Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, дипломная работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
- өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
- кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
- жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
- отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
- өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы;
- өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы;
- өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпке қызмет көрсетушi әр түрлi инновациялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың ұсақ түрдегi қызметтерден аса алмауы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы.
Стратегияның даму болжамдары бойынша өңдеу өнеркәсiп салалары Қазақстан экономикасының индустриялық негiзiн құрамақ. Яғни, машина жасау, автомобиль шығару, авиация, мұнай-химия, жоғары технологиялы электрондық техника өндiру, ғылыми жаңалығы жоғары, энергия, материал, еңбек шығындарын үнемдейтiн, бiрақ қоршаған орта мен адам денсаулығына қаупi жоқ өнiмдер өндiру өнеркәсiптi жаңа индустриялық деңгейге көтеретiнi анық.
Импорт көлемiн азайту экспортқа бағытталған өнiм өндiру барлық дамыған және дамушы елдердiң басты мақсаты. Осы мақсатта өңдеушi салалардың техникалық деңгейiн көтеруде машина жасау өнеркәсiбiн көтеруге барлық күш-жiгер салынуы тиiс болып отыр. Себебi, көптеген кәсiпорындар техниканы, құрал-жабдықтарды импорттауға мәжбүр. Минералды шикiзатты өндiруден өңдеуге дейiн, тамақ, киiм, ауыл шаруашылығы, көлiк және құрылыстың техникасыз күнi жоқ. Республикада машина жасаудың ең қуатты өндiрiстерi көлiк және ауыл шаруашылығына қажеттi техника өндiруi тиiс.
Дегенмен, экономикадағы соңғы жылдары қалыптасқан өсу үрдiсi кейбiр кәсiпорындардың қайта бас көтеруiне оң септiгiн тигiзiп отыр. Әсiресе, “Казмұнайгаз” ААҚ мәлiметтерi бойынша 2012 жылы мұнай өндiрушiлердi машина жасау өнiмдерiмен жабдықтау 26 млн. АҚШ доллары құраған. Сөйтiп, қазiргi кездегi республикада машина жасау кешенiнiң үлесiне, статистика мәлiметтерi бойынша, өнеркәсiптiк өнiмiнiң 3%-ы, өнеркәсiптiк өндiрiстiң - 12-13%-ы, инвестиция көлемiнiң – 0,86%-ы келедi екен. Мұның өзi бұл саланың перспективасы болашақта жоғары екенiн көрсетедi.
2012 жылғы мәлiметтерi бойынша өңдеу өнеркәсiбiнде 670,7 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, ол 2011 жылмен салыстырғанда жалпы 7,9% жоғары, ал соның iшiнде машина жасау 30,2%-ға өскен.
Кесте 11- Өнеркәсiп өнiмдерiнiң экспорттау және импорттау құрылымы (%)
Өнiм |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Минералды өнiмдер экспорт |
43,6 |
43,9 |
55,2 |
58,0 |
61,0 |
65,0 |
импорт |
16,7 |
11,3 |
13,2 |
14,0 |
12,0 |
12,0 |
Қымбат емес металдар экспорт |
32,5 |
32,1 |
25,4 |
24,0 |
23,0 |
20,0 |
импорт |
11,6 |
9,4 |
11,2 |
14,0 |
11,0 |
12,0 |
Кесте 11 жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерi, машина жасау және т.б. экспорт |
- |
- |
8 |
8 |
7 |
7 |
импорт |
- |
- |
58 |
55 |
60 |
58 |
Ескерту [4,14б] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған |
Елiмiздегi машина жасау саласының экспорттағы үлесi бар жоғы 7%. Өйткенi, экономикаға құйылған инвестицияның 75% шикiзат саласына тиесiлi болып отыр, яғни өңдеу өнеркәсiбiне қарағанда 4 есе артық. Төмендегi 2-шi кестеден елiмiздегi өнеркәсiп өнiмдерiнiң экспорттық және импорттық құрылымын көре аламыз. Яғни, өнеркәсiптiң негiзгi дамуы жер қойнауымыздағы шикiзат байлығының себебiнен болып отыр.
Кестеден көрiп отырғанымыздай 2007-2012 жылдары арасында минералды өнiмдердi экспорттау 43,6%-дан 65% -ға дейiн өссе, ал өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi бар болғаны 7-8% -ды құрап отыр.
Ендi келесi 3-шi кестеден тiкелей шетел инвестицияларының өнеркәсiп саласындағы үлесiн көре аламыз. Кестеден көретiнiмiз шетел инвесторларының тiкелей инвестиция тартудағы мақсаты бiздiң елдiң экономикасының тұрақты дамуы емес, қайта бiздiң елдiң қойнауындағы шикiзат қорының молдығы болып отыр. Олар өз инвестицияларын шикiзат саласына құю арқылы тез арада пайда тауып, елiмiздiң шикiзат бағытындағы тұрақсыз экономикалы ел бола беруiне ықыласты.
Кесте 12- 2012 жыл бойынша тiкелей шетел инвестицияларының түсiмi
Экономикалық қызметтiң түрi |
Тiкелей шетел | |
$ млн |
% | |
Барлығы |
7016,9 |
138,44 |
Тау-кен өнеркәсiбi |
3291,4 |
74,5 |
Мұнай және газ өндiру |
3287,8 |
54,04 |
Өңдеушi өнеркәсiп |
301,1 |
6,8 |
Машина жасау саласы |
136,6 |
3,1 |
Ескерту [6,40б] Әдебиеті негізінде автормен құрастырылған |
Тiкелей шетел
Қазiргi таңда тағы бiр маңызды мәселелер қатарына өнеркәсiпте жаңа салаларды Қазақстанның экономикалық, географиялық ерекшелiгiне қарай құру, олардың құрылымын жетiлдiре түсу болып саналады.
Сонымен бiрге, өнеркәсiптiң индустриялық деңгейiн көтеру үшiн:
- өнеркәсiп салаларында фирма аралық кооперациялар құру;
- әр түрлi дамыған елдердiң компанияларының стратегиялық альянстарына кiруге талпыныс жасау;
- ғылыми-өндiрiстiк ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиiмдi ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бiрлестiктер құру;
- ҒЗТКЖ-ның әр түрлi субъектiлерi арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;
- Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшiн несие жүйесiн және лизингтiк қатынастарды дамыту;
- Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру үшiн өнеркәсiптiң жоспарын құру, оның басты мақсаты iшкi және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестiк күреске басымдылық көрсетуге бейiм iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын ұйымдастыру қажет деп ойлаймыз.
Қорытындылай келе, отандық өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және тағы басқа шараларды iске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы ел болуымызға тiкелей жол ашпақ.
Экономикалық байланыстарды жаңарту арқылы өндірістердің экономикалық құрлымдылығын өзгерту, бөлек бағытын белгілеуге болады. Ол өндірістік және инновациялық - құрылымдылық саясат саласында мемлекеттің ықпал жасауының нақты әдістерімен ынталандыруына мүмкіндік береді.
Ең жоғары қатардың қажеттілігін қанағаттандыруына бағытталған және мекемелердің рөлін, мәнділігі мен абыройын көтеретін материалдық игіліктері жөнінде айтсақ, бұл процесс өндірушілердің нарықтық бағалары мен табыстарының өсуінде бейнеледі. Екі жағдайда да ғылыми-технологиялық даму мәселелерімен айналысатын инновациялық және шаруашылық реттеу өрістегі мекемелердің жағдайлары нығаяды. Инновациялық өрісінің элементтерінің көптігін үш негізгі түрімен бейнелеуге болады:
- шаруашылық механизмі
мен қызығушылығының
- билеуші құқықтық
өкілдіктер базасында
- халықтың дәстүрімен,
менталитеті, өнегелі де
Қазіргі кезеңде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының өзгеру рөлі өсуде, ол тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының алдыңғы шарты болады. Халықтың жағдайын айқындайтын және үй коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік-мәдениетін, әлеуметтік тұрмыс қызметін көрсету, демалыс мәселелерін қарастыратын сала әлеуметтік инфрақұрылымы түсінігін береді. Әлеуметтік инфрақұрылымының даму кезеңінде ауыл ғана емес, сонымен қоса қалалық тұрғындарына да маңызды болатын ауыл потенциалы өсуде, қала мен ауыл байланыстары күшейіп жатыр, олардың баяғы автономдығы бұзылып, қалалық пен ауылдық жұмысшыларының тұрмыс жағдайлары нақты теңдесу шарттары қойылып отыр. ҒТП-тің бірінші кезеңдегі жетістіктерінің бейімделуіне орай, ауыл шаруашылық жұмысы өзінің мәнімен және жұмысшылардың санатты құрамымен ұлттық шаруашылығының басқа орталықтарындағы жұмыстарымен теңесіп жатыр. Ауыл шаруашылықтың және ауыл жұмысшылары тұрмыс жағдайларының сапасына қала тұрғындары сияқты талап қойылды. Сол себептен қазіргі кезеңде өндірістің саны мен қуаттылығын көтеру, оның салаларын ұйымдастыру, қызмет жүйесін кеңейту, жеткен деңгеймен салыстырғанда қарқының өсуі арқылы ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымының нәтижелі дамуы және пайдалану мүмкін емес. Инфражүйесінің нәтижелі дамуы қала мен ауылдың ерекшеліктерін ескере отырып, қала мен ауылдағы қызмет көрсету сапасын және тұрмыстық жағдайларын теңдестіру мақсатымен оның салаларының бағыттарын сипаттауын және қарқынының, әлеуметтік-мәдениетті және әлеуметтік - тұрмыс қызметтерінің көлемі мен құрылымының өсуін болжайды.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы әзiрлеу үшiн негiз Қазақстан Республикасы Президентiнiң Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берiлген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Әзiрлеушiлер: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т.б. қатысуымен әзiрледi
Мақсаты: Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау
Мiндеттерi: Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Iске асыру
мерзiмi 2003-2015 жылдар
1-кезең - 2003-2005 жылдар
2-кезең - 2006-2010 жылдар
3-кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті ресурстар: Стратегияны iске асыруға жұмсалатын және қаржыландыру инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың көздерi болжамды көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды. Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.