Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Стахановшылар қозғалысы.

Оң әсері  
1. Жаңа техника мен технология меңгерілді.  
2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.  
3. Еңбек өнімділігі артты.  
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері  
1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды.  
2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.  
3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды.  
4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

Индустрияландыру  саясатының тарихи маңызы:  
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.  
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.  
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.  
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.  
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.  
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.  
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.  
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.  
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.  
10. Жұмыссыздық жойылды.  
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.  
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын  ұжымдастыру шаруалар қасіреті.

Қазақ ауылы  ұжымдастыру қарсаңында.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде  жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін  берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның  негізгі үш түрі болды:  
1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.  
2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.  
3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.

Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал  саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар  шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті  артты.

Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин  «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.

Шабындық және егістік  жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік  жерді тартып алды.

Индустрияландыру  бағыты азық – түлік қорлары проблемасын  күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы  мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы  кооперацияны барынша дамыту саясатын»  ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.

1928 жылғы қаңтар  – ақпан айларында И. Сталин  Сібірге сапарға шықты. Осы  жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік  комитетінің мәжілісінде астық  дайындау барысында төтенше шаралар  қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.

1928 жылғы  27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары  мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:  
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.  
2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.  
3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай –  кулактар қатарына темір шатырлы  үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай  – кулактары тап ретінде жою  міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

1927 жылы желтоқсанда  болып өткен партияның XV съезі  ауыл шаруашылығын ұжымдастыру  бағытын жариялады. Қазақстанда  ауыл шаруашылығын ұжымдастыру  ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды.  Қазақстанның астықты аудандарында  колхоз құрылысының негізгі формасы  – ауыл шаруашылық артелі, ал  мал шаруашылығы аудандарда жерді  бірлесіп өңдеу мен шөп шабу  жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға  тиіс еді.

1929 жылдың екінші  жартысынан бастап республикада  колхоз құрылысы жедел дамытылды.  Алғашқы МТС – тер құрылып  жатты.

Қазақстанда көшпелі  және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен  отырықшыландыруды жаппай жүргізу  үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың  жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын  қайталайтын қоныстандыру үлгісін  орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары  кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық  ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:  
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.  
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.  
3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.  
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды  жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде  аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында  – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек  ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі  үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда  барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған  болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі  салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт  салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал  басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым  заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат  алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып  жатқан жерінен басқа ауданға  жер аудару, ұзақ уақыт қамауда  ұстаумен қ


Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан