Инновация - экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа

Краткое описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновация - экономикалык осу.doc

— 422.00 Кб (Скачать документ)

Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.

Сонымен халықаралық  стандарттарға сәйкес инновация - (инно-қ  қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде  болатын  ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.

2.Инновацияның негізгі мақсаттары

Инновацияның негізгі  мақсаттары келесілер:

1. мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер табыстарын құру;

2. ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;

3. өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;

4. өткізуді дайындау және ұйымдастыру;

5. нарыққа жаңа тауарды ендіру;

6. технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.

Инновацияның негізгі  кезеңдері келесілер:

1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;

2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;

3. жаңа өнімнің экономикалық  тиімділігін талдау;

4. жаңа өнімді құру;

5. нарықта тестілеу

6. өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде  өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.

Циклдың әрбір кезеңінде  белгілі бір мәселелер шешіледі.

1. Жоспарлау - стратегияны жүзеге асыру жоспарын құру.

2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру- инновациялық циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау, қызметкерлер алдында мәселелерді қою,жұмысты ұйымдастыру.

3. Орындау - зерттеулер мен жасауларды жүзеге асыру, жоспарды іске қосу.

4. Басшылық - бақылау және талдау, іс-әрекеттерге түзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқару шешімдерін, жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау.

Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны  жете зерттеу қажет. Жаңа инновация  технологиялық параметрлері бойынша, с.б нарықтық тұрғыдан бағаланады. Осыны  есепке ала отырып инновацияның жіктемесі  құрылады

Технологиялық  параметрлерге  байланысты инновация өнімдік және процестік болып бөлінеді.Өнімдік  инновациялар жаңа материалдарды,жаңа жартылай фабрикаттар мен комплекттерді  қолдануды, жаңа өнімдер алуды өз ішіне алады. Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді (жаңа технологиялар).

ҒТП-тің кезеңдері  бойынша ерекшеленетін  инновациялар келесі белгілермен топталады:

- техникалық- жаңа немесе жақсартылған қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;

- технологиялық-өнімді жасаудың едәуір жетілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;

- ұйымдастырушылық басқару- өндірісті, көлікті өткізу және қамтамасыз етуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты;

- ақпараттық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерісаласындағы рационалды ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

- әлеуметтік – еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау,білім беру,мәдениет саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Инновацияның  түрлері

Инновацияның жаңа идеясының  инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:

1.Радикалды инновациялар - әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар.

2.Комбинаторлы инновациялар - белгілі элементтердің жаңа  үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар  тұтынушылардың жаңа топтарын  тарту немесе жаңа нарықтарды  игеруге бағытталған.

3.Модификациялық инновациялар - нарықта бар өнімдерді жақсарту  немесе толықтыруға бағытталған.бұл  инновациялар кәсіпорынның нарықтағы  орнын сақтауға немесе күшейтуге  негізделген.

Сонымен инновациялық процесс, ол жаңалықтарды жүзеге асыру барысында болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістер жиынтығы.

Инновациялық процеске жүйелік, циклдық, мүмкіншілік, әлеуметтік маңыздылығы тән. Тәжірибеде инновацияны  енгізуде инновацияны енгізуде инновациялық процестің ішкі құрылымынсипаттау үшін бірнеше моделдердің типтері пайдаланылады. Иновациялық тізбек - инновациялық процестің ең қарапайым моделі,онда бүкіл процесс жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.

 

    1. Шетел мемлекеттерінің экономикалық өсудегі тәжірибесі

 

Елдердің дамуын талдауы  көрсетіп отырғандай, әлемдік шаруашылықта басты ел тобына дамыған елдер  кіреді, оларға әлемдік ЖІӨ-ң, әлемдік  сауданың және капиталдың халықаралық  қозғалысының көпшілік бөлігі келеді. Әлемдік экономикалық дамудың жетекшісі  АҚШ болып табылады. АҚШ-ғы дағдарыс экономиканың терең құрылымдық қиындықтарынан туындады, АҚШ-ң өнеркәсіптік секторындағы жұмысбастылық Қытайдан импорттың қысымынан және жұмыс орындарының дамушы елдерге алмасуынан төмендейді. Және «қызметтердің» жаңа экономикасы тең келетін жұмыс орындарын ұсына алатыны, сонымен қатар, экспорт көлемін арттыра алатыны екіталай. АҚШ экономикасының тиімділігінің маңызды себептерінің бірі – бұл Пентагонның қомақты әскери шығындары, соның ішінде Ирактағы, Ауғанстандағы соғысқа шығындары, бұл салық төлеушілердің ақшасын белсенді «жейді» және азаматтық сектордан қаражаттың ағып кетуіне септігін тигізеді. Басқа себеп – «коттеджді» Америка моделінің құрамдастары – жанармай мен жылыту шығындарының артуы есебінен халықтың тұтынушылық шығындарын азайтатын мұнай бағасының өсуі. Бірақ ең бастысы – экономикада құрылымдық өзгерістердің болмауы, экономиканы ақша шығару арқылы жалған ынталандыру, бюджеттің асқынған дефициті және мемлекеттік қарыздың өсуі. Қазіргі кезде АҚШ үлесіне барлық әлемдік өндірістің  21% келеді, алайда  ол бұдан көп тұтынады – шамамен 35%. Доллардың мықтылығы ұзақ уақыт бойы 2008 ж. мәліметтері бойынша ЖІӨ-ң 66% құрайтын сыртқы федералды қарыздың өсуі есебінен ішкі тұтынудың артуына (шамамен 13 және 8,7 трлн. долл. сәйкесінше) «кепіл» болды. Бұл бюджеттің елеулі дефицитін құрады – 2008ж. 239,6 млрд. долл. дейін – ЖІӨ-ң 1,8%, және АҚШ-ғы үй шаруашылықтарының ішкі қарыздарының үлкен сомасын өсірді – 12,8 трлн. долл. немесе шамамен адам басына шаққанда 42,6 тыс. долл. Бұндағы үкіметтің, корпорациялардың, азаматтардың жалпы сыртқы қарызы 50 трлн. долларды құрайды. Нәтижесінде 2008 жылы 850 млрд. долл. немесе ЖІӨ-ң 6,2% құраған ағымдағы төлем дефициті көрсеткіші бойынша АҚШ экономикасы өте тиімсіз және сыртқы несие берушілер есебінен өзінің қарыздарын қайта қаржыландыру үшін көптеп қор талап ететін «қара тесікке» ұқсас болды. 2011 ж. басына қарай нақты ЖІӨ қысқарды.

Жалпы алғанда, дамыған  экономикалы елдердің көпшілігі 2008 жылдың ортасынан бастап нақты ЖІӨ-ң  күрт қысқаруын, тұтынушы бағаларының  және жұмыссыздық деңгейінің өсуін бастан кешірді (4 кесте).

 

Кесте 4- Дамыған елдердегі өндіріс көлемі, тұтынушы бағалары және жұмыссыздық (жылдық %-қ өзгеріс және жұмыс күшінің %-қ үлесі)

 

 

Нақты ЖІӨ

Тұтынушы бағалары

Жұмыссыздық

2010

2011

2012

2010

2011

2012

2010

2011

2012

           1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дамыған экономикалы елдер

2,7

0,9

-3,8

2,2

3,4

-0,2

5,4

5,8

8,1

АҚШ

2,0

1,1

-2,8

2,9

3,8

- 0,9

4,6

5,8

8,9


Кесте 4 жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Германия

2,5

1,3

-5,6

2,3

2,8

0,1

8,4

7,3

9,0

Ұлыбритания

3,0

0,7

-4,1

2,3

3,6

1,5

5,4

5,5

7,4

Ескерту [14,15-20б] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған


 

Экономикасы дамыған  басқа елдер сауданың жағымсыз жағдайларымен  байланысты қиындықтарды кешірді. АҚШ  пен Азиядағы сұраныстың күрт төмендеуі және биржалық тауарлардың төмендеуі Канада, Австарлия мен Жаңа Зеландияда экономикалық белсенділікке жағымсыз әсер етті. Халық сонымен қатар, акция нарығындағы құлдыраумен байланысты және азырақ шамада, жылдам қымбаттаудан кейін үй бағасының төмендеуімен байланысты 2009 жылға дейін әл-ауқаттың төмендеуін бастан кешіреді.

2010 жылдың қыркүйегінен  бастап дағдарыс Азия елдеріне  тарады және олардың экономикасына  елеулі ықпал етті. Жапония экономикасы  төртінші ширекте 12%-ға қысқарды. Азияның жаңа өнеркәсіптік елдерінде (Гонконг, Корея, Сингапур мен Тайвань) ол 10–25 % қысқарды.

Қалыптасып жатқан нарықтары  бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де ауыр соққыға жығылды. Бұл қысқару  негізінен дамыған экономикалы  елдерде (Азиядан тыс) ұзақ қолданыстағы тұтынушы тауарларына сұраныстың төмендеуімен және азырақ шамада ғаламдық қаржылық жағдайлардың нашарлауымен байланысты болды. Үндістан мен Қытай экономикасына экспорт секторының қысқаруы да әсер етті, бірақ бұл елдерде экономикалық өсу экономикада сауданың аз үлесінің және экономикалық саясаттың шараларының көмегімен ішкі белсенділікті қолдаудың арқасында жалғаса берді.

ЕО кірген және өзінің экономикалық тәуелсіздігі мәселесін  сұрақ белгісінің астына қойған кішігірім  мемлекеттерге барлық мәселелер  бойынша Қытай қарама-қарсы болып келеді. Бұл серпінді дамып отырған мемлекет, әлемде ЖІӨ көлемі бойынша екінші орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құруға ықпал ете алатын, ғаламдық экономикалық және саяси күшінің деңгейіне шығуға талпынады.

Соңғы бесжылдықта Қытайда  экономикалық өсудің қарқынының жылдамдауы байқалды. Нарықтық ғаламдану жағдайында өсу факторлары ретінде, бір жағынан, Қытайдың әлемдік экономикаға бірігуі, екінші жағынан – жеке бизнестің қауіпсіздігіне кепіл болу табылады. Әлемдік нарыққа бірігу Қытайға экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді, 2003-2009 ж. әлемдік ЖІӨ өсімі шамамен 15% құрады.

Ресей өзін нарықтық экономикалы  ел ретінде таныту жолында. Оның дамуының көптеген көрсеткіштерінің серпіні  тұрақтылықпен ерекшеленеді және әлемдікке  жақын. Әлемдік ЖІӨ үлестік салмағы бойынша Ресей жетекшілердің ондығына кіреді. Нақты ЖІӨ-ң өсуінің ең жоғары қарқындары 2007 жылы болды және 8,1%-ды құрады (2002ж. – 4,7%), бұл көпшілік дамыған елдер үшін орташа мәннен асты. Сонымен бірге, салыстырмалы талдау көрсетіп отырғандай, елдің өнеркәсібі бұзылған. 2007 жылы ЖІӨ деңгейі 1989 жылғы РСФСО ЖІӨ-ң деңгейіне жетті. Тіпті мұнай мен газ өндіру, үй құрылысы мен метал өндірісі сияқты сәтті дамушы салаларда осы жылдың көрсеткіштері де асып түспеді. 2008 жылы нақты ЖІӨ-ң қарқындары 5,6%-ға дейін төмендеп, инфляция қарқыны артты, тұтынушы бағаларының индексі 14,1%-ға жетті.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақстандық моделі «қуып  жетіп дамудың» аралық нұсқасы болып  табылады, оның басты мақсаты бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі және дамыған және орташа дамыған елдер тобына кіру. Экономикалық өсудің жетекшілері Қазақстанда мұнай, газ, металлдар, астық, құрылыс, жолдар, тұрғын үй, қаржылық ұйымдар.

Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың  негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2011 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25%),  ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0%) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр (Кесте-5).

 

Кесте 5 ­ 2012 жылы Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

 

 

Мемлекет

ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%)

Жеке капиталдағы үлесі, (%)

1

2

3

АҚШ

2,9

66,7

Жапония

3,0

40,3

Германия

2,35

66,6

Франция

2,25

31,4

Швеция

4,0

32,3

Ресей

1,9

2,9

Украина

1,3

2,4

Қазақстан

0,3

3,0

Ескерту [14]www.swcs.com қайнар көзі мәліметтер негізінде құрастырылған


 

Нәтижесінде, бүгінгі  дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге  бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

 

2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің инновацияның  қозғаушы күші ретіндегі рөлін талдау

Информация о работе Инновация - экономикалык осу