Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Алгоритмді пайдаланудың екінші жолы. Мұнда осындай топтағы оқушыға интеллектуалды демеуші табу керек. Ондай демеуші жоғары сынып оқушыларының арасынан жақсы оқитын, өз еркімен көмек беруге даяр, ағалық қамқорлық жасай білетін адам болғаны дұрыс. Демеушілік көмекті біреу күштеп жасата алмайды. Ол ерікті қызмет. Ондай көмекті төменгі сынып оқушысы да арланбай қабылдай алады. Демеушілік қызметте бірге сабаққа дайындалу, іс-шараларға, кештерге қатысу, бос уақытты бірге пайдалануға болады.

Алгоритмнің үшінші кезегінде мұғалім атқарылған істің нәтижесін қорытындылайды, қолдау көрсетеді. Осы істі сынып оқушылары да қолдайды. Осындай жақсы іс жеке баланы да, сынып ұжымын да, демеушіні де, мұғалімді де қуаныш-мақтаныш сезіміне бөлейді.

Екінші топ — санаткерлік кемшілігі жоқ, оқуға деген қабілеті бар, жолдастарымен, мұғалімдерімен дұрыс қатынастағы, бірақ бір жағдаймен қатарынан қалып қалған оқушылар тобы. Бұл оқушылар қоғамдық жұмыста да белсенділік танытады. Осы топтағы оқушылардың бір ерекшелігі - олардың оқуға деген қызығушылығы біртіндеп өрмен қарай төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай оқушылар өте эмоционалды болуы мүмкін. Оларды қолдау немесе тежеу тәсілдерін жөнімен қолданған жөн. Осы жерде мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді жөнімен қолдануына болады.

Шынайы налу немесе шынайы ренжу тәсілі. Мәселен, мұғалім оқушыны өзінің шын сезімімен беріліп жұмысқа тартса, жетістікке қуанса немесе сәтсіздікке шын жүрегімен налыса, ондай тәсілден оқушы қорытынды шығарады. Бұл қасиет көрінген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Және бұл тәсіл жасанды болмауы тиіс. Жасанды тәсілді оқушы тез сезіп қояды.

Орын немесе рөлдерді алмастыру тәсілі. Бұл тәсіл мектептерде жиі қолданылады. Оны оқушылардың мектепті, оқу-тәрбие жұмысын басқару күндерінде пайдаланады. Аптасына бір күн оқушы мұғалімнің, директорның, оның орынбасарының қызметін атқарады. Біз мұны "Оқушылардың өзін-өзі басқару күні" деп те атаймыз. Бұл күні мұғалімдер бақылаушыр өлінде болады. Мұндай төсіл оқушылардың басқару мүмкіншілігін ашумен қатар, олардың оқуға, мектеп тәртібін сақтауға деген құлшынысын туғызады, ұжымдық татулыққа итермелейді. Бұл тәсілдің тағы бір ұтымдылығы - ол әрбір оқушының оңуға, тәртіп сақтауға деген ниетін ашып, ойын арқылы шынайы жұмысқа араластырады. Әркімнің өзіндік ерекшеліктері анықталады, қабілеті ашылады. Бірақ бұл жұмысты өз бетінше жіберуге болмайды. Мұны мұғалімнің білдіртпей шебер ұйымдастыруы, басқаруы керек. Кей жағдайда рөлмен алмасуда сәтсіздік болуы да мүмкін. Кейбір оқушылар ұжымды басқаруда не ұяңдық танытып немесе сайқымазақтыққа салынып кетуі мүмкін. Мұғалім мұндайға жол бермеуі тиіс[45].

Осындай қателікке жол бермеудің кепілі - мұғалім сынып ұжымын жақсы біліп, кімге қандай рөл беру керектігін күні бұрын анықтағаны дұрыс. Мұғалім ұжымдың эмоционалдың ортаны сезіп, оның санаткерлік ортасын тани білсе, осы екеуін қосып ұтымды пайдаланса, онда ешқандай қателік жібермейді. Бұл екі ортаны меңгеру үшін мына элементтерді біліп, іске асырған жөн: біріншіден, оқушылардың өзара қатынасы. Екіншіден, мұғалім мен оқушылардың өзара қатынасы. Үшіншіден, сыныптағы топтардың өзара қатынасы. Төртіншіден, жеке оқушы мен ұжымның қатынасы.

Осы аталған қатынастар дұрыс болса, онда оқушылар ұжымының сезімдік, санаткерлік ортасы жайлы болады да, әрбір оқушының дамуына мүмкіндік береді.

Егер де сынып қолдамаса жеке оқушының оқудағы, тәртіптегі жетістігі түкке тұрмайды. Қайта ондай оқушылар жек көрінішті болады да, оқуға деген ынтасы жоғалады. Бұл жаңағы оқушыға қуаныштың орнына реніш әкеледі.Эмоционалды орта мен санаткерлік ортаның қосындысы балаға қуаныш, ұжымға мақтаныш әкеледі.

Бірақ эмоционалдық орта мен санаткерлік ортаның арақатынасы бірдей емес. Ол баланың жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне байланысты. Төменгі сынып оқушыларына эмоционалдың ахуал тән болса, негізгі мектеп оқушыларында эмоционалдық ахуал мен интеллектуалдың тепе-тең, ал жоғары сынып оқушыларында интеллектуалдық ахуал басым.

Осы фондарды іске қосу үшін "Еліктегіштік", "ертіп әкететін" тәсілді пайдаланған жөн. Жалпы мектеп оқушылары еліктегіш келеді. Әсіресе, жаман қылыққа баланың жаны үйір, еліктегіш. Бірақ осы еліктегіштік тәсілді мектеп мұғалімі оқушыларға пайдалы жағымды жағынан қолданғаны дұрыс. Ол үшін сынып ұжымында еліктеуге жарайтын оқушылар болуы тиіс. Олар еліктеудің генераторы, аккумуляторы болып саналады.

Осы еліктегіштік тәсіл өз деңгейінде жүргізіліп, оқушылар (генератор да, сол генератордан қызу алған оқушы да) қанағат алса, тәсіл нәтижелі болса, онда мұғалім де, сынып оқушылары да, жеке оқушы да қуанышқа, мақтанышқа кенеледі. Сонымен, жалпы қуаныш-мақтаныштың формуласы төмендегідей болады: Біріншіден, оқушының күткен немесе күтпеген қуаныш-мақтанышы. Екіншіден, мұғалімнің қолдауы. Үшіншіден, сынып ұжымының кейбір мүшелерінің осы қуанышқа ортақтасуы. Төртіншіден, осы ортақтасқан оқушыларды мұғалімнің қолдауы. Бесіншіден, ұжымның ортақ қуанышына мұғалімнің де қуануы. Осы бес сатыдан тұратын формула жалпы қуаныш-мақтаныштың формуласы болып табылады [46].

"Еліктегіштік, ертіп әкететін" тәсілді толық қолдануға мынандай төрт жағдай әсер етуі тиіс: Біріншіден, ұжымда жағымды эмоционалды, интеллектуалды жағдай болуы. Екіншіден, еліктеуге тұратын оқушы немесе оқушылардың болғаны. Үшіншіден, жарыса жұмыс істеу, бәсекелестіктің жағымды жағын пайдалану. Жарыс болу үшін жарысқа түсетін екінші жақ болуы тиіс. Жарысатын адамы жоқ болса жарыс шықпайды. Және ескертетін жайт, жарысты мұғалім басқара, ұйымдастыра білуі тиіс. Егер екі оқушының немесе екі топтың жарысы бақылаусыз, ұстаздың басқаруымен жүрмесе ондай жарыс оның жегізеді де, бақталас пен тақталасқа айналады. Ондай жарыс ұжымды ұйымдастырмайды, қуаныш әкелмейді. Керісінше, реніш, бақытсыздық, ұрыс-керіс әкеледі. Мұндай жарысты ұйымдастыруда мұғалім дипломатияны қолданғаны абзал. Төртіншіден, жарыста мұғалім балаларға "Сендер өзара жарысасыңдар" деп айтпайды. Бірақ балалардың өзара жарысуына түрткі болады, оны қолдайды. Балалардың өзара жарысының түрлері көп. Мәселен: Біріншіден, мұғалімге жақсы жағынан көріну үшін жарысады. Екіншіден, сыныптағы лидердің көңілінен шығу үшін жарыс. Үшіншіден, жолдастарының алдында беделін өсіру үшін жарыс.

Осы жерде топтан көшбасшы суырылып шығады да, топтың мүддесін қорғаушы болады. Мұның бәрін мұғалім мұқият қадағалап, жарыс барысына түзетулер енгізіп, дұрыс бағыт береді. Мұғалім көшбасшысын (лидерді) анықтап алғаны жөн. Бірінші топ пен екінші топтың өзара бөсекесін лидер басқарады. Ал мұғалім лидер арқылы топтарды басқарады, қуаныш-мақтаныш, реніштеріне ортақтасады. Мұғалім бір топтың жеңілісі арқылы екінші топты жеңіске апара алмайды. Жарыс екі жаққа да бақыт, қуаныш, мақтаныш әкелуі керек.

"Еліктегіштік, ертіп әкету" немесе  осымен ұжымды толық "ауырту" дегеніміз - ұжымды қалыптастыру, алға  жетелеу, татулық, бірлік, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу құралы болып табылады. Осындайда балалардың бір-біріне деген ыстық ықыласы болады, бір-бірін сыйлайды, достық ұзаққа созылады, қуанышын, ренішін бөлісе алады. Осы жағдайда "Бірі үшін бәрі, бәрі үшін бірі" деген ұранға жүгінеді. Бұл бір қарағанда кеңестік ұранға ұқсауы мүмкін. Бірақ нағыз дос-жарандарда осындай қатынас болуы тиіс. Оны ұйымдастыратын, түрлі әдіс-тәсілдерді балаларға сездірмей пайдалана білетін мұғалімдер - шебер ұстаздар. Ол көрінген ұстаздың қолынан келе бермейді.

Оқу-тәрбие жұмысының дұрыс бағытта дамуына оқушы отбасының қуанышы. Қуаныш-мақтаныш сезімі тек мектеп оқушыларының, сынып ұжымының, олардың мұғалімдерінің арасында ғана болып қоймайды. Баланың қуаныш-мақтанышына отбасы да ортақ. Керек болса баланың оқудағы, тәрбие саласындағы жетістігіне ең бірінші отбасы қуанып, мақтанады. Отбасылық қуаныш-мақтаныш - балаға бәрінен де қымбат. Осы жағдай баланы алға талпындырады, эмоционалдық жақсы жағдай туғызады. Оның жолдастарының арасында еркін сезінуіне мүмкіндік береді, сынып арасында өзін эмоционалдық еркіндікте ұстауға қолайлы жағдай туғызады. Отбасындағы жақсы эмоционалдық жағдай — мектептегі эмоционалдық жақсы жағдайдың бастауы. Осы екі жақсы эмоционалдың жағдайдың тізгіні де ұстаздың қолында болып, оның өрмен қарай дамуын қадағалап отыру қажет. Егер де баланың оқуына, оның жетістігіне отбасы қызығушылық танытып, мектеп мүғалімдерімен одақ құрса, онда отбасының ұтары көп, қуаныш-мақтанышқа кенеледі [47].

Отбасы мұғалімдер сияқты әдіс-тәсілдерді ойлап жатпайды, ол мұғалімдердей бұл жұмысқа ғылыми түрде қарамайды. Отбасы күнделікті баланың жетістігіне қуанады, мақтанады. Мұны біз интуитивтік қатынас дейміз. Себебі отбасы мен баланың қатынасы ата-ана сезімінен тұрады. Мұнда ғылыми тұрғыда жоба жоқ. Мұғалім баланы қанша жақсы көріп, өзіне тартып қызметтес болғанымен, ол ресми адам. Ал әке-шешенің баласымен қатынасы сезім арқылы жүреді. Мұғалім оқушымен қатынас жасағанда әке-шешені педагогикалық тұрғыда сауаттандырып, өзіне одақтастыққа тарту керек.

Әке-шеше педагогикалық тұрғыдан қанша бір сауатсыз болғанымен, олар интуитивті түрде (ішкі сезім арқылы) баласының ішкі жандүниесін түсінеді, сезеді, болашағына сенеді. Сондықтан да бала өзінің ойын әке-шешемен бөліседі, ашылып ойындағысын айта алады. Әке-шешесі баласын психологиялық тұрғыдан да түсінеді.

Әке-шешесі баласын сырттай жүріс-тұрысынан танып біліп, ішкі психологиясына үңіле алмаса, жас мүғалім баланы сырттай да, іштей де тани алмайды. Әрбір жеке баланы әке-шешеден артық білетін адам жоқ. Мұғалім ата-анамен бұл мәселе бойынша жарысқа түсе алмайды.

Бұл жерде мұғалімді де кінәлай алмаймыз. Себебі олардың жоғары оқу орнында алған психологиялың білімдері жеткіліксіз. Ол білім өмірде пайдалана келе бекиді, теория тәжірибемен ұштасады. Жас мүғалімге балалардың бәрі бірдей болып көрінеді [49].

Дегенмен бала тәрбиесінде, оқуда мұғалімнің көмегі ауадай қажет. Егер мұғалімнің көмегімен баланың жақсы қасиетін, талантын ашса, ата-ана мен баласы мұғалімге мәңгі қарыздар. Ондай мұғалімге олар бас иеді. Бірақ мұғалімнің ішінде де мұғалім бар. Кейбір мұғалімдер баланың тек жаман жағын ғана байқап, соны мәңгі бақи дәлелдеуге тырысады. Бұл мұғалімге жақсы қасиет емес. Ондайдан аулақ болу керек.

Бірақ мұғалімнің бір ерекшелігі - ол көп жағдайда баланың іс-әрекетіне әділ сын көзбен қарайды. Қарға баласын "аппағым" дегендей, әке-шеше баласының нашар қылығын байқай бермейді, байқаса да мән бермейді, оны әр уақытта қорғайды, ақтайды. Сондықтан да мұғалім - балаға әділ сыншы. Себебі мұғалім әрбір баланы салыстыра отырып, көп жылдық тәжірибені пайдаланып ата-анаға ақыл-кеңес береді. Бұл жағдайда әке-шешемен мұғалімнің арасында келіспеушілік болуы да мүмкін. Осындайда бала саудаға түскендей болады. Бұл сауда емес. Екі жақтың бала туралы тартысында ешкім ұтысқа ие бола алмайды. Ұтыс тек екі жақ ортақ келісімге келген жағдайда ғана болады.

Мұғалім өзінің көзқарасын дәлелдеуден бұрын, баланың жаман жағын емес, жақсы жағын айтып барып, ұрыс-керіске бармай-ақ ойын дәлелдеуге болады. Мұғалім білімдар болмай, ақылшы, кеңесші болуы тиіс. Сонда ғана ата-ана мұғалімге сенім артады.

Сонымен, қорытындылай келе, айтарымыз: баланың табысына отбасының қуаныш-мақтанышы тек мұғалім мен оқушылардың табысынан немесе жеке оқушының табысынан тумайды. Сол табысқа жетуге әке-шешенің де өзіндік орны бар. Табыстың қуанышына әке-шеше де мақтанады.

Бала еңбегінің отбасылық қуаныш-мақтанышын тудырудағы ата-ананың рөлі. Баланың отбасылық қуанышқа-мақтанышқа кенелуіне әке-шеше бірінші сыныптан бастап өз үлестерін қосады. Себебі бастауыш сынып оқушыларының сабақ орындауын қадағалайды, керек жерінде көмектеседі. Отбасының бала оқуының жетістігіне қуанышын ұйымдастыруы балаға көмек беруден басталады. Көмектің өзі екі тұрғыда жүреді. Біріншісі – түсіндіріп көмектесу, ал екіншісі – баланың жұмысын ата-ананың өзінің орындауы. Екіншісі педагогикалың түрғыдан дұрыс емес. Бала әке-шешеге арқа сүйеп кетеді. Болашақта не жұмыс болса да "Әке-шешем бар, не қам бар" деп жаман үйренеді

Екінші сыныпта баланың оқуындағы, үй тапсырмасын орындаудағы әке-шешенің көмегі – ол баланың сабақ оқуына қатысу немесе қадағалау. Екінші сыныпта балаға еркіндік беріп, сабақты өз бетінше орындауға жағдай туғызу, кеңес беру.

Үшінші сыныпта баланың сабақ орындауын ата-ана тек бақылап, қадағалаумен шектеледі. Осылай біртіндеп ата-ана баланың сабақ орындауын өзіне жүктейді.

Мектеп оқушысына күткен немесе күтпеген қуаныш-мақтаныш әкелу үшін отбасының да атқаратын қызметі ұшан-теңіз.

Бірақ отбасы оны мұғалімнің көмегімен, басшылығымен ғана орындай алады. Бала-отбасы-мұғалім - осылардың реттеушісі – мұғалім.

Мерзімі ұзартылып кейінге қалдырылған баға. Орыс тілінде "отметка", "оценка" деген сөздер бар. Олардың мағынасы қазақ тілінде "баға" деген сөзбен беріледі. Негізінде баға екі мағынада. Баланың білімін бағалау және баланың жауабын белгілеу. Екеуінің де тәрбиелік мәні бар. Бастауыш сыныпта, әсіресе, бірінші сыныпта баланың білімін бағаламайды, белгілейді. Бірақ бастауыш сыныпта оқушылар баға алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да мұғалім ойын ретінде балаға баға қояды. Бірақ ол шынайы баға емес, ол белгі. Отметка - белгі мерзімі ұзартылған баға, болашаққа үміт арту, баланы жақсы оқуға итермелеу. Керек болса баланың білімін күнделікті бағаламай-ақ оқытуға болады. Мәселен, озат оқытушылар осылай қызмет жасайды. Баға құнсызданбауы тиіс. Осы туралы орыс ғалым-ұстазы В.А.Сухомлинский: "Белгі-баға баланың білімінің жоқтығының белгісі болмауы керек. Белгі-баға баланың алға жылжығанының, білімінің тереңдей бастағанының белгісі болуы тиіс". Сондықтан да балаға нашар бағаны қойғаннан гөрі, сол нашар бағаның мерзімін ұзартып, жақсы нәтиже көрсеткенге дейін баға қоймай оқытқан жөн [17].

Кейбір мұғалімдер мен ата-аналарда "Баға қоймай оқытса, бала соған үйреніп, оқуды мүлде қояды" деген қате түсінік бар. Бұл дұрыс емес. Оны өмір дәлелдеп отыр. Қазақтың мынандай бір мақалы бар: "Жаманды жаман деп айта берсең, бөркі қазандай болады". Баланы "жамансың" деп айта бергеннен бала жақсы болмайды. "Сен жақсысың, бірақ мен саған үштік қойғым келмейді. Келесі жолы төртке жауап бер" десең, бала соған тырысады, үмітіңді ақтайды.

Қуаныш хабаршысы. Сынып жетекшісінің немесе пән мұғалімінің ата-ана, отбасына келіп, танысып, бала туралы өз ойымен бөлісу дәстүрге айналған. Бірақ осы мұғалімнің ата-анамен кездесуі екі түрлі өтеді, яғни мұғалім кездесуді екі түрлі әдіспен өткізеді. Біріншісінде мұғалім баланы жамандай келеді. Мұғалім негізінде нашар оқитын балалардың ата-анасымен кездеседі, не мектепке шақырады, не үйіне барады. Бұл қуаныш хабаршысы емес. Бұл - реніш хабаршысы. Екіншісінде мұғалім ата-анаға келгенде жақсылық та айта келеді, балалардың ата-анасымен танысады, болашаққа жоспар құрады.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері