Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

- қажетті медициналық және әлеуметтік көмекті алуға;

- арнайы берілген орындарда (елді мекендерде) уақытша тұруға;

- босқын – көшіп  келушілердің топтық шаруашылығын  және орналасуын ұйымдастыру  үшін иммиграциялық жер қорынан  бос жерлерді беру туралы ұсынысты  сәйкес жергілікті атқарушы органдарға енгізе алады.

Босқынның уақытша куәлігі 3 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қажет болған жағдайда бұл мерзім куәлікті берген органмен ұзартыла алады. Қазақстан Республикасы халқының еңбек пен жұмыспен қамту органдары босқындар мен олардың отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.  Халықтың көші-қоны бойынша Департаменті  және оның уәкілетті өкілдері  жергілікті жерлерде  босқындардың келешек қызметтері туралы, оларға тұрақты тұратын жер беру мүмкіндігі және жұмысқа орналастыру туралы, босқынның тілегі бойынша басқа мемлекет территориясына өту немесе репатриация (бұрынғы тұрған елге қайта оралу) жайлы ұсыныстар дайындайды.

Босқындарға материалдық көмек  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік иммиграциялық қорынан көрсетіледі. Мемлекеттік иммиграциялық  қорынан төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі жанындағы халықтың көші-қоны бойынша Департаментімен анықталады.

Франция Конституциясында 1793 ж. Алғаш рет өз отандарынан қулған шетелдіктерге баспана беру құқығы бекітілді. Кейінірек, осы құқықтық институттың дамуы ұлттық заңдар аясында, сондай-ақ халық аралық деңгейде жүріп жатты.

Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, мемлекеттер өздерінің саяси сенімдері мен саяси қызметтері үшін тұрақты тұратын мемлекеттерінде немесе өз мемлекеттерінде қудалауға ұшырайтын немесе қудалануы мүмкін адамдарға саяси баспана беруі мүмкін [24,167]. Әрбір мемлекет қандай адамдарға және қандай шарттарда баспана беруін өздері айқындайды. Баспана берілетін адамдардың шеңбері мемлекеттің ішкі заңымен белгіленеді. Баспана құқығы – бұл мемлекет тәуелсіздігіне негізделген институт. Саяси баспана беретін мемлекеттердің билік өкілдерінен басқа ешкім де мұндай құқыққа ие адамдар санатын айқындай алмайды. Сонымен бірге, халықаралық құқықта мемлекеттердің баспана беру құқығын шектейтін құқықтық нормалар бар. Осы нормаларға орай, кейбір адамдар санатына мұндай құқықтық беруге болмайды. Осындай санатқа мыналар жатады:

- халықаралық қылмыс жасаған деп айыпталушы адамдар;

- экстрадиция туралы  екіжақты шарт тізіміне енетін  қылмыскерлер;

- қылмыстың жекелеген  түрлерімен күрес туралы халықаралық  көпжақты шарттарда міндетті  түрде беру көзделген адамдар;

Баспана беру құқығының қажетті шарты - әрбір нақты жағдайда мүдделі адам тарапынан тиісті өтініштің берілуі болып табылады.

Мұндай жағдайда үш түрлі құқықтық қатынастар пайда болады:

- баспана сұраушы мен  оның азаматтығы бар мемлекет  арасында;

- баспана сұраушы мен  баспана беруші мемлекет арасында;

- адамның өзі азамат  болып табылатын мемлекет пен баспана берген мемлекет арасында.

Баспананың ең көне нысандарының бірі – діни баспаналар. Христиан діні абсолютизм дәуіріне дейін әулие жерлерді баспаналауды кең насихаттайтын. Бүгінгі күнге дейін Рим шіркеуі баспана беру құқығынан бас тартқан жоқ. Алайда халықаралық құқық субъектілерінің көпшілігі Ватика, Испания, Португалия сындылар оған тыйым салып келеді. Православие дініне келетін болсақ, дінде баспананың осы түрі өте ертеде болған. Ал ислам дінінде қасиетті қалаларды, бабалар зиратын баспана түрінде пайдаланған.

Мемлекеттер іс-тәжірибесінде баспананың мемлекет аумағынан тыс жерлерде болатын жағдайлары да кездеседі: дипломатиялық миссиялар мен консулдық ғимараттарында, әскери кемелер мен әуе кемелерінің бортында, әскери база мен лагерьлер аумағында беруі мүмкін. Дипломатиялық немесе консудық мемкемелердің баспана беруі дипломатиялық баспана деп аталады. Баспананың мұндай  нысаны мемлекеттер тәжірибесінде тұрақты дипломатиялық мекемелер институты пайда болғаннан кейін және оларға артықшылықтар мен иммунитеттер берілгеннен кейін қолданады.

Баспананың бұл түрі XVI-XVIII ғасырларда барлық мемлекеттер тәжірибесінде кеңінен қолданысқа ие болады. Дипломатиялық баспаналарға қатысты барлық мемлекеттерді мынадай топтарға бөлуге болады. Дипломатиялық  баспаналарға қатысты барлық мемлекеттерді мынадай топтарға бөлуге болады:

- Мұндай баспананы қолданбайтын  және танымайтын мемлекеттер. Көптеген  мемлекеттер осы топқа жатады, солардың бірі – Қазақстан  Республикасы;

 - Өз аумақтарында дипломатиялық баспана бермейтін, бірақ басқаларға ұсынатын мемлекеттер. Мұндай мемлекеттерге Франция, Ұлыбритания, АҚШ жатады;

- Өздері дипломатиялық  баспана беретін және өз аумақтарында  да баспана беруге рұқсат ететін  мемлекеттер. Бұл топқа Латын  Америкасы мемлекеттері жатады;

- Өздері баспана бермейтін, бірақ өздерінің аумақтарында  беруге рұқсат беретін мемлекеттер, - мысалы, Грекия.

Сонымен,   мұндай   баспана  түрін тек  Латын  Америкасы  елдері  ғана

мойындағандықтан, бұл мәселе аймақтық нормалардың бар екенін айтуға болады.

Дипломатиялық баспана туралы 1928 ж. Гавана Конвенциясына сәйкес, баспананың осы түрі мынадай талаптар болған жағдайды білдіреді:

- Дипломатиялық баспананы  осындай құқықты танитын елдер  ғана бере алады;

- Ол адамның қаупсіздігін  қамтамасыз ету керек болған жағдайда ғана беріледі;

- Дипломатиялық агаент, әскери кеменің, лагерьдің немесе  тікұшақтың командирлері дипломатиялық  баспананың берілгені туралы  жергілікті билік өкілдеріне  хабарлауы тиіс;

- Ондай мемлекеттің  үкіметі адамның елден тез  арада кетуін талап ете алады, ал дипломатиялық агент, өз кезегінде ондай адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді;

- Қорғаныш іздеушілерді  ондай елдің аумағында немесе  оның шекараларынан жақын жерлерге  түсіруге болмайды;

- Баспана берілген адамға  қоғамдық қауіпсіздікке қайшы келетін әрекеттерді жасауға тыйым салынады;

- Мемлекет   баспана   беруге   байланысты  шығындарды  көтермейді

[25].

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі баспана беру құқығы туралы мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіне қойылды. Ол 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 14-бабында жалпы нысанда былайша жарияланды:

- Әр адамның  қуғынға  ұшыраған  жағдайда,  басқа  елдерден  баспана

іздеп және сол баспананы пайдалану құқығы бар.

- Бұл  құқық  шынтуайтында  саяси емес қылмыстың негізінде, немесе

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді.

Халықаралық құқықта аумақтық (саяси) баспана беру кеңінен таратылып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1967 ж. 14 желтоқсанында аумақтық баспана туралы Декларацияны қабылдады. Декларацияда адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 14-бабына сүйену құқықтары бар, онда отаршылдыққа қарсы күресуші адамдарды қоса алғанда, барлық адамдарға баспана берілуі тиіс деп бекітілген. Мемлекеттер мұндай адамдарға шекаралардан өтуге тыйм салмауы және қудалауға ұшырауы мүмкін елдерге қайтуға мәжбүрлемеуі, жер аудармауы тиіс. Декларацияда нақты мемлекеттің аумағында баспана алған  адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне көңіл аударылған.

Бұндай жағдайларда консулдық мекемелердің қызметінің маңызы да өте зор. Азаматтарға құқықтық консультация, көмек беру жағынан.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ

адамдарға саяси баспана халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес берілді және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері мен консулдық мекемелерінің шетелдерде қолдануы үшін тағайындалған [19]. Саяси баспана алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқытар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы немесе саяси баспана беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының  Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасында саяси баспана, егер адам:

- Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс деп танылған әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін қудаланса немесе Бірккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттер жасауға кінәлі болса;

- қылмыстық іс бойынша  айыпталушы ретінде жауапқа тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бар болса;

- үшінші елде тұрып, онда оған қудалану қауіпті  төнбесе;

- көрінеу жалған мәліметтер  табыс етсе;

- өзінде үшінші елдің  азаматтағы бар болып әр онда  ол пайдаланбайтын болса:

- егер   ол   Қазақстан   Республикасының   қандай   да   бір   мемілекетпен екіжақты  қатынастарның қамуына елеулі  түрде әсер етсе берілмейді.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азамттығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы өтініштердің берілуі және оларды қарау тәртібі.

Қазақстан Республикасының аумағынын тыс жерде жүрген және саяси баспана алуды қалайтын адам Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесі арқылы Қазақстан Республикасы Президентініңатына жазбаша өтініш беруге тиіс. Егер адам балаларымен бірге саяси баспана беру туралы өтініш етсе, онда 14 жасқа толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі.

Өтініш беруші адам саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін айына кемінде екі рет тұрғылықты жер бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесінде белгіленіп отырады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдай Көші-қон департаментіне дипломатиялық өкілді немесе консулдық мекеме жағдаяттар анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді кідірте тұрады. Қазақстан Республикасында саяси баспана берілуі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылған өтініште өзі азаматты болып табылатын және немесе тұрып жатқан елінде қоғамдық-саяси қызыметі, нәсілі, ұлты, діни сенімі үшін қудалаудан немесе қудалу құрбаны болудың айқын қатерінен баспана және қорғаныш іздеген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана беру негіздері баяндалуы тиіс. Өтінішке мындай құжаттар қоса берілуі керек:

а) Өмірбаянның екі данасы;

б) денсаулық жағдай туралы анықтама, оның ішінде имундық тапшылық вирусына тексеруден өткендігі жөніндегі анықтама;

в) 4 см х 5см көлеміндегі төрт фотосурет.

Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі өтініштерді бекімдейтін консулдық мекемелер жоғарыда аталған құжаттар мен материалдардан басқа іске қатысты басқа да құжаттарды талап етуге құқылы. Өтініш берушіден құқықтарды қабылдау сатысында оның материалдық-қаржылық жағдай (жылжитын және жылжымаитын мүліктер) туралы нотариалды куәландырылған құжаттарды беруінің де маңызы зор. Ұсынылған құжаттардан толық емес немесе тура емес мәліметтер табылған жағдайда, құжаттар өтініш берушіге толықтыру немесе түсіндіруі үшін қайтарылады. Барлық құжаттар қазақ не орыс тілдерінде жазылуы керек немесе қазақ не орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармаларымен берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының дипломатиалық өкілдігі немесе консулдық мекемесі өтініш материалдары бойынша қортында жасап, материалдарды екі дамасымен Сыртқы істер министірлігіне жібереді. Сыртқы істер министірлігі өз қортындысын жасап, материалды Көші-қон департаминтіне жібереді. Саяси баспана беру туралы материалдар бойынша жасалған қортында баспана берудің орындалығы немесе саяси баспана беру туралы өтінішті қабыл алмау туралы дәлелі мқият мазмұндалуы керек.

Саяси баспана беру туралы өтініш материалдарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап бір айлан аспау тиіс.

Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген адам саяси баспана құқығынан:

- Қазақстан Республикасында  саяси баспанада ерікті түрде  бас тартқан;

- Қазақстан Республикасының  азаматтығын немесе басқа елдің  азаматығын алған;

- өзі азаматы болып  табылатын елге ерікті түрде  қайтып оралған немесе үшінші  елге тұрақты тұруға кеткен;

- саяси баспана беруге  белгіленген негіздерді жоғалтқан  жағдайда айырылады.

Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттерімен шұғылданған жағдайда не, егер ол қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімі бар болса, осы адамды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырылады. Саяси баспана алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтағы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондайақ міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспаана беруге байланысты материалдарды ішкі істер органдарының қарау тәртібі.

Қазақсан Республикасы Ішкі ісер министіллігінің төлқұжат және виза жұмысының басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министірлігінің Көші-қон департаментінен Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы мәселелер жөніндегі материалдарды алғаннан кейін өтініш беруші адамдардың келген жерлері бойынша, оларға саяси баспана берудің мақсатқа сай келетіні не келмейтіні туралы облыстық ішкі істер басқармаларының, Алматы қалалық ішкі істер басқармаларының пікірлерін сұратады.

Облыстық ІІБ мен Алматы қалалық ІІБ-ның төлқұжат және виза жұмысы Басқармасы (бөлімі) өздерінің есептері бойынша тексереді және ГСК ЦКИ-дің есептері бойынша өтінішті қанағаттандыруға кедергі келтіретін мәліметтердің болуын, ішкі істер қалалық, аудандық органдардың пікірлерін сұратады. Жүргізілген тексерулер негізінде саяси баспана берудің мақсатқа сай екендігі туралы қортынды жасалады және ол тексеру материалдарымен бірге Қазақстан Республикасының ІІБ-не жіберіледі. Облыстық ІІБ-ы мен Алматы қалалық ІІБ-да саяси баспана беру туралы өтініш жөніндегі материалдарды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиіс.

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы