Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

 

Зерттеу жұмысымызда оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру барысында икемділіктер мен дағдылары қалыптасып, біліктілігін дамытуды педагогикалық, психологиялық ғылымдар бойынша анықтап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі жұмыс түрлерін жүйелі жүргізудің нәтижесінде зерттеуге алынған сынып бойынша жоғары жетістіктерге жеттік. Оны мына көрсеткіш бойынша көруге болады.

Біз зерттеу жұмысын Павлодар қаласының №21 мектептің 3-сынып оқушыларымен өткіздік.

Әзірлеген үлгінің негізінде деңгейлер ауқымы айқындалды: Олар жоғары, орта және төменгі болып белгіленді.

Жоғарғы деңгей - оқушылардың үй тапсырмаларын ұйымдастыру машығын қалыптастырудағы өз бетімен ізденушілік құндылықтарының маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық тудырады және оны эмоциялы түрді қабылдайды, өздігінен үй тапсырмасын орындаудың арқасында терең білім алады және тәрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, түрлі сипаттағы мазмұнды тапсырмаларды еркін талдайды.

Орта деңгей - оқушылар үй тапсырмаларын ұйымдастыру машығын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін меңгереді, өздігінен білімін жетілдіру маңыздылығын түсінеді, оған қызығушылық танытады, эмоциялы қабылдайды, оның мүмкіндіктерін түсінеді, мазмұнын талдай біледі, талдау барысында өз позициясында қалады.

Төмен деңгей - оқушылардың үй тапсырмаларын ұйымдастыру машығын қалыптастырудағы өз бетімен ізденушілік құндылықтарының маңыздылығын жеткілікті түсінбейді, үй тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігі қызығушылық тудырмайды және оны эмоцияналды қабылдамайды, үй тапсырмасын орындау жөнінде түсінігі әлсіз, үй жұмысын жасау мүмкіндіктерін толық түсінбейді, берілген тапсырманы үлкен қиындықпен талдайды,

Үй жұмысын ұйымдастыру негізіздері жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі жоғарыда айтылған педагогикалық жағдайлар өзара байланысты және бір-бірін толықтыратын эксперименттік байқауда дәлелденді. Анықтаушы эксперимент барысында сауалнама көмегімен үй жұмысын ұйымдастыру деңгейі анықталып, ана тілі сабақтарында үй тапсырмасын орындау бойынша түсініктерінің саяздығы анықталады. Осыларға негіздей отырып, үй тапсырмасын орындау бойынша мектеп оқушыларының білімін тереңдету және жүйелеудің қалыптастырушы эксперименті шеңберінде біраз тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді, өздігінен үйге берілетін материалдар бойынша 3-сынып оқушыларына арналған сауалнамалар жасалды. Біз арнайы сабақтарының түрлерін (ақпараттық түрдегі сабақтар, батырлар жырын үйрену жөніндегі өздігінен жұмыс істеуге оқушыларды дайындау жөніндегі сабақтар, эпостық шығарманы тереңдетілген–тандамалық оқыту жөніндегі сабақтар) анықтап, олардың практикада қолданысын көрсеттік.

Осылайша эксперименттік жұмыс нәтижесі үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың бойында ізденімпаздықты, еңбекқорлық қасиеттерді қалыптастырудың үлгісі мен өлшемдері және көрсеткіштер деңгейінің объективтілігі, ұсынылып отырған әдістің тиімділігін растады.

Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сараптаулар нәтижесі оқушылардың ана тілі мен қазақ тілі сабағында үй жұмыстарын ұйымдастыруға бағыттылған, қалыптасу деңгейі бақылау топтары мен эксперимент топтарында әрқалай жоғарылағанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, оқушылардың үй жұмыстарын өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.

Оқушылардың үй жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.

Үй жұмыстарын орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше үй жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.

Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.

Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек, оқушылардың өз бетінше үйде орындайтын жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған үй жұмыстарын ұйымдастыру үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.

Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздігінен орындалатын үй жұмыстарына әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көз жеткіздік. Мысалы: кейбір зерттеушілер үй жұмысын тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары үй жұмысына оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өздігінен үй жұмысын орындау оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.

Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше үй жұмысын жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмысқа дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей білуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.

Жаңа материалды игерумен байланысты үйде өздігінен түрлі жаттығулар жасау сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан үй тапсырмалары үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:

1) Оқушылардың үй жұмысын орындауы үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.

2) Оқушылардың өздігінен үйде жасайтын жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

Біздiңше, үй жұмысын ұйымдастырудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.

Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының орындаған үй жұмысы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2007 ж.

2 Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары.-Алматы: Жалын, 2002. -399 б.

3 Низамов Р.А. Развития концепции и воспитание» - Москва , 2006 г.

4 Хмель Н.Д. Педагогика // Москва. Проссвещение. – 2003. – 195 с.

5. Беспалько В.П. Общество и способности человека. - М., 2003.

6 Семенов Г.П. «Методика изучения индивидуальных особенностей личности учащихся», - Москва, 2004 г.

7 Кузьмина Н.В. «Проблемы подросткого возроста», - М., 2004 г.

8 Ковалев А.Г. Педагогика свободы: путь в гуманистическую цивилизацию // Педагогика – 2006. - №6. – С. 30.

9 Есипов Б.П. «Психологическое содержание  личного самопределения», Алматы, 2003 г.

10 Сабыров Т.С.. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары // Алматы: «Мектеп» – 2009. – 200 б.

11 Лемьерг Р.Г.. Идея гуманизации образования в контексте отечественных теории личности. – М.: Просвешения, 2005. – 124 с.

12 Данилов М.А. «Технологии практического  психолога образования» Москва: Сфера, 2001 ж.

13 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. – 2008.-169 б.

14 Скаткин М.Н. Эстетика словесного творчества. - М.: Искусство, 2003.

15 Зенков В.А. Развитие познавательной активности младшего подростка к учебно-познавательной деятельности. – Рига, LU, 2002.

16 Крупская Н.К. «Психология трудных школьников» Москва: Академия, 1986.

17 Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. - Алматы. Мектеп, 1989.

Степанов В.Г. Психосемантическая парадигма в гуманистически ориентированном образовании // Педагогика – 2002. - №9-10. –32 с.

18 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика //Алматы. – 2000. – 213 б.

19 Көшімбетова С.А. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс–тәсілдерін пайдалану //Алматы. Білім жолы. – 2004. – 305б.

20 Мүшелбаева Н.Н. Оқытудың тиімді болуының мәні неде? // Сынып

 жетекшісі. – 2005. - № 3. – 35 б.

21 Намысбаева Е.Н. Үй жұмысын ұйымдастыру // Бастауыш мектеп. -2004.-№4.-13-15 б.

22 Оразбаева С.С. Оқушылардың сабақта өзіндік жұмысын ұйымдастыру //Ұлағат.-2003. №1.-21-22 б.

23 Рахымбаева Н. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын сабақта ұйымдастырудың жолдары // Бастауыш мектеп. – 1999. - №10. – 30 б.

24 Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі//Алматы. Ана тілі. –1998. –180 б.

25 Сүлейменова Р. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшелігі // Хабаршы педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2006. - № 1. – 64 б.

26 Табанбаева Ш.Е. Өзіндік жұмыс және шығармашылық еңбек //Қазақстан мектебі. -2002. №1.18-19 б.

27 Шоқай С.С. Оқушыларды шығармашылыққа итермелейтін – өздік жұмыс // Бастауыш мектеп. -2006.-№2.-10-11 б.

28 Ырысбаева Н.Н. Бастауыш сыныпта оқушылардың өзіндік жұмыстары // Бастауыш мектеп.-2002.-№4.-8-9 б.

29 Ырыздық А.А. Сабақтағы өзіндік жұмыстар // Бастауыш мектеп.-2007. -№3.-17-18 б.

30 Уатаева Э. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру // Мектептегі технология. – 2007. – № 11. – 55 б.

31 Қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік кешен //А.Құрманова., Р.Молдағалиева, И.Қайырбекова. Қ Р Білім және ғылым министрлігі. 2011.

32 Әбенбаев А. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2004 ж.

33 Байсеркеев Л. «Нравственные основы правового воспитания школьников». -Алматы, 2010 г.

34 Лернер И.Я., Скаткин М.Н. Эстетика словесного творчества. М.: Искусство, 2000.

35. Бабанский Ю.К. Педагогика. - М.: Просвещение, - М., 1998.

36 Махмудов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. –А.,2001.

37 Баженов В.Г., Баженова В.П, «Психолого–педагогическая диогностика и коррекция девиантного поведения школьников», Тараз, 2003 ж.

38 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Мектеп, 2001. -359 б.

39 Алдабергенова Ж.Д. Оқу әдістерін тиімді қолдана білу // Сынып жетекшісі. - № 2. – 35.

40 Ахатаева К.Б. Жоғары сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарды

орындау біліктілігін қалыптатыру / Алматы. -Автореферт.-2007. – 35б.

41 Жұмабаев Ә. Н. «Мектептің қиын оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі». Алматы, 2006 ж.

42 Жұмабаев М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.

43 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.

44 «Қазақ педагогикасының энциклопедия сөздігі». Алматы, 2005 ж.

45 «Қазақ тілі терминдерінің ғылыми түсіндірме сөздігі». Алматы: - Мектеп, 2002 ж.

46 Мұқанов М. М. «Оқушылардың дара ерекшеліктері мен санасына қарым-қатынас жасау». Алматы, 2004 ж.

47 Мұқанов М. М. «Жас және педагогикалық психология». Алматы, 2002 ж.

48 Намазбаева Н. Ы. Санилбаев О. С. «Орысша–қазақша психологиялық сөздік». Алматы, 2005 ж.

49 Хамитова Р. «Әлеуметтік педагогика». Алматы, 2006 ж.

50 «Қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу». Қ. Өтеген. Отырар университетінің аға оқытушысы. \\ Бастауыш мектеп № 3, 2007 ж. 3-6 б.

51 «Қиын оқушылар мен педагогикалық қарым–қатынастағы белсенді спорттың ролі ». Е. Оразбаев. Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ. \\ Бастауыш мектеп №12, 2006 ж. 18 – 20 б.

52 «Қиын бала болмау үшін». Ж. Төлеубай. №14 орта мектептің психологі. \\ Қазақстан мектебі. № 5, 2007 ж. 45 – 46 б.

53 «Ауытқушы мінез–құлықтың шығу себептері мен факторлары». Қайырова Ж, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми қызметкері. \\ Қазақстан мактебі № 1. 2006 ж. 62 – 67 б.

54 «Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс» Г. Қалиева. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің оқытушысы.\\ Қазақстан мектебі № 11, 2006 ж. 62 – 64 б.

55 .Әбдіғаппарова Ұ. Жоғары білімнің ұлттық мәселелері // Қазақстан жоғары мектебі – 2000. - №1. –31 б.

56 Болғанбаева Б. Гуманизация образования и техники // Высшая школа Казахстана – 2009. №1. – 10 с.

57 Токкулинова Г. Жоғары мектепте оқыту процесінің ерекшеліктері // Қазақстан жоғары мектебі – 1999. - №4. –21 б.

58 Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педогогического процесса. – М. 2005.

59 Лысенкова С.Н. Личностно ориентированное образование // Педагогика – 2004. - №5. – С.16.

60 Ушинский К.Д. Адам - тәрбие нысаны. –М., 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақпаев: «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты: жазушы шығармасы арқылы оқушылардың бойында көркем шығармаға деген қызығушылық қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері