Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтасатын  халықаралық және үкіметаралық ұйымдар ішінен 1951 ж. құрылған Көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымын атауға болады. КХҰ-ның мақсаты мен қызметі дүниежүзілік болып табылады және өзіне келесідей міндеттерді алады: жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тәртіпке келтірілген және жоспарлы көшіп-қонуын, жанұя мүшелерін қоса алғанда, адамдар ресурсының белгілі бір категориясының орын ауыстыруларын, босқындардың, өзі тұратын елді тастап кетуге мәжбүрлі қоныс ауыстырушы тұлғалар мен басқа да тұлғалардың ұйымдасқан қозғалысын ұйымдастыру;  техникалық көмек көрсету мен миграциялық саясат, заңнама, басқару және бағдарлама мәселелері бойынша кеңес беру, сонымен қатар мүдделі мемлекеттер мен ұйымдар көші-қон мәселелерінде ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға қатысты пікірлер мен тәжірибелермен алмаса алатын форум ретінде жұмыс атқару. КХҰ көшіп-қону мәселелері бойынша ақпараттарды таратуға да ат салысады - жеке дара және БЖКБ-мен ынтымақтаса отырып.

Босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастықта  Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті ерекше рөл атқарады (ҚКХК). Ол қорғау бойынша БЖКБ қызметтерімен көп жағынан салыстырмалы міндеттерді орындайды, дегенмен негізі 1949 жылғы Женева конвенциясы мен Қосымша хаттама болатын жүйе шеңберінде қызмет атқарады. Көрсетілген әрбір құжаттарда  Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті немесе кез-келген  гуманитарлық ұйым олардың қарамағындағы тұлғаларды қорғау үшін және оларға көмек көрсету үшін қабылдайтын ізгілікті әрекеттер мойындалады.

ҚКХК ізгілікті міндеті мен рөлі төрт Женева Конвенцияларының әрқайсысының мәтінінде көрсетіледі – жалпы 3 бапта және қамқорлықтағы адамдар мен қорғау маңызы туралы ережелерде. Конвенцияларда ҚКХК қызметі ғана мойындалып қоймайды: олардың  бастамашылық құқығы, «кез келген ізгілікті бастамашылық,конвенциямен қарастырылмаған, бірақ құрбандарды қорғауға қажет кез-келген әрекеттерді» жасау еркіндігі  мойындалады.

Босқындарды қорғауға (тікелей немесе жанама) аймақтық ұйымдар да әсер етеді, мысалы, Африка бірлігі ұйымы, Американдық мемлекеттер ұйымы (АМҰ) және Еуропа Кеңесі. Бұл ұйымдар, атап айтқанда, Африкадағы босқындар проблемасының нақты аспектілерін құрайтын 1969 ж. ОАЕ Конвенциясы,  Адам құқығы туралы 1969 ж. Америкалық конвенция,  Адам құқығы туралы 1950 ж. Еуропалық конвенция, Босқындар үшін визаны алып тастау туралы 1959 ж. Еуропалық келісім, Әлеуметтік қамсыздандыру туралы 1994 ж. Еуропалық келісім, Босқындарды қорғау туралы Хаттамасы бар консулдық қызмет туралы 1967 ж.  Еуропалық келісім және  Босқындар үшін жауапкершілікті беру туралы Еуропалық келісім  сияқты құжаттарды жасады.  

Көші-қон және босқындарды қорғау мәселелеріндегі ұйымаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықтың қажеттігі көптеген форумдарда мейлінше жиі мойындалуда, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Ұйымда (бұрынғы - Мәжіліс). ОБСЕ процедуралары халықаралық шартқа тән қатаң нормативті сипатта болмағанымен, ынтымақтастық туралы мәселе әрбір кездесудің көңіл аудартатын мәселесі болып табылады және де ол барған сайын егжей-тегжейлі қарастырылады. 1986-1987 жж. Венадағы кездесуде  СБСЕ қатысушы – мемлекеттері сұрақтар кешенін талқылады, олар: кез-келген елді тастап кету, өзінің елін де және оған қайта оралу, сонымен қатар босқындардың репатриацияға құқығы.

1990 ж. маусым айында  қабылданған СБСЕ Копенгагендік  конференциясының Қорытынды құжатында  да  қоныс аудару еркіндігі мен кең ауқымды құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқықты қоса алғанда, адамның негізгі құқықтары бекітілді.  Қоныс аударудың үлкен еркіндігінің қажеттілігіне ерекше көңіл бөле отырып, қатысушы – мемлекеттер «қажет болса, адамдардың өсіп бара жатқан орын ауыстыруы нәтижесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды қарастыру кезінде ынтымақтасатынын және кеңесетіндерін»  жариялады. 1990 ж. қарашада СБСЕ мемлекеттері жаңа Еуропа үшін Париж хартиясын қабылдады, оған енгендер: демократиялық институттардың жетекші қағидаларын нығайту, ұлттық азшылықтардың «салмақты үлесін», этникалық алауыздық пен кемсітушіліктің барлық нысанына қарсы  және «сонымен қатар діни және идеологиялық мотивтер бойынша қудалауға қарсы» күресті көтермелеу [17].

Босқындар мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) да қатысады. Жүздеген ұлттық және халықаралық ҮЕҰ босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларға көмек көрсетуге және олардың бүкіл дүниежүзі бойынша  қорғалуына ат салысуда. Олардың арасындағы ең белгілі ҮЕҰ:

- «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы, шұғыл жасалған лагерьлер мен  мекендердегі босқындардың денсаулығын  қорғау бойынша медициналық көмек  пен қызмет көрсетуге арналған;

- «Босқындар істері бойынша  АҚШ Комитеті», ол көңіл аударуды  қажет ететін проблемалары бар жерге тұрақты түрде барып тұрады және  проблемалар мен жағдайлар туралы құжаттарды жариялайды;

 -  1973 ж. құрылған «Босқындар істері және мәжбүрлі эмигранттар бойынша Еуропалық кеңес» - босқындар мәселелерімен және баспана құқығымен айналысатын 60-тан аса еуропалық ҮЕҰ ынтымақтасуына арналған форум;

- әр түрлі «босқындар істері  бойынша кеңестер» — Нидерландыда, Ұлыбританияда және басқа еуропалық елдерде, олар заңгерлік және басқа кеңестер береді немесе босқындарға және баспана іздеуші тұлғаларға қатысты ұлттық саясатқа ықпал етуге тырысады; құқық қорғаушы ұйымдар,  олардың  босқындар мен қудаланушыларға қатысты баяндамаларды ұсыну, бақылау  бойынша қызметі олардың мандатының логикалық жалғасы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстың үкіметтік емес секторына келсек, онда атап айту керек, республикада конституциялық – құқықтық қатынастың арнайы субъектілері ретінде ҮЕҰ бөлінуінің белгілі бір тенденциясы қалыптасты. Бұған барлық елде дамып келе жатқан әлеуметтік маңыздылығы кез – келген мемлекетте ондағы демократиялық институттардың қаншалықты дамығанына қарамастан олардың қызметтерінің нәтижелерімен дәлелденген ҮЕҰ инфрақұрылымы ықпал етеді [18, 34].

Босқындар істері бойынша қызметтің (мысалы, көшіп-қону мәселелерін регламенттеу тәжірибесі көрсеткендей) әр көпбағыттағы салалық өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы,  босқындарды қорғау мен «ар тұтқындарын», яғни «олардың күш қолданбағанын ескере отырып саяси, діни немесе басқа ойлы сенімдерінің немесе олардың этникалық тегі, жынысы, терісінің түсіне немесе тіліне қарай түрмеге қамалған, ұсталған немесе басқа  шектеулерге ұшыраған» ерлер мен әйелдерді қорғауға қатысты  Халықаралық амнистияның жарғылық қызметі бірін бірі толықтыратыны айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері

 

3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Босқындар мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңы мейлінше жас.  Біз осы жұмысымызда көрсетіп өткеніміздей, босқындар ұғымы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қон туралы» заңында берілген [7].

Қазақстанда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында босқындар деп тану жөнінде өтініш берген тұлғалармен жұмыс туралы және босқындар мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық әрекет етеді. Нұсқаулыққа сәйкес  Қазақстан Республикасының территориясында тұлғаларды босқын деп тану облыстардың, Алматы қаласының және астананың Көші-қон және демография басқармаларымен («уәкілетті органның территориялдық қызметі») Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Босқын мәртебесінн анықтау процедурасының басталуына негіз болып шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның (өтініш беруші)  Қазақстан Республикасы территориясында оны босқын деп тану туралы жазбаша арызы табылады. 

Босқын мәртебесін анықтау процедурасына кіреді:

- өтінішті беру және  анкетаны толтыру; өтініш берушімен  әңгіме өткізу; өтініш беруші  хабарлаған мәліметтердің растығын  тексеру (бағалау); өтініш берушіні  босқын деп тану туралы немесе  одан бас тарту туралы шешімді  қабылдау. Осы кезде орындалатын  әрекеттер:

а) Уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдері өтініш берушіні жаднама жазбахатта келтірілген оның құқықтарымен және  міндеттерімен таныстыруға міндетті. Өтініш берушінің босқын мәртебесін анықтаудың алдында тұрған процедуралар жөнінде қажет ақпараттарды алуы қажет . Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдау өтініш берушінің және оның жанұясының мүшелерінің оларды куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Босқын деп тану туралы өтінішті қабылдаған кезеңнен бастап өтініш беруші Қазақстан Республикасының территориясында оның мәселесі бойынша нақты шешім қабылданғанға дейін тұруға құқығы болады (аппелляцияны қосқанда). Қазақстан Республикасының территориясында босқын деп тану туралы өтініш беруші тұлғаның Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қоны туралы» заңына  және халықаралық нормаларға сәйкес оның өтінішін тіркеуден де, босқын деп танудан да бас тартуға болады.

б) Өтініш берушімен әңгіме жүргізу  өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын және дәлелдерін бағалау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында ол үшін жеткілікті біліктілігігі бар уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдерімен жүргізіледі. Әңгіме жүргізудің негізгі міндеті өтініш берушіден сол әңгіменің негізінде  әрекеттегі заңға сәйкес  тұлғаны босқын деп тануға арналған критерийлерді қанағаттандыратындығы  туралы қорытынды жасау болып табылады.

в) Өтініш беруші тұлғаны босқын деп тану шешімі уәкілетті органның территориялдық қызметімен өтінішті тіркеген күннен бастап отыз күннің ішінде қабылданады. Егер тексеруді талап ететін кейбір фактілердің анықталуы бекітілген мерзімде аяқталмаса, онда шешім соларды анықталғанша кейінге қалдырылады және қажет болған жағдайда комиссия осы жұмысқа ҰҚК, ІІМ  өкілетті тұлғаларын тарта алады. Шешімді қабылдау кезінде босқын мәртебесін анықтау процедурасы   «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көрсетілген жағдайлар бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптенуі болуынан өзінің азаматтығы бар елінің қорғауын пайдалана алмайтын тұлғалар үшін әзірленген ескеру қажет. Осыған байланысты территориясында  көрсетілген жағдайлар туындаған елдің ресми органдарынан (өкілдіктерінен) нақты тұлғаға (тұлғалар) қатысты кез-келген ақпаратты сұрату Қазақстан Республикасының және демография бойынша Агенттігінің төрағасының санкциясымен ғана жүргізіледі. 

Босқын деп танылған тұлғаға ішкі істер органдарымен тіркелу үшін негіз болып табылатын белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.  Тұлғаны босқын деп танудан бас тартқан кезде оған бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде бас тарту себептері көрсетілген және қабылданған шешім бойынша арыздану тәртібі көрсетілген жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазы тапсырылады. Тұлғаны босқын деп танудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазын алған күннен бастап отыз күн ішінде  жоғарғы уәкілетті органдарға немесе сот тәртібінде арыздана алады. Арыз беруші тұлғаға оның арызы бойынша ақырғы шешім қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының территориясында болуға құқық беріледі.

г) Босқын мәртебесі алғаш рет бір жылға дейін беріледі. Босқын мәртебесін өкілетті органның территориялдық қызметімен мақұлдануы үшін жыл сайын босқындардың есебі жүргізіледі, олардың куәлігі қайта тіркеледі. Оның барысында әңгіме жүргізіліп олардың отбасылық жағдайлары, тұрғылықты жері мен жұмыс орны, отбасы табысы, көрсетілетін көмек мөлшері анықталады.

Тұлға Қазақстан Республикасының территориясындағы босқын мәртебесін иеленуден қалады, егер ол:

- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алса; басқа мемлекет территориясында босқын мәртебесін алса; ҚР шекарасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетсе; қудалау қауіптенуі салдарынан тастап кеткен елге өз еркінше қайта оралса.

Тұлға босқын мәртебесінен айырылады:

- егер ол оны босқын деп тану үшін әдейі жалған мәліметтер хабарлаған болса. Бұл жағдайда оны қабылдауда, орналастыруда және басқа да қолдауларда Қазақстан Республикасы тартқан шығындар сот шешімімен өндіріле алады; оны босқын деп тану үшін негіз болған жағдайлар жойылған кезде. Бұл жағдайда тұлға өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауынан бас тарта алмайды және өзінің азаматтық еліне оралуы керек немесе азаматтығы жоқ тұлға ретінде өзінің тұрақты мекен-жайына оралуы қажет. 

Босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалармен жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- ҚРда босқын деп  тану жөнінде өтініш берушіге  арналған жаднама             жазбахат;

    - ҚРда  босқын деп тану жөнінде өтініш;

    - ҚР босқын деп тану жөнінде өтініш берушінің анкетасы;

    - территориалдық және уәкілетті органдар шешімдері;

    - босқын куәлігі;

    - ІІБ паспорттық және визалық жұмыс Басқармасына жолдама;

    - ҚР территориясында босқын деп тану жөнінде өтініш беруші тұлғалардың тіркелу журналы.

1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы Ереже бекітілді [19]. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында  саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Қазақстан Республикасы қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік немесе ұлттық жағдайы, діни көзқарасына байланысты азаматтық елінде және/немесе тұрақты тұратын жерінде қудалау құрбаны болудың нақты қаупінен баспана немесе қорғаныс іздеуші тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ олардың халықаралық құқық нормаларымен қарстырылған адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана береді.

Қазақстан Республикасында саяси баспананы беру туралы немесе саяси баспананы беруден бас тарту туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілмейді, егер тұлға:

1) Қазақстан Республикасы заңымен қылмыс болып табылатын әрекеті үшін (немесе әрекетсіздігі үшін) қудаланатын болса немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін әрекеттер жасауда кінәлі болса;

2) қылмыстық іс бойынша  айыпталушы ретінде тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасы территориясында заңды күшке енген соттың айыптау үкімі болса;

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы