Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Инновация мен экономикалық өсудің теориялық аспектілері
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түрлері, ерекшеліктері және факторлары......5
1.2 Инновация түсінігі мен
түрлері.......................
1.3 Шетел мемлекеттерінің
2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің инновацияның қозғаушы күші ретіндегі рөлін талдау
2.1 Қазақстандағы экономиканы
дамытудағы экономикалық
2.2 Инновациялық қызметті ұйымдастыру жағдайын талдау........................
2.3 «Кентау трансформатор зауыты»
отандық электромашина жасау
инновациялық даму.............
3. Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық дамудың мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1 Индустриялды-инновациялық
дамудың экономиканы
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Оған Елбасымен бірге өзіміз көрген финн елінің тәжірибесі дәлел бола алады. Өткен ғасырдың 90-жылдарында олардың басты экономикалық әріптесі – Кеңестер Одағы тарағанда, Финляндия экономикасы тоқырауға ұшырады. Сол кезде финн үкіметі экономиканы дамытудың индустриалды-инновациялық түрін таңдады. Айналдырған он шақты жылдың ішінде Финляндия әлемде экономикасы дамыған 10 елдің қатарына қосылды. Халқының орташа табысы жағынан әлем бойынша алдыңғы орында, инновация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жөнінен Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Индустриалды-инновациялық даму стртатегиясының мақсаты: шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау.
Қазақстанда ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрумен қатар, оның серпінді қарқынмен өсуіне кепілдік беретін факторлар жүйесі әлі күнге дейін қалыптастырылған жоқ. Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін экономикалық өсудің сапасын өзгерту қажет, дамудың инновациялық және демократиялық сипаты арқылы көрініс беретін, республиканың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетін қамтамасыз ете алатын, өндірістің инновациялық типіне негізделген экономикалық өсу экономиканы өндіргіш күштердің жаңа деңгейіне көтеруге, ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруға және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін «серпінді» (ғылымды көп қажет ететін) салаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы тұрақты қарқынмен экономикалық өсу табиғи ресурстарды пайдаланумен ғана шектелмеуге тиіс, ең алдымен, ол азаматтық қоғамды дамытумен, интеллектуалдық капиталды және инновацияларды шоғырландырумен байланыстырылуға тиіс.
Қазақстанда экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік мәселелерін Р.А.Алшанов, С.А.Аханов, У.Б. Баймұратов, А.Н.Дауылбекова, Ә.Н.Дәуренбекова, А.Ю.Додонов А.Б.Зейнелғабдин, Н.Қ.Мамыров, Г.Рашидов, А.Н.Саханова, Б.К.Сұлтанов, Е.А.Түркебаев, В.А.Хан, Б.Д.Құсайынов және көптеген басқа ғалымдар зерттеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстандағы экономикалық өсуді және экономикалық өсудегі инновацияның негізгі қозғаушы күші ретіндегі ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Экономикалық өсудің
ЖҰӨ нақты көлемінің өсу
Зерттеу жұмысында келесідей міндеттерд
– экономикалық өсудің рөлі туралы теориялық ұсыныстардың алғышарттарын зерттеу;
– инновацияның мәнін, түрлерін, мақсат- міндеттерін анықтау;
– ҚР – дағы экономикалық өсудің мәнін негіздеу, факторлары мен кезеңдері мен ерекшеліктерін зерделеу;
– Қазақстанда экономикалық өсудегі инновацияның стратегиясын және келешегін айқындау бағыттарын қалыптастыру.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Инновация мен экономикалық өсудің теориялық аспектілері
Экономикалық өсу туралы
теориялық түсініктердің
Экономикалық өсу
Экономикалық өсудің
ЖҰӨ нақты көлемінің өсу
Біз өз зерттеуімізде екінші тәсілді қолданамыз. Біздің пікірімізше, экономикалық өсу деп нақты ЖІӨ арту қарқыны халықтың өсу қарқынынан асатын ұлттық экономиканың дамуы деп түсіну керек. Бұл өсу қиындықтарын сырттай бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Елдің материалдық әл-ауқатын арттыру азаматтық қоғамның негізгі мақсаттарының санына кіреді. Бұл тұрғыда экономикалық өсу, ең алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Басқа жағынан, ол осы мақсаттарға жету құралы болып табылады, яғни, төмендегілермен айқындалатын өспелі қажеттіліктер заңының әрекетін қамтамасыз ететін тетік айқындалады:
Сонымен бірге, біздің ойымызша, экономикалық өсудің сыныптамалық белгілері мақсаттық бағытталу, басымдылық, жүйелілік. Осы белгілер бойынша экономикалық өсу түрлерінің жүйеленуі нақтыланды (1 кесте).
Кесте 1- Негізгі жүйелеушілік белгілері бойынша экономикалық өсудің түрлері мен факторларын реттеу
Экономикалық өсудің жүйелеушілік белгісі |
Экономикалық өсу түрлері |
1 |
2 |
Экономикалық өсу қарқыны |
төмен, орташа, жоғары |
Құнсыздану жағдайындағы экономикалық өсу қарқыны |
атаулы, нақты |
Экономикалық өсу қарқынының ауытқымалылығы |
тұрақты экономикалық өсу тұрақсыз экономикалық өсу |
Экономикалық өсу көздері |
экстенсивті өсу, интенсивті өсу |
Экономикалық өсу стратегиясы |
ішкі қайта құрылымдаумен |
Құрылымдық өзгерістердің |
ішкі өсу, сыртқы өсу |
Өсу ұзақтығы |
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді |
Өсуді қамтамасыз ететін инвестициялық белсенділік деңгейі |
қалпына келтіретін инвестициялық өсу |
Экономикалық өсуге қол |
Теңгермелі Теңгерілмеген |
Қаржыландыру көздері бойынша |
өзіндік қаржы көздері есебінен қол жеткізілетін өсу, сыртқы қаржыландыру көздері есебінен қол жеткізілетін өсу, аралас қаржыландыру көздері негізіндегі өсу |
Негізгі өсу факторлары әсерінің әлеуетін пайдалану |
тұрақты, қол жеткізілетін, шекті |
Өнімді, қызметтерді өткізу нарқы |
Ішкі нарыққа бағдарланған Экспортқа бағдарланған |
Мақсаты бойынша |
Экономикалық жүйені қайта құру, Нарықтық қатынастарды қалыптастыру, Нарықтық қатынастарды дамыту, Сыртқы экономикалық байланыстарды қалыптастыру, Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту |
Әсер ету сипаты бойынша |
объективті, субъективті, ықтимал, |
Бағыттылығы бойынша |
Экономикалық өсуді Экономикалық өсуді жандандыру Экономикалық өсуді |
Атқарамдық белгісі бойынша |
саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, ғылыми-техникалық және т.с.с., |
Әсер ету ауқымы бойынша |
өңірлік, салалық, салааралық, экономиканың жекелеген салалары, секторлары, бөліктері, деңгейлері бойынша |
Ықпал ету дәрежесі бойынша |
негізгі, қызмет көрсететін, қамтамасыз ететін, қосалқы және т.с.с |
Ескерту [3] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған |
Экономикалық өсудің мақсаты қоғам болып табылады. Бұл адам дамуы үшін жағдай жасаумен, өмір сүру деңгейін арттырумен айқындалады. Адам ролі, оның мәні оның өндірістік күштердің факторы, өндірістік және басқа барлық қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен анықталады. Табыс, денсаулық, білім, бостандық әл-ауқаттың компоненттері болып табылады. Адам игілігіне қарай даму экономикалық даму әркімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен барша үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге әкелу керектігін білдіреді. Экономикалық өсу халықтың барлық деңгейлерінің әлеуметтік жағдайына жағымды әсер етеді. Өсу әлсізденген кезде қоғамда жағымсыз құбылыстар көбейеді.
Н.Ә.Назарбаевтың 2008 ж. 6 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «қазақстандықтардың, қазақстандық қоғамның барлық деңгейлері мен әлеуметтік топтарының қоғамдық сезінуін үнемі жақсарту мемлекеттік саясатта бірінші орында және солай қала бермек» деп атап өтілген.
Экономикалық өсуді бағалау теориясы мен тәжірибесінде қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеуі маңызды орын алады. Мемлекетті ұлттық экономиканың экономикалық өсуге жетіп жатқаны алаңдату керек. Бұл міндет үкіметтің макроэкономикалық саясатының төрт басты тапсырмасынан туындайды:
– тұрақты экономикалық өсу;
– бағалардың және ұлттық валютаның тұрақты деңгейі;
– тепе-теңдестірілген сыртқы сауда балансы және халықтың жұмысбастылығы мен қорлардың жоғары деңгейі.
Үкіметтің күнделікті саясаты экономикалық өсуге жетуге бағытталған болу керек.
Теориялық тұрғыда жоғарыда аталған жаңа парадигма – тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасын білдіреді, ал тәжірибе жүзінде – өсу қарқынын реттеудің мемлекеттік экономикалық саясатын қайта бағдарлау. Бұл төмен іскери белсенділік уақытында экономикалық өсудің жоғары қарқынын және жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті, қоршаған ортаны қорғау аясында ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға жетуге қарама-қайшы келмейтін тиімді және әлеуметтік бағытталған экономика дамуы үшін жағымды жағдайларды жасауды білдіреді.
Экономикалық өсу деп әдетте ұлттық өндірістің және экономикадағы кірістің (ЖҰК, ЖІӨ немесе ҰК) нақты мөлшерінің ұзақ уақыт бойы ұлғаю үрдісі, сондай-ақ жан басына шағылған нақты шығарылымның пайдаланылатын ресурстарының саны мен сапасын өзгерту арқылы қол жеткізілетін ұлғаюы түсініледі. Сонымен бірге экономикалық өсуді өлшеу үшін абсолюттік өсім, шығарылымның нақты мөлшерінің жалпы немесе жан басына шағылған өсу карқынының көрсеткіштері пайдаланылады.
Кейде экономикалық өсу өлшемі ретінде когамдық еңбек өнімділігінің өсуін бұдан да парапар көрсететін бір жұмысшыға шағылған накты кірістің өсуі де пайдаланылады.