А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

     Осыңдай тәрбиелік мәні терең шығармаларының бірі А. Байтұрсыновтың  өзі жинақтап, өңдеп  бастырған 1926 жылы Москвада жарияланған "23 жоқтау " еңбегі. Бұл еңбегіңде қазақ халқының 400 жылдық тарихыңда кездескен 23 жоқтау яғни, трагедиялық жырлар кіргізілген. Мұнда Мамай батырды жоқтау, Кеңгірбай биді, Алтай тәжіні, Кенесары - Наурызбайды, Төлебайды  жоқтау, Жантайды   Шоқшалай   қызының, Абайдың   баласы Әбдірахмаңды жоқтауы т.б. енгізілген.

     Мысалы, Қаз дауысты Қазбекті қызы Қамқа жоқтаған. Қамқаның жоқтауы арқылы жоқтаудың бұрыннан келе жатқан салт екенін ұғамыз. Алты ағайынды әкесінің бес ағайынға аға, жол басшы болған тек ақыл иесі ғана емес алты алаш қазаққа пана болғаны, Қазыбектің қалмақ ханы Қоңтәжіге барып қазақ мерейін асырғаны, жер, мал дауын соғыссыз шешуге қосқан зор үлесі, айтқан дуалы сөздері, батыр, хан болып жауға шаппаса да, батыр мен хан сасқанда қаймықпай ақылмен орап, қан шашпай, әділеттің ақ туын желбіреткен қазылығы, бар байлығы-жүйрік ойы, алғыр тілі, армандап кеткен әділетті сара жолы екені айтылып, қалың қайғысын, жүректен шыққан толғанысын білдірген. Мысалы:

       Төрт тіреудің бірі едік,

       Қиын-қыстау іс келсе,

       Бәрінен де ірі едік.

      Енді қазақ не болар Асқар тауы құлаған?!-дейді.

Ал, Абайдың баласы Әбдірахманды маңдайына сыймай кеткен тұлпары екендігін айтып, арыз-арманын білдірген жоқтауы төмендегідей:

      Кешегі өткен ер Әбіш

      Елден бір асқан ерек-ті.

      Жүрегі жылы бой құрыш,

      Туысы жаннан бөлек-ті.

      Өнері оның жұрт асқан,

      Ғылымға көңілі зерек-ті

      Аямаған ғарыптан.

      Қолдан келген көмекті.

     Яғни, Абай бұл жерде Әбдірахманның бойындағы ғылымға берілгендік, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ақ көңілділік қасиеттерін айқындайды.

    А.Байтұрсыновтың айтуынша "Жоқтау -өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға арналады. Өлген адамның қатыны, иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз. Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді" - деп түсінеміз. Бүгінгі күні тәрбие үрдісінде жеке тұлға бойында ұлттық құнды қасиеттер қалыптастыру міндеті тұрғанда, тәрбиені халық ауыз әдебиеті мұраларына негіздей отырып, өлгендерді құрметтеу, оларды жерлеу, жөнелту рәсімдерін игертуге ден берудің тәрбиелік мәні зор. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген нақыл сөз -дің тегін айтылмағанын ескерсек, жоқтауларды меңгерту де тәрбиенің мықты құралдарының бірі демекпіз.

А.Байтұрсынов "23 жоқтаудың" алғы сөзінде: "Кеңес Одағыңдағы елдердің кіңдік баспасынан бұл "Жоқтауларды" бастырғаңда, мынадай оймен бастырды: Дүниеде ешбір ел өз-өзінен, шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күңдегі тұрмыс қазанында қайнап пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, "тіл көсемдері" тілді әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, ертегілерді, өлеңдерді, тағы-тағы осындайларды!" - деп мақтанышпен атап өткен. Бастырушы- лар еңбектің  алғашқы бетінде: "Бұл "Жоқтаулардың" ішінен әзірге заманның жас тілшілері, жазушылары талай материал табар деген үмітіміз бар. Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болса да, тілін үйрену, тексеру, тілінен пайдалану осы заман жастары үшін де керек жұмыс. Қазақтың әзірге тілі бай, жалпақ, түсінікті, өткір, қысқа суретті болса, көп қару-жарақтың бірінің жөн- делгені де"- деп бүл еңбектің келер ұрпақты тарихпен,  ұлт мәдениетімен таныстыру ісіне қызмет етуін қалаған. Әрі ұлт қамы үшін күрестің бір түрі - қаламмен күресу мақсатын аңғартады.

       Сонымен қатар, А. Байтұрсынов қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша:"Ол өз халқының әңдерін жақсы біледі және оларды тамаша орыңдайды, ол - жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын терең білгеңдіктен А.Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әңдерін жазғаңда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді тіпті өзі орыңдады"- деген пікірінен және қызы Шолпанның естеліктерінен біз А. Байтұрсыновтың тамаша өнер иесі екеніне көзіміз жетсе, архив деректерінен оның ұлттық мәдениет пен өнердің тек жинақтаушысы ғана емес жанашыры да болғанын көреміз. Ол халық ағарту комиссары болып тұрған кезінде А.В.Затаевичке шығармашылық   жұмыспен айналысуына қолайлы жағдай- лар жасап, қолынан келер көмегін аямаған.

     Ал, Орталық музейде ғылыми-кеңесші кезіңде суретші Хлудов еңбектеріне жасаған талдаулары ұлттық өнер мен мәдениетті терең меңгерген ғалым екендігінің дәлелі. А. Байтұрсынов Хлудовтың еңбектеріне талдау жасай отырып, суретшінің қазақ халқының тұрмысымен терең таныс еместігін аңғарған. Көптеген шығармаларыңда ақылға сыймайтын өрескел қателер болғаңдықтан қайта қарап, түзетуін талап еткен. Ол мұңдай ұсынысты суретшінің еңбегін жоққа шығару үшін емес, ұлтының намысы үшін жасаған. Себебі, мұндай өнер туыңдылары қай халықтың болмасын мәдениеті, тұрмыс -тіршілігі мен әлеуметтік жағдайынан хабар береді, сондықтан шындыққа сәйкес болуы қажет. Қазақ тілін жақсы білмегендіктен, халықтың тұрмысымен терең таныса алмағанын Хлудовтың өзі мойыңдап, шығармаларын қайта өндеуді суретші Ә.Кастеевке жүктеуді сұраған. А. Байтұрсынов оның:

    1)"Көші-қон", 2) "Қой сауу", 3) "Бие сауу", 4) "Қой қырқу", 5) "Қазақ әйелдері жүн түтуде", 6) "Сабын жасау", 7) "Үй диірмені", 8) "От алу", 9) "Түнгі барымта", 10) "Қаралы көш" т.с.с. басқа да көптеген суреттеріне жан-жақты терең талдау жасаған. 16 суретінің өрескел қателерін көрсеткен. Қорыта келгенде, бұдан оның өз халқының тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын терең меңгерген және оған терең философиялық мән берген, ұлттық тәлім-тәрбие өнегесін мақтан тұтқан ұлтжаңды зерделі ғалым екенін аңғарамыз. Мәселен, ол: "қазақ халқында қыз балалар ешқашан жалаң бас, шашын қопыратып, жалаң аяқ жүрмеген. Ал, Хлудов 13 жасар шамасыңдағы қыз баланы мүлдем жалаңаш бейнелеген, бізде қыз баланы тек бес жасқа дейін ғана жалаңаш көруге болады, оның өзі ете сирек құбылыс",- дейді. Сол сияқты бай адамдардың көші 2 түйе, малы 5 - 10 ірі қара, жалғыз үй болмаған. Әйелдер ешқашан қой қырықпаған. Жүн сабау кезінде тулақты пайдаланған, киіз үй ішіндегі заттар тазалық үшін түгел шығарылатын немесе алашамен, шимен заттарды бүркеп жабады. Түнгі барымтаға жалғыз-жарым емес, сақадай сай қаруланған топ болып шығады деген т.б. сын - пікірлерінен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін туындының терең ой қозғайтындай, шындыққа жанасатыңдай, ұлт намысына тимейтіндей болуын талап еткендігін байқаймыз.

      Ғасыр басында ұлттық сананы қалыптастыру мәселелері А.Байтұрсынов атымен байланысты болса, ал ғасыр соңыңда да көтерілген мәселелер оның армандарымен астасып жатқандай. Ғалым аңсаған, ұлтына аманат еткен ғылым әлемі - тіл мәселесі адамның рухани байлығы, салауатты өмір сүру, ұлттар достығы бүгінгі күні де өзекті тақырыптардың бірі. Сол кезеңде Ахмет өмірінің мәні болған мәселе - жан-жақты дамыған, әлемдік деңгейдегі білімді меңгерген, тәрбиелі де саналы азамат қалыптастыру бүгінгі күннің де міңдеті. Мұны жандандыруда ағартушының артына қалдырған мол мұрасы таптырмас тәрбие құралы.

    А.Байтұрсыновтың "Маса"атты еңбегінің тәлімдік те, тәрбиелік те мәні зор. Алғаш "Маса" атты кітабы жарыққа шыққанда сөз басын Қожанасырдың әңгімесі арқылы бастайды. Оңдағы мақсаты: Ахмет қазақ елінің сауат ашуға самарқаулықпен қарамай, өзара тәжірибе алмаса отырып жетуін көздейді. Еңбегін "Маса" деп атауының себебі де, тоң-торыс жатқан қазақ елін сары маса сияқты мазалап, ояту, серпілту еді. Осы еңбектегі Н.Құлжановаға арнаған өлеңіңде автордың бар арман-тілегін айқын анғарамыз.

       Рақатсыз өтсе де өмір жасым,

       Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.

       Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,

       Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.

       Шалдығатын шаршайтын жерлер де бар,

       Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.

       Қайраттанып, қажымай тырмыссаң да,

       Шыққызбайтын жолында өрлер де бар.

       Тән көмілер, көмілмес еткен ісің,

       Ойлайтыңдар мен емес бір күнгісін.

       Жұрт ұқпаса - ұқпасын, жабықпаймын,

       Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін,- деп өзінің болашақ үрпақ қамы үшін еткен еңбегінің мәнін түсінгісі келмейтіндерге құлазымайтынын, мұрнынан жоғарғысын көрмейтін қалың тобырға өкпелемейтінін білдіреді және ертеңгі ұрпақ алдында ұятқа қалмас үшін қажымай-талмай елі үшін тер төгуді өзінің борышы деп санайды. А. Байтұрсынов И.А. Крыловтың мысалдарын аударып кітап етіп шығарудағы, "Маса" жинағын жазудағы басты мақсаты - қазақ өмірінің шындығын мысал өлеңдер арқылы әшкерелеу, жақсыдан үлгі-өнеге алсын, жауыздықтан бой тартып жиіркенсін деген ойдан туған еді. Оның осы ойын дөп басып, дәл сезінген С.М.Торайғыров осы шығармаға арнап өлең жазды. Ол өлеңін:"Тұтқындағы Байтұрсынның "Масасына"" деп атады. Онда:

         Өткірсің наркескеннің алмасыңдай,

         Жүйріксің "полный ходтың" арбасындай.

         Сен сұңқар, көңілі соқыр, сенімен қас,

         Өзінің болмады деп қарғасындай - деп, Ахметке арнауы оның болмысы биік, ойы жүйрік, тілі өткір, түйсігі терең болғаңдықтан жаулары көп деген ойды білдіреді.

      Ахметтің педагогикалық мұраларын зерттеген сайын ешкімге ұқсамайтын дара тұлға екенін көреміз. Оның ұлттық ерлік дәстүріне байланысты жинаған деректерінің тарихтан алатын орны ерекше. "Ер Сайын" жырын ел аузынан жинақтап, өңдеп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға ұсынды. Жәнібек батырға байланысты тарихи деректерді жинап,өз еңбегіне арқау етті. Жастарды ерлікке тәрбиелеуде, азаматтық борыштылық сезімдерін оятуда бұл еңбектің орны ерекше. Ал, ғалымның "Білім жарысы" атты мақаласыңда білімді жұрттарда осындай жарыс болады, қазақтың осыған ұқсас бәйге тігуінің пайдасы шамалы, далаға кеткен шығын дейді. Білім жарысы түрі жағынан осындай болғанмен мақсаты басқа әрі бұдан жұртқа келер пайда мол, шыққан шығын орны толады деп түсіндіреді. Еуропа жұртындағы білім жарысы туралы түрлі мысалдар келтіріп, пайдасына халықтың көзін жеткізгісі келеді. Білім жарысын қазақ арасында өткізу қажеттілік, тығырыққа тіреліп тұрған оқу-ағарту ісін жандандырудың бірден-бір көмекші жолы екенін уағыздайды: "Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы - кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйрететін орыңдар сайлы болу керек екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі - білім жарысы",- дейді. Мұнда автордың мақсаты дұрыс оқулық шығару, оқу-ағарту ісіне халықты қатыстыру, кәсіби шебер мамаңдарды саралау.

     "Қазақ арасыңда оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек"  атты мақаласыңда үкіметтің қазақ арасыңдағы оқу жұмыстарын ұйымдастыруы мардымсыз, себебі қаржыландыру жағы жеткіліксіз,оқу қазақтың өзі үшін керек. Сондықтан, ел болып жұмыла кірісу керек"- дейді. Ол үшін, әр отбасы жағдайына лайық салық салып, жиналған қаржыны мектеп ашу ісіне жұмсауға шақырады. Кедей балаларына бірнеше тегін орын бөлуді ұсынады. Ауылдардың сирек орналасуына қарай кейбір мектептер жанынан интернаттар ашу қажет дейді. Ел болашағы үшін керек жұмысқа жекелеген шығынды қиынсынбай, күресуге үңдейді.

   "Тәні саудың - жаны сау" атты мақаласында ол тән мен жанның мән-мағына- сын, арақатынасын түсіндіреді. Тән тозса, жанның да тозып, адам азғындап, хайуан қатарына жететінін дәлелдеуде, қазақ халқының тәнін де, жанын да тоз-тоз еткен ашаршылық көріністерінен мысал келтіруінің философиялық, психологиялық және тәрбиелік мәні зор. Тән саулығының қажеттілігін, қымбаттығын айта келе, тәнді тоздырмай, оның саулығы үшін қажет нәрселерге қысқаша былай тоқталады:

    1)  Тәннің өзіне керекті нәрселерді (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді) мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұруы;

    2) Ағзамыз әр түрлі қызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып тұруы керек, мәселен, тамақтың қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.

      1. Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді қорғау.

"Бұл үш шартты орнына келтіру үшін - әуелі демалатын ауа, жейтін тамақ,

ішетін сусыңдардың жәй-мәнісін білу керек".

      Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар - олардың жай - мәнісін білу керек.

     Үшінші, тәнге зиян келтіретін нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар, ауру құрттарының өсетін, көбейегін орындары бар-оларда білу керек'',-дейді. Яғни, оның тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта деген қағидаларының тәрбиелік мәні өте зор. Әсіресе, мұңдай түсініктерді балаға отбасында, бастауыш сыныпта қалыптастыру қажет.

     А. Байтұрсынов көтерген мұндай мәселелер ел прездентінің халқына жолдауы "Қазақстан 2030" бағдарламасы мазмұнымен де ұштасып жатыр. Жалпы А.Байтұрсынов педагогика ғылымына өзінің қолтаңбасымен ерекшеленетін үлкен мұра қалдырды.

   "А.Байтұрсынов пен оның замандас пікірлестері жайындағы қазіргі жүргізіліп жатқан ізденіс-зерттеулерімізді жинақы бір атаумен "Ахметтану" деп атар едім. Ахметтану-тек бір ғана қайраткерді танып -білу мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңге қатысты мәселелерге баратын таным тармағы болуға тиіс"-деп Р.Сыздықова атап көрсеткендей, XX ғасырдың басындағы ой-пікірлердің өзара сабақтастығын "Ахметтану" деп атау арқылы ұлттық педогогиканың қалыптасуының түп-тамырын, діңін байқаймыз.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі