А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

      "Қазақстанда халық ағарту ісінің дамуы кеңес өкіметінің құрылуымен тұс- па-түс келді. "20-ы жылдары мектептердің әлденеше түрі болды. Олар: 1-2-3-4 жылдық оқу курсына негізделген бірінші сатыдағы мектептер, жанында интернаттары бар мектеп-коммуналар, жеті жылдық мектептер, екінші сатыдағы мектептер. 1920-1921 оқу жылында республикада 144 мың оқушысы бар 2410 мектеп жұмыс істеді".

    XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы ұлттық педагогика, психология, педология ғылымдарының даму кезі болды.

    А. Байтұрсыновтың психологиялық көзқарастары туралы Қ.Жарықбаев , Н.Іргебаева аз да болса қүнды пікірлер білдірген. Мәселен, Қ.Жарықбаев: "...тек, "Әдебиет танытқыштың" өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой-пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық. Мұңдағы "Көрнек өнері", "Сөз толғау", "Лұғат әуезділігі", "Жанжақтау", "Жанқоштау", "Көріктеу","Ес үғымы", "Іс үғымы", "Зейіндеме" атаулар мен ұғым-түсінік- терде сондай-ақ, оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлеріңде халықтық психологияның теориялық қисыңдары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол", дейді. Сондай-ақ, Қ.Жарықбаев А. Байтұрсыновтың психологиялық пікірлерін айқындайтын "Әлілпе-таңбалар жұмбағы" еңбегі, ондағы түйіңдер психологиядан оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарына негізделгенін және ғалымның орыс психологы П.П.Блонский зерттеулерін басшылыққа алғанын айтады.

А. Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін зерделегенде оның өмірі мен сан-салалы қызметі, отбасы, заман өзгеруіне сәйкес ғұмырындағы елеулі өзгерістермен терең таныспау мүмкін емес екені белгілі. Ал, мүндай мәліметтерді беретін басты орыңдар бұл - мемлекетгік орталық архив қорлары, ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қоры, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және облыстық архивтің деректері. Соның ішінде, орталық мемлекеттік архив қорындағы А. Байтұрсынов туралы деректерге қысқаша шолу жасасақ, мұнда оның өмірі мен қызметін қамтитын құжаттар 1893 жылдан басталып, 1936 жылғы қыркүйектегі бұйрықпен аяқталады. Біз ҚРОМА-нен басқа жерлерде түпнұсқасы кездесе бермейтін, осынау қүнды деректерді А. Байтұрсынов мұрасымен тереңірек танысам деген оқырман қауымға көмегі тиер деген ниетпен төмендегідей хронологиялық кесте түріңде реттеп, бірізге келтіріп ұсынамыз.

     Бұл деректерді үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа: Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі құжаттар; Орынбордағы мұғалімдер школасы, Далалық генерал-губернатор канцеляриясы, Торғай, Ақмола, Семей облыстық басқару ұйымдары және т.б. Онда А. Байтұрсыновтың Орынбор мұғалімдер мектебіндегі оқуы, бағалары қойылған табелі, мұғалім мамандығын беру туралы куәлігі және 1900-1917 жылдар арасындағы саяси-ағартушылық қызметінен хабардар ететін мәліметтер. Екінші топқа: 1917 жылдардағы Уақытша Үкіметтің-Торғай облыстық комиссарының және Торғай облыстық басқармасының құжаттары. Мұнда А. Байтұрсыновтың саяси-қоғамдық қызметінен мол мәліметтер бар. Оның Торғай облыстық басқарма ісіне араласуы, Орынбордағы жалпы қазақ съезіне қатысуы, 1-2 Торғай облыстық қазақ съездері туралы деректер. Үшінші топқа: Қазревкомның, Орталық атқару комитетінің, Халық ағарту комиссариатының және басқа кеңес ұйымдарының құжаттары.

     Архив деректеріне сүйенсек, А. Байтұрсыновтың ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз. Яғни, Қазревком төрағасының орынбасары, Қазревком ішкі істер бөлімі меңгерушісі, Орталық атқару комитетінің мүшесі, Халық ағарту комиссарының орынбасары, Халық ағарту комиссары, Академиялық Орталық төрағасы болып жүрген кездерінде қазаққа "қазақ" атын қайтару,жерінің тұтастығының сақталуына, жергіліктендіру саясатына, Қазақ Автономиясын құру, сауатсыздықты жою, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету, қазақ мектептерінің негіз ін қалау, білім жүйесін реттеу, оқу-ағарту мәселесінің жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату, Казақстаңды зерттеу қоғамының негізін салу, тіл саясатын көтеру, қазақ жазуын реформалау, баспасөзді көтеру т.б. істерде көшбасшы, ірі тұлға болғанының куәсі боламыз.

    Міне, осындай деректерді оқып-үйрену, зерттеу арқылы А.Байтұрсыновтың  қысқа ғана өмірінде келер ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін бар ғұмырын күреске арнаған XX ғасырдың ірі тұлғасы болғандығына көз жеткіземіз. Демек бірегей тұлғалардың бірінің өмірі арқылы "тұлға" мен "тұлға", "қоғам" мен "дәуір" қосбірлігін зерделей отырып, оның жеке бастық, қайраткерлік қасиеті арқылы болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлгі-өнеге етуге толық мүмкіндік туады.

     А. Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетіңде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңғыш жарияланған саныңдағы "Құрметті оқушылар", "Мектеп керектері", "Қазақша оқу жайынан", "Орысша оқушылар" атты мақалалары дәлел. Автордың бұл мақалаларының мазмұнына үңілсек, оның негізгі мақсаты-бастауыш сатыны өркендету және оңдағы білім сапасын арттыру, ол үшін кәсіби шебер мамаңдар даярлау, мұғалімнің    біліктілігін   жетілдіру үшін педагогикалық білім  беруді  ғылыми  негіздеу болғанын байқаймыз.  А. Байтұрсынов бұл мақсаттарына жетті де. Оның "Баяншы", "Оқу құралы" т.б.ғылыми-әдістемелік еңбектері көп ұзамай дүниеге келген еді.

    Сонымен қатар, ол осы мақалаларыңда қазақ даласыңдағы оқу-ағарту ісінің ілгері баспау себептерінің бірі - қоғамдағы саяси-әлеуметтік теңсіздік, үкімет   және қазақ бай -шонжарларының  тарапынан  болған озбырлық  десе, екіншіден-жоғары және орта оқу орындары жоқ болғандықтан шолақ оқумен  қалатын аздаған  қазақ балаларының тілмәш, писарь болып шен қуып, шекпен табуға көшуі деп қынжылады, балаларының болашағына сылбыр-салақ қарайтын қазақ атқа мінерлерінің ой-өрісінен де  хабар береді.

     А. Байтұрсынов тек күндізгі білім беру ісіне ғана емес мектеп жасынан асып кеткен ересектердің сауатын ашу мәселесіне де ерекше көңіл аударды. Ол үшін: Сауат ашқыш. Дыбыс әдіс жолымен тәртіптелген қазақша Әліп-биді жазды. Архив деректерінен оның ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісіңде де аянбай еңбек еткеніне көз жеткізуге болады. 1920 жылғы 8 қыркүйектегі жене т.б. халық комиссариатының мәжілісіңде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары, жоспарлары жене сауат ашу кітаптарын шығару ісін көтеріп  отырды.

     Осы мәжілісте денсаулық сақтау жене халықты әлеуметтік қамсыздаңдыру мәселелері, қазақ еңбекшілеріне тегін білім беру ісі заң жүзіңде бекітілуі сұралған. Архив қорында А. Байтұрсыновтың жетім балалар жайын жақсартып, олардың мүмкіндігінше білім алуына жағдай жасағандығы туралы көптеген мәліметтер бар. Осы жұмысты орындауға байланысты "Балалар апталығын" ұйымдастыратын комитеттің халық комиссариатының арнайы қаулы- сы бойынша құрылуын талап етті.

    Демек, А. Байтұрсынов мұраларындағы ең негізгі мәселелер -оқу-ағарту ісін жандандыру, қазақ алфавитін жасау еді. Ахметтің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замаңдасы - Т. Шонанов былай қуаттайды: "...Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіңдік туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдниетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавиттің халық мектептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық". Алфавит мәселесінен басқа Ахметтің үкіметтен талап еткен мәселелерінің тағы бірі -жергіліктендіру саясаты еді.

     Т. Шонановтың Ахаңның 50 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: "Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты белек жандар болады. А. Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң - күрделі тұлға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы ", - деп әділ бағалаған.

     1920-1929 жылдар аралығында ғалым еңбектерінің шарықтау шегі болған. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Олар туралы жақсы ойлар баспасөз беттеріңде жарық көрді.

     Ал, 1937 жылы ғалымның жазықсыз жазаға ұшырауымен оның еңбектерін жариялауға тиым салынуына байланысты ол туралы жағымсыз көзқарастар туды. Мәселен, Ғ. Тоғжановтың "А.Байтұрсынов жене байтұрсыновшылдық туралы", А.Сембаевтың "Қазақ-совет мектебінің даму тарихы", Қ.Жарықбаевтың "Қазақ психологиясының тарихы", С.Мұқановтың "Есею жылдары" атты еңбектерінде А.Байтұрсынов туралы кертартпа, сыңаржақ пікірлер білдірілді. Мысалы, С.Мұқановтың "Есею жылдарында": "Советтік құрылыстың алғашқы жылдарыңда-ақ араб алфавиты қазақ жазуын қанағаттаңдыра алмайтынын көрсетті. Бірнеше әрпі қазақ тіліңде жоқ, қазақ тілінің бірнеше әрпі оңда жоқ. Осы қиыңдықты біреулер (әсіресе А. Байтұрсынов) оңай шешпек боп, араб әрпінің түсін өзгерте бастады: "б" әрпі - астыңда екі ноқат тұрса, "жаңашылдар" сол сызықтың  астына үш ноқат  қойып, арабта  жоқ, қазақта бар "и" әрпін жасады. Осындай жаңалықтар көп болды. Соның бірі" әліптің қасына" қол салу. Олай ету -қағаз басатын қазақша машинка жасау мәселесінен кеп туды. ...Қиындықты   жеңілдету  үшін "жаңашылдар" шұбалаңқы әріптердің "құйрығын" кесіп, кассаға сиярлықтай етіп шұнтитқан, осы "науқанның" кезінде "артық тұр" деп "әліптің" де қасын жұлған",- деп А.Байтұрсыновтың араб әліп-биін  жақтап, латынға кешуге қарсы болған  іс-әрекетіне өзіндік пікірін білдірген.

    Мұндай қарсы пікірлер Түрікшілер құрылтайыңда да болғанын байқаймыз. Бұл құрылтайда латын қарпін жақтап, араб қарпіне  қарсы 7 баяндама  жасалған. Оның екеуін профессорлар Жирков және Яковлев жасаған. Дегенмен, мұнда да ғылыми негізделген  латын  қарпінің артықшылығын дәлелдейтін, нақты пікірлердің болмағанын, ал кемшілік  деп негізге алған фактілердің барлығы А. Байтұрсынов түзген әріптерге емес, осыдан бүрынғы (15-16 жыл) араб қарпінің кемішліктері екеңдігі айтылған. Біз бұл жерде мұңдай еңбектің авторларын кінәлаудан аулақпыз. Себебі, сол кездегі қоғамдық - саяси, әлеуметтік жағдайлар ағымы олардан осылай жазуды талап етіп, мәжбүр етті деп есептейміз. Оған дәлел ретінде белгілі ғалым Т.Көкішевтің "Қағидаға айналған қателер" атты мақаласындағы деректерді келтіруге болады. Бұл мақаласында 1932 жылғы 10 январьда ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитеті "Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның теориялық майданыңдағы күрестің міңдеттері туралы" аталған қаулы идеологияның түтінін  басқа жаққа   бұрып, жалған сөйлеу, тарихты бұрмалаудың бастауы, негізі болғандығы туралы айтады. Онда: "Буржуазные и мелкобуржуазные теории оказывают влияние и на некоторых научных работников - членов партии. Отдельные коммунисты в своих работах часто повторяют те же буржуазные и мелкобур-жуазные теории. Так, тов. Рыскулов в своей книжке "Киргизстан" повторяет вслед за алашординцами и колонизаторами легенду о добровольном переходе в подданство царизму угнетенных масс Средней Азии. Тов. Сейфуллин в своем художественном творчестве воспевают старую феодально-родовую қультуру ("Кркчетав"). Товарищ Тогжанов в своих работах по казахской литературе допускает грубые ошибки, скатываясь на немарксисткие позиции Плеханова в литературоведении" ("Большевик Казахстана" журналы, 1932, N1, 87 бет) деліңді және тарихты бұрмалау процесі осыдан бастау алып, қаулаған өрттей бар ой-санамызды өзінің дегеніне бұрып әкетті.

     Қаулыны жүзеге асырудың алғашқы сөзін Мұстафа Қайыпназаров КазАПП съезіндегі баяндамасында (1932 жылы 26-29 февраль) айтса, Ө. Тұрманжанов "КазАПП-тың I сьезі не деді ?" атты мақаласында "Алашорда оқығандарын (жазушылар) төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де қазақ еңбекшілерінің, пролетариаттың дұшпаны болды дейміз. Еңбекшілердің досы емес, қасы болды дейміз" ("Әдебиет майданы" журналы 1932, №4, 3 бет) деп шығандатып жіберді.

     Бірлескен қаулыда аты аталған Ғ.Тоғжанов өзінің қатесін түзету мақсатымен, "Большевик Казахстана"журналының 1932 жылғы 5-санында "Байтұрсынов жене байтүрсыновшылдық туралы" мақала жазып, бұрыннан айтып, жазып келген ойларынан теріс айналды" деген пікірлерден мұндай тұлғалардың өз пікірлерінен бас тартып, солақай саясаттың шоқпарын соғу жолына ауытқу себептерін анғарамыз.

     Біздің зерттеу нысанамыз болып отырған А. Байтұрсынов мұраларының қолданылуы қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге жіктеліп:

    Біріншіден, А. Байтұрсыновтың көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және оған деген сол кезеңдегі көзқарастар, яғни ғалым мұрасын объективті бағалауға тырысқан мақалалардың, еңбектердің жарық көру кезеңі.                                  

    Екінішден, А. Байтұрсыновтың репрессияға ұшыраған кезеңнен ақталғанға дейінгі уақыттағы еңбектерінің насихатталуы (кеңестік дәуір); Ол 37-80 - жылдар аралығыңдағы уақытты қамтиды. Яғни, ғалымды қаралау, негізсіз айыптау түріңдегі еңбектердің жариялану кезеңі.

     Үшіншіден, еліміз егемеңдік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жар- ық көруі және оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысында зерттелу жайы қарастырылды.

     Қорыта келгенде, А. Байтұрсыновтың ағартушылық, педагогикалық мұра- ларын зерттеу барысында оның филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темір қазықтарының бірі болып табылатынына көзіміз жетті.

 

1.3. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері

  

А. Байтұрсыновтың ағартушылық еңбегінің алғашқысы "Қырық мысалдың" бірінші бетіңде осы кітапқа енген аудармаларын 1901-1904 жылдары тәржімелегенін ескертіп, әрі "Замандастарыма" атты өлеңінде:

      Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

      Әзірге қолдан келген осы барым.

      Қанағат азға деген жоққа сабыр,

      Қомсынып, қоңырайма құрбыларым 

- дегенде халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасыңдағы жақсылықтарды ізденіс жолында пайдалануды, үлгі етуді мақсат-ниет тұтқанын айтқан. Ғалымның әрбір мысал соңыңдағы қорытынды түйіні оқырманды өзінше тұжырым жасауға, ойлануға итермелейді. Ел бірлігі, оқу, білім, адалдық, шешеңдік, тіл мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену А.Байтұрсынов мысалдарындағы-басты дидактикалық тақырып. Біз үшін ғалымның  ең бағалы мұралары оның ағартушылық, прогрессивті идеялары, халқының кертартпа кесапатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы. Мысалы:

      Білмейсің жөнің менен терісіңді

      Ел болып іс етпейсің келісімді.

      Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,

      Шығарсың қолыңа ала керісіңді

- десе, тағы бірде:

      Келгенде өзді - өзіңе мықты-ақсыңдар,

      Қайтейін, өзге десе көнгішіңді.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі