Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27
2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55
Сол тұстағы А. Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары халқымыздың рухани дүниесін байытуды ұрпақ тәрбиесінен бастау қажеттігін айқын түсінген. Білім көзінің алғашқы сатысы бастауыш мектепке арнап оқу құралдарын даярлаған ("оқу құралы", "Әліпби", "Табиғаттану", "Есептану" құралы (Арифметика), "Пішіндеме". Олар алғашқы күннен-ақ оқулықтарында орыс мектептерінің бағдарламаларын көшіріп пайдалануды жөн көрмей, халқы- мыздың ұлттық аймақтық ерекшеліктерін анық білінуіне назар аударуы бүгінде ескерер жайт.
Ал А.Байтұрсыновтың өзі - ұлт тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалау- шы, оқулық жазудың білгір маманы"Оқу құралы","Әліп-би", "Сауат ашқыш", "Тіл құрал" сияқты әліппе мен окулықтарының жазылуы құрылымыңдағы әдіс тәсілдерді саралаудың өзі көл-көсір әдістемелік мағлұмат береді. Ғұлама әдісқой өзі тұрлеген Әліп-бимен Оқу-құралын жазып қана қойған жоқ, оны қалай оқытудың әдістемелік нұсқауларын да ұсынды."Баяншы", "Нұсқаушы", "Әліппе астары", "Қай әдіс жақсы" т.б. осы орайдағы зерттемелер. Қазіргі таңда біз жаңалық тапқандай айтып жүргеніміздің көбіне ғалым өз кезінде-ақ назар аударғанын, пікір тұйгендігін тануда қиындық туғызбайды. Төменде педагог-ғалымның әдістемелік ағартушылық, тәрбиелік мәндегі ойларынан бірер үзіктер ұсынып отырмыз.
Ақаң оқу-ағарту, әдістемелік мәселелері жөнінде:
1. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те, бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі -түрлі әдісті болу, керек орыңда жоқ әдісті табу да, қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек.
2. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жыл дап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ, я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын тіл де бұтақтанған. Біздің түркі тіл әуелде бір тіл болып, сонан ел бұтақтап өскенде тіл де бұтақтанған. Түбірі бір болса да түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар.
("Қазақша сөз жазушыларға", "Шора" журналы 1913, №4, 110-113 бет).
3. Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын көңілденіп оқуға жаһады зорайып, шабыттанады. Оку басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс онды да болмайды. Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақ-шы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп зораймақшы.
("Баяншы" "Қазан, 6-шы мемлекеттік баспа", 1920).
4. Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендер біздің жаңалық ісімізді жатырқап пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенмізге қосылмай отыр. Олар өтіп кейінгі жастарымыздың да заманы жетер жаңалыкқа жастар мойынын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.
5. Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында: Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа, ниеті - жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін жұртынан аяп қалар емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық адамдар.
Әр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қаплыпта тұрғанын бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар. ("Қазақша оқу жайынан" "Қазақ" газеті // 1913 мамыр 16-сы №14)
6. Бала білімді тәжірибе арқылы өзігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі, білімі- нің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шығ- ындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарарай түзеп отыру ("Тіл жұм- сар" Қызылорда Қазақстан баспасы, 1928).
7. Бастауыш мектепте үйрететін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я кұла- ғы, я қолы жоқ адамның бірдей, мұнан хат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар ең әуелгі қазақша хат толық білетін дәрежеде болуын көздеу керек.
("Бастауыш мектеп" "Кдзақгазеті", 9 мамыр, 1914 №6).
ҚАЗАҚ ТІЛІ
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Зат есімнің жалғаулары
Сабақ әдісі: а) Сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тақта, бор, оқулык, кесте.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға көптік жалғауы туралы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу,
I. Балалар, бұгінгі сабақтың тақырыбы:
Зат есімнің көптік жалғауы.
Зат есімдер сөз тудырушы, сөз түрлеңдіруші жұрнақтары болумен қатар, өздеріне тән көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары бар. Зат есім сөйлем ішінде басқа сөздермен осы жалғаулар арқылы байланысып отырады.
Көптік жалғауының тұрлері мыналар:
-лар, -дар, -тар,
-лер, -дер, -тер.
Тақтаның сол жағына кесте ілінеді
№ |
Сөздің соңғы дыбысы |
Көптік жалғауы |
Мысалдар |
1 |
Дауысты немесе үнді р, у, й дауыссыздары |
-лар, -лер |
оқушылар, көшелер, үйлер, пионерлер |
2 |
Ұяң з, ж немесе үнді л, м, н, ң дауыссыздарынан соң |
-дар, -дер |
қыздар, этаждар, қайыңдар. Кілемдер, өзендер, көлдер. |
3 |
Қатаң дауыссыздан соң |
-тар, -тер |
қонақтар, жолдастар, аттар. Мектептер, көйлектер. |
Ал оң жақтағы бос орынға көптік жалғауы жалғанған сөздер мен сөйлемдер жазылады
Мысалы:
Сөйлемдер: Оқушылар мектептен келді. Қаланың көшелері тап-таза. Көкшетау облысыңда көлдер көп. Туысқан республикалардан қонактар келді.
Осы сөздер мен сөйлемдерді, кестені 4-5 оқушы дауыстап оқып шығады. Оған кластағы оқушылар көз жүгіртеді. Бұдан кейін жоғарыдағы мысалдарды дауыстап оқу арқылы мұғалім көптік жалғауының өзіндік белгілеріне сай сұрақтар қояды:
Мұғалім:
- Кестедегі жіктік жалғауын дауыстап оқып шығындар? Оқушы:
- Кестеде -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары берілген.
Мұғалім:
- Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған көптік жалғауы қандай түрде жалғанады?
Оқушы:
- Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын көптік жалғауы да жуан түрде қосылады (-лар, -тар, -дар).
Мұғалім:
- Сөздің соңғы буыны жіңішке болса ше?
Оқушы:
- Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда оларға -лер, -дер, -тер жалғаулары қосылады.
Мұғалім:
- Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді р, у, й дауыссызына бітсе, онда оларға -лар, -лер жалғаулары жалғанады. Тағы да қандай жалғанады екен?
Оқушы:
- Сөздің соңғы дыбысы үңдіге бітсе, үнді дыбыстардан басталған -лар, -лер қосымшалары жалғанады.
Мұғалім:
- Сөздің соңғы дыбысы ұяң з, ж және л, м, н, ң дауыссыздарына бітсе, онда оларға ұяң дауыссыздан басталған қосымшалар жалғанады. Сөйтіп сөздің соңғы дыбысы ұяң мен- үнділерге бітсе, жалғанады екен?
Оқушы:
- Сөздің соңғы дыбысы ұяң не үндіге бітсе, оларға -дар, -дер жалғаулары жалғанады.
Мұғалім:
- Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздарға аяқталса, онда олар -тар, -тер қосымшалары жалғанады.
Мұғалім:
- Сөйтіп көптік жалғау заттың нешеу екендігін білдіреді?
Оқушы:
- Көптік жалғау заттың бірнеше екендігін білдіреді.
Мұғалім:
- Біз көптік жалғауының
қандай түрлерімен таныстық.
Оқушы:
- Біз көптік жалғауының -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
түрлерімен таныстық.
Мұғалім:
- Көптік жалғауының қандай өзіндік белгілері бар?
Оқушы:
- Көптік жалғауы буын мен дыбыс үндестігі бойынша
жалғанады. Біз оны жоғарыдағы мысалдардан көрдік.
Мұғалім:
- Сөйтіп көптік жалғауы дегеніміз не?
Оқушы:
- Заттың көп, яғни бірнеше екенін білдіретін қосымшаны көптік жалғауы дейміз.
Мұғалім:
- Тағы кім айтады?
Оқушылар қайталайды.
Енді оқулық бойынша жұмыс жасаймыз.
- Оқулықтағы 275-жаттығуды дауыстап оқып шығыңдар. 2-3 оқушы дауыстап оқып шығады.
Мұғалім:
- Мөтіннен көптік жалғауын тауып, астын сызып көрсетіңдер.
Оқушы:
Мәтіннен көптік жалғауды тауып, астын сызып көрсетеді.
Мұғалім:
Тақтадағы жазылған көптік жалғауларын дауыстап оқып шығындар.
Оқушылар бұларды оқып шығады.
Қорыту: сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақ қорытылып, үйге тапсырма беріледі.
Балалар, үйге зат есімнің көптік жалғауын жаттау, 277-жаттығуды орындау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін сал- ды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда "Баяншы" деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге "әліппені" пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жөн-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама-ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп "Оқу құралды" жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы "Тіл құралын" ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп "Тіл жұмсарын", төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды міндетіне алып, "Баяншыны" жазды.
Әрі аудармашы, әрі ақын, әрі қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсыновтың сан салалы еңбегіне арнап оның 50 жылдық тойына жазған мақаласында М.Әуезов былайша баға берген еді. "Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны - "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты ... Тарих ұмытпайтын істер болмақ. Жаңа өсіп келе жаткан қазақ интеллигенциясы Ахаңның еңбегінің өнімді болуын тілеуден жалықпайды" (1923 ж. "Ақжол" газетінде).
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі