Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің Көші-қон департаментінің және оның облыстық бөлімшелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы өтініш беруші адамның төлқұжаты жолдаған күннен бастап үш ай мерзімі ішінде облыстық ІІБ-да, Алматы қалалық ІІБ-да тіркеледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ-і өз кезегінде, облыстық ІІБ, Алматы қалалық ІІМ-нан материалдарды алғаннан кейін өзіндегі есептер бойынша өтініш беруші адамға саяси баспана беруге келтіретін кедергілер туралы мәліметтерді тексереді, өтінішті қанағаттандырудың орындылығы туралы қорытынды жасайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министірлігінің Көші-қон департаментіне жібереді. ІІБ, облыстық ІІБ-да, Алматы қалалық ІІБ-да саяси баспана беру туралы өтініш жөніндегі материалдарды қараудың жалпы мерзімі бір айдан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының орындалу тәртібі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру не саяси баспана беру жөніндегі өтінішті қабыл алмау туралы Президент Жарлығын алғаннан кейін оны орындау үшін облыстық ІІБ-ға, Алматы қалалық ІІБ-ға жібереді. Облыстық ІІБ-ы, Алматы қалалық ІІБ-ы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін:

а) саяси баспана беру туралы өтініш бойынша оны қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің Көші-қон департаменті берген белгіленген үлгідегі куәлік негізінде Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адамға және оның отбасының 16 жасқа толған мүшелеріне тұруға рұқсат-ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін береді;

б) Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру жөніндегі қабыл алмау туралы шешім қабылданған жағдайда немесе саяси баспана құқығынан айырылғанда немесе саяси баспана құқығын жоғалтқанда олардың Қазақстан Республикасында одан әрі болуының заңдылығы туралы мәселелерді әрекеттігі заңдарға сәйкес қарастырады.

Егер Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімі бар болса, онда ішкі істер органы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігінің Көш-қон департаментіне осы адамды Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айыруға өтініш жасау үшін хабарлама жібереді.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келіп-кетуі (келіп-кету) үшін құжаттарды ресімдеу шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Баспана берілетін тұлғалардың мәртебесіне қатысты кейбір ережелер босқындар мәселелері жөніндегі бірқатар келісімдерде орын алған. Босқындар бұл – тұрақты тұрып жатқан елдерін көбіне өзі азаматы болып табылатын елдерін қудалау, әскери қимылдар немесе өзге де төтенше жағдайларға байланысты тастап шыққандар. Босқындар проблемасы бірқатар халықаралық шарттарда көрініс тапқан. БҰҰ аясында босқындар мәселесі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы бар. 1951 ж. Босқындар құқықтық мәртебесі туралы көп тарапты конвенция жасалады. 1967 ж. Дейін конвенция тек 1951 ж. 1 қаңтарына дейін болған оқиғалар нәтижесінде босқындарға айналған тұлғаларға ғана қолданып келеді. Кейінірек 1967 ж. 4 қазанда өз күшіне енген конвенцианың қосымша хаттамасына сәйкес, босқындардың жаңа тобы да 1951 ж. Конвеция бойынша босқын мәртебесін алған тұлғалар сияқты қорғауда болатын болды. Босқындар туралы конвенциалық нормалар оларды шетелдіктер мәртебесіне біртабан жақындатты деуге болады, ал бастауыш білім, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты бірнеше құқықтары мен еңбек құқықтарының кейбірі оларды келген елдердің өз азаматтарымен теңестіріп жібереді.

Өз елдерін мынадай себептерге байланысты тастап шыққан адамдар босқындарға жатқызылады:

- елінде нәсілі немесе  ұлты, белгілі бір әлеуметтік  топқа жатуына байланысты, діни  нанымы немесе саяси сенімі  үшін қудалаудан немесе қудалау  құрбаны болудың айқын қатерінен  еліне бару мүмкіндігі жоқ  адамдар;

- сыртқы басқыншылық, басып  алуға, шетелдіктердің үстемділік етуіне немесе елдің тәртібін не бір бөлігін бұзған оқиғаларға байланысты;

- өмір сүрудің материалдық  негіздерін жоятын табиғи сипаттағы (шөл, жер сілкінуі, су тасқыны  және басқалары) құбылыстарға байланысты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері түрлі сипаттағы көші-қон (миграциалық) процестері жүріп жатыр. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға эртикалық қазақтар, орыстар, немістер және басқа ұлт өкілдері-сондай-ақ өмір сүрудің материалдық негіздері жойылған аумақтардан қашқан адамдар қайтадан оралуда.

1999 ж. 15 қаңтарында Қазақстан  босқындар мәртебесіне қатысты 1951 ж. Конвенцияға және оның 1967 ж. Хаттамасына  қосылады. Қазақстан Республикасының  «Көші-қоны туралы» заңында босқын  ұғымына анықтама берілген, алайда, Қазақстанда босқындардың мәртебесін айқындайтын арнайы заң жоқ. БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғары комиссарының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Абдуль Карим Гульдің мәліметтері бойынша Қазақстанда Бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның түрлі аймақтарынан келген 20 мыңнан астам босқындар өмір сүреді екен. Босқандыдардың ең көбі соғыс салдарынан Шешенсатаннан Қазақстанға қашып келушілер, олардың жалпы саны 12 мың адам Қазақстан Республикасының аумағында соғыстың және тәлібтер режимінің салдарынан отандарын тастап шыққан 2 мыңға жуық босқан-ауғандар бар. Қазақстанға Тәжікстаннан 4 мыңнан аса босқандар келген. Қорытылай келсек, босқындардың бостандықтары мен құқықтары біздің елімізде заңға сәйкес қорғалады.

 

 

3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының   құқықтық аспектілері

 Қазақстан Республикасы  дүниежүзілік қауымдастықтың толық  құқықты мүшесі бола отырып, босқындар  проблемаларын шешуге белсенді  қатыса бастады. Бұл Қазақстанның  босқындар мәселелеріне арналған  әр түрлі халықаралық құқықтық актілерде қатысуынан көрінеді. Жоғарыда айтылғандай Республика 1951 ж. БҰҰ Конвенциясына және 1967ж. Хаттамасына қосылды. Бұл актілер ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес  республика территориясында тікелей әрекет етеді, егер ішкі заң оған қарама-қайшы болатын жағдай туса, ішкі заңдар нормалары емес, халықаралық шарттар нормалары қолданылады. Қазақстанның көрсетілген құжаттарға қосылуы  оның босқындар мәселесі бойынша халықаралық интеграцияға белсенді қатысуға мүдделілігі туралы айтады. Осы саладағы негізгі құқықтық актілерді бекіте отырып республика дүниежүзілік тәртіпті орнықтырудағы өзінің ұстанымын дәлелдеді.

Қазақстан көрсетілген актілерге қосылғаннан өзге көші-қон саласында көпжақты және екіжақты көптеген келісімдерге отырды. Осындай құқықтық құжаттар қатарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісім де бар (Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 ж.).

Келісімде көрсетілгендей, осы Келісімнің мақсаты үшін босқын деп баспана берген Тараптың азаматы болмастан, өзінің басқа Тарап территориясында тұрақты тұратын жерін оған немесе оның отбасы мүшелеріне қатысты зорлау немесе қудалау немесе нәсілдік және ұлттық жағдайына қарай, дініне, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа қатысына байланысты, қарулы және ұлтаралық қақтығыстармен байланысты жағдайлар салдарынан  тастап кеткен тұлға танылады.  Бейбітшілікке қарсы, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыс жасаушы тұлға босқын деп таныла алмайды.

Мүдделі Тараптардың көмек көрсетуімен жөнелтуші мемлекет:

- оның Тараптардың бірінің  территориясына кедергісіз кіруі  үшін мүмкіндік бере отырып, қарулы  және ұлтаралық қақтығыстар аймағынан  халықты алып шығуды жүзеге  асырады;

- көшірілетіндердің жеке және мүліктік қауіпсіздіктерін қаматамасыз етеді, ол үшін соғыстың тоқтатылуына қол жеткізуге  , көшу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысады;

- көшушілерді қаржылық, материалдық  – техникалық, азық – түліктік, медициналық және көлікпен қамтамасыз  ету мәселелері мүдделі Тараптар  арасында шешіледі. 

Баспана беруші тарап өзіне келесі міндеттерді алады: 

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс  аударушылар үшін  олардың уақытша  орналасқан жерлерінде қажетті  әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлармен  қамтамасыз етеді; босқындар мен  мәжбүрлі қоныс аударушылардың  әрбір Тараптың қабылдаған халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналасулары кезінде көмек көрсету.

Бұл кезде тараптар өзіне келесідей міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс  аударушыларға  азаматтықтарымен  байланысты мәселелерді шешу  үшін қажетті құжаттарды талап ету және беру кезінде көмек көрсету; 

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс  аударушыларға бұрынғы тұрған  жерінен зейнетақымен қамтамасыз  етуге, еңбек стажына, шетелге шығуына  және  т.б. қатысты мәселелерді  шешу үшін қажет неке туралы,туу туралы куәліктерді,еңбек кітапшасын, басқа да құжаттарды алуға көмек көрсету;

- босқын немесе мәжбүрлі қоныс  аударушы тастап кеткен мемлекет  территориясында тұратын туыстары  туралы және де сонда қалған  мүліктері туралы мәліметтер  алуға көмек көрсету.

Келісімнің 7 бабында көрсетілгендей: жөнелтуші мемлекет босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушыға оның территориясында қалған баспанасы мен басқа мүліктерінің құнын, денсаулығына келген зиян мен жоғалтқан жалақысын өтейді. Материалдық өтемақының мөлшері жөнелтуші мемлекеттің бағалауы бойынша анықталады. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жоғалтқан   босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың материалдық зиянын және төленетін өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі мүдделі Тараптармен бірігіп анықталады. Бұл кезде Тараптар босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құрады.  Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімнің бөлінбес бөлігі болып табылады.

Келісім бекітуді қажет етеді  және осы ережеге сәйкес  Қазақстан Республикасынан өзге оны бекіткендер: Әзірбайжан Республикасы,  Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Молдовия. 

Алматы қаласында 1993 ж. 24 қыркүйектегі Келісіміге Хаттамаға қол қойылды.

Осы саладағы құқықтық қайнар көздердің бірі деп көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды тануға болады (Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл). Меморандумға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойған, олар достасқан елдер халықтарының тарихи, мәдени және рухани ортақтығына және мемлекеттер арасындағы үзілмес байланыстарға негізделген . Бұл Меморандум Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы Шартқа сүйенеді және келесідей мақсаттарды көздейді: зиялы ой және еңбек потенциалын нығайту, сақтау және дамыту, қатысушы-мемлекеттердегі саяси тұрақтылыққа қол жеткізу, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді жүзеге асыру,  аймақта тұратын әрбір халықтың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, экономиканы үйлестіруге көмек көрсететін трансұлттық және аймақтық компаниялар, ғылыми-өндірістік орталықтар құру үшін жағдайлар жасау, басқа мемлекет территориясында тұратын бір мемлекеттің азаматына өзінің меншігін құруға, қолдануға және т.б. кепілдік беру, оның ішінде тұрған мемлекетінің заңына сәйкес өндіріс құралдарына және басқаларға. 

Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мемлекет Басшылары өздерінің үкіметтеріне 1994 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы халықтар көші-қоны саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді тапсырады. 

Қаралатын құжаттар қатарына кіреді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметі  мен Ресей Федерациясы Үкіметінің  арасындағы қоныс аударушылардың  қоныс аудару процесін реттеу  мен олардың құқықтарын қорғау  туралы Келісім (Москва қ., 6 шілде 1998 жыл);

- Қазақстан Республикасы  мен Монғолия арасындағы Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген тұлғалардың өз бетінше қоныс аударуы мен азаматтығын реттеу мәселелері туралы Шарт (Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).

- 1995 ж. босқындар мен  мәжбүрлі қоныс аударушыларға (1993 ж. 24 қыркүйегі) көмек туралы Келісімге Хаттамаға қол қойылды. Көрсетілген Хаттамаға сәйкес 1993 ж. 24 қыркүйектегі босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімнің 8 бабы толықтырылды, үшінші бөлімінің мазмұны келесідей болды: «Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің  Мемлекетаралық  қорының қызметі шеңберінде бір Тараптан екінші Тарапқа кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босатылады».

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның арасында ынтымақтастық туралы өте маңызды келісімге қол қойылды (13 қаңтар 1998 жыл). Келісуші Тараптар болып  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық Ұйым (КХҰ) табылды.

   Келісімде көші-қон  бойынша Халықаралық Ұйымның  Басқарушы Органдарының  қабылданған  шешімдеріне және сыртқы донорлармен  қамтамасыздандырылған қорлардың  болуына сәйкес  Ұйым Қазақстанда  келесідей көші-қон  бағдарламаларын  жүзеге асыратыны көрсетілген:

- көші-қон мәселелеріндегі  техникалық ынтымақтастық бойынша  потенциал қалыптастыру, кеңес беру  қызметін көрсету және басқа  шаралар жасау;

- көш – қонға қатысты  ақпараттарды беру;

- ішкі және сыртқы  көш – қон,  Қазақстан Республикасының  Үкіметіне этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына,  босқындарға,  экологиялық қоныс аударушыларға, мемлекеттен тыс жерге және ішінде қоныс ауыстырушы тұлғаларға және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға көмек көрсетуіне жәрдемдесу; білікті кадрларды қайтару және селективті көші-қон.

   Ұйымның Қазақстанда  өкілдік ашуға және оның қызметін  жүзеге асыру үшін  қызметкерлер  жалдауға құқығы бар (1 бап). Қажет болған жағдайда  Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласы  бекітілген және келешектегі бағдарламаларға қатысты  Тараптар арасындағы хат алмасу жолымен келісіледі.  Қазақстанда Ұйымға 1947ж. 21қарашадағы мамандандырылған мекемелеріне берілетін артылықшылықтар мен иммунитеттері туралы Конвенцияға сәйкес БҰҰ мамандандырылған мекемелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы