Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Содержание

Кіріспе 3
1 Үй жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері 6
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 6
1.2 Оқушылардың оқуға қалыпты оң көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының моделі 14
2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 23
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үй жұмысы арқылы оқушылардың белсенділік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары 39
2.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде үй жұмысын ұйымдастыруға арналған тәжірибелік-зксперименттік жұмыстың нәтижесі 43
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 64
Қосымша А Б. Соқпақпаев: «Менің атым - Қожа» 67
Қосымша Ә «Алтын сақа» ойыны
69
Қосымша Б Балықшы мен бақалшы
71

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салтанат-посл-супер.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының үй тапсырмасын орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Оқу әрекеті барысында оқушылардың үй тапсырмасын орындау дағдыларын қалыптастыруға болады:

- оқушылардың өзіндік жұмысы  туралы түсінік беру:

- оқушылардың өз бетімен тапсырманы  орындау әдістемесімен таныстыру.

Оқушылардың үй жұмыстарының ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

1. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

2. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құру керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады [22].

Бастауыш мектепте оқушылар үй жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әртүрлі бақылаулар өткізу т.б.

Оқушылардың үй жұмысын орындау барысында өте маңызды мәселе – мұғалімнің тапсырманы орындауға бағыттауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың үй тапсырмасын орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу-ізденіс әдістерін үйренуде.

Әлбетте, оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту, қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.

Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоюға болады. Бүкіл сынып болып шығарманы оқып шығуы шарт.

Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт: 1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп бағасын алады. 2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді. Үлгерімі төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып, олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал жасауға болады.

Мұғалім оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беруі қажет. Мұнсыз оқу-тәрбие  жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап әр алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу процесінде жеке оқушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.

Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау дербестігі дамиды.

Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, орындау тәсілдерін мұғалім өзі айтып, түсіндіреді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, онда оқуша өздігінен ізденіп міндеттерді шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі өздігінен істейтін әрекеті артады. Бұдан шығатын әдістемелік қорытындыда оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен орындайтын дербес жұмыстар, соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім мен оқушы арасындағы қызметіне қарай, оқушылардың үйде өздігінен орындайтын жұмысының негіздерін мынандай көрсетуге болады[28].

Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті, және оның бір ерекшелігі – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.

Өзіндік жұмыстарда жеке оқу процесін оқытуда қолданудың ерекшеліктері болады. Мысалы: ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:

1. Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп, рольдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ жауап, т.б. Бұлар көбінесе ана тілі сабағында жүргізіледі.

2. Жоспар: мазмұндама, шығарма жазу, талдау. Бұл жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмыс етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сондай–ақ оқушылардың үй жұмыстарын олардың таным, іс–әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағытта ұйымдасыруға болады.

Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы: «Әдеп әліппесі» пәнін оқыту барысында, бастауыш сынып оқушыларына, біз сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын орындауда әртүрлі тәсіл-амалдарды қолданамыз. Солардың ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.

Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп мазмұндату, немесе негізгі ойды ғана айытқызу. Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап, күрделі түрлеріне қарай дағдыландырамыз. Сонымен қатар, оқушылардың үй жұмысын орындатудың жоғары формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі – өлең құрастыру. Бұл жұмысты екінші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға үй тапсырмасы ретінде мына төмендегідей жұмыс беруге болады:

  1. Мұғалім: а-а-а

оқушылар: қызыл алма.

Мұғалім у-у-у

Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғасырады.

2. Буындар арқылы:

Мұғалім: -ға-ға-ға

Оқушылар: шықты далаға.

3. Бұл жұмысты сурет арқылы  жүргізуге болады. Тақтаға ертегі  кейіпкерлерінің суреттерін іліп  қойып, оларға тән іс-қимылдарды  ұйқас түрінде жазуға тапсыруға  болады. Мысалы: Арыстан/ақырды/, Әтеш/шақырды.

Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай әдеп-ғұрып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, рәміздер, ырым-тыйымдар, жөн-жоралғылар сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың үй жұмыстарының ең бір маңызды түрі.

Үй жұмысы түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық аралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай толыстыра беруге болады.

Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.

Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады[25].

Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек.

Үй тапсырмасын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.

3-сыныпта берілетін  үй жұмысының мөлшері:

1.Үй жұмысы қоңырауға дейін  беріледі және шығарылу жолы  түсіндіріледі.

2. Үй жұмысы әр оқушыға түсінікті  болатындай, барлық оқушыларға нені  орындау керек және қалай орындау  керек екені нақты түсіндіріледі.

3. Пән бойынша тапсырмалар уақыт  мөлшеріне сәйкес болу үшін басқа пәндермен келісімді беріледі.

4. Тапсырмалар бір жақты және  бір типтес болмайды. Тапсырмаларда  алдын- ала ойлануға берілген  сұрақтар, бақылаулар кездеседі.

5. Тапсырмалар оқушыларды өз  бетімен ізденуге, алған білім-білік  дағдыларды жаңа жағдайда қолдануға бағытталған.

6. Тапсырмаларға бағдарламаның  негізгі тарауларын қайталауға  арналған сұрақтар енгізілген. 

7. Әр тапсырманың өзінің қиындығы  болады, бірақ оқушы орындай алатындай. Бұл қиындықты өздерінің қабілеттері  мен біліктілігін барынша қолдану арқасында жеңе алады.

8. Үй жұмысы сынып жұмысымен  тығыз байланысты, өткен сабақтың  жалғасы, жаңа сабақтың дайындығы  іспеттес.

9. 3-сыныптарда үй жұмысын орындау уақыты - 1,5 сағаттан аспайды. Үй жұмысының мөлшері бір пәннен үй жұмысын орындау уақытының бестен бір бөлігін құрайды.

10. 3-сыныпта үй тапсырмасын орындау ұзақтығы – 35-40 минут (үзіліссіз). Бірақ осы уақыт арасында 2-3 минутқа сергіту сәтін жасау керек. 10 минуттық үлкен үзілісте бала үй жұмысын орындауға болады (мысалы, гүлге су құю).

11. Балалар, ата-аналар үй тапсырмасын  орындаудағы гигиеналық талаптарды  білу керек: жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс ұзақтығы, орындауға деген  ықыласы.

12. Қазақ тілінен үй тапсырмасы тек жазбаша түрде ғана емес, кейде ауызша да беріледі. Жазбаша үй жұмысының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың үштен бір бөлігінен аспайды. Ауызша орындалатын жаттығуға берілген уақыт мөлшерден аспауы керек. Жаттығулар жұмыс көлемін көбейтетін әртүрлі тапсырмалармен күрделенеді. Жаттығуды көшіруге 8 минуттан 15 минутқа дейін уақыт кететіні де ескеріледі. Ал кейбір қиын тапсырмаларды, мысалы бір ережеге мысалдар жинақтау, кесте құрастыру басқа тапсырмамен қатар берілмейді, алдын – ала дайындықпен, кейбір жағдайларда оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырма ретінде беріледі.

13. Мазмұны жағынан үй тапсырмасы бір немесе бірнеше сабақтың материалымен байланысты. Олар қайталауға арналған. Барлық жағдайларда да мөлшерден аспауы тиіс: негізгі тапсырманың көлемі жеткілікті болған жағдайда оқушыларды жеке тапсырмалармен жүктемеу керек. Оларды қажет жағдайда ғана беру керек: тексеру жұмысына дайындығы ретінде немесе жаңа тақырыпты меңгеру алдында, өткенді қайталау мақсатында.

14. Үй тапсырмасы ретінде әртүрлі  сөйлем талдау, тыныс белгілерін, әріп, сөз бөлігін, тұтас сөзді қойып, көшіру тапсырмалары беріледі.

15. Әртүрлі жаттығуларды кезектестіріп  беру есте сақтау түрлерін  жаттықтырады: көру (көшіруге берілген  жаттығулар), есту (ауызша әңгіме  құрау), логикалық (кесте құрастыру), елес (оқиға мен затты ойша  бейнелеу).

Үйге берілетін тапсырмаларды әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын күнбе–күн тексеру жақсы нәтиже беріп келеді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.

Информация о работе Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері