Инновация - экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа

Краткое описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновация - экономикалык осу.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

 

2.1 Қазақстандағы экономиканы дамытудағы экономикалық өсудің қарқыны

 

Экономика әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына енді. Бұнда  елдің шаруашылық кешенінің бірыңғай тұтастығы қалыптасады. Бұл ұлттық экономиканың келесі даму белгілерімен дәлелденеді. Соңғы бес жыл ішінде экономикалық өсудің жоғары қарқындары байқалуда, бұл Қазақстанға экономиканы дамыту қарқындары бойынша әлемнің жетекші елдерінің бірі болуға мүмкіндік берді. 1994 – 2011 жж. аралығында ЖІӨ 1,6 есе артты, бұл көрсеткіш бойынша (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелген) әлемнің 200 елінің ішінде 54-ші орында. Трансформациялық рецессия 2006, 2007 жж. өтті, бұл кезде ЖІӨ өсуі 1994 ж. деңгейін 6,3%-ға артық болды.

Мәліметтерді талдау (6 кесте) көрсетіп отырғандай, 2006- 2012 жж. ЖІӨ-ң орташа жылдық өсім қарқындары 18 % артық. 2006 жылы өндірілген ЖІӨ көлемі 16 052 919,2 млн. теңге (133, 4 млрд. долл.) құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 4 есе артты, ал 2011 ж. салыстырғанда нақты мәнде 3,3% артты. Егер 2009 ж. жан басына шаққандағы ЖІӨ 254141,6 теңге (1658,0 долл. АҚШ) құрады, ал 2012 жылы ол 1024175,1 теңгені ( 8513,5 долл. АҚШ) құрады, яғни 4 есе артты.

 

Кесте 6 - 2006-2012 жылдардағы Қазақстанның ЖІӨ

 

 

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

1

     2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

Жалпы ішкі өнім:

млрд. теңге

3776,3

4612,0

5870,1

7590,6

10213,7

12 849,8

16 052,9

млрд. АҚШ доллары

24,6

30,8

43,2

57,1

81,0

104,9

133,4

Нақты көлем  индексі, алдыңғы жылға қатысты %-да

109,8

109,3

109,6

109,7

110,7

108,9

103,3

Дефлятор, алдыңғы жылға қатысты %-да

105,9

111,7

116,1

117,9

121,5

115,5

121,0

Жалпы ішкі өнім, жан басына шаққанда:

Теңге

254141,6

309341,3

391003,8

501127,5

667211,6

829865,3

1 024175,1

АҚШ доллары

1 658,0

2 068,1

2 874,2

3 771,3

5 291,6

6 771,6

8 513,5

Ескерту: www.stat.kz мәліметтері негізінде құрастырылған


 

Нақты көлемнің индексінің өсуі байқалады –2009 ж. салыстырғанда 2010 ж. бастап 1% -ға артты, ал 2012 ж. ол 2011 жылмен салыстырғанда 103,3% құрады. ЖІӨ дефляторы 2012 ж.  - 121,0% құрады.

Қаржы дағдарысының әсерінен экономикалық өсудің қарқыны жалпы алғанда баяулады. Сыртқы қарыз алу көлемінің және шикізатты нарықтарда құбылыстардың қысқаруы нәтижесінде, экономиканың нақты секторының дамуының қарқындары төмендеді. Көптеген салалар мен кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары қарыз қорларға негізделгендіктен, негізгі капиталға инвестициялар көлемі  2012 жылдың ішінде үнемі қысқарып отырды.

Тұтынушы нарығында 2012 жылдың ішінде инфляцияның өсуі байқалды, азық-түлік тауарлары мен қызметтерінің бағалары өсті. Соның салдарынан халықтың нақты ақша табыстары азайып отырды, бұдан былай, ЕДБ-де несиелеу қысқартылды және қатаңдатылды. Бұл тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырды,және осы беталыстың сақталуы кейін әскери белсенділіктің өсу қарқынына қосымша  қысым жасауы мүмкін.

Әлеуметтік жауапкершілік ұйымның  ұстанымы мен қоғам, тұрақты қоршаған орта және тіршілікке қабілетті экономикаға  бағытталған сипатына қатысты болады. Әлеуметтік жауапкершілік, ең алдымен, менеджмент пен оның әрекеттеріне тиеді, олар ерікті және заң талаптарынан тыс жатыр. Ол жалпылама қабылданған құндылықтарды бағалауды талап етеді, қоғам мен қоршаған ортаның тұрақты дамуына, сонымен қатар, оларға жағымсыз әсерді азайтып, жағымды әсерді көбейту арқылы ұйымның ұзақ тіршілік етуін сақтауға септігін тигізеді.

Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту қазіргі уақытта  жүргізіліп отырған жұмыстардың  маңызды бағыты болып отыр. 2008 жылғы  қаңтарда Жезқазғанда өткен Бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі  республикалық форумда БҰҰ әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ғаламдық шарттың қағидаларын енгізу жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл құжатта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі индикаторлары, яғни: еңбекке ақы төлеу, оны қорғау және еңбек қауіпсіздігі, кәсіби даярлық, қайта даярлау, біліктілікті жоғарылату, жастарды жұмысқа қабылдауға арналған квота (жұмыс істейтіндердің штаттық санының кемінде бес пайызы), бір адамға жылына кемінде жиырма мың теңге көлемінде қаржы жұмсай отырып, жұмысшылардың міндетті алдын ала емделуі; бизнесті ашық түрде жүргізу, корпоративтік этиканы басқару жүйесі мен әдістемесін әзірлеу, әлеуметтік есептілік нысандарын әзірлеу көрсеткіштері белгіленген.

Аймақтар деңгейінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қалыптастыру олардың аумақтық ерекшеліктерін (экономикалық апат, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы, экономикалық әлеуеті жоғары аймақ) ескере отырып нақтылауды көздейді. Әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлінетін мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану үшін дербес атаулы әдістер қажет. Әлеуметтік қамсыздандыру мен қолдау көрсетудегі мүмкіндіктер еңбек саласының жай-күйіне байланысты. Сондықтан халықты жұмыспен қамту саясаты пәрменді әлеуметтік саясат болып қала береді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қызметі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды қорғауға бағытталған.

 

2.2 Инновациялық қызметті  ұйымдастыру жағдайын  талдау

 

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

 

Кесте 7- Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

 

 

 

Көрсеткіштер  

 

 

2009ж.

 

 

2010ж.

 

 

2011ж.

 

 

2012ж.

2012 ж. 2009 жылға өсу/кему  қарқыны (%)

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7 590,60

10 213,70

12 849,80

15907,0

209,6

Зерттеулер мен әзірлемелерге  жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. Теңге

21 527,40

24 799,90

26 835,50

34 761,6

161,5

жалпы ішкі өнімге пайызбен

0,28

0,24

0,21

0,22

-

Зерттеулер мен әзірлемелерді  орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421,0

107,9

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын  персонал саны (жыл соңына), адам

18 912

19 563

17 774

16 304,0

86,2

   соның ішінде:

         

   Зерттеушілер

11 910

12 404

11 524

10 780,0

90,5

      одан:

         

      ғылым докторлары

1 106

1 157

1 166

1 191,0

107,7

      ғылым кандидаттары

3 018

3 147

3 058

2 861,0

94,8

Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын  ұйымдардың негізгі  қаражаттары, млн. теңге

14 584,20

19 247,70

18 782

19 176,7

131,5

   Зерттеулер мен әзірлемелер

41 512

51 400

64 108

-

-

   Жоғары білім

30 312

36 007

45 557

-

-

Ескерту:  www.stat.kz мәліметтері негізінде құрастырылған


 

Қазіргі күні барлық елдерде  ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар  жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде  бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен  инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі  және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.

Қазақстан Республикасында зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 31 бірлікке (107,9%-ға) артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге (161,5%-ға) өскен.  Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 9,76 адамға кеміген  (2011 жылы 48,49 адам, 2012 жылы 38,73) (кесте-4).

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің  басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2008 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті (сурет 1).

 

 

Сурет 1- Ғылыми-техникалық  жұмыстарды үйлестіру құрылымы

 

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың  инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

 Көптеген отандық  зерттеулер мен әзірлемелердің  нақты нарықтық талаптар мен  шарттарға бағдарлануы әлсіз  және ғылымды қажетсінетін импортты  өнімдермен және қызметтермен  бәсекелесе алмайды.

Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда  инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.

 

Кесте 8- 1990- 2012 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн.теңге)

 

Көрсеткіштер

1995ж.

1999ж.

2004ж.

2012ж.

2012 ж 2004 жылға өсу/кему  қарқыны (%)

                      1

2

3

4

5

6

Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы

395,4

2983,1

6100,5

29591,3

485,1

соның ішінде:

         

ғылыми-зерттеу жұмыстары

214,2

1739,7

3764,5

17174,4

456,2

соның ішінде

         

Іргелісі

40,2

396,1

809,6

3461,1

427,5

қолданбалы зерттеулер

174

1343,6

2954,9

13713,3

464,1

жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар

99,7

496,6

1205,9

8555,8

709,5

бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау

21,1

117,1

198,9

482,8

242,7

құрылысқа арналған жобалық жұмыстар

40,8

536,0

231,7

1237,9

534,2

ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер

19,6

92,5

699,4

2140,1

306

Ескерту:  www.stat.kz мәліметтері негізінде құрастырылған

Информация о работе Инновация - экономикалык осу