Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

- ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту  тәсілдері;

- мәселелі жағдаят тудыруға  көмектесетін тәсілдер;

- оқушылардың сезімдеріне әсер  ететін тәсілдер;

- жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты  басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.

Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді [34, 14].

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі[35].

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс[36].

Оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.

Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады [2].

Міржақып Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді [38].

Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі.

Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау.

Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:

1. Белгілі бір ақпарат алу  және оны бекіту мақсатымен  кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа  жету үшін, мұғалім оқушыларға  қысқа мерзім ішінде мәтінді  қалай түсінуге болатындығын  айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді  бір рет оқып шыққан соң, оны  талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.

2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің  мағынасын сөздік немесе энциклопедия  арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден  ақпараттар алып, керекті мәліметтерді  конспектілеп, оқығанын өз сөзімен  айтып көреді. Мұғалім оқушыларды  мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.

3. Қосымша әдебиеттерді қолдану  үшін оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеу қабілеті болуы  керек. Оқушылардың кітаптар мен  журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуін болдырмаудың бір жолы – қызметтестік қағидасы. Қызметтестік дегеніміз - ұстаз бен шәкірттің ортақ жүйемен жұмыс істеуі, жетістікке, көздеген мақсатқа жетуі. Осы қағиданы орындау барысында мынаны ескеру керек: біріншіден, ортақ мақсатқа екі жақтың да көзінің жетуі. Екіншіден, ұстаз бен шәкірттің әрқайсысы өздеріне тиісті шарттарды біліп, ешкімге арқа сүйемей үйлесімді орындауы. Үшіншіден, керек жерінде бір-біріне көмегін беру, масыл болмау.

Бірақ педагогикалық қызметтестіктің орындалуы балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Ол әр кезеңде әр түрлі қатынас, қызметтестік болуы мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі балаға қамқорлық керек. Қызметтестік үлкендердің қамқорлығымен жүреді. Мектеп жасына дейінгі балалар шамасына қарай тәрбиешіге көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл жастағыларға ересектердің қамқорлығы басым болады.

Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік айшықталып көріне бастайды. Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер, мұғалімдер атқарады. Мұны біз тәлімгерлік-қызметтестік дейміз. Бірақ бұл кезеңде балаларға қызметтестікке араласуға мүмкіндік береміз.

Қызметтестіктің ең жоғары түрі – достық. Қызметтестік қатынас достық қатынасқа ұласуы мүмкін. Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі болып табылады.

Бірақ қызметтестік-достық толық тең құқықтықта болмайды және жіберілмейді де. Мұғалім - әр уақытта мұғалім. Ол оқушымен арақашықтықты сақтай білуі тиіс.

Біз осы арақатынасты мысал-жағдайлар арқылы талдай отырып, оқушыларды бірнеше топқа бөліп қарайық. Мәселен, мұғалім мен оқушылардың бірігіп қызмет жасап, жетістікке жетудің жағдайын жасау жолында "Үміттің ақталуына байланысты қуанышқа" бөленген оқушылар тобы болады. Олардың көптен күткен жеңіс-қуанышы орындалады. Оның орындалуына бала, ата-ана, мұғалім де ат салысады. Осының орындалуына баланың оқуға деген құнттылығы, орындауға жұмсалған күш-жігері және жұмыстың нәтижесі себеп болады. Бұл қуанышқа барлығы ортаң. Сондықтан барлығына ортаң тең қуаныш. Сонымен осы "Үміттің ақталуына байланысты қуаныш иелерін" топтарға жіктеп көрейік.

Бірінші топ "Сенімділер" немесе "Өз ісіне тыңғылықтылар" деп аталады. Мұндай топ оқушылардың кез келген жас кезеңдерінде кездеседі. Мұндайларға жауапкершілігі бар, оқуға деген қабілеті жоғары, үй тапсырмасын ұқыпты орындайтын, қоғам жұмысына берілген, өз ісіне берік, абыройы жоғары, өзіне-өзі сенген оқушылар жатады. Бұл аталған оқушылар негізінен ата-анасының балаға деген қамқоры педагогикалың тұрғыдан дұрыс қатынас жасай алатын отбасынан шығады. Бұл оқушылардың оқудағы жетістік-қуанышы берік, бала өзі-өзіне сенімді [43].

Бірақ мұндай оқушылар да сүрінуі мүмкін. Оған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Баланың өзі кемшілікті талдауға шамасы келеді. Ондай оқушылар өз қиындығын өзі жеңіп шыға алады. Бұлар сенімділер.

"Батылдар" тобына жататын оқушылардың оқуға деген қабілеті "сенімділерден" көп жоғары. Бірақ оқу жүйесіндегі қызметі төмен болып келеді. Мұндай оқушылар бір кезде жетістікке жетсе, бір кезде төмендеп кетуі мүмкін. Батылдықта тұрақтылың жоқ. Әрине, мұндай оқушылар тұрақты, мәдениетті, балаға деген қамқорлығы жоғары отбасынан шығады. Осы көрсетілген оқушылар сезімге тым берілгіш, жетістікке тым еті үйреніп кететін, жеңіліс, қолайсыз жағдайды көтере алмайтын болып келеді. Мұндай оқушыларды уақытысында "құдайын таныту керек", сезімін оятып, ұятқа шаңырып, керекті көңіл басуын жасаған жөн.

"Күмәнділер" тобы. Мұндай оқушылар да балалардың әр жас кезеңдерінде кездеседі. Бұл оқушылар да жақсы отбасынан шыққандар. Сабаққа деген қабілеті жақсы, жақсы оқитындар. Бірақ олар өз ісіне күмәнді, өзіне деген сенімі нық емес.

Мұндай қасиеттің көптеген себептері болуы мүмкін. Біріншіден, өзін-өзі дүрыс бағалай алмау. Екіншіден, жүйкесі жұқарған, артың іске, батылдыққа бара алмайды. Үшіншіден, отбасында кикілжің болуы мүмкін. Төртіншіден, өмірдегі, оқудағы жеңіліс баланы жал-таң етуі, т.б.

Мұндай оқушылармен мұғалім ерекше әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуі тиіс. Уақытын тауып мақтап, алда болатын жұмыстарды айтып, дайындап отырса, ондай оқушылар қатарға қосылып кетеді.

"Күтпеген қуанышқа  бөленген" оқушылар тобы. "Күтпеген қуаныш" деп отырғанымыз - оқу-тәрбие саласындағы баланың болжаған жобасынан күтпеген артық нәтижеге жетудегі қуанышы. Әрине, мұндай баланың күтпеген жетістігі ұстаздың ұйымдастырумен жүргізіледі. Балаға күтпеген жетістік болғанымен, ұстаз үшін ол белгілі. Бірақ оны ұстаз балаға күні бұрын айтпайды да, баламен бірге күтпеген қуанышқа бөленгендей болып бірге қуанады. Бірақ бұл - ұстаздық қүпия. Дегенмен жетістікті күтпеуі де мүмкін. Себебі оқушының сол жоспарды орындай алатыны және орындай алуына күмәнді оқушылар бар. Әсіресе, сол күмәнділер жобалы тапсырманы дұрыс орындаса, ұстазға да күтпеген қуаныш.Осы күтпеген қуанышты жасаудағы ұстаздық әдіс-тәсілдердің түрлері бар.

Қуануға сатылап немесе біртіндеп жету. Біріншіден, психологиялық шабуыл жасау. Баланың тапсырманы орындаудағы жүрексінуін жеңу, соған психологиялық жағдай жасау, баланың осы тапсырманы орындай алуына эмоционалдық әсер ету.

Екіншіден, эмоционалдық одақтасу. Ұстаз және оқушы қиын істі бастап жеңу үшін одақтасады. Мұғалім баланың жүрексінуін жеңуге көмектеседі. "Оқудағы нәтижесіздік - уақытша, кездейсоқтықтан пайда болған. Сол жеңілісті жеңуге болады", - деп баланы сендіру керек.

Үшіншіден, негізгі бағытты таңдап алу. Мұғалім баланы сендіргеннен кейін, сол жетістікке жетудің жолын анықтайды. Оқу процесінде кездеседі деген кедергілердің алдын алады.

Төртіншіден, оқуда кездесетін қиындықты болжай отырып, мұғалім күмәнданатын балаға тапсырманы басқа балалармен бірдей бере береді. Бірақ күмәнді баланың жұмысында кездесетін қиындықтың алдын алып, көмектеседі.

Бесіншіден, жұмыстың нәтижесін талдағанда күмәнді баланың қиындықты жеңе білгенін атаған жөн. Бірақ келесі жолдары күмәнді бала мұғалімге арқа сүйей бермей, өзінше еңбектенгені де дұрыс.

Алтыншыдан, күмәнді баланың күмәні сейілгеннен кейін жалпы қатарға қосып оқытуға болады.

Қысқасы, баланың күмәнін сейілту үшін педагогикалық алты кезектен сатылап өтіп, жүрексінетін баланы жалпы қатарға қосуға мүмкіндік бар.

"Күтпеген қуанышқа" кенелудің  тағы бір жолы - ол балаға үміт  арту. Үміт арту екі жаққа да  бірдей. Мұғалім балаға үміт артқанда, өзі де іштей баланың күтпеген қуанышына өз үлесін қосады, үміттендіреді, үміттенеді. Үміт ақталғанда екі жақ та күтпеген қуанышқа кенеледі.

"Жалпы қуаныш-мақтаныш" жағдайы. Бала жалпы қуанышқа жора-жолдастарының, өзінің пір тұтатын жолдастарының, мұғалімдердің оқу-тәрбиедегі жетістігіне қуанғанда кенеледі.

Жалпы қуаныш-мақтанышты да мұғалім ұйымдастырады. Жалпы қуаныш - аяқ астынан бір нәрсеге қуану, сыртқа шығарып қуану, іштей қуану, т.б. болып бөлінеді. Жалпы ортақ қуаныш - мақтанышқа балаға, мұғалімге, жолдастарына қатысы бар қуаныш жатады. Жалпы қуаныш - мақтаныш. Ол - мектептің, ұжымның, жолдастарының қуанышы. "Онымен мектепте бірге өсіп едік немесе бір партада отырып едік", - дегендей мақтаныш-қуаныштар болады.

Жалпы ортақ қуаныш-мақтаныш еш уақытта өз қасиетін, мазмұнын жоғалтпайды. Кейде ортақ қуаныш-мақтаныш баланың басын айналдыруы да мүмкін. Сондықтан ондай жағдайды мұғалімнің қадағалағаны жөн. Қуаныш-мақтанышқа кенелушілерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топ — санаткерлік қабілеті нашар, жалқаулығы басым. Бірақ ел қатарлы, орта топта жүріп, қоғамдық жұмыстарды орындап, жолдастарымен жақсы қатынаста болып, мұғалімнен ескерту алмай оқитын балалар осы топқа жатады. Ондай балалар елгезек, тәртібі дұрыс болып келеді. Мұндай оқушыларды қуаныш-мақтанышқа кенелту үшін, оларға өр уақытта жол салып беріп тұру керек. Бір кезде өзінше жұмыс істеу қабілетіне жеткенде мұғалім ондай балаларды жетектегенді доғарады.

Осындай топтағы оқушыларға қолданатын тәсілдің бірі "Менің істегенімді қайтала" деген алгоритм. Мұның мақсаты – алға озып кеткен оқушыны қуып жету, соған психологиялық тұрғыда дайындау, баланың сана-сезімін ояту. Осы алгоритмнің бірінші жолында сыныптағы оқушылардың, сынып ұжымының санаткерлік ахуалын анықтау, яғни кімге еліктеу керек, кімді қуып жету керек? Егер де сынып ұжымының көпшілігі ұйқылы-ояу болса, онда ондай ұжымда бұл алгоритмді пайдалануға болмайды.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері