Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.
Балық аулау кәсіпшілігі – Ертіс, Жайық, Каспий теңізі, Зайсан маңында дамыды.
Тұз өндіру – батыс,
солтустік-шығыс аймақтағы
1875, 1900 жылдар – Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды.
Арал теңізі, Қарабас көлі (Павлодар уезі) – тұз өдіру орны ашылды.
Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобол уездеріне қазақ өлкесінен 300 мың пут тұз әкетілді.
Мал шаруашылығы
шигізатын өңдеу жөніндегі
Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатып, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш заводы болды (1898 ж.).
Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон заводы жұмыс істеді (1890 ж.)
Төрғай облысында 42 былғары, тоң май қорыту, сабын қайнату заводы, 202 диірмен, май шайқау заводы болды (1898 ж.)
Сауда.
XIX ғасырдың II жартысында
капиталистік қатынастардың
Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.
Россия саудагерлері
Қазақстанға сауданың жаңа түрін
– жәрмеңкелік сауданы
Жәрмеңкелер товар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
Сонымен, Қазақстанда
капиталистік қатынастардың дамуы
өлкеде негізінен мал шаруашылығымен
айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі
халықтың патриархалдық-феодалдық
қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті.
Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып,
қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы
табы кадрларының шығуына себебін
тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық
рынокқа тартты.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған
қозғалыстың басты мақсаты.
2. Кенесарының басты тіректері кімдер
болды?
3. XIX ғ. 20 жылдары Қоқан билігінде болған
қазақ жерлерін атаңыз.
4. 1844 жылы Кенесары мен патша үкіметі арасындағы
келіссөздер неліктен тоқталды?
5. Кенесары құрған хандықтың ең басты
саяси ерекшелігі.
6. Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы.
7. Түркістанды орыс әскерлері қашан алды?
8. Қазақстанның Россияға қосылуы қашан
аяқталды?
9. 1867-1868 жылдардағы реформалардың мақсатын
тұсіндіріңіз.
10. 1867-1868 жылдардағы реформалар сот құрылысына
қандай өзгеріс енгізді?
11. Қазақ жеріне орыс-казак шаруаларын
жаппай қоныстандыру қашан жүргізілді?
12. 1868 жылы қабылданған «Жетісуға шаруаларды»
қоныстандыру туралы ұақытша Ереженің
авторы кім?
13. Қазақ даласында капиталистік қатынастар
қашан дами бастады?
14. Орынбор-Ташкент темір жолы қашан іске
қосылды.
15. 1867-1868 жылдардағы реформалардың ең басты
ауыртпалығы немен байланысты болды?
16. Қазақстанда сауданың қандай түрлері
дамыды, атаңыз.
17.1871-1897 жж. аралығында Қазақстанға қоныс
аударғандар саны-атаңыз.
18. XIX ғасырда кредиттік мекемелер ең көп
қай жер болды?
1. XX ғ.басындағы өлкенің
Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде
халықтың саны 4147,8 мың адам, оның
ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2
мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды.
Сонымен, осы жылдар ішінде
қазақтар саны небәрі 231 мың адамға,
яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында
өлке халқының құрамындағы
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің
аграрлық реформасынан кейін қоныс
аударушылардың жаппай келуінен арта
тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде
құрылған «Қоныстандыру қоры»
XIX ғ. соңы - XX ғ.
басында өлкеде 19 жаңа қала болды.
Ақмола облысындағы ұсақ
Қала халқының көбеюі
жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы
революция патша үкіметі жалпы
алғанда аграрлық мәселедегі
және соның ішінде қоныс
1907 жылғы 1 қантардан
бастап үлесті жер үшін сатып
алу төлемдерінінің күші
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың
улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ
халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында
патшалық Россия Қазақстанның
тау-кен байлықтарын
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында
Орал-Рязань темір жолы
1906 жылы ұзындығы
1656 шақырым болатын Орынбор-
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында
Қазақстан жеріндегі ең ірі
өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір
шахтасы, Успен кеніші, Спасск
мыс заводы, Риддер металлургия
комбинаты. Осы өнеркәсіп
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында
ұлттық аймақтарда отаршылдық
езгі күшейді, елдегі таптық
және ұлттық қайшылықтар
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
2. XX ғасырдың басында
XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.
Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).
1905 жылы ақпанда
Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда,
Шалқарда, Петербургтегі қарусыз
жұмысшыларды атқылауға
Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.
17 қазандағы 1905 жылғы
патша манифесінің («
Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.
Ереуілге шығу себептері:
Жалақының аздығы.
Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің
қатыгездіктері.
Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.
Ереуіл барысында
орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ
жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған
«Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар
кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге
өздерінің талаптарын қойды:
-Азық – түлік бағысын төмендету.
-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.
-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін
ашу.
-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы
жұмыстан шығару.