Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері

6

1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

6

1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі

14

2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі

23

2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары

39

2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі

43

Қорытынды

62

Пайдаланылған әдебиеттер тізім

64

Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа»

67

Қосымша Ә  «Алтын сақа» ойыны

69

Қосымша Б  Балықшы мен бақалшы

71




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу–бүгінгі заманның талабы [1].

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.

Бастауыш мектепте оқытылатын ана тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға ана тілін жетік меңгерту, туған елінің тыныс-тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, мәдени сөйлеу тілдерін дамыту.

Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытуы керек," - деген пікірі қазіргі кезде ана тілін оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.

Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың үй жұмысын орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, үй жұмысын орындау оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Үй жұмысын оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады [2].

Оқушылардың үй жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде үй жұмысы жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.

Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздігінен орындайтын үй жұмысына әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер үй жұмысын тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты үй жұмысы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады [3, 4].

В.П.Беспалько үй жұмысы ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, үй жұмысы – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет [5, 6].

Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. үй жұмысын – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады деді. Б.П.Есипов оқушылардың үй жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды [7, 8, 9, 10].

Осы ретте оқушылардың үй жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады.

Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың үйге берілетін тапсырмаларына ерекше көңіл бөлінуде. Оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып, өздігінен ізденуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау. Сондықтан біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері» ( Ана тілі сабағы негізінде, 3-сынып) деп таңдадық.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныпта ана тілі сабағында оқушылардың өздігінен үйде орындайтын жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу үрдісінде оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарының ұйымдастыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері.

1. Ана тілі сабағында оқушылардың орындайтын үй жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Үй жұмыстары арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, өз бетінше жұмысқа баулуды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.

3. Ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын қалыптастырудың жолдарын айқындау.

4. Ана тілі сабағында оқушылардың орындайтын үй жұмыстарын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.

Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сыныптың ана тілі үрдісі.

Зерттеу жұмысының нысаны: бастауыш сыныпта ана тілі үрдісіндегі оқушылардың үй жұмысын орындаудағы іс-әрекеті.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің үй жұмыстары жүйелі ұйымдастырылса, онда оқушылардың ой-өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады, өйткені үй жұмысын ұтымды ұйымдастыру - зейін қойып ойлау мен тапқырлықтарын дамытудың құралы бола алады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- үй жұмысы арқылы оқушылардың өз бетімен жеке жұмыс істеу бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

- үй жұмыстары арқылы өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

- үй жұмысы арқылы оқушылардың ана тілі сабағындағы оқу белсенділіктерін қалыптастырудың жолдары айқындалды;

  • оқушылардың ана тілі сабағында үй жұмысын ұйымдастыру жолдарының әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық- әдістемелік негіздері

 

1.1. Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

 

Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгермеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы.

Қазіргі таңда білім беру үрдісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім беруде тиімді әдістерді пайдалану керек.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бірге біршама өзгеріп отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа үлгісін құрудың, сынақтан өткізу мен еңгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» бағдарламасында көрсетілген [1].

Бастауыш мектепте білім берудегі дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің көтеріп отырған мәселеміз біріншіден – бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын орындаудың әдіс-тәсілдері. Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушы үй жұмысын орындау арқылы, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне қол жеткізу керек.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің мәселесін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.

Үй жұмысы оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын оятуға жол ашады.

Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек» [2].

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы. Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек [11].

М.А.Данилов оқытудың барысында үй жұмысын ұйымдастыруда қоятын танымдық және практикалық міндеттер мен оқушы бойындағы білім, білік және ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықты оқыту барысының қозғаушы күші болып табылатын елеулі қарама-қайшылығы деп көрсетті [12].

Теориялық немесе практикалық міндет пен осы міндетті шешуге бағытталған оқушылардың танымдық іс-әрекеті оқу барысының логикасын құрайды, оның өзіндік қозғалысын қамтамасыз етеді. Логиканың бұл ерекшелігі қандай?

Біріншіден, оқу міндеті оқушының жас, психологиялық ерекшеліктерімен, оның даму деңгейімен, өмір тәжірибесімен, меңгерген білім, білік, дағдыларымен сәйкестендіріледі. Екіншіден, қойылған міндетті оқушының шешу мүмкіндігі алдын-ала қарастырылады, яғни оқушы түбінде оның шешімін таба алады.

Оқушылар оқу міндетін шешу мүмкіндігіне жұмылдырылады, оның өзі олардың ақыл-ой және рухани күштерін жинақтандырады.

Оқу міндетінің шешілуіне көптеген факторлар: оқушылардың дара айырмашылықтары, олардың оқуға қатынасы, жұмыс қабілеті, мұғалім шеберлігі, оқытудың нақты жағдайы және т.б. ықпал етеді. Оқу міндеті өздігінен оқыту арқылы жететін нәтижеге әкелмейді, ол тек қана ойланып іздену іс-әрекетін туғызады.

Осыдан оқу барысын басқару қажеттігі шығады, туған қарама-қайшылықты шешуге ұмтылыс пайда болады. Үшіншіден, оқу міндетін шешу тек оқу материалын игеруге ғана келтіріп қоймайды, сонымен қатар, дамудың жеткен деңгейіне ықпал жасайды, бар білім, білік пен дағдының деңгейін көтеруге себеп болады. Бұл одан әрі қиынырақ оқу міндетін қоюға мүмкіндік береді, осыдан барып, оқыту барысы күрделі мазмұнға көтерілетін үздіксіздікке айналады. Педагогикада оқытудың мәні оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы дәстүрлі қалыптасқан кезеңдер тұрғысынан да қаралады.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері