Инновация - экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа

Краткое описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновация - экономикалык осу.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

Аталмыш көрсеткіш халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі  мен серпінін, сондай-ақ жұмыс істейтіндер  мен жұмыссыздар арасындағы арақатынасты көрсететіндіктен, жан басына шағылған кірістің өсу көрсеткіштерінен ерекшеленуі мүмкін.

Экономикалық өсу, егер ол қосымша ресурс тарту есебінен жүзеге асырылса жэне қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе, экстенсивтік деп аталады. Қарқынды даму өндіріс  пен технологияның бұдан да жетілдірілген факторларын қолданумен байланысты, яғни ресурс шығынының мөлшерін үлғайту есебінен емес, олардың қайтарымын ұлғайту есебінен жүзеге асырылады. Қарқынды өсу халықтың әл-ауқатын арттырудың негізін қалауы мүмкін. Қалыпты экономикалық өсудің қарқынды немесе экстенсивті басымды түрі жөнінде сөз қозғалғанда осы өсуді туындатқан сол немесе басқа факторлардың өзіндік салмағы ескеріледі[3, 89 б.].

Экономикалық өсу факторлары көбінесе экономикалық өсу түріне сәйкес топтарға бөлінеді. Экстенсивтік факторларға капитал, еңбек шығынының өсуі; қарқынды өсу факторларына - технологиялық прогресс, ауқымды үнемдеу, кызметкерлердің білім және кәсіби деңгейінің өсуі, ресурстардың икемділігін арттыру және олардың бөлінуін жақсарту, өндірісті басқаруды жетілдіру, заңнаманы тиісінше жақсарту және өндіріс факторларының өзін де, сондай-ақ оларды пайдалану үдерісінін де сапасын жетілдіруге мүмкіндік беретіннің барлығы жатады. Кейде экономикалық өсудің дербес факторы ретінде өндірісті кеңейту үдерісінің басты катализаторы ретіндегі жиынтық сұраныс жеке айтылады.

Экономикалық өсуді  тежейтін себептер ретінде көбінесе ресурстық және экологиялық шектеулер, сондай-ақ өндірістің өсуімен байланысты әлеуметтік шығынның кең ауқымы және үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты жиі аталады.

Экономикалық  өсудің факторлары

Экономиканың  өсуге қабілеті, өндірістің нақты  көлемін ұзақ мерзімді арттыру қарқыны  мен ауқымын, өсудің тиімділігі мен  сапасын арттыру мүмкіндігін  анықтайтын құбылыстар мен үрдістерді айқындайтын бірқатар факторлардан тұрады. Экономикалық өсудің факторлары – бұл экономикалық өсуді тудыратын себептер. Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемін арттыру мүмкіндігін, өсудің тиімділігі мен сапасын арттыруды анықтайтын құбылыстар мен үрдістер. Экономикалық өсудің факторларының классикалық сыныптамасы 2 кестеде келтірілген.

Жоғарыда  аталған факторлардың барлығы экономикалық өсудің қозғаушы күші болып табылады, сонымен бірге, біздің пікірімізше, олар жеткіліксіз, себебі тарих көрсетіп отырғандай, экономикалық өсу жоғарыда аталған факторлары жоқ елдерде бақыланып, осы факторлардың бірқатары болған елдерде байқалмады. Келесі мысалдарды қарастырайық (2кесте).

 

 

 

Кесте 2- Экономикалық өсудің факторлары

 

Факторлар тобы

Факторлардың мазмұны

1

2

Тура 

(ұсыныс-факторлар)

- еңбек ресурстарының санын  ұлғайту және сапасын жоғарылату;

- негізгі капиталдың көлемін  ұлғайту және сапалық құрамын  жақсарту;

- технологияларды жетілдіру және  өндірісті ұйымдастыру;

- шаруашылық айналымға енгізілетін  табиғи ресурстардың мөлшерін көбейту және сапасын жоғарылату;

- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетті  арттыру.

Жанама 

(сұраныс және бөлу факторлары)

- нарықтардың монополиялану дәрежесін  төмендету;

- экономикадағы салықтық ахуал; 

- несие-банктік жүйенің тиімділігі;

- өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі;

- тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік  шығындардың артуы; 

- экспортқа шығарылатын тауарлардың  кеңеюі;

- экономикадағы өндірістік ресурстарды  қайта бөлу мүмкіндігі;

- кірістерді бөлудің қолданыстағы жүйесі.

Ішкі

елдің өндіріс факторлары (фабрика ғимараттары және олардың құрал-жабдықтары бар кеңселер, тауар қорлары)

Сыртқы

шетелдік ресурстар

Аралас

елдің өндіріс факторлары және шетелдік ресурстар (аралас инвестициялар)

Экономикалық өсудің экстенсивті  типінің факторлары

жұмыс күшін көп мөлшерде пайдалану;жаңа кәсіпорындар салу; құрал-жабдықтарды  көп мөлшерде пайдалану; шаруашылық айналымға қосымша жерлерді тарту; жаңа кен орындарын ашу және пайдалы  қазбаларды өндіру көлемін ұлғайту; ресурстардың мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін сыртқы сауда және т.с.с. Алайда бұл кезде жұмысшылардың біліктілігі және олардың еңбек өнімділігі, құрал-жабдықтардың сапасы және технология өзгеріссіз қалады. Сондықтан еңбек және капитал бірлігіне шаққандағы өнімнің қайтарымы және кіріс бұрынғы деңгейде сақталады.

Экономикалық өсудің интенсивті типінің  факторлары

жұмыс күшінің біліктік және кәсіби даярлық деңгейінің жоғарылауы; жетілдірілген  құрал-жабдықтарды; озық (бірінші кезекте, ресурс үнемдейтін) технологияларды  пайдалану;  еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру; экономиканы мемлекеттік реттеудің аса тиімді әдістерін пайдалану.

Ескерту [4] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған


 

Қазіргі кезде демократиялық тәжірибені тереңдету мақсатында демократизация үрдістерін үкіметпен марапаттау беталысы бақыланып отыр. Жаһандану мәселелерін шешу үшін жаңа институттарды құру керек, жеке алғанда: ғаламдық экологиялық ұйым; ғаламдық банкроттық тетігі; халықаралық салық ұйымы мен қаржылық реттеу органы. Шешімдер азаматтық қоғам институттарының кең қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес, себебі, құзыреттілік пен қорларды бейорталықтандыру да басқарудың бүкіл үрдісінің тиімділігін арттыруға мардымды үлес қосады, оның демократиялық құрамдасын күшейтеді.

 

Кесте 3- Өсу факторларының ел экономикасына ықпалы

 

 

Факторлар

Өсу байқалмаған, бірақ қарамағында  мынадай факторлар болған елдер:

Өсу байқалған, бірақ қарамағында  мынадай факторлар болмаған елдер:

1

2

3

Капитал

Бұрынғы  КСРО

Германия, Жапония 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін 

Білікті жұмысшылар

Ресей, ТМД-ның бірқатар мемлекеттері, Үндістан

Оңтүстік Африка

Табиғи байлықтар

Қазақстан, Бразилия, Африка

Жапония, Сингапур,

Оңтүстік Корея, Швейцария

Мәдени жұмыстар

Жапония, Германия 19-ғасырдың соңындағы  мысалдар

Франция

Ғылыми жаңалықтар

Англия, Израиль 1945 ж. кейін

Жапония 1945 ж.

Техникалық үкіметтік жоспарлау

КСРО, Үндістан

Гонконг, АҚШ, Англия (1930-1945 жж.)

Меншік құқығын қорғау және сақтау жөніндегі қолданыстағы заңдар немесе институционалдық факторлар

Мысалға келтіретін дерек жоқ

Мысалға келтіретін дерек жоқ

Тұрақты демократия

Мысалға келтіретін дерек жоқ

Мысалға келтіретін дерек жоқ

 Ескерту [4,10б] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған


 

Біздің пікірімізше, егер елдің азаматтарының меншік құқығын  қорғайтын заңдары болмаса және сақталмаса және тқрақты демократия болмаса, жоғарыда аталған факторлардың кез-келген елде әсері тұрақты экономикалық өсуге әкелмейді.

Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

1)   Сұраныс факторы.

2)   Болу, тарату  факторы.

Өндіріс әлуетін дұрыс  пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.

Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.

Өндіріс көлемінің ауытқуы  жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, ІS-ІМ үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шоқ) және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-тендік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққаңдағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады.

Егер экономикалық өсу  сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесіңде ұлғайту емес, олардың қайғымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың алеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді [7, 561 б.].

 

1.2 Инновация түсінігі  мен  түрлері

 

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың біріретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс ,айырбас,тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.

Экономикалық әдебиеттерде инновацияның басқа да бірнеше анықтамалары келтіріледі. Олардың ішінен келесілерді  атап көрсетуге болады:

Инновация - бұл жаңа тәжірибелік (практикалық) құралдарды құру, тарату және пайдаланудың кешенді үрдісі.

Инновация - бұл жаңа идеяларды, ұсыныстарды, ғылыми -техникалық шешімдерді тәжірибеге енгізу, пайдалану және жүзеге асыру.

Инновация - бұл өндірістік, каржылық, коммерциялық және әкімшілік сипаттағы үйымдастырушылық-техникалық жэне әлеуметтік-экономикалық шешімдерді, жаңа өнімдер мен қызметтер түрлерін, жаңа технологиялар түріндегі жаңашылдықтарды тиімді пайдалану.

Инновация - бұл жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде өндіріске енгізілген объект.

Инновациялық үрдіс  деп ғылыми идеялардың туындауынан  бастап оның іс жүзінде пайдаланылуына дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Мұны инновацияның өмірлік циклі  деп те атайды. Яғни, қандай да бір жаңашылдықтың өмірлік циклінің барлық төрт сатысын іске асыру бойынша жасалатын әрекеттер жиынтығы.

Инновациялық процестерді  зерттеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.

«Инновация» термині  өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады.С.б. «инновациялық қызмет», «инновациялық процесс», «инновациялық  шешім» және т.б туыстас түсініктер енді. Инновация түсінігін анықтау үшін ғалымдардың әртүрлі көзқарастарымен танысу керек.

Инновация дегеніміз  белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы.Әртүрлі ғалымдар, әсіресе шетелдік (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Хартман, Э. Мэнсфилд, И.Шумпетер және т.б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б.Твисс инновацияны ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға  ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б.Сантоның пікірінше, инновация – бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И.Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған.

Информация о работе Инновация - экономикалык осу