Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек қана “4” пен “5” алуы тиісті деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып, “2” немесе “3” бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қьлықтарға үйренеді.

Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы “2” алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттаған дұрыс емес. Бүл бағалау баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті “2” мен “3” деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады.

Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, оқу кұралы, қалам, қара және түсті қарындаш, сызғыш, өшіргіш т.б. құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.

Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана, “сабағыңды үстелдің үстінен алып кет басқа жерге, не қоя тұр” деп ұрысады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана телевизор көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен телевизор көріп ұйықтайды. Ертеңгі күні, әрине сабақ дайындамаған бала “2” деген баға алып келеді. Сөйтіп сабақ оқуына жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды. Мәселен, “Ана тілінен балалар бірініші сыныпты бітірер кезде әрбір сөзді дұрыс, мәнерлеп оқи білулері керек. Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде калыптасады. Әрине, бұл жөнінде де ата-ана тарапынан бақылау болуы керек. Бірақ, “осыны оқымай, орныңнан тұрмайсың” деуге болмайды. Кітапты оқып көп отыра беру баланы жалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек. Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі. Тез оқуға дағдыландыру үшін мыналарды басшылыққа алған жөн.

Жаңадан берілген жазбаша жұмыс түрлерін үйде орындауда бұрынғы жазғандарында жіберілген қателерімен жұмыс істеуден бастауы керек.

Егер жазбаша жұмысы белгілі бір ережеге сай орындалуы шарт болса, ол ережені оқулықтан окып, жаттап алуы керек.

Үйге берілген жазбаша жұмыста ата-ана баланың жазғанын, оның әр бөлігін жіті тексеріп отырған жөн.

Байқалған қателерді тиянақты түрде түзету керек.

Әр ата-ана жазбаша жұмыстарды бақылауы үшін баланың сөз жазу жылдамдығын білуге тиісті.

Егер бала баяу жазатын болса, кез келген қысқа әңгімені белгілі бір уақыт ішінде жаздыртып, жатқа білетін өлең шумағын жаздырып үйретуі керек. Көбірек ермексаздан жұмыс жасатқан жөн. Ол баланың саусақтарының бұлшық еттерін дамытып, жазуға икемділігін арттырады.

Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап, тексеріп отыру нәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілігі, дағдысы қалыптасады.

Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету - олардың сабақ үстіндегі белсенділігін арттырады.

Өз бетінше жүмыс істеуге дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысын барлық сабақтарда іске асыруға болады. Бұл орайда оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілеті ескерілуі шарт.

Қабілетті оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолдармен орындауды бірден біледі. Кейде оқушылардан берілген тапсырманы тезірек орындау талап етіледі. Мұндайда қабілеті төмен балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Өздігінен жұмыс істеуге оқушылар бірте-бірте дағдылануы керек. Олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады.

Себебі ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені саналы түсінуге дағдыланады. Бұл жұмыстар түсіндіру, бекіту, білім тексеру мақсатында жүзеге асады.

Ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс кезінде сауалнама ұйымдастыру пайдалы. Өлеңнен не әңгімеден үзінді оқып, оның қай өлең немесе әңгімеден екенін, авторын сұрап отыру керек. Кейде автордың суретін көрсетіп “Бұл кім? Оның қандай әңгімесін оқыдың?” деп балалардың ойлануына жағдай жасауға болады. Ал оқыған өлеңдегі немесе әңгімедегі кейіпкердің суретін салып, оның қайдан екенін, тақырыбын табу, мазмұнын еске түсіру де - өз бетінше жұмыс істеудің бір түрі. Осы орайда оқыған әңгімелері, ертегілері бойынша инсценировка даярлаудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі ата-ана, мектеп-бастауыш сынып оқушыларының қамқоршылары.

Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсінішпеушілік пайда болады.

Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету жолдары:

1. Оқулық бойынша өзіндік жұмыс.

2. Оқулықты жаңа материалды өтумен  байланысты пайдалану.

3. Теориялық материалды түсіндіру алдында немесе соңында өткізілетін өзіндік жұмыс.

4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда  кітап бойынша жұмыс істеу  деген сатылар бойынша жүзеге  асырылды.

Оқушыларды өздігінен үй жұмысын орындауға баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану керек:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы).
  8. Өлең, мақалдар құрастыру.
  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
  10. Кейіпкерге мінездеме беру.
  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
  12. Рөлге бөліп оқыту.
  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
  14. Диалог-ертегі.
  15. Образға кіру.

Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

Біріншіден, мектеп өміріне кірігу. Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.

Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс.

Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар.

1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында  ұйқыдан ояна алмай, мектепке  керекті оқу құралдарын мезгілінде  жинай алмауы, сабақта тәртіп  сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.

2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін  алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай  болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн.

Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғаліммнен қорықпауы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі - ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай дав балалар ұжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балалрды жастайынан жаман жолға итермелейміз.

Бірінші кемшілік - адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген.

Екінші кемшілік – ақыл-ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды.

Үшінші кемшілік- адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды.

Төртінші кемшілік - медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін.

Бесінші кемшілік - баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы. Мұндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды.

Осы бес кемшілікті жою - балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады.

3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен  қатынасы. Мектепке барғаннан кейін  бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін.

Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады.

Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді.

Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді.

4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып  оқушыларының үй жұмысын, үйге  берген тапсырмасын орындауда қиналуы.

Зерттеуші ғалым-педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп, үй жұмысын орындау тек салтқа айналады.

Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады.

Бірінші – ынтамен оқитындар.

Екінші - жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін деген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін.

Үшінші – сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.

Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу- бастауыш сынып ұстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп, бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін ұстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз.

Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін, жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны ары қарай дамытқан жөн.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері