Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

3) қудалау қаупі болмаған  үшінші елде тұрған болса;

4) жалған мәлімет берсе;

5) оны қудаламайтын  үшінші елдің азаматтығы бар  болса.

Ереже Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртіптерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында саяси баспана алуды тілейтін тұлға Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне немесе оның территориялдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне өз атынан жазбаша өтініш беруі керек.  Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тұлға мұндай өтінішті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемелері арқылы береді. Жасы 14-ке толмаған балалардан оларға берілген саяси баспана үшін жазбаша келісім талап етілмейді.

Өтініш беруші саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін, айына екі рет Көші-қон және демография бойынша Агенттігінде немесе оның территориялдық бөлімшелерінде немесе өзінің тұратын жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (елшілік мекемесінде) белгіленіп отырады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография бойынша Агенттігі немесе оның территориялдық бөлімшелері немесе дипломатиялық өкілдік (елшілік мекемесі) жағдайды айқындап болғанға дейін материалдарды рәсімдеуді тоқтатуға құқылы. 

Өтінішпен бірге берілетін құжаттар: өмірбаян, суреттер, денсаулығы туралы анықтама, оның ішінде иммунодефицит вирусына зерттелуі туралы және осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография бойынша Агенттігінің территориалдық  бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (елшілік мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде), «Көші-қон және демография бойынша Агенттігіне жібереді. Көші қон және демография бойынша  Агенттігі өтініш берген тұлғаға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы Сыртқы Істер Министрлігінен, Ішкі Істер Министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен қорытынды сұрайды. Рәсімделген материалдарды  (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде) еңбектену, тұру және басқа орнығу мүмкіндіктері туралы негізделген қорытындымен Көші-қон және демография  бойынша Агенттігі  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жібереді.

Саяси баспана беру туралы өтініш бойынша материалдарды қарау мерзімі өтінішті берген күннен бастап үш айдан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі  материалдарды Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің орындылығы туралы немесе саяси баспана беру өтінішінен бас тарту туралы өзінің қорытындысымен азаматтық мәселелерін шешетін Комиссияға жібереді [20].

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелерін шешетін Комиссия өтініш пен оған қоса берілген материалдарды қарайды және әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне өзінің ұсыныстарын енгізеді. Саяси баспана беру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген тұлғаға және оның жасы 16-ға толған отбасы мүшелеріне беогіленген үлгідегі куәліктер беріледі [21]. Саяси баспана берілгені  туралы куәлік Көші-қон және демография бойынша Агенттігімен беріледі. Облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және  Республика астанасының, аудандардың, қаладағы аудандардың ішкі істер басқармалары және бөлімдері Қазақстан Республикасында саяси баспана берілгені туралы куәлік негізінде ықтиярхатты рәсімдейді. Саяси баспана берілген тұлға мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы заңнамасымен  қарастырылған құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

Саяси баспана беру туралы өтінішті қабылдаудан уәкілетті органның негізсіз бас тартуы, өтінішті қарау мерзімін бұзу немесе лауазымды тұлғалардың өтінішті қараумен және қабылданған шешімдерді орындаумен байланысты басқа да заңсыз әрекеттеріне жоғарғы органдарға немесе  сотқа шағымдануға болатынын  Ереже бекітеді.

ҚРда саяси баспана берілген тұлға мына жағдайларда саяси баспанаға құқығын жоғалтады:

- ҚР-дағы саяси баспанадан өз  еркінше бас тарттса;

- ҚР азаматтығын немесе басқа  елдің азаматтығын алса;

- өзі азаматы болып табылатын  елге өз еркімен қайта оралса  немесе тұрақты тұру үшін үшінші  елге кетсе;

- ҚР заңымен бекітілген босқын  мәртебесін алуға арналған заңды  негізден айырылса .

   Тұлға ҚР Президентімен Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырылуы мүмкін, егер ол ҚР ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарама-қайшы  әрекетпен айналысса немесе тұлға қасақана қылмыс жасаса және сол үшін заңды күшіне енген айыптау үкімі  болса.   

1997 ж. Қазақстан  Республикасының  Сыртқы Істер Министрлігімен  «Қазақстан Республикасында шетелдік  азаматтар мен азаматтығы жоқ  тұлғаларға саяси баспана беру  тәртібі туралы» Нұсқаулық әзірленді. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемелерімен шетелде тәжірибелік қолдануға арналған «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ереже негізінде әзірленді.

Ережеде Қазақстан Республикасында  саяси баспана шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына және «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Ережеде  шетелдік азаматтарға және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси баспана беру туралы өтініштің берілу және қаралу тәртібі қарастырылады.  Атап айтқанда, Ережеде ҚР шегінен тыс жердегі  саяси баспана алуды тілейтін тұлға  Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтінішпен  өзі  ҚР дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемелеріне баруы керек. Егер тұлға саяси баспананы беру туралы өтінішті балаларымен бірге берсе, онда жасы 14-ке толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі. Өтініш беруші  саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін айына екі реттен кем емес     өзінің тұрғылықты жеріндегі ҚР-ның дипломатиялық өкілдігінде немесе елшілік мекемесінде белгіленіп отырады. Бұл тәртіп орындалмаған жағдайда көші-қон Департаменті немесе дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме материалдарды рәсімдеуді жағдай айқындалғанға дейін тоқтатады [22].

Ереже ҚР-да саяси баспана беру  туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау тәртібін нақтылайды; ҚР саяси баспана   алған тұлғаның және оның отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларын қарастырады, сонымен қатар егер мүдделі тұлғалардың босқын мәртебесін беру туралы өтініші бойынша іс қағаздарын жүргізуге қатысты қандай да бір сұрақтары болса, онда олардың тұрған жері бойынша уәкілетті органның территориялдық қызметіне өтініш бере алатынын белгілейді.

1997 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі  N 622 «Қазақстан  Республикасы Президентінің N 3432 «1997 жылға көшіп келу квотасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысын жүзеге асыру және босқын – оралмандардың қоныс аударуын тиімді, ретті ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 30 қыркүйекте «Босқын – оралмандардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы» Қаулысы жарық көрді. Осы Қаулы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Сыртқы істер Министрлігімен, Ішкі істер Министрлігімен, Көлік және коммуникация Министрлігімен, Денсаулық сақтау Министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетімен, Қорғаныс Министрлігімен, облыс және Алматы қ. әкімдерімен, ҚР Үкіметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасына Монғолиядан, Иран Ислам Республикасынан босқын – оралмандар отбасыларының қоныс аударуын ұйымдастырып қамтамасыз ету жүктелді [23].

1995 ж. арнайы Шешіммен босқындар  мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  көмек көрсетудің Мемлекетаралық  қоры құрылды және босқындар  мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже бекітілді. Аталған Ережеге сәйкес, Қор гуманитарлық коммерциялық емес ұйым болып табылады және өзінің қызметінде саяси мақсаттарды көздемейді. Қор өзінің қызметін  оның міндеттері мен қызметтеріне сәйкес жүргізеді, халықаралық және ұлттық мекемелермен және ұйымдармен байланыстар орнатады, олармен бірге Келісімге  қатысушы – мемлекеттер босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларына көмек көрсетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысады. Қорға Келісімге  қатысушы – мемлекеттермен берілетін жарналар мөлшері, сонымен қатар қаражаттар, оларды беру тәртіптері мен мерзімдері туралы шешімдер Достастық үкіметтерінің басшыларының Кеңесі мәжілістерінде белгіленеді. Қор Келісімге  қатысушы – мемлекеттер территориясында  Ережені жүзеге асыру үшін қажет  өзінің өкілдіктерін құра алады. Қордың орналасқан жері – Мәскеу қаласы.

Қордың негізгі міндеттері болып табылады:

- босқындар  мен мәжбүрлі қоныс  аударушыларға көмек көрсету  үшін қаржылық және материалдық  құралдарды шоғырландыру; босқындар  мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы  Келісімге  қатысушы – мемлекеттер арасында олардың қоныс аударуын ұйымдастыру және орналастыру мақсатында қаражаттарды бөлу; Келісімге  қатысушы – мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарына  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауда көмек көрсету; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемаларына қауымдастықтың көңілін аудару, мейірімділік, ізгіліктік идеяларын насихаттау.

Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Қор келесі қызметтерді орындайды:

- Қор қаражаттарын орналастыру  және жинақтау үшін  Келісімге  қатысушы-мемлекеттер банктерінің мекемелерінде  белгіленген тәртіпте  ағымдағы және есеп айырысушы шоттар ашады; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге   Келісімге  қатысушы-мемлекеттерге қаржылық және материалдық құралдарды бағыттайды; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы – мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып  өзінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру.

Қордың қаражаты Келісімге  қатысушы-мемлекеттердің жарналары мен басқа да мүліктік және ақшалай салымдары есебінен қалыптастырылады; территорияларынан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар келетін Келісімге  қатысушы-мемлекеттермен бірыңғай қаржылық нормалар бойынша  міндетті түрде берілетін қаражаттарынан; кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың  меншіктерінің нысанына қарамастан өтеусіз  немесе қайырымдылық жарналарынан және азаматтардың, сонымен қатар шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қайыр көрсетуімен,өзге де қаражат көздерінен қалыптастырылады. Қорға жарналар есебінде  ғимараттар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар беріле алады.

Жарналарды бағалау кезінде  жарнаны салу күніндегі айырбастау курсы немесе ресми валюталық курс ескеріледі. Қордың қаражаттары келесі мақсаттарға жұмсалады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы Келісімге  қатысушы мемлекеттерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету бағдарламаларын  қаржыландыру мен әзірлеуге, арадағы келісім негізінде тартылған  мамандар еңбегіне ақы төлеуге ; Қордың аппаратын ұстауға және оның ағымдағы қызметтерін қамтамасыз етуге.

1992 ж. бастап Қазақстан Республикасында босқындармен жұмыс тәртібін  және оларға бірінші кезектегі көмек көрсетуді анықтайтын  босқындармен жұмыс туралы Уақытша ереже әрекетте болды.   Уақытша ережеге сәйкес  ҚР «Көші- қон  туралы» Заңына сай басқа мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасы тұлғаларына олардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне, қудалануы мен ығыстырылуына байланысты Қазақстан Республикасына оралуға мәжбүрлі болуынан және өзінің тарихи отанына қайту ойына байланысты босқындар мәртебесі беріледі. Болу уақытына тәуелсіз  Қазақстан Республикасы территориясындағы барлық босқындар тіркелуі керек. Тіркеуге негіз  болып  жазбаша өтініш және паспортты (туу  туралы куәлікті)  немесе оны ауыстыра алатын құжатты (қызметтік, зейнеткерлік куәлік, оқушының немесе студенттің билеті, еңбек кітапшасы, диплом, білім туралы куәлік немесе кәсіптік дайындық куәлігі) көрсету болып табылады.

Тіркеу туралы өтініште көрсетіледі:

- Қазақстан Республикасына  келу уақыты, мақсаты және негізі;

- жастарының көрсетілуімен  жанұя құрамы, бұрынғы жұмыс орны, кәсібі, мамандығы;

- ҚР территориясына  келмес бұрын тұрған елі мен  тұрақты мекен – жайы;

-ҚР территориясындағы  уақытша тұру орнының мекен  – жайы;

- қажетті көмек көрсету  туралы өтініш.

Босқындарды тіркеу халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілімен жүргізіледі. Әрбір босқынға тіркеу карточкасы толтырылады. Босқындарды тіркегеннен соң  халықтың көші-қоны бойынша Департаментінің уәкілетті өкілдері қалалық және аудандық әкімшіліктер, халық депутаттарының ауылдық Кеңестері саудалық, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдайды,  басқа да қажетті көмектер көрсетеді, ал баспанасы болмаған жағдайда оларды уақытша орналасу орындарына жібереді.

Өтініш берушіні босқын деп таныған жағдайда  ішкі істер органдары оған белгіленген үлгідегі уақытша куәлікті береді, куәлік келесі құқықтарды береді:

- әрбір еңбекке жарамды  отбасы мүшесі мен зейнеткер  үшін  есептік көрсеткіш  мөлшерінде  біржолғы көмекті және әрбір  асырауындағы жан үшін – айлық  есептік   көрсеткішінің 50 пайызын  алуға  ;

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы