Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Білімділік: жазушы өмірі және  шығармашылығымен таныстыра

отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, Қожа мінезіне талдау жасап, өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізе білуге, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Жазушы шығармасы арқылы әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой үюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жинақтау

Әдіс-тәсілдері: пікірталас, дебат

Көрнекілігі: слаидтар, асықтар, конверттер,кітаптар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.

- Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
  • Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

ІІІ.Дебат

І топ.Жақтаушы топ. «Қожа- жақсы бала»

ІІ топ. Даттаушы топ. «Қожа- тентек бала»

Қожаның оқулық сатып алу үшін дүкенде Сәбира Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па?

- Лагерьге жолдама бермегені  үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

«Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді» Қожа қандай бала?

«Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

-Мұнда неғып отырсың?

-Педсоветке келдім.

-Онда сенің не шаруаң бар?

-Мен жөнінде мәселе қарап  жатыр.

-Сені мұғалім етеміз дей ме?

-Директор етеміз дейді. 

Бұл жерде Қожа қандай бала?

«Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды ау» деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?

-Мама! Сен жылап жатырмысың?

-Маматай қойшы! Ең соңғы рет  кешірші! Ант етемін! - деп Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?

Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарасың. Бұндай балалар бүгінде араларыңда кездесе ме? Егер Қожаның орныңда сен болсаң, қандай әрекет істер едің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ә

 

«Алтын сақа» ойыны

4 сұрақ арқылы 4 ойыншы  таңдалады.

Сұрақтар:

  1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох,шіркін- ай!

Жауабы: Орыс әдебиетіне Анфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2.Есікті аша бергенімде,тынысым  мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы  тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі  келбетім көлденең көзге тірі  аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге  ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не айтты ішінен?

Жауабы: «Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?»

4.Осының бәрі осылай бола  тұрса да, мен өзімді ақтап,бір  ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма? Бәрін мойындадым. Бір айтқаным не?

Жауабы: «Кешіріңіздер! Соңғы рет тағы бір кешірім жасап, сынап көріңіздер. Бұдан былай қарай тәртіпсіздік істейтін болсам, қандай жаза қолдансаңыздар да ризамын!»

ІІ. Әудемжар

4 асық иіріледі. Бүк-соңғы, шік бастайды

  1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,.деген аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды. Ол қандай есімдер?

Жауабы: Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт.

2. Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап,бірдеңе айтты.Анасы не айтты?

Жауабы: «Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсін қаңғып. Менің де жүйкемді жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!»

3. Лаула, лаула жігер оты! –деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы: Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

4. Мамам жайлауға жүріп кетті.Мен мектепке келе жатырмын. Көңілім көтеріңкі, бойым сергек.Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ».

Бәрі жауап берген жағдайда асық иіріп, 1 ойыншы ойыннан шығады.

ІІІ. Қозыкөш

Асықтар иіріліп,конверттер таңдалады. (Үшінші кезеңде қалған 3 оқушы ға 3 сұрақ қойылады).

1. -Қадыров түбінде адам болатын бала, - дейді Майқанова.

Ахметов не деп қостады?

Жауабы: - Оты бар, - деп қостады Ахметов.

  1. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылады?

Жауабы: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай ,көгермей кетейін.

  1. Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: -Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

  1. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

Сұраққа дұрыс жауап бере алмағандары ойыннан шығады, тең келгендеріне асық иіріледі.

ІV. Беласар

2 ойыншы қалады. Асық иіріліп, конверт таңдалады

  1. Қолтығымда добым бар. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек.

Қай команда ұтылған еді?

Жауабы: Біздің «Спартак» кеше «Қайраттықтардан» жеті де бес болып ұтылған еді.

  1. Өзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын, - деп Қожа қалай мақалдап еді?

Жауабы: Оқулығы сай бала –көңілі жай бала.

3. -Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың.

- Неге?

- Неге болушы еді - деп Майқанова қандай себеп айтты?

Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз

V. Жолайрық

1 ойыншы қалады

- Мама, сен жылап жатырмысың? - дегенде мамасы не деді?

Жауабы: -Иә, жылап жатырмын. Қайтейін жыламай. Қу жалғыз, сенен-ақ өлетін болдым ғой. Осы сен не болып барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық?

Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба, бір мезгіл елден, жұрттан...

ҮІ. Алтын көмбе

Ойнау-ойнамау өз еркінде. Жинаған ұпай үш есеге артады

Сұрақ. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті.

Жауап: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.

ә)Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын

Ойын аяқталды. Жеңімпазды мадақтау.

Қосымша Б

 

Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы.

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын жүйелі айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

2. Оқушылардың танымдық қабілетін, әдеби тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Арам пиғылдан, мейірімсіз қатігездіктен бойларын алыс ұстауға, мейірімді, адал болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, оқиық,

Көңілге көп тоқиық.

Көп ізденіп көп біліп,

Білім шыңына жетейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Өлеңді мәнерлеп оқыту.

ә) «Табиғатты аялайық!» тақырыбында салған суреттерін, жазған шығармаларын бағалау.

III. Қызығушылықты ояту.

Жасырылған нақыл сөзді табу.

Жақсылық ұмытылмас

Iтоп. Жақсының жолын кескеннің жолы болмайды.

II топ. Жаман байыса достығын  да сатады.

Бар байлықты жинауға тырысқан адам - бақытсыз.

Бай баю үшін тырысады,

Кедей кедейіне болысады.

Әр топ өз тапсырмаларын оқып, түсінігін айтады.

(Ойларын өз тобында ортаға  салады).

Түртіп алу стратегиясы.

Ертегіні оқу.

Оқушылар айтқан ойларын ертегімен салыстырады.

Сұрақтар: 1. Ертегідегі басты кейіпкерлер кімдер?

2. Жағымды кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.

3. Жағымсыз кейіпкер кім? Оған мінездеме бер.

4. Саудагер Бақанды неліктен Бақалшы деп атап кетті?

Сөздік жұмыс.

Бас-көз болу - баланы баға тұру.

Көксерке - жыртқыш балық түрі.

Тұңғиық - теңіздің өте терең жері.

Емеурін - ниетін,ойын сездіру.

Шолан - үйдің асқоймасы.

Бақалшы - ұсақ-түйек сатумен айналысушы.

Ертегіні жоспар бойынша әңгімеле:

1) Батагөй Бақан мен саудагер Бақан.

2) Мейірімге - қайырым.

3) Бақалшының арамдығы.

4) Арамзаның ажалы.

V.Толғаныс

Топтық тапсырма

I топ. Ішке, сыртқа.

II топ. Жуан, жіңішке.

Үйге тапсырма беру. Ертегіні түсініп оқып, мазмұнын жүйелі айту.

Оқушыларды мақтап мадақтау. Бағалау.

 

 

 


 



Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері