Отырыс
екі ай сайын (айдың 15-нен кейін) өткізіліп
отыруы қажет. Кез келген жағдайда көлденең
диверсификация әдісі қолданылуы дұрыс
шешім болар еді. Өнімнің жаңа
түрін ойлап табу үақытында өнімді
қайталау болып тұруы керек, яғни,
тауарлар топтарын қарастырғанда алдын
ала сатуы болған өнімдер ескеріледі
(тұтынушының сұраныс үлгісі көрсеткіші
ретінде). Нарық жағдайына сай өнімді
модернизациялау керек болса, жаңа өнім
топтары ашылады (жаңа йогуртты, сүзбелі
өнімдер және т.б.). Бұл саясатта «Сухарь
панировочный» және «Жаз сусынына
жартылай фабрикаттар» сияқты өнім түрлері
қарастырылмайды, себебі олар ақаулы өнімдер
мен клиенттерден қайтқан өнімдерден
жасалады.
«Ақсай»
НТК-ның стратегиялық маркетингтін
жоспарлау екі бағытта жүреді:
- Тауардың бәсекеқабілеттілік артықшылықтарын жақсарту стратегиясын жүргізу;
- Портнерлермен өткізу құрылымы мен өткізу қатынастарын жақсартуды жетілдіру бойынша бағдарламалар жүргізу.
2005 жылғы
комбинат табыстылығын арттыру
мақсатында келесідей бағдарламалар
ұсынылады:
1. Тауарлар.
Сату мен пайдалылық потенциалын
өткізу мақсатында комбинаттың
ең жоғарғы пайда беретін тауарларды
қарастыру:
- нан және нан өнімдерінің локалді жергілікті нарықтың үлесін бекіту және қамту;
- нан және нан өнімдірі арқылы «Ақсай нан» тауар маркасын жылжыту;
- «Ақсай нан», яғни – сапалы ұғымын тұтынушы санасында қалыптастыру;
- «Қуырмашки» - нан өнімдерінің ақауларынан дайындалатындықтан оларды Алматы қаласы және Республика аймағы бойынша 70%-ға дейін жеткізу осы мақсатағы ең тиімді инструмент өніммен жұмыс істеудегі тимді бағдарламасы арқылы «Ардагер-Трейд» өткізу арнасын пайдалану[31].
Қорыта
айтатын болсақ нан – тек физологиялық
қажеттіліктерді өтеп ғана қоймай,сонымен
қатар адам ағзасына пайдалы емдік –профилактикалық
міндеттерді де атқару қажет. Қазіргі
таңда нан өнімдері арқылы адам ағзасын
емдеу интенсивті дамып келе жатыр. Міне,
осы бағытта комбинат жұмыла жұмыс істеуінен
нарықтың үлкен бөлігін қамту мүмкіндігі
туындайды.Ал бүл үлкен табыс әкелетіні
де сөзсіз.
Қорытынды
Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі
маркетинг-микс кешендері негізгі орынға
ие және де оның басты ядросы – тауар саясаты
болып саналады. Қазақстан кәсіпорындарындағы
тауар саясатының қалыптасуын зерттеу
көтерме сатушылардың тапсырыс беруі
арқылы тауар ассортиментін жоспарлау
саясатынан, барлық проблемалардың кешенін
құратын тауар саясатына өтудің тиімділігін
көрсетті. Бұл әсіресе, тұтынушылардың
талғамын ескере отырып, тиімді тауар
ассортиментін құрумен, тауардың жаңа
түрлеріннарыққа шығарумен, өнім сапасы
мен бәсекеқабілеттілігін арттыру бойынша
маркетингтік стратегияларды жасаудан,
тауардың өмірлік цикліне байланысты
маркетинг саясатын шығарудан, тауар белгісі
мен қораптарын тиімді пайдаланудан көрінеді.
Кәсіпорынның
нарықтық экономика жағдайында үздіксіз
дамуын қамтамасыз етуі – бүгінгі
күннің аса өзекті мәселелерінің
бірі. Кәсіпорын алға қойған мақсаттарына
жету үшін өндірісті және өткізуді
маркетинг принциптері негізінде
ұйымдастырғаны жөн. Яғни тұтынушылар
сұранысы мен нарық талаптарына
бағыттала әрекет етуі қажет. Сондықтан
да тауар саясатының талаптарына
бүкіл кәсіпорын қызметі –
жаңа тауар идеясынан бастап, өндірістен
тауарды алып тастау туралы шешімді
қабылдағанға дейін бағынуы керек.
Міне, сонда ғана кәсіпорын бәсекеқабілетті
өнім дайындап, нарықтағы өз позициясын
нығайта алады. Кәсіпорынның нарықтағы
позициясын, ең біріншіден, тауардың бәсекеқабілеттілігі
анықтайды. Сондықтан кәсіпорын
тұтынушылардың талаптарына сай
жаңа өнімдерді нарыққа шығарып
қана қоймай, оның өмірлік циклін, бәсекеқабілеттілігін
(бәсекеқабілеттілікті тұтынушылар
анықтайтынын ұмытпау қажет) және ассортиментік
саясатын қадағалап, тұтынушылар талаптарына
сай өнім өндіру жолында еңбек
етуі керек. Тауар қаншалықты жоғарғы
сапалы болса да, нарықта сұранысы
болмаса бәсекеқабілетті бола алмайды.
Қазақстан
нарығында нан және нан өнімдерін,
тоқаш және кондитер өнімдерін, сонымен
қатар кептірілген нан мен
жартылай фабрикаттар шығаруға маманданған
«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі
табысты қызмет етіп келеді. Кәсіпорын
үшін ең басты фактор - өнім сапасы болып
табылады. Себебі, өнім сапасы нарық
сегментінің кеңеюін, кәсіпорынның
өсіп, өркендеуін, сондай-ақ пайданың өсуін
қамтамасыз етеді. «Ақсай» нан-тоқаш
комбинаты Алматы қаласындағы қатаң
бәсекеге қарамастан сәтті қызмет етуде.
Онымен қоса Қазақстанның ірі-ірі
қалаларынан өз филиалдарын, кішігірім
сауда өкілдерін ашуда. Атап айтсақ,
Өскемен қаласындағы және Көкшетау
қаласындағы нан зауыттары жергілікті
халықтардың талаптарына сай
өнім түрлерін шығарып, нарықтың ауқымды
бөлігін қамтып отыр. Сонымен қатар
Астана, Атырау және Шымкент қалаларынан
филиалдарын ашу жоспары өз күшіне
еніп келеді.
«Ақсай»
нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің тауар
саясатын зерттеуде қаржы-шаруашылық
қызметін талдау жасалды. Комбинат
барлық істерін шаруашылық есеп
пен өзін-өзі қаржыландыру арқылы жүргізеді.
«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің өндірістік,
әлеуметтік қызметі және еңбекақы төлемі
еңбек коллективінің жұмыстары негізінде
жүзеге асады. Кәсіпорынның өткізуден
түскен түсімінен материалды шығындар
өтеледі. Пайда кәсіпорын қызметінің жалпылама
жинақтаушы көрсеткіші болып саналады.
Пайданың бір бөлігін комбинат мемлекеттік
бюджет пен екінші дәрежелі банктер алдындағы
борышын өтеуге жұмсайды, ал екінші бір
бөлігі толықтай иелігіне түседі. Бұл
жағдайда кәсіпкерлік қызметті талдау
және бақылау «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты
ЖШС-гінің өмірлік цикліндегі ең маңызды
кезең болып саналады
Комбинаттың
маркетинг бөлімі маркетинг кешенінің
барлық элементтері мен функциялары
бойынша жұмыс істейді. Негізінен
жарнама, дегустациялармен айналысатын
бұл бөлім қызметінің ұйымдық
құрылымы, жалпы ұйымдастыру жұмыстары
дұрыс құрылмаған. 2006 жылы жалпы
кәсіпорын табысының төмендеуінен
маркетинг бөлімі тек клиенттермен
жұмыс істейтін бөлім болып қайта
құрылды.
Бөлім қызметіндегі
тауар саясатын келер болсақ, тауар
ассортименті тұтынушыларды қанағаттандырады,
жаңа тауарларды өндіріске енгізу маркетинг
талаптарына сай жүргізіледі
және де олар тиімді нәтиже беруде.
Тауар саясатының
ішінде жаңа тауар бойынша емдік-диеталық
және де профилактикалық сипаттағы
нандарды өндіріске енгізу оң нәтиже
береді деп ойлаймын. Сонымен қатар,
ұлттық сипаттағы «Алтын жент» өнімі
тұтынушылардың арман-тілектерін орындайтын,
әрі ойларынан шығатын өнім болатынына
сенемін. Тағы бір тоқтала кететін
жайт, қазақша аталымдағы нандарды
шығаруды немесе нан өнімдерінің
атауларын қазақшаға аударуды қолға
алған жөн.
Нан өнімдерінің
сіңімділік құндылықтары нан және нан
өнімдерінің жоғарғы колориялылығында.
Соңғы кездері тұтынушылар зығыр
және шемішке дәндері, кебек және
сұлы қосқан нандарды, көкнәр қосылған
ойық тоқаштарды, шоколад қосылған
пряниктерді және де жеміс-жидектер
мен йогурт-қаймақтар қосылған торттарды
ұнатады. Жергілікті және де дәстүрлі
емес шикізаттарды қолдану арқылы комбинат
шоколад-какао, қант, жаңғақ өнімдеріне
кеткен шығындарды төмендетеді. Сонымен
қатар бәсекеқабілеттіліктің тағы
бір көрсеткіші ашық түсті, әдемі
қораптамалар мен орамалар және де
нан өнімдерінің орамалары болып
саналады.
«Ақсай» НТК ЖШС-нің барлық
өнімдері тұрақты жоғары сапаға
ие, сондықтан да нарықтың беделді
үлесін қамтып, тұтынушылардың ойынан
шығатын өнімдерін ұсынып отыр.
Тұтынушының арман-тілектерін орындайтын,
сұранысқа ие өнім шығару дұрыс
жүргізілген тауар саясаты мен
болашаққа дұрыс жоспарланған
тауар стратегиясына байланысты
екенін маркетинг тұрғысынан
бізге мәлім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Рамазанов А. Конфликты корпоративных интересов в парадигме конкурентно способности национальной экономики. Материалы Международной научно-практической конференции «Национальная конкурентно способность Казахстана: Теория, практика, перспективы» КазНУимени Аль-фараби, КИСИ при президентах РК – Алматы, 2006 стр. 29-34.
- Рамазанов А. Цена категории риск в общественном развития. Экономика и статистика 2006 стр. 129-132
- Рамазанов А. Концепция социальное орентация национального бизнеса. И материалы международной научно-практической конференции. «Государственная поддержка. Расшырение и укреплений позиции малого и среднего бизнеса старанах центральной Азии». Каз НПУ имепни Абая, университетет имени Сулеймена Демиреля. Алматы 2006. стр. 61-68.
- Қазақстан Республикасының «Тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауардың шығу тегінің аталуы туралы»заңы.
- Қазақстан Республикасының «Бәсеке және ьонополиялық қызметті шектеу туралы » заңы.
- Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030: жарлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы-Алматы : Білім ,1997.
- Гэбей Дж. Маркетинг :новые возможности .Ағылшын тілінен қысқартылыпау аударылған .Москва :Фаир-Пресс,2002
- Ф.Котлер Маркетинг в третьем тасячилетие: как создать, завоевать и удержать рынок.Москва:АСТ,2000
- Ф.Котлер Маркетинг и менеджмент .11-ші басылым .СП:Питер,2004
- Голубков Е.П.Основы маркетинга. Москва :Финпрес,
1999
Дурович А.П. Маркетинг в предпринимательской
деятельности. МН:Финансы,учет, аудит,
1997.
- Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері: Оқулық – Алматы: «Эверо», - 2010. 168 бет.
- Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках и таблицах. Москва: ИНФРА – М, 2001
- Серімова А.А. Қазіргі таңдағы нан өнімдерінің сапасы. Ақиқат,2003жыл. 5 саны 14-17 бет
- Маслова Т. Д. Маркетинг: маркетинговые исследования. Товары и цены. Коммуникационная политика. Москва: Финпресс, 2001
- Пешкова Е.П. Маркетинговый анализ в деятельности фирмы. Москва: ОСЬ,1999
- Маркетинг. Оқу құралы. Н.Қ. Мамыровтың жетекшілігімен. Алматы-экономика,1999
- Алтынбаев Б.А., Истаева А.А. Основы маркетинга. Алматы. Экономика, 2001
- Есімжанова С.Р Маркетинг в Казахстане: теория методология, практика .Алматы-Аян Эдет,2001.
- «Ақсай» НТК ЖШС-нің есеп беру деректері мен балансы. 2008-2009 ж.ж.
- «Ақсай» НТК ЖШС-нің есеп беру деректері мен балансы. 2009-2010 ж.ж.
- «Ақсай» НТК ЖШС-нің есеп беру деректері мен балансы. 20010-2011 ж.ж.
- Есімжанова С.Р Маркетинг теория и опыт становление в Казахстане –Экономика Казахстана на пороге XXI века. Ғылыми мақалалар жинағы - Н.Қ.Мамыров жетекшілігімен-Алматы,Экономика,1998.
- Нуралиева Д. Роль маркетинга в развитии кондитерского концерна. Пищевая промышленность,2000ж. 11 саны,14-18б.
- МынбаевЖ.М. Қазақстан кәсіпорындарындағы маркетинг проблемалары.Қаржы-қаражат , 2003,2 саны,42-48б.
- Асанова А.А. Қазақстан нан нарығы. Ақиқат, 2003ж.1 саны, 14-21б.
- Мендигалиев С.М. Хлебо-булочные изделия. Пищевая промыщленность, 2002,
4саны, 15-19б.
- Серімова А.А. Қазақстандағы нан өндіретін зауыттардың бүгіні мен келешегі. Ақиқат. 2002жыл, 5 саны, 26-35 бет
- Есімжанова С.Р. Маркетинговый анализ. Вестник КазЭУ. 2001,
2 саны, 47-49 бет
- Куралов М.С. Ақсай нан значить – качественно. Маркетинг товаров и услуг, 2001жыл, 2 саны 14-28 бет.
- Сатыбалдин С.С. Маркетинг және шаруашылық механизм. Ғылыми конференциялар жинағы. 4 том, 12-28бет
- Сейдеханов А.С, Калиева Н.М. От болезней-хлеб полезный. Жизнь 2004г.5 саны 104-108 бет