Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа
Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
БОСҚЫНДАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ПРОБЛЕМАСЫ
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері...................
Қорытынды.....................
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.
Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы туралы айтқанда, оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады [1, 7].
Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты шиеленіскен және сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін жетешілікке алады.
Адам құқығын қадірлеу қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени құқықтарымен және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар мен еркіндіктердің сипаты оның көлемі сияқты сол мемлекеттің және оның заңдарының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылысымен анықталады.
Адам құқығын қорғау саласында барынша маңызды өзгерістер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына келесі ереже енгізілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты «экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі бостандықты жүзеге асыру». Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар. Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі көптеген катаклизмалармен шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа көптеген құбылыстар қауіпсіз және жалпы адамдық қажеттілік пен өмір жағдайына жауап беретін тұрғылықты жер іздеуші адамдар – босқындар ағымы пайда болатын жағдайды туғызады.
Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (БЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекет те босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді.
Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына әкелетін мемлекеттің потенциалды халықаралық-құқықтық жауапкершілігіне де көңіл аудару қажет. Мемлекеттің жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар және өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын территорияда адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет; өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал ұлттық демократиялық және өкілдік басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.
Қудалау пен зәбірлеу қаупінен және басқа осыған ұқсас залалдан жасырынатын жер іздеу адамдар үшін өмірі мен еркіндігін сақтауда өте маңызды болғанымен, ол адам құқығын өзінің отанында барынша толық қорғау туралы талаптарды алмастыра алмайды. Демографиялық құбылыстар ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударумен, әскери және әлеуметтік қақтығыстармен, әлсіз дамығандықпен, жеткіліксіз немесе бірізді емес демократияланумен, адамдардың өзінің өмірдегі келешегіне ықпал ету қабілеттілігінің жойылуымен немесе қабілетсіздікті сезінуімен байланысты. Дегенмен, осыған салыстырмалы дамыған әлем (босқындар ұмтылған елдер) көбінесе шектеулі шаралар қолданумен шектелетіні айдан анық. Осының бәрі нормалар мен қағидалар спектрі үшін босқындарды қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесін құрайтын көңілді орта жасай алмайды.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы босқындар мәселелері бойынша дүниежүзілік интеграцияға белсенді қатысуда. Оған мысал, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы болған оқиға, сол оқиға нәтижесінде Америка Ауғанстанға соғыс жариялаған кезде, Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығы алдында Ауғанстан мен Тәжікстаннан босқындардың белгілі бір санын қабылдауға және орналастыруға міндеттеме алуы. Мұндай жағдайларда босқындарды қабылдау түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуші елдердің беталыстары ұқсас болуы керек.
Егер бұрынғы тоталитарлық кезеңде Одақ, оның ішінде Қазақстан да, адамдардың әкімшілік әміршілдік басқару жүйесінен қашуынан елден кету ағымы байқалса, ал қазір демократия мен нарықты құра отырып, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдер босқындарды потенциалды қабылдаушы елдер қатарына өтті. Бұл проблеманы шешуге осы саладағы дүниежүзілік стандарттар мен қағидаларға жауап беретін заңдық база ықпал етуі керек. Одан өзге, дүниежүзілік интеграцияға тарту үшін әрекеттегі халықаралық құжаттардың ратификациясы қажет. Осының көрнекі мысалы ретінде Қазақстан Республикасының босқындар проблемасын реттеуші халықаралық құқықтың екі негізгі қайнар көзіне қосылуын айтуымызға болады, – БҰҰ Конвенциясы 1951 ж. және Хаттамаға 1967 ж.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Бұл бітіру жұмысының мақсаты босқындардың халықаралық-құқықтық мәселелерін зерделеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін бұл бітіру жұмысының авторы бірқатар міндеттер қояды, жекелеп айтқанда:
- халықаралық құқықтағы «
- босқындар режимінің берілу қағидаларын қарастыру;
- босқындардың негізгі
- босқындардың құқықтық
- босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігі мәселелерін қарастыру;
- ҚР-ғы босқындар режимінің
- босқындар проблемалары
Зерттеу жұмысының объектісі. Босқындардың құқықтық режимдерінің жалпы мәселелері болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәніне босқындардың құқықтық мәселелерін, проблемаларын қарастырған отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, халықаралық-құқықтық құжаттар, отандық заңнама және мерзімді басылымдар жатады.
Ғылыми жаңалылығы Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері талдануында.
Зерттеудің теориялық негізі. Зерттудің теориялық негізін Сәрсембаев М.А., Гай С. және Гудвин – Гилл, Потапов В.И. және басқалары сияқты халықаралық құқық саласындағы ресейлік, қазақстандық және шетелдік авторлардың – мамандардың монографиялық басылымдары құрады. Теориялық материалдарды халықаралық құқықтық актілер, сонымен қатар, босқындардың құқықтық аспектісін бекітетін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары толықтырды.
Зерттеудің методологиялық негіздері. Осы бітіру жұмысының әдістемелік негізі болып арасында үлкен дәрежеде тарихи, салыстырмалы, логикалық және функционалдық әдістер болатын мемлекеттік-құқықтық нақтылықты танудың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері табылды.
Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары босқындардың құқықтық, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн аталған мәселе бойынша арнаулы курстар құрастыруда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.</h4>
Диплом жұмысының кұрылымы. Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сай кіріспеден, үш тарау, соған сәйкес жеті тараушадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Үлкен монографиялық
ғылыми еңбектің авторлары Гай
С., Гудвин Гилл айтқандай «босқын»
«Босқын» ұғымының салалық (халықаралық-құқықтық) мазмұны одан да көбірек шектелген. Мысалы, оған «экономикалық босқындар» (бұл терминнің өзі әдетте қолданылмайды) енгізілмейді. Олардың проблемаларының шешімі, мүмкін, халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет территориясында шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен байланысты емес.
«Босқын» ұғымының шекарасын анықтау ауыр жағдайға душар болған адамдардың қажетсінуін тез қамтамасыз етуге кедергі келтіретін казуистика мен семантикадағы лайықсыз жаттығу сияқты көрінеді. Соған қарамастан, мемлекет босқын мәртебесі мен баспананы немесе сол жерде қорғануды кімнің қолдана алатынын айқындау кезінде барынша шектейтін критерийлерге көндіреді. Дүлей апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу фактісі жеткілікті негіз бола алады, бірақ адамнан келген жағдайлар мен апаттар құрбандарына қатысты қосымша факторлардың болуы талап етіледі. Сонымен, босқындар категориясының кез-келген анықтамалары мен сипаттамаларын құрудың мақсаты – көмек пен қорғау көрсетуді жеңілдету мен негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті критерийлерге сәйкес келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге үміткер бола алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес босқындар категориясының сипаттамасын анықтай отырып, дәстүрлі бөлінетін қайнар көздерді – шарттар мен мемлекеттер тәжірибесін – талдау керек, сонымен қатар босқындар проблемаларын шешу үшін халықаралық қауымдастықпен құрылған әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару қажет.
Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы