Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясатын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:
- кәсіпорындардағы маркетингтік қызметінің және де соның ішінде тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау;
- тауар саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеудегі отандық және шетелдік тәжірибелерді зерттеу;
- тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;
- тауардың өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ тұруын қарастыру;
- нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың тауар саясатына шолу және оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясатын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Маркетинг теориясындағы тауар түсінігі 5
1.2 Кәсіпорынның тауар саясатын басқару9
1.3 Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі 14
2 «Ақсай» НТК ЖШС-нің қызметін және тауар саясатын талдау
2.1. «Ақсай» НТК ЖШС-нің техникалық – өндірістік сипаттамасы және ұйымдық құрылымын зерттеу17
2.2 «Ақсай» НТК ЖШС-нің қаржылық экономикалық жағдайын талдау 21
Ақсай» НТК ЖШС-нің тауар саясатын тиімді басқару көрсеткіштері 25
3 «Ақсай» НТК ЖШС-нің тауар саясатын жетілдіру жолдары
3.1. Комбинаттың маркетинг қызметіндегі тауар саясатын жетілдіру жолдары және ұсыныстар 36
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі 49

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 188.64 Кб (Скачать документ)
  1. бидай ұны нандары;
  2. бидай және  қара бидай ұны қоспасынан істелетін нандары;
  3. қара бидай ұны нандары;
  4. кебек қосылып дайындалатын нандар;
  5. күнбағыс және зығыр дәндері қосылған нандар;
  6. булочка өнімдері;
  7. қатпарланған нан өнімдері;
  8. ойық тоқаш өнімдері;
  9. кептірілген нан өнімдері;
  10. пряник өнімдері;
  11. торттар мен пирожныйлар;
  12. кекстер менорамалар;
  13. печеньелер;
  14. жартылай фабрикаттар.

Өндірістік  ассортимент пен цехтардың белгіленген  жұмыс режимі есебінен комбинат қуаттылығы тәулігіне 133,4 тоннаны құрайды.

2010 жылы орташа тәуліктік өнімді өндіру 90,4 тоннаны құрады. Қуаттылықтарды пайдалану пайызы 52,9% деңгейінде болды.

- 1 сұрыпты  бидай ұнынан дайындалатын «Алматинский»  наны 0,65кг. – 43,0 тн/тәу. (57,86%);

- 0,75 кг. салмақтағы қара бидай мен  ақ бидай ұнынан дайындалатын  шаруа наны – 14,0 тн/тәу. (18,88%);

- жоғарғы  сортты бидай ұнынан дайындалатын  батон (0,4кг.) – 6,5 тн/тәу. (8,7%);

- тоқаш  өнімдері 3,85 тн/тәу. (5,1,%);

- нанның  басқа да түрлері («Президент»,  «Бородинское» және т.б.) 3,95тнг/тәу. (5,3%);

- торттар  және басқа да кондитер өнімдері 1,74 тн/тәу. (2,33%);

- сдобный  өнімдері 0,39тн/тәу. (0,56%);

- пряниктер  0,36 тн/тәу. (0,51%);

- бәліш  өнімдері 0,31 тн/тәу. (0,44%);

- құрғақ  нан өнімдері 96,6 кг/тәу. (0,14%);

- печеньелер 32,7кг/тәу. (0,05%);

Барлығы  тәулігіне орташа өнімділік 90,4 тн/тәу.(100%).

Жоғары  да айтып өткен ассортимент бойынша  НТК-ның өндіріс қуаттылығы тәулігіне 163,0 тоннаны құрайды және де жобалық 15 кешенді тораптың толассыз жұмыс  істеуі негізінде қамтамасыз етілуі керек. Яғни кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 43,61 қолданылады, бұл жобалық қуаттылықтан 2,5 есе аз. Нан-тоқаш комбинатының өндірілген өнім ақауларын құрғақ кептірілген  нан өнімдерін жасауға қажетті  жартылай фабрикаттар жасауға пайдалану  арқылы төмендетеді, ал бұл кептірілген  нандар дайын өнім шығарылады және де өндірістік қажеттіліктерге де қолданылады. Комбинаттың жалпы құрылымы басқару  аппаратының өндірістік бөлімшелері  мен қызметкерлерге қызмет көрсету  бойынша бөлімшелер кешенінен тұрады [14].

«Ақсай» нан-тоқаш комбинатының өндірістік құрылымы барлық өндірістік бөлімшелері (цехтар, участоктар), қызмет көрсетуші  шаруашылықтарды, өндірістік процеске тікелей және жанама әсер ететін бөлімдерді құрайды.

Комбинатта  цехтардың , участоктардың, жұмыс орындарының  мамандануы мен өнімнің үлкен  көлемін шығару және номенклатура тұрақтылығының негізі болып саналатын нандарды, бәліштерді, тоқаштарды, кондитер өнімдерін  жаппай өндіру ұйымдастырылған. Бұл  кәсіпорында жұмыс орнының мамандануын  үзіліссіз қызмет ететін конвейерлерді  пайдалануын сипаттайтын өндірісті  ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылады.

1 сортты  бидай ұнынан дайындалатын нанды  өндіру бойынша торап құрал-жабдықтарының  өнімділігінің техникалық-экономикалық  нормаларының салыстырмалы бірлігі:

«Бурат» ұн сепкіші – 09 т/сағ.

«Кузбас»  қамыр бөлгіш машина – 0,98т/сағ.

«И8 ХТА» қамыр илейтін машина – 0,68т/сағ.

Иін қандыратын шкаф 0,78 т/сағ.

БНЕ - 50 пеші – 0,62т/сағ.

Комбинаттағы  өндірістік тапсырма ағымдағы машина өнімділігінің деңгейіне бекітіледі. Бұл машиналарға нан пісіретін  пешті жатқызуға болады (0,62т/сағ).

Өндірістік  рационалды ұйымдастыруға ырғақтылықтың, үздіксіздіктің, үйлесімділіктің қағидаларын  сақтау қажет.

Үйлесімділік  коэффиценті:

 

Кп=(0,9:1,62+0,68:0,62+0,98:0,62+0,78:0,62+0,62:0,62)/5=1,29  (1)

 

Яғни, жабдықтардың 30 пайызға толық қуатымен жұмыс  істемеуі, құрал-жабдықтардың тоқтап қалуы  байқалады.

«Ақсай» НТК-ның нан, тоқаш, ұннан жасалған өнімдер, кондитер өнімдері, қатпарлы өнімдер дайындалатын кешендерді механизмдендірілген  желмен қамтамасыз етілген және де тек кейбір булочка мен кондитер өнімдері жеке операциялар механизмдерді  пайдалану арқылы қолымен жүргізіледі. Әрі қарай өндірістік циклдің  ұзақтылығының себебі жүргізіледі.

 Комбинаттың  өндірістік циклдарына негізгі  және қосымша шикізаттарды дайындау  мерзімі мен дайын өнімді нан  сақтау қоймасына жібергенге  дейінгі уақытты жатқызамыз.

Тц=(Stто+ Stno+S tko+S tоо+S tn)- Stсовм                                           (2)

Мұндағы:

Stто – барлық техникалық операциялардың ұзақтығы (370 мин.)

Stno – барлық қозғалыс операциялардың ұзақтығы (55 мин.)

Stko – барлық бақылау операцияларының ұзақтығы (40 мин.)

Stоо – барлық қызмет көрсетуші операйилардың ұзақтығы (30 мин.)

Stn – реттелмелі үзілістердің ұзақтығы (25 мин.)

Stсовм – біріктірілген  операциялардың ұзақтығы (40 мин.)

 Өндірістік  циклың айтарлықтай ұзақтығы 1- сортты  «Жай нанда» төмендегідей болып  келеді:

 

Тц = (370+55+40+35+25)-40=480 минут (8 сағат) 

 

  Жалпы  шығарылған өнімнің айтарлықтай  ауқымды бөлігін сапасы жақсарған,  яғни тұтынушылық құндылығы жоғары  өнімдер құрайды (3. кесте).  Өндірістік  сипаттамасына келер болсақ, тәулігіне  162 тоннаға дейін өнім шығаратын  жобасы бар, үш және екі қабатты  өндірістік корпус 14 кешенді-механизаторлық   жолдармен жабдықталған. Олардың  ішінде:

  • нан өнімдері – 142 тн/тәу;
  • ойық тоқаш өнімдері – 18 тн/тәу;
  • пряник өнімдері – 1,8 тн/тәу;
  • кондитер өнімдері – 1,6 тн/тәу.

Өндірістік  корпустың бірінші қабатында  жай нан, қара бидай ұны наны, батон  шығаратын цех, кептірілген нандар цехы, экспедиция, дайын өнімдер  қоймасы және қосымша коймалар орналасқан.

Дайын өнім контейнерлерге салыну үшін танспорттық  механизмдермен беріледі.

 

2- кесте - 2010 жылғы өнім шығарудың жалпы көлемі ішіндегі сапасы жоғары өнімдердің үлесі

 

Көрсеткіштер

Шығару көлемі (тн)

Үлес салмағы %

Жалпы дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттар

17857,5

100,0

Соның ішінде сапасы жақсарған өнімдер

3655,5

20,5

«Алматинский» наны

1108,3

6,2

«Баварский» наны

701,8

3,9

Плетенка

583,1

3,2

«Плюшка» булочкасы

457,7

2,6

Ойық тоқаш өнімдері (фас)

53,9

0,3

«Кокос» печеньесі

3,6

0,002

Көкнәр қасылған тоқаш

741,3

4,2

«Шоколадное приянигі

5,8

0,03

Е с к е р т у – [ 19] әдебиет негізінде автор құрастырған



 

       Комбинат өнімдерінің ақауларын кептірілген нандар мен жартылай фабрикаттар шығару арқылы төмендетеді, оларды сатуға жібереді немесе өз өз өндірістік қажеттіліктерінде қолданады.

Комбинаттың жалпы құрылымына өндірістік бөлімшелер кешені, басқару аппараты және жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлімшелерден тұрады. Өндірістік құрылымы барлық өндірістік бөлімшелерді, қызмет көрсету шаруашылығын және өндіріске тікелей немесе жанама әсер ететін бөлімдерді қамтиды. Комбинат жұмыс істейтін сыртқы орта келесідей  сипатталады [15].

Тұтынушылары: Комбинат өнімінің негізгі тұтынушылары Алматы қаласының тұрғындары мен  қала маңындағы аймақтардың тұрғындары. Өткізу дүкендермен келісім-шарт арқылы, әмбебап дүкендер арқылы, сондай-ақ фирмалық дүкендер мен сауда орындары арқылы жүзеге асады.

 

2.2 «Ақсай» НТК ЖШС-нің қаржылық  экономикалық жағдайын талдау

 

Кәсіби  біліктілік, белсенділік және де мықты  жетекшіліктің арқасында комбинат өз дамуының негізгі кезеңіне шықты: өнім ассортиментікеңейтуші байланыстар  көбейіп, серіктестердің саны да арта түсуде. Бүгінгі таңда 2000-нан аса  сауда кәсіпорындары мен азық-түлік  дүкендері, мемлекеттік мекемелер (университеттер, мектептер, бала-бақшалар және т.б.) «Ақсай»  нан-тоқаш комбинатымен тұрақты  іскерлік қарым-қатынаста. Олардың  ішінде «Центральный», «Юбилейный», «Россия» және «Скиф», «Пятерочка», «Гросс», «Смат» әмбебап дүкендер желісі бар.

Комбинат  өз өнімін тұтынушыларға жеткізу  мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа Өскемен және Көкшетау қалаларынан өз филиалдарын  ашты. Сонымен бірге диллерлар  арқылы әр облыс орталықтарына комбинат өнімі жеткізіліп тұрады. Олай болса  комбинат өнімдерін Қазақстанның барлық аймақтарында біледі.

Өнімді  өткізу сатушы ұйымдардың тапсырыс бөліміне бір күн бұрын берген тапсырыстары бойынша жүзеге асады. Бұл жүйе өнім көлемін қалыптастыруды, транспорттың жылжу уақытын дұрыстау және жеткізу  уақытын белгілеу үшін өте тиімді.

Жабдықтаушылар: Негізгі өндірісті жабдықтауды  жақын аймақтардағы шикізатты өндірушілер  мен олардың өкілдері арасында  қалыптасқан келісім-шарт арқылы жүзеге асады.

Бәсекелестер: Алматы қаласында 8 ірі нан комбинаттары мен 150-ден аса шағын наубайханалар, ұқсас өнімдер шығаратын көптеген кондитерлік цехтар жұмыс істегендіктен  «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты қызу бәсекелік  ортада жұмыс істейді.

 

3-кесте - Алматы қаласының нан және нан өнімдері нарығы

 

Кәсіпорындар

тәуліктік өнім өндіру (тн.)

нарық үлесі %

«Ақсай» НТК-ы

90,4

20,1

«Алматы нан»

81,9

17,8

№3 нан зауыты

38,5

8,4

«Меркур нан»

36,9

8,09

«Шико»

29,1

6,3

«Брод мастер»

15,3

3,3

«Трапеза»

18,9

4,14

Шағын нан өнімдерін өндіруші кәсіпорындар

145,2

31,8

Барлығы: тәуліктік өнім

456

100

Е с к е р т у – [ 21] әдебиет негізінде автор құрастырған


 

Сондықтан камбинат өнімнің жоғарғы деңгейін ұстап, сұранысы қанағаттандырылмаған өнімдерді шығаруға бағытталуы қажет (мысалы, орамалардағы әр түрлі ойық тоқаштардан завот лидер болып саналады).Сонымен қатар, нарықтың тиімді сегментін көрсету мақсатында нан өнімдеріне деген сұранысты зерттеу жұмыстарын жақсарту қажет. Шамамен бір тәулікте нан зауыттары шығаратын өнім көлемі 154,4 тонна.Алматы қаласындағы тәуліктік нан қажеттілігі 396-456 тонна. Осыған орай нан зауыттарының қажеттілікті қанағаттандырудағы үлес салмағы 33,9 пайызды құрайды (154,4×100/456=33,9%).

«Ақсай» НТК-ның үлес салмағы = 90,4 тн/тәу. × 100/456тн/тәу.= 19,8%

(4. кесте).

Комбинаттағы  кадрлар сипатына келер болсақ, екі категорияға бөлінеді 4-кесте):

1. Өндірістік-өнеркәсіптік  персонал;

2. Өнеркәсіптік  емес персонал.

 

4 - кесте – «Ақсай» НТК ЖШС-нің  кадрлар құрамы

 

Жұмысшылар категориясы

20010 жылы

2011 жылы

 

Адам саны

%

Адам саны

%

Өндірістік өнеркәсіптік персонал

Соның ішінде:

1.жұмысшылар

мұндағы:

  • негізгі жұмысшылар

- көмекші жұмысшылар

2. жетекшілер мен мамандар

Басқа да қызметкерлер

өнеркәсіптік емес персонал

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

850

 

774

 

557

217

74

2

100

950

89,4

 

81,5

 

68,4

13,1

7,81

0,21

10,6

100

896

 

802

 

747

55

94

-

180

1076

83,3

 

74,5

 

69,5

5

8,7

-

16,7

100

1 жыл ішінде әртүрлі себептермен: 

  -жұмысқа қабылданғандар;            

  -жұмыстан кеткендер

 

46

42

 

 

260

112

 

Е с к е р т у – [ 19, 20] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Информация о работе Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясатын