сақтауын дамыту мақсатында үйге әрдайым шағын да тілге жеңіл көркем мәтіндерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке жұмыстарда “оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып, қайталауға көбірек мән беру.
5. Оқушының еңбектерінін жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мадақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.
6. Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып, жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелерін жазып отырамыз.
Оқудың белгілі бір кезеңінде үй жұмысын дұрыс ұйымдастыру барысында оқушылар едәуір жақсы нәтижелерге көтеріліп осы бағыттың дұрыстығын көрсетеміз.
Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қызықты өтуі. Үйге берілген тапсырманың дұрыс бағыты мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты. Мектепке жаңа келген шәкірттің жандүниесіне, физиологиялык, логикалық және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу - ұстаз парызы.
Әсіресе, үй жұмысын жүргізуді бастарда оқушының сөз қоры, сөйлеу дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сұраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тануы таразыдан өткізілуі керек. Бастауыш сынып мүғалімі оқушыларды таным қабілетіне қарай бірнеше топқа бөліп, қысқаша мінездеме жазып, зерттеу табеліне түсіреді. Олардың сипаттама шамасы төмендегідей:
- Танымы жақсы жетілгендер, зейінділер
- Тез қабылдайтын, бірақ зейіні тұрақсыз, бұл 7-9 жастағылар арасында жиі кездеседі.
- Қабылдауы баяу, зейіні ықтиярсыздар.
- Зейінсіз, қабылдауы төмендер.
Мұғалім сабақ жоспарын жасаған кезде үйге берілетін тапсырма түрлерін қоса белгілейді. Қойылатын сұрақтарды, үлестірмелермен жазбаша тапсырмаларды алдын-ала іріктеп алу дара жұмыс жүргізу жоспарының орындалуын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс оқушыларды жеңілден бірте-бірте күрделіге жетелеу арқылы жүзеге асады. Оларды топқа бөліп, жеке дара жұмыс істеу мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.
Оптималдандыру заңдылықтары мен принциптерін қолдану, яғни оқыту мен тәрбиенің озық формалары мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, әр сыныптың немесе жекелеген оқушылардың ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, тиімді жұмыс істеу, уақытты ұтымды пайдалану оқушылардың білімді өз еркімен қабылдауын көздейді. Мұғалім күнделікті жеке жұмыстың нәтижесін мұқият зерттеп, оны күрделендіріп, бағдарламалық білім деңгейіне жетуді мақсат етеді. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады.
Үлгерімі жақсы оқушыларға қосымша өздігінен жүргізілетін жұмыс та жолға қойылуы керек.. Осы оқушылар барлық пәннен бірдей жақсы оқи ма? Соны мұқият зерттеп алған жөн.
Мәселен бір оқушы жекелеген пәндерден озық.. Сөйте тұра ауызша пайымдауға онша емес. Екінші бір оқушы керісінше ауызша мазмұндауға шебер. Енді осындай оқушылардың осалдау жерін дәл тауып үйге қосымша тапсырма беру - пән мұғалімінің міндеті. Ал өзі жақсы көретін, сүйіп оқитын пәннен үлгерімі нашар оқушыға көмектесуді тапсырып, оның қабілетін арттыруға болады. Барлық пәннен бірдей жақсы оқитын оқушылар сынып жоғарылаған сайын азая береді.
Мәселен, бастауыш сыныптарда жақсы және өте жақсы оқитындар саны жоғары сыныптармен салыстырғанда көп болады. Осындай алшақтықтың негізі қайда жатыр? Әрине пән мұғалімі сабақ бере алмайды, оқу-тәрбие жұмысына жүрдім-бардым қарайды деуге болмайды. Әйткенмен де жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде олардың ерекшеліктерін зерттеу жетіспей жатады. Сондықтан әр сабақты шығармашылықпен оптималды жүргізсе, іс нәтижелі болар еді. Өкінішке орай кейбір мұғалімдеріміз оқу мен тәрбиедегі олқылықты тек бастауыш сыныптан кеткен кемшілік деп санайды. Бұл жаңсақ пікір.
7-9 жастағы оқушылардың көбісінің
зейіні тұрақсыз болғанымен
Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады. Олар қанша қыбыр етпей тыңдап отырғанымен қабылдауы төмен болса, мұғалімнің 10-15 минут баяндаған әңгімесінен сөйлем құрап айта алмайды.
Сондықтан үй тапсырмасын оқушылардың зейін-қабылдау мүмкіндігіне қарай жеке берген жөн.
Жеке оқушылармен мінез-құлыққа байланысты жұмыс жүргізу үшін сабақтың күнделікті қызықты ұйымдастырылуына да көп көңіл болу керек. Керекті көрнекіліктер күні бұрын әзірленіп, оқушыларға берілетін жеке тапсырмалар алдын ала ойластырылса сабақтың сапалы өтуіне тиімді әсер етеді.
Баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын білу, білімін іждағатты есепке алу - үлгермеушіліктен сақтандырудың басты шарттары. Шәкірттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мұғалімге жалпы тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір оқушымен жеке жұмысты қандай бағытта құру қажеттегіне жөн сілтейді.
Оқушы Алмас 3-сыныпқа басқа мектептен келді. Оның оқуға ынтасыздығы бірінші күннен-ақ байқалды. Ақылға көнбейді. Көңілі соқпаса, сабаққа келмей де қалады. Ата-анасының “тілімізді алмайды” деп, бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқадық. Сабаққа үй жұмысын орындамай келіп жүрді. Егер қатаң талап қойып, кітабынан тапсырманы жеке көрсетіп берсең, сол бетті жыртып тастайтын болды. Сабақта әдейі бір жағымсыз мінез көрсетіп, мұғалім назарын еріксіз өзіне аударып, “ескерту айтсын” дегендей әрекеттер жасайтынды шығарды.
Денсаулығында ақаулық бар ма деген оймен алғашқы кезде дәрігерлермен де кеңестім. Бірақ дені сау екен, ал жағымсыз қылықтарды қасақана істейтіні анықталды. Сабақтан тыс уақытта не істейтінін бақылап, оның ойнайтын, бірге жүретін жолдастары кімдер екенін білдік. Өзінен үлкен, басқа мектепте оқитын нашар мінезді балалармен бірге жүретінін анықтадық. Ата-аналары балаға бірыңғай талап қоймай, әкесі ұрысса, шешесі болысып дегендей, тәрбиені әлсіретіп алғандығы байқалды.
Алмастың оқуға ынтасын қалыптастыру үшін сабақ тыңдамай отырған кезінде қосымша сұраулар беріп, ұғымын бақылап, ескертулер жасадық. Материалды баяндау кезінде мұқият тыңдау сабақ түсінудің қажетті шарты екенін айтып, ақыл-кеңес бердік. Кейде:
- Сен тыңдап отыр, түсіндіріп болған соң, сұраймын, - деп қатаң талап қойсақ, кейде сенім білдіріп, көтерме баға да қойып жүрдік. Оның балаға үлкен әсері болды. Ойламаған жерден “4” алуы баланың психологиялық түйсігіне әсер еткендігі соншалық, баланың бет бейнесі бірден өзгеріп, көзінен қуаныш сезімі байқалады. Сол күнгі басқа сабақтардың барлығында тәртіп бұзбай тыныш отырды. Бұл алғашқы нәтиже еді.
Окушыны жеке алып қалып, түсінбеген тақырыптарын анықтап білгеннен кейін, күнделікті сабақ үстінде, сабақтан кейін де қосымша түсініктерді беруді әдетке айналдырдық. Баланың білмейтін материалдарын күнделікті дәптерге жазып жүрдік. Оқушының сынып ұжымына қалай карайтынын, берілген жазаны және мадақтауды қалай қабылдайтынын сабақ үстінде, сабақтан тыс тәрбие сағаттарында анықтадық.
Баланың ата-анасымен әңгімелесіп, өмірден көптеген мысалдар келтіріп, бірлесіп, кеңесіп істеген тәрбиемен ғана баланы түзете аламыз. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапты екенін естен шығармау керек.
Жеке оқушылармен жұмыс істеуде мына төмендегі мәселелерге үнемі көңіл бөлу керек.
1.Оқушылардың жаңа материалды сабақ үстінде қабылдауы.
2.Үй жұмысын күнделікті орындауына мұқият есеп жүргізу.
3.Оқушының сабақ оқуға ынтасын қалыптастыру.
4.Әр оқушының оқу материалын меңгеру ерекшелігін байқау.
5.Оқушының денсаулығы, жасында қандай аурумен ауырғандығы.
6.Оқу кұралдарын ұстауы.
7.Оқушының сынып ұжымына, жазаға, мадақтауға калай қарайтыны.
8.Баланың әр сабаққа бейімділігін байқау.
Сол бейімді ілгері дамыту мақсатында қосымша тапсырма беру. Мұнда тек үлгермеушілерге ғана емес, 5-ке оқитын окушыларға да білімін дамыту мақсатында жеке тапсырма беріледі.
Ана тілін оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер
Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.
Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл - бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, жанұяға да, мектепке де көптеген реніш әкеледі.
Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Бірінші сынып балаларында оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.
Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашкы қадамдары.
Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады.
Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері