Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Аманкелді Имановтың  ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің  алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын  көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден  ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда  Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші  Төрғай қаласын қоршады. Оған  қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің  9 мың адамдық жазалаушы тобы  жіберілді. Корпустың келе жатқаны  туралы деректер алғаннан кейін  көтерілісшілер Төрғайды қоршауды  қойып, қарашада Түнқойма почта  станциясының маңында подполковник  Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі  Амангелдінің штабына орналасқан  Батысқара жазығы мен Аққұм  құмының маңына шоғырланып, партизандық  күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы  қарашасы – 1917 жылғы ақпаны  аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты  мерген Кейкі батыр жасағы  ерекше ерлік көрсетті. Төрғай  даласында А.Имановпен бірге көтеріліске  басшылық етіп, оның дүниетанымен  қалыптастыруға зор ықпал еткен  большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.

Негізгі шайқастар  – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында  болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай  ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.

Салдары:  
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.  
-161-і каторгаға айналды.  
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің  жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы  болды.  
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.  
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.  
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.  
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.  
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.  
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Салдары: қазақтардың  саны:  
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;  
- Орта Азияда – 121,7 мыңға;  
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға;  
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің тарихи маңызы  
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.  
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.  
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.  
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.  
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.  
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

4. Россиядағы 1917 жылғы Ақпан революциясы  және Қазақстан. 1917 жылғы Қазақстандағы  саяси партиялар мен ағымдар.

Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында  Россияда революциялық жаңа толқын  көтерілді. Империалистік соғысты  азамат соғысына айналдыру ұраны  кеңінен насихатталды. Патша өкіметі  бұқараның жаппай қарулануынан  қатты сескене бастады. Революциялық  дағдарыстң пісіп-жетіліп келе  жатқандығы ұлт аймақтарында  оның ішінде Қазақстанда да  сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда  Россияда Ақпан буржуазиялық  – демократиялық революция жеңіске  жетті. Монархия құлатылып, Романовтар  әулеті биліктен кетті. Бұл  жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен  қабылдады. «Қанқұйлы Николай  тақтан құлатылғанын білгеніміздегі  біздің қуанышымызды айтып жеткізу  қиын», - деп көрнекті мемлекет  қайраткері Б.Алманов өз естелігінде  айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны  ұлттық қазақ автономиясын құратын  сәт туды деп қуанышпен қарсы  алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан  кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда  да кос (екі) үкімет орнады.

Уақытша үкімет (буржуазия  үкіметі).

Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.

Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.

Жұысшы, шаруа  және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық –  демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің  саяси белсенділігін өсірді.

Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында  Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде  және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы  табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа  депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.

Уақытша үкіметтің  қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға  бұрыңғы патша чиновниктерін  және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев  Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша  үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың  басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси  дамудың маңызды мәселелері бойынша  Уақытша үкімет жағына шықты.

Уақытша өкімет органдары  өзінің әлеуметтік құрамы, басқару  әдістері жағынан революцияға дейінгі  патша әкімшілігі жергілікті халыққа  қалай қараса, бұл да солай қарады.

Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды  жүзеге асырды:

1. 1917 жылы 14 наурызда  – «Бұратаналарды» тыл жұмысына  алу тоқтатылды.  
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.  
3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).

Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:  
1. Шаруаларға жер беру  
2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні  
3. Соғысты тоқтату  
4. Халыққа бейбітшілік беру

Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін  орындамады.

Сөйтіп, Уақытша  үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.

Саяси партиялар  мен ағымдар.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста  болуы олардың саяси санасының  өсуіне ықпал етті.

1917 жылы қазақ  өлкесінде әртурлі саяси партиялар  мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.

Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.

Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.

Қазақ зиялылары  құрған қозғалыстар .

Отаршылдыққа, империализмге  қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық  қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы  Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.

«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы  негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда  жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде  Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда  әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен  қатар сырттан қоныс аудартуға  жол бермеу, Қытайдағы босқындарды  қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың  съезі болды. Онда ұлттық автономия  құру мәселесі талқыланды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер :  
1. Мемлекеттік басқару формасы.  
2. Автономия құру мәселесі.  
3. Жер мәселесі.  
4. Халық милициясын құру.  
5. Сот ісі.  
6. Дін мәселесі.  
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.  
8. Құрылтай жиналысын шақыру.  
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.  
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.  
11. Халық ағарту ісі.  
12. Земство

 
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.

1917 жылы мамырда  Букілроссиялық мұсылмандар съезі  болды.

Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең  құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін  енгізу, міндетті және тегін жалпыға  бірдей ана тілінде бастауыш білім  беру мәселелер қаралып бекітілді.

1917 жылы 17 қыркүйекте  Түркістан және қазақ мұсылмандарының  съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш  мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда  «Түркістан федерациялық республикасы»  парламенттік республикасының жобасы  қаралды.

1917 жылы қарашада  қазақ социалистік «Үш жүз»  партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы  М.Әйткенов болды. Кейіннен партия  төрағасы қызметін Көлбай Төгісов  атқарды. Партия орталығы Омбы  қаласында орналасты. «Үш жүз»  партиясы 1917 жылы екіге болінді,  «Үш жүз» партиясының солшыл  қанатын К.Төгісов басқарды.

«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш  жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен  «Үш жүз» газетін шығарды.

1917 жылы Ақпан  революциясынан кейін Семейде,  Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер(конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.

Мақсаты:  
1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.  
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.

1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.

Мақсаты:  
1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді.  
2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.

1917 жылы Ақпан  революциясының тарихи маңызы :

1. Патша өкіметінің  геноцид саясатын тежеді.  
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.  
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.  
4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.

Кемшіліктері:  
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.  
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады  
3. Шаруаларға жер бермеді.  
4. Империалистік соғысты жалғастырды

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. XX ғасыр басында  қазақ өлкесі неше облыстан  тұрды?  
2. Қала халқының көбею жолдарын атаңыз.  
3. 1905-1907 жылдардағы революцияның алғы шарттарын көрсетіңіз.  
4. Қазақ өлкесінде алғашқы маркстік үйірме кімнің басқаруымен қашан құрылды?  
5. Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңіз.  
6. Столыпи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазан төңкерісі және Қазақстанда  Кеңес өкіметінің орнауы.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан  айында елде жалпы ұлттық дағдарыс  қалыптасты.

Оның себептері:  
1) Монархияның ауыр мұрасы  
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.  
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша  үкімет құлатылып, мемлекет билігінің  Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның  кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин  жазған «Жұмысшыларға, солдаттар  мен шаруаларға!» деген үндеуі  қабылданды, бұл үндеуде бүкіл  үкімет билігінің Кеңестердің  (Советтердің) қолына көшетіндігін  жариялады. Кеңестер съезі өзінің  екінші мәжілісінде Бітім туралы  және Жер туралы декреттер  қабылдады. Бітім туралы декретте  барлық соғысушы елдерді соғысты  тоқтатып, әділетті бітім жасауға  шақырса, Жер туралы декретте  помещиктердің барлық жерлері  конфискацияланып (тәркіленіп), барлық  жер халықтың қолына көшетіндігі  жариялады. Жер жалпы мемлекеттік  меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік  құрылыс мәселелері өткірірек талқылана  бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен  Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің  әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық  этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік  бермеді.

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада  Орынбор контрреволюциялық төңкеріс  нәтижесінде атаман Дутов басқарған  «Әскери үкімет» билікті қолына  алды.

1917 жылы 15-22 қарашада  Ташкентте болған мұсылман депуттары  Кеңестерінің өлкелік съезінде  жаңа үкімет «Түркістан Халық  Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман  өкілі болмады. Кеңестің төрағасы  Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы  өкімет органдарына өткізу мүмкін  емес, өйткені жергілікті халықтың  бізге көз – қарасы белгісіз  және олардың ешқандай пролетарлық  ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан