А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

    Сондай- ақ, алғашқы оқулық авторлары еңбектерінде білім берумен қатар тәрбие мәселесіне де зор көңіл бөлінді. Мысалы, К. Сырғалин «Өнеге яки намуна» атты бастауыш мектепке арналған еңбегінде адамгершілік қасиет- терді қалыптастыру мәселесіне ерекшше мән берді. Автор әңгімелерінде бірлік, достық, жақсылық жасау, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, аманатқа қиянат жасамау сияқты қасиеттерді бала санасына берік қалыптастыруды мақсат еткен.

    Сонымен бірге, К. Сырғалин «Қазақша әліппе» кітабының алғы сөзінде ұстаздарды да ізгілікке шақырып «оқытқан уақыттарыңызда жылы жүрек, жұмсақ сөз, адамгершілікпен оқытыңыз"-дейді.

«Өнеге яки намуна» еңбегінің соңғы бөлімінде автор «дүние, адам қайдан жаралады» деген философиялық-танымдық мәселелерге бастауыш мектеп деңгейінде жауаптар беру арқылы оқушы танымын кеңейтуге тырысады. Ал „Әліппе" атты туындысынан М. Нұрбаевтың мұғалім оқушыға тиянақты білім беру үшін тәжірибелі, әдіскер болуы шарт деген көзқарасын анық аңғарамыз. Ол әліппесін әр әріпті үйретуге арналған 42 дәріске бөлген және мұғалімге арнап бір қатар әдістемелік кеңестер ұсынады. Онда ол ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтін мәнді пікірлер білдіреді. Оқытуды тек өзіндік мақсат емес, тәрбиелік, адамгершілікке баулудың басты құралы деп қарастырады.

       Жұмағали Ізбасаров татар мектептерінің оқулықтарымен таныса келе, олардың өмірден алшақтығын және тағы да басқа кемшіліктерін аңғарады. Ол мектепте жалпы білім беретін ғылыми пәңдерді оқьпу мәселесін көтереді. Оқу жоспарына тарих, география, есеп, жаратылыстану пәндерін кіргізуді ұсынады. Осы пікірі үшін ол медреседен қуылады.

      Осындай озық идеяның жүзеге асуы үшін қызмет еткендердің бірі - А. Байтұрсынов болды. Ол халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын арнаған ұлтжанды азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етті дей аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей империясының отарлау саясатымен тұстас келді.

А.Байтұрсыновтың немересі С.Көкішев "Ахаң туралы ақиқат" атты ғүмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері болғанға дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келе, былай дейді: "Ахмет - Торғай уезінің Тосын болысына қарайтын Ақкөл деген көлдің жанында Сарытүбек деген жерде Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне қосылған құйылысында 1872 жылы дүниеге келді. Ахаңның тұқымында өр кеуделі, ер мінезді адамдар көп болған. Байтұрсынның әкесі Шошақ күшті,мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын турашылдығымен ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын- қыстау күндерінде халқының мәдениетін, мұңын жоқтап сырттан болған әр түрлі шабуылдан қорғап, талай шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, ерлігі, ақылдылығы туралы әңгімелер ел арасынан кең тарап кеткен».

        Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің начальнигі Яковлевті көрсеткен озбыр- лығы үшін сабап басын жарғандықтан Сібірге айдалды. Осы оқиға Ахметке бала кезінде- ақ қоғамдағы әлуметтік теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес із қалдырғанын оның  «Анама хат» өлеңіндегі:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,-

деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы А. Қопсықбақовтың ауылнай школында, одан соң Қостанай уезі Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс- қазақ школында мұғалім болды.

     1886 жылы  Ахмет Омбыға барып А. Е. Алекторовпен танысады. Осы жерде А.Е. Алекторовпен араласа келе, оның ішкі саяатын айқын аңғарады да, оны Н. И. Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді.               Ахмет 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс- қазақ школында, одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде -ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің «Қырық мысал» атты еңбегін жазады.

        Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде 9 айдай отырып  шығуы А. Байтұрсыновтың өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық- саяси күреске ертерек араласуына тура келді. Ол туралы белгілі ғалым К. Нүрпейіс: «ХХ ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық- саяси қозға-лыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық- демократиялық мақсат- міндеттерді қойды. Бұл істің басы- қасына екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар жүрді Олардың Ә. Бөкейханов басқарған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық мүдделерін білдіретін қоғамдық -саяси ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі буржуазиялық -демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Солардың қатарында А.Байтұрсынов та болды»-, дейді.

     А.Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыпта -сып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918жылдар аралығында "Қазақ" газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А.Байтұрсынов қоғамдық және саяси - әлеуметтік жағдай- ларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлттық кітап -хананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол "Қазақ" газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А.Байтұрсынов осы газет бетіңде 1913 жылы "5 мың десятина жер", "Жауап хат", "Қазақтың бас ақыны", "Алаш азаматтарына" (М. Дулатовпен бірге), 1914 жылы "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері", 1916 жылы "Қазаққа ашық хат", "Сібір депутат- тарының мәжілісінде ", "Қазақ жұртына" (Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге), "Торғай һөм Ырғыз уезінің халқына" (М.Дулатов, Тұнғаншин, Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы "Шорай Ислам"(Ә.Бөкейхановпен бірге) және т.б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру,сауатсыздықпен күрес,ұлттық баспасөз ісінжандандыру мәселелерін көтерді. А.Байтұрсынов "Революция және қырғыздар"атты мақаласында: "М.Тыньшбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді большевиктік анархия- дан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уакытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А.В.Колчак үкіметі және т.б.) байланы -сына және Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады".Мұндай мақала- лар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды  бүркеншік атпен де беріп отырады. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер- білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші- насихатшы болды.

А.Байтұрсынов: «газета- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай крек болса, халыққа газет сондай крек... Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып,қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады»,-деп газеттің қазақ халқы- на тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізгі болатын 1911 жылы шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан» және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттерінде қазақтың қоғамдық, саяси- әлеуметтік жағдайлары туралы мақала- лар үздіксіз жарияланып отырды. «Қазақ» газеті де дүниежүзіндегі және ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан- жақты түсіндіріп отырды. Яғни, «Қазақстанның Россия империясы жүйесіндегі  орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін  таңдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ- орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т.с.с. «Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құрауға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді».

    «Қазақ» атты газет шығаруда Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынов мақсаттарының ортақтығын көреміз. Ұлы ағартушы Ы. Аллтынсарин де 1879 жылы Орынбордан бүкіл қазақ жұртына тарайтын қазақ тілінде газет шығаруды ойластырған болатын. Оны Орынбор генерал- губернаторы Н.А Крижижановский мақұлдаған. Ы. Алтынсарин болашақ газеттің №1 санының үлгісін өз қолымен жасап, 1880 жылы мамырдың жиырма сегізінде газетті шығаруға байланысты ішкі істер министріне хат жазған. Газет қазақ және орыс тілдерінде форматы 45 х 35 см. көлемі 8 беттік болып жоспарланған. Алғашқы 4 беті қазақша, сонғы 4 беті орысша аудармасы. Газеттің аты - "Қазақ" (орысша - "Киргизская газета") деп аталады. Газеттің 4 бөлімнен тұруы көзделген:

       бірінші бөлім: "бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар";

екінші бөлім: "ел ішіндегі хабар";

үшінші бөлім: "шет жұрттардан келген хабарлар";

төртінші бөлім: "таңсық әнгімелер"

     Ы.Алтынсарин бар күш-жігерін салып, ашуға тырысқан "Қазақ" атты газеті сол кездегі Ресей чиновниктері саясатының кесірінен шықпай қалды. Оның ізбасар інісі А.Байтұрсынов газет ашу ісі патша үкіметінің қатаң бақылауын- да болса да, ойын орындап, мақсатына жеткен. "Қазақ" газетінің атын неге "Қазақ" деп қойғаңдығы туралы А. Байтұрсынов: "Аталы жұртымыздың, аудаңды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғүмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай қарын тойғанша мөз болып, мал өліміндей өлмейік",-деу арқылы газеттің мақсаты халықтың рухани көсемі ретінде қызмет ету, ағартушылық ісіне көшбасшы болу екендігін анғартады.

       Сондай-ақ, А.Байтұрсынов газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өұтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратындығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндет- терін төмендегідей көрсеткен:

"1) қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;

2) мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;

       3) ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б". Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.

      XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналдыруды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.

      Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясының өзінде де көптеген тартыстар, саяси - қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың  зиялы қауымы белсене араласты. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандық ұлт-азаттық  қозғалыстың дамуын М. Қозыбаев өзінің «Ахмет Байтұрсынов- ХХ ғасырдың ұлы реформаторы» атты мақаласында Ресейдегі ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде Ресейлік жаңа реформаторлық буынның бір тармағы есебінде бой көтерді.

      Ұлт-азаттық қозғалыстың бірден- бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конститутциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гумманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенімен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттама- ды, атой салып, жауға шапқан заманына даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан өткізді. Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің бірі болды. Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларынан ұлттың өзін-өзі билеуіне қарсылығын көрді, қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүргізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын көрген Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті. Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққанды»,- десе, С. Сейфуллин 1923 жылы 30- қаңтарда «Ахмет Байтұрсынов елеуге толды» деген мақаласында: «Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады»,- деп әділ көрсетті.

   «Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған Шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ, Алаштың зиялылары  жұртым деп халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғады. Ол жалпы ұлттың зор- отаршылдар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық ділі, ислам діні еді", -дейді ғалым М.Қозыбаев. Ал, белгілі саяси қайраткер М.Шоқай 1917 жылғы Бүкілқазақтық съездің Орынбор қаласында өту себебін: "...темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер. Бұған қоса ғүлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды жазушы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты қаламының арқасыңда қалың елді аузына қаратқан "Қазақ" газеті де осында шығарылып, таратылатын.

    Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мұнда Бірінші бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осында еді", - деп А.Байтұрсынов тұлғасы мен оның "Қазақ" газетінің саяси салмағын әділ бағалаған.

     Демек, А.Байтұрсыновтың энциклопедист-ғалым, ағартушы ғана емес, қоғам қайраткері, білгір саясаткер екенін байқаймыз.

    Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы 12 -26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақтық съезде құрылған "Алаш" партиясының негізін салуға, Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкілқазақтық екінші съезде "Алаш" партиясының бағдарламасын талқылауға белсене ат салысып, өзіндік үлес қосқанына осы деректер арқылы көз жеткізуге болады.

    "Съездің күн тәртібінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасы талқыланды. Съезде талқыланған мәселелердің ең негізгісі қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын құру еді. Қазақ зиялылары құрған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы он бөлімнен тұрды.

     Бірінші бөлім : "Мемлекет қалпы"деп аталды. Мұнда мемелекеттің басқару формасы қарастырылды. Алаш бағдарламасының жобасы жарияланған кезең- де Кеңес өкіметі Ресейдің мемлекеттік құрылымын ресми құжатпен анықта- маған еді. Тек 1918 жылы 16 қаңтарда Ш Бүкілресейлік Кеңестер съезі "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқығы Декларациясын" қабылдады, онда "Советтік Ресей республикасы ерікті ұлттар одағы негізіңде, советтік ұлттық республика федерациясы ретінде құрылады»,- делінген.

   ...Сонымен, Алаш партиясы бағарламасы жобасы жарияланған соң екі айдан кейін Кеңес үкіметіні Ресейдің федеративтік құрылымы туралы идеясын жариялады. Демек бұл Алашты құрушылардың Ресейдің саяси даму  перспек тивасын дәл, дұрыс анықтағандығын  көрсетеді."Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі", "Федеративті республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, һер қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында Учредительное собрание мен Госдума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болуы тиіс. Президент халықты министрлер аркылы басқару, ал министрлер учредительное собрание мен госдума алдында есепті болуы" туралы жазды.

       Екінші бөлім: "Жергілікті бостандық''- деп аталды. Мұнда "Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республика- сының федерациялық бір ағзасы болуы, реті келсе Қазақ автономиясы сыбай- лас жұрттармен өзірге бірлес болуы, Реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы",- айтылды. Бұл бөлімде халық қамы үшін әділ жұмыс істейтін мем- лекет қызметкерлерін таңдау принципі қарастырылады. Осыдан келіп, жерді басқару, милицияда істеуге лайық адамдарды халық өзі қалауы керек дей келе, Алаш партиясының негізін құрушылардың мақсатын білдіреді. Оны: "Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нащарларға жолдас, жәбірлерге жау болады ",-деп айқындайды.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі