Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Саяси баспана беру туралы өтініш материалдарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап бір айлан аспау тиіс.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам саяси баспана құқығынан:

- Қазақстан Республикасында саяси баспанада ерікті түрде бас тартқан;

- Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе басқа елдің азаматығын алған;

- өзі азаматы болып табылатын елге ерікті түрде қайтып оралған немесе үшінші елге тұрақты тұруға кеткен;

- саяси баспана беруге белгіленген негіздерді жоғалтқан жағдайда айырылады.

Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттерімен шұғылданған жағдайда не, егер ол қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімі бар болса, осы адамды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырылады. Саяси баспана алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтағы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондайақ міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспаана беруге байланысты материалдарды ішкі істер органдарының қарау тәртібі.

Қазақсан Республикасы Ішкі ісер министіллігінің төлқұжат және виза жұмысының басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министірлігінің Көші-қон департаментінен Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы мәселелер жөніндегі материалдарды алғаннан кейін өтініш беруші адамдардың келген жерлері бойынша, оларға саяси баспана берудің мақсатқа сай келетіні не келмейтіні туралы облыстық ішкі істер басқармаларының, Алматы қалалық ішкі істер басқармаларының пікірлерін сұратады.

Облыстық ІІБ мен Алматы қалалық ІІБ-ның төлқұжат және виза жұмысы Басқармасы (бөлімі) өздерінің есептері бойынша тексереді және ГСК ЦКИ-дің есептері бойынша өтінішті қанағаттандыруға кедергі келтіретін мәліметтердің болуын, ішкі істер қалалық, аудандық органдардың пікірлерін сұратады. Жүргізілген тексерулер негізінде саяси баспана берудің мақсатқа сай екендігі туралы қортынды жасалады және ол тексеру материалдарымен бірге Қазақстан Республикасының ІІБ-не жіберіледі. Облыстық ІІБ-ы мен Алматы қалалық ІІБ-да саяси баспана беру туралы өтініш жөніндегі материалдарды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің Көші-қон департаментінің және оның облыстық бөлімшелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы өтініш беруші адамның төлқұжаты жолдаған күннен бастап үш ай мерзімі ішінде облыстық ІІБ-да, Алматы қалалық ІІБ-да тіркеледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ-і өз кезегінде, облыстық ІІБ, Алматы қалалық ІІМ-нан материалдарды алғаннан кейін өзіндегі есептер бойынша өтініш беруші адамға саяси баспана беруге келтіретін кедергілер туралы мәліметтерді тексереді, өтінішті қанағаттандырудың орындылығы туралы қорытынды жасайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министірлігінің Көші-қон департаментіне жібереді. ІІБ, облыстық ІІБ-да, Алматы қалалық ІІБ-да саяси баспана беру туралы өтініш жөніндегі материалдарды қараудың жалпы мерзімі бір айдан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының орындалу тәртібі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру не саяси баспана беру жөніндегі өтінішті қабыл алмау туралы Президент Жарлығын алғаннан кейін оны орындау үшін облыстық ІІБ-ға, Алматы қалалық ІІБ-ға жібереді. Облыстық ІІБ-ы, Алматы қалалық ІІБ-ы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін:

а) саяси баспана беру туралы өтініш бойынша оны қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің Көші-қон департаменті берген белгіленген үлгідегі куәлік негізінде Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адамға және оның отбасының 16 жасқа толған мүшелеріне тұруға рұқсат-ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін береді;

б) Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру жөніндегі қабыл алмау туралы шешім қабылданған жағдайда немесе саяси баспана құқығынан айырылғанда немесе саяси баспана құқығын жоғалтқанда олардың Қазақстан Республикасында одан әрі болуының заңдылығы туралы мәселелерді әрекеттігі заңдарға сәйкес қарастырады.

Егер Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімі бар болса, онда ішкі істер органы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігінің Көш-қон департаментіне осы адамды Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айыруға өтініш жасау үшін хабарлама жібереді.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келіп-кетуі (келіп-кету) үшін құжаттарды ресімдеу шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Баспана берілетін тұлғалардың мәртебесіне қатысты кейбір ережелер босқындар мәселелері жөніндегі бірқатар келісімдерде орын алған. Босқындар бұл – тұрақты тұрып жатқан елдерін көбіне өзі азаматы болып табылатын елдерін қудалау, әскери қимылдар немесе өзге де төтенше жағдайларға байланысты тастап шыққандар. Босқындар проблемасы бірқатар халықаралық шарттарда көрініс тапқан. БҰҰ аясында босқындар мәселесі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы бар . 1951 ж. Босқындар құқықтық мәртебесі туралы көп тарапты конвенция жасалады. 1967 ж. Дейін конвенция тек 1951 ж. 1 қаңтарына дейін болған оқиғалар нәтижесінде босқындарға айналған тұлғаларға ғана қолданып келеді. Кейінірек, 1967 ж. 4 қазанда өз күшіне енген конвенцианың қосымша хаттамасына сәйкес, босқындардың жаңа тобы да 1951 ж. Конвеция бойынша босқын мәртебесін алған тұлғалар сияқты қорғауда болатын болды. Босқындар туралы конвенциалық нормалар оларды шетелдіктер мәртебесіне біртабан жақындатты деуге болады, ал бастауыш білім, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты бірнеше құқықтары мен еңбек құқықтарының кейбірі оларды келген елдердің өз азаматтарымен теңестіріп жібереді.

Өз елдерін мынадай себептерге байланысты тастап шыққан адамдар босқындарға жатқызылады:

- елінде нәсілі немесе  ұлты, белгілі бір әлеуметтік  топқа жатуына байланысты, діни  нанымы немесе саяси сенімі  үшін қудалаудан немесе қудалау  құрбаны болудың айқын қатерінен еліне бару мүмкіндігі жоқ адамдар;

- сыртқы басқыншылық, басып  алуға, шетелдіктердің үстемділік  етуіне немесе елдің тәртібін  не бір бөлігін бұзған оқиғаларға  байланысты;

- өмір сүрудің материалдық  негіздерін жоятын табиғи сипаттағы (шөл, жер сілкінуі, су тасқыны және басқалары) құбылыстарға байланысты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері түрлі сипаттағы көші-қон (миграциалық) процестері жүріп жатыр. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға эртикалық қазақтар, орыстар, немістер және басқа ұлт өкілдері-сондай-ақ өмір сүрудің материалдық негіздері жойылған аумақтардан қашқан адамдар қайтадан оралуда.

1999 ж. 15 қаңтарында Қазақстан  босқындар мәртебесіне қатысты 1951 ж. Конвенцияға және оның 1967 ж. Хаттамасына  қосылады. Қазақстан Республикасының  «Көші-қоны туралы» заңында босқын ұғымына анықтама берілген, алайда, Қазақстанда босқындардың мәртебесін айқындайтын арнайы заң жоқ. БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғары комиссарының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Абдуль Карим Гульдің мәліметтері бойынша Қазақстанда Бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның түрлі аймақтарынан келген 20 мыңнан астам босқындар өмір сүреді екен. Босқандыдардың ең көбі соғыс салдарынан Шешенсатаннан Қазақстанға қашып келушілер, олардың жалпы саны 12 мың адам Қазақстан Республикасының аумағында соғыстың және тәлібтер режимінің салдарынан отандарын тастап шыққан 2 мыңға жуық босқан-ауғандар бар. Қазақстанға Тәжікстаннан 4 мыңнан аса босқандар келген.

БҰҰ-на қарасты адам істерін үйлестіру бюросы 2011 жылда жүздеген палестиналық жанұяның баспанасыз қалғандығы жөнінде хабарлады.

БҰҰ-на қарасты адам істерін үйлестіру бюросы бейсенбі күні "Үйлерді қирату және палестиналықтарды Йордан өзенінің батыс жағалауынан мәжбүрлі түрде көшіру" тақырыбына арналған есебінде: "Израильдің 2011  жылда Йордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың үйлерін қиратуды жалғастыруы салдарынан 1100-ға жуық палестиналық, оның ішінде жартысына жуығы балалар баспанасыз қалды",-деп жариялады.

БҰҰ-ның есебі бойынша, палестиналықтардың үйлерін қирату 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 80 пайызға ұлғайды. 2011 жылы палестиналықтарға тиесілі 622 ғимарат, соның ішінде бірнеше медресе мен мешіт қиратылды.

БҰҰ осы есепте үстіміздегі жылы тағы да мыңдаған палестиналықтың босқынға айналу ықтималдығы жайлы ескерту жасады.

БҰҰ-на қарасты адам істерін үйлестіру бюросы: "Халықаралық заңдар бойынша, тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіруге және олардың үйлерін қиратуға тыйым салынған. Сондықтан палестиналықтардың үйлерін қирату тоқтатылуы тиіс және олардың заңды құқығы орындалуы қажет",-деп мәлімдеді.

Сионистік режим өзінің шовинистік саясатын орындау мақсатында палестиналықтар санының артып кетуіне тосқауыл қою және олардың ұрпақтарын жойып жіберу үшін үнемі әртүрлі шаралар қолдануда.

Жаппай қырып-жою, палестиналықтарды Отанынан қуып шығу, оларды ең нашар экономикалық жағдайда қалдыру – осының барлығы палестиналықтар санының артуына кедергі келтіруге бағытталған сионистік режимнің халық санына байланысты саясатының бір бөлігі ғана.

Сионистік режимнің басып алған Палестина жерінде өз позициясын тұрақтатып, өзінің шовинистік болмысын қанағаттандыру мақсатында палестиналықтарды баспанасыз қалдыру саясатын жүргізу осы режимнің пайда болған кезінен бастап күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Бұл саясат миллиондаған палестиндықтың баспанасыз қалуына себеп болды.

Әртүрлі елдерде 5,5 млн-нан астам палестиналық босқынның болуы және олардың әлемдегі босқындар санының көп бөлігін құрауы сионистік режимнің палестиналықтарға жасаған апатты жағдайдың қаншалықты ауыр екендігін көрсетеді.

Сионистік режим, сондай-ақ, БҰҰ Бас ассамблеясының палестиналық босқындардың өз Отанына қайтып оралу құқығы мен оларға өтемақы төлену қажеттігі жөніндегі №194, 302 және 512 қарарларына ашықтан-ашық қарсылық білдіріп отыр.

Сионистік режимнің қолдаушылары болып саналатын Батыс елдері, әсіресе АҚШ осы режиммен үйлескен түрде жұмыс жасау үшін палестиналық босқындардың өз Отанына қайтып оралу құқығынан айыру мақсатында бірнеше жобаны ұсынды. Бұл жобалардың бірі - палестиналық босқындарды қазір тұрып жатқан елінде тұрақты тұрде орналастыру болып табылады. Бұл АҚШ пен сионистік режимнің палестиналықтардың құқықтарын одан ары әлсіретуге бағыттаған  қастандығы болып отыр.

Палестина дағдарысына қатысты өзгерістер де сионистік режимнің тек палестиналық босқындардың құқығын орындауға қарсы ғана емес, палестиналық аймақтарға шабуылды жалғастырып, олардың үйлерін бұзу арқылы, іс жүзінде палестиналықтарды өз үйлерінен қууды күшейтіп отырғандығын көрсетеді.

Бұл мәселе соңғы жылдарда палестиналық босқындар санының артуына себеп болды. Әлемдік қауымдастықтың сионистік режиммен қатынаста әлсіздік танытуы бұл режимнің өзінің адамзатқа қарсы әрекеттерін жалғастыруда одан ары озбырлана түсуіне себеп болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, босқындар мәселесі бүгінгі күнде ерекше маңызға ие мәселелердің бірі. Соңғы уақыттарда таралған, ең алдымен,   терроризм актілерімен, аймақтық соғыстармен байланысты адамдар үшін қауіпті қатер, сөзсіз, қақтығыстар пайда болған жерлерден қашқан босқындар ағыны болатын жағдай туғызады. Олардың ішінде, барынша айқын мысал ретінде бола алатын, Америкадағы террористік актілер, оның жауабы ретіндегі Ауғанстандағы әскери әрекеттер, соның нәтижесінде Ауғанстаннан қашқан босқындардың өте үлкен армиясы пайда болды (2001 – 2002 ж.ж); Израильдің Палестинаға  қарсы әскери әрекеті, оның нәтижесінде палестиндік босқындардың ағыны күннен – күнге артуда (2002 ж.) және т.б.

Сонымен қатар, босқындар табиғи катаклизмалар, саяси соқтығыстар және көптеген басқа себептер нәтижесінде пайда болады. Көрсетілген кез-келген жағдайларда адамдар олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған, өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жерлерден қашады.

Соған қарамастан, босқындар жағдайын реттеуші халықаралық құқық нормалары әлі де құқықтық қорғау жүйесі ретінде  толық қалыптаспаған. Өйткені, төтенше деп есептелетін жағдайларға  қажет реттеуді қамтамасыз ете алмайды. Белгілі шамада олар жәбірленуші тұлғалардың жағдайын жеңілдетеді, бірақ олар ақырына жеткізілген болып табылмайды, өйткені босқындар мен баспана іздеушілерге  әлі де болса уақытша баспана немесе уақытша қорғау беруден, өзінің үйлеріне қауіпсіз қайтуды қамтамасыз етуден немесе өтемақы төлеуден бас тартылуы мүмкін.

  1) Жүргізілген талдаулар негізінде  бүгінгі таңда босқындарға қатысты қолданылатын негізгі дайындалған ережелер келесілер болып табылатынын айтуға болады:

-  еркіндік пен жеке  қауіпсіздікті шектеуге тыйым  салу;

- босқындарды  олардың  өмірі мен еркіндігіне қатер  төнетін елге немесе территорияға қайта оралуының алдын алу;

- босқын мәртебесін  анықтау процедурасына қол жеткізу  мүмкіндігін қамтамасыз ету;

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы