Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.
Күтiлетiн нәтижелер:
Стратегияны iске асыру: ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын едi). Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және50-51 %-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1 %-нен 2015 жылы 1-1,4 %-ке дейiн артады. Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1 %-нен 27-28 %-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1 %-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Индустриялық-инновациялық стратегияға байланысты ғылымға деген қажеттілік өсуде, ғылыми сыйымды өнімдер нарығы кеңеюде, сондықтан ғылыми жоне технико-технологиялық әлуеті күшті өндірістік кәсіпорыннның бәсекелік қабілеті жоғары болатыны сөзсіз.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің түйінді мәселелерін шешу үшін ғылымның кәсіпорындармен өзара нақты байланысының әдістері мен жолдарын іздестіруге бағыттау қажет. Бүгінде қолданбалы ғылым аясында бірқатар бюджеттік бағдарламалар даярланған. Олардың іштнде өнеркәсіптің дамуын ғылыми-техникалық түрғыдан қамтамасыз ететін бағдарламалар бар.
Қазақстанда инновациялық қызметтін дамуына шикізат экономикаға тән бірқатар проблемалар кедергі келтіріп отыр:
- көптеген өнеркәсіптік
кәсіпорындардың қаржы
- ғылыми зерттеулер
минералды-шикізатты
- экономиканың жоғары технологиялық салалары қатарында жоғары білікті мамандардың жоқтығы;
- нарықтық қатынастардың
ғылыми-техникалық сфераға
- инновациялық қызметті
дамытуды ынталандырушы
Қазіргі кезде республикада инновациялық қызмет мемлекет тарапынан жөне экономиканың мемлекеттік емес секторынан ғылыми-техникалық өнімге төлем қабілетті сұраныстың темендігінен, ғылыми жасалымдар өнеркәсіптік өндіріске жетпей қалуынан, коммерциялық тәуекелдің жоғары болуынан, көп жағдайда қарапайым және арзан технологияны сатып алуға байланысты инновациялық қызметті дамыту үшін мемлекеттік қолдау қажет.
Жүргізілген зерттеу
нәтижесінде келесідей
1. Экономикалық жүйедегі жаңа құрылымдық өзгерістер мен экономиканың өсу тенденциялары Кеңес одағы кезінде қалыптасқан индустрияландыру үрдістерін қалпына келтіруді және оны ары қарай жеделдету арқылы жаңа сатыға көтеруді басты мақсат етіп қояды. Өнеркөсіпті қайта индустрияландыру үрдістерінің теориялық және әдіснамалық негіздерін қалау оны ары қарай дамытуда көмегін тигізеді. Сондықтан да жұмыста индустрияландыру үрдістерінің кезеңдері, сатылары, түрлері, қағидалары мен алғы шарттары анықталып, бір жүйеге келтірілді.
2. Өнеркәсіпті индустрияландыру үрдістерін жүргізудің төменгі сатысына көсіпорындарда инновациялық технологияға негізделген белсенді түрде жүргізілетін индустрияландыру үрдістері жататын болса, орташа сатыға кен өндіру, өңдеу және электр энергиясын, газды және суды өндіру жөне бөлу салалары, ең жоғары сатыға отандық өнеркәсіп жатады. Осы сатылардағы индустриялық деңгейді анықтаудың көрсеткіштері жұмыста топтастырылады. Ал индустрияландыру үрдістерінің критерийіне қосымша құнды қалыптастыру саналады.
3. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің негізгі басымдықтарына тиімді салалық құрылымды қалыптастыру, инновациялық, инвестициялық әлуетті көтеру, техника-технологиялық базаны жетілдіру таңдалып алынды және негіздеме берілді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың мемлекетпен өзара қатынасын мемлекеттік өнеркәсіптік саясат реттейді, ол өнеркәсіп салалары мен кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
4. Өнеркәсіпті қайта индустрияландыруды жеделдетуде қосылған құн тізбегі бойынша орналасатын салаларды қамтитын кластерлер құрудың маңыздылығы жоғары. Аймақтардың мамандану ерекшелігіне қарай онда кластерлер ұшикізатгы өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, аралық өңдеу, өндіріс қалдықтарынан өнім өндіру, салааралық шағын бизнес көсіпорындарын осы үрдіске тарту арқылы қосылған құны жоғары тауарлар мен қызмет түрлерін бөліп шығаруға болады.
5. Импорт алмастыру
саясатын жүргізу кез-келген
6. Зерттеудің нәтижесінен өнеркәсіптің инвестициялық-инновациялық әлуетін көтеру келесі шаралар кешенінен тұратындығы анықталды:
а) өнеркәсіптің техника-технологиялық әлуетін көтеру;
б) өнеркәсіп салалары ұдеформацияны жою;
в) өнеркәсіп енімдері мен қызмет түрлерінің тұтыну нарығын кеңейту;
г) өнеркәсіп технологиясының өзгеруіне жол бермеу;
д) өндірістік-экологиялық проблемаларды шешу;
ж) индустрияландыру үрдістерін инновациялық және инвестицицялық ресурстармен қамтамасыз ету тетіктерін анықтау;
е) өнеркәсіпті қайта
индустрияландырудың негізгі
7. Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің негізгі бағытына оның техника-технологиялық құрылымын жетілдіру жатады.
Елімізде индустриалық – инновациалық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын дифференциялау, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады.
Жүргізілген зерттеу бізге төмендегі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:
1.Теориялық зерттеулер
негізінде кәсіпкерліктің
- инновациялық кәсіпкерлік
қызмет – инновациялық
- инновациялық кәсіпкерлік
қызмет – тәжірибе жүзінде
қолданыла алатын ғылыми-
- инновациялық кәсіпкерлік
қызметті басқару мақсаты жаңа
идеяларды бақылау,
- инновациялық кәсіпкерлік қызметтің басты функциясы өзгеру функциясы болып табылады. Теориялық талдау көрсеткендей келесідей типтік өзгерістерді бөледі:
- жаңа техниканы,
технологиялық үрдістерді
- жаңа сапалармен өнім өндіру;
- жаңа шикізатты қолдану;
- өндіріс пен материалды-техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;
- жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.
2. Кәсіпкерліктің инновациялық
түрлерін жетілдіруде
3. Инновациялық кәсіпкерлікті
дамыту көптеген шығындарға
Қорыта келе, менің ойымша экономикалық өсудің мәні нақты ЖІӨ арттыру қарқыны халықтың өсу қарқынынан асуына негізделген ұлттық экономиканың дамуы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда экономикалық өсу, ең алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Бұл өсу мәселелерін сырттай бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі