Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Үй жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

- жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай, оның сапасын арттыруға  көңіл аудару;

- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының  басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра  білу;

- оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін  жүйелі түрде дамыту;

- үй жұмысының мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

- оқушыларды табиғат пен қоғам  дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен  қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен талдап түсінуге үйрету;

- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

- оқушылардың үйде өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру [11].

Н.К. Крупскаяның ''Өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді: өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы – бастауыш сыныптан кітапханаларда біліммен шұғылдануға дағдылану. Өздігінен білім алатын оқушы нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. Сондай-ақ, бастауыш мектеп оқушылары үй жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізгені жөн. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Н.К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ [16].

Оқушылардың өздігінен білім алу, үй жұмсын орындау әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде.

В.А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыласымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді [17].

Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу - газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.

Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив - білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет.

 

1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі

 

Бастауыш сыныптарда үй жұмысын ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай үй жұмысын ұйымдастыру бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Үй жұмысы – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай - бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де жұмысты тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор [18].

Үй жұмысы түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).

Мұнда басты назар аударатын мәселе - бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олардың бойында тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай үй жұмысын орындау жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Сурет 1 – Үй жұмысын орындату негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың моделі.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың үйде өздігінен орындайтын жұмыстарына танымдық белсенділігін арттыратын тапсырмалар жүйеленіп ұсынылуы қажет деп санаймыз.

Өзіндік жұмыстың және үй тапсырмасын орындау мүмкіншілігі, оларды қызықтырумен қатар, олардың оқу мотивтерін қалыптастыруда белсенділіктерін талап етеді. Оқу материалын меңгертуде орындатылатын өзіндік жұмыстарды жеті кезеңде бөліп қарастырдық: 

1) сабақтың соңында бекітетін  материалдың құрылымдық-логикалық схемасын немесе тірек конспектісі арқылы орындату;

2) оқушылардың үй жұмысын тексеру  кезінде орындату;

3) оқулық бойынша мұғалімнің  басшылығымен орындату;

4) жаңа тақырыпты бекітуге байланысты  орындату;  

5) мұғалімнің басшылығынсыз орындату;

6) жалпы тақырыпты бекіту кезеңінде орындату;

7) шығармашылық сипаттағы үй жұмыстарын орындату болып табылады.

 

 Кесте 1– Оқушылардың өздігінен үй жұмысын орындау барысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жіктемесі

 

Өзіндік жұмыста қолданылатын әдістердің сипаттамасы

Алынған әдебиеттер көзі және авторлары

1

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағындырылған, шындықты меңгерудің тәжірибелік немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен амалдарының жиынтығы.

Қоянбаев Р.М.

Ыбырайымжанов Қ.Т.

«Педагогикалық сөздік»

Түркістан, 2006, 170 б.

2

«Проблемалық оқыту» ұғымы атауының өзі оның мәнімен байланысты. Жаңа білім мазмұны оқушылар үшін әрқашан проблемалы, ал оны меңгеру әдісі болады.

М.И.Махмутов «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» Алматы 2001  247c

3

Зерттеу әдісінде оқушыларға тапсырылған обьектіні мынадай жоспармен үйде зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты –жұмыс жоспары – обьект туралы факт –тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, болжамдар – пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылары.

А.В.Хуторской «Современная дидактика» М.: 2004, Лира   514 c.

4

Тұлғалық-бағдарлы әдісте танымдық белсенділікті арттыру механизмдерін пайдалана отырып, оны оқушылардың танымдық әрекетімен сәйкестендіреді. 

И.С.Якиманская «Знание и мышление школьника» М.: Знание, 2005. – 175 c.

5

Шығармашылық әдісте оқушылардың жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім туғызуға негізделген әрекет ретінде айқындалады.

М.Н.Скаткин «Совершенствование процесса обучения» - М.: Педагогика, 2004. –208c.


 

Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған төмендегідей әдістерді ұсындық:

1. Үлгі бойынша елестету, көз алдына келтіру. Олар: типтік тұрғыдағы тапсырмаларды, мысалдарды шешу, алгоритм және үлгілер бойынша түрлі жаттығуларды орындау, оқулық мәтініндегі дайын жауаптарды табу т.б.

2. Қайта құру-өзгеру, түрлену. Мұнда  оқушылар бұрынғы жұмысты қайта  жасайды, түрлендіреді, жинақтайды, бұрын меңгерген білімдерін, шеберлігін тапсырманы орындауға жұмсайды, осы арқылы пәнішілік және пәнаралық байланыс орнығады.

3. Эвристикалық, тапқырлық. Оқушылардың  ойлау қабілеті мұғалім қалыптастырған  мәселенің шешімін табуға бағытталады. Нәтижеде, оқушылар іздену және зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды, шығармашылық элементін меңгереді.

4. Өздігінше орындалатын зерттеушілік-шығармашылық  жұмыс.

Оқушылардың дербес ерекшеліктері мен өздігінен әрекет ету деңгейі, олардың ақыл-ой дамуы мен білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне қарай оқушыларға әртүрлі деңгейде танымдық тапсырмаларды үй жұмыстары негізінде беруге болатынына көз жеткізілді.

Үй жұмысын ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді:

  1. оқушылардың өзбетімен істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
  2. жұмыстың алдағы нәтижесіне қызығуы;
  3. үй тапсырмасын өз еркімен, қалауымен орындауы;
  4. мұғалімнің тапсырманы орындауға нақты нұсқаулар беруі;
  5. үй тапсырмаларын орындауға жағымды мотивтер, жағдайлар тудырылуы (мадақтау, жарыс т.б.);
  6. жұмысты орындаудың нақты уақытын белгілеу.
  7. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзіндік жеке тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылды:
  • өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсынылады;
  • әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың білім деңгейіне және алға қойған мақсатына қарай мұғалім әртүрлі нұсқада тапсырмаларды әртүрлі қиындық дәрежеде құрастырады;
  • оқушылар тобына берілетін тапсырмалар. Мұғалім әртүрлі өлшемдер бойынша оқушыларды топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке тапсырмалар береді;
  • жеке тапсырмалар. Оқушының бағдарламалық материалды меңгеру барысында жіберген кемшіліктерін жоюға немесе оның қабілеті мен қызығушылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құрастырады;
  • жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмаларды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі әртүрлі оқушыларға береді, яғни үлгерімі жоғары оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақсатын көздейді; қызығушылығы, мүмкіндігі бірдей екі оқушыға береді. Олар жұмысты бір-бірімен ақылдасып, бірігіп атқаруы мүмкін, не екеуі екі бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салыстыруы мүмкін.

Үй тапсырмасын орындауда, сыныптан тыс жұмыстарда жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырма түрінде мазмұндама, шығарма жазу, бақылау жұмысын, реферат орындау арқылы жүзеге асырылды.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізілуі, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарды орындауда белсенділік танытуы олардың қосымша берілген тапсырмаларды орындауынан көрінді [20].

Оқушылардың үй жұмысының педагогикалық тиімділігі - мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім үй жұмысын дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса, онда орындалған үй жұмысының сапасы да ойдағыдай болады.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі -оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың үй жұмысын орындау іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру - оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Үй жұмысының негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын тапсырманы шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап, бағдар береді. Егер үйге берілген тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн[24].

Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі - күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді.

Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.

Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері