Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27
2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55
А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойына М. Әуезов: «Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды",- деп атап көрсеткендей бар ғұмырын қазақ ұлтының егемен ел болуына арнаған ағартушының мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасьш, жастар тәрбиелеу ісінде өзіндік үлесін қосуда.
Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтьщ бар өмірін сарп еткен ағартушылық еңбегімен саяси қайраткер ретінде танытатын лауазымды қызметтері қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар әсерінен туындады. Оның педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына сол кезеңдегі саяси хал-ахуал мен үкімет саясатының тікелей ықпалы болды.
Сонымен қатар, А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің Шоқан, Абай, Ыбырай сынды ойшылдарымыздың артына қалдырған мол мұраларынан нәр алғаны аңғарылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық педагогиканың дамуына белгілі тұлғалар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев жене т.б. зор үлес қосты. Олар қазақ халқының жарқын болашағы - тек оқумен, біліммен ғана келмек екенін жастардың санасына құюға тырысты. Жас ұрпақты білімге, мәдениетке, өнерге, адамгершілікке шақырды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басыңда аға ұрпақ идеясын жалғастырушы бір топ қазақ зиялылары көш басшыларының бірі- А. Байтұрсыновтың Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық идеяларын зерделей келе, аға ұрпақтың тәлім-тәрбиелік мұраларын жоғары бағалап кана қоймай, оларды таратушы, насихаттаушы болғанын көреміз. Соның ішінде, Абай шығармаларының таралуына А. Байтұрсыновтың өзіндік үлес қосқанын ҚР Орталық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардан көруге болады. Өзі төрағалық еткен мемлекеттік баспа редакциясының алқа жиналысында (4.03.1921 ж. мәжілісхат №5) Қазан қаласынан қырғыз тіліндегі оқулықтарды шығаруға қаулы қабылдады:
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов "Қазақ" газетінің 1913 жылғы 39,41,43 сандарында жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласында: "Абайды қазақ баласы тегіс танып,.. тегіс білуі керек. Абайды қолымыздан келгенше қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып көпке көрсетпекшіміз",- деп Абай мұраларын насихаттау, абайтану ғылымында келер ұрпаққа жол салу мақсатын білдіреді. А. Байтұрсыновтың бұл мақсаты туралы М.Дулатов өзінің "Абай" атты мақаласыңда: "1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда " Абай өлендерінің жазбасын алғаш А. Байтүрсьшовтан көрдім. Сонда, А.Байтұрсынов айтты: "Естуімше, Абай өз өлеңдерінің басылып шығуын қаламайды һөм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һөм өлеңдерін бастыру жайын сөйлесемін деген Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-іңде опат болды", - деп Абайды Ахметтің көре алмағанын бірақ, Абай тағылымы алдында тағзым етіп, үлгі-өнеге еткенін дәлелдейді. Оған тағы бір дәлел, Т.Қожекеев өзінің "Халқымен қайта қауышты қайран ерлер"атты мақаласыңда:"Ахаңды саналы, арлы, намысты ортадан шығып, орысша білім алып, еліне қайырымдылық көрсеткен, ізгілік істеген азаматтардың бірі екенін атап айтқан. Оны өткен ғасырдағы үш ағартушы - Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ісін XX ғасыр басында жалғастырушы деп көрсеткен",-дейді.
1.2. А. Байтұрсынов және оның мұраларының зерттелу жайы
және оның педагогикалық идеяларының
ЬІ. Алтынсарин идеяларымен үндестігі
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп жалпы білімм берудің әлемдік стаңдартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлттық тарих, салт-дәстүрлерімізді еркін игеріп, пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердің бірі - қазақ халқы еді. Халқымыздың біртуар перзенттері А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Т. Рысқұлов, Х. Досмұхамедов, С. Қожанов т.б. осы зұлматтың құрбаны болды.
1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін "Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбаңдарын еске алу жылы" деп жарияланды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып, былай деген еді:"Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, соңдай- ақ, басынан кешкен қасіретгі өле-өлгенше санасында жаңғыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді...
Осы күнге жете алмай, зорлық пен зомбылық көріп, көздерін жұмған аталарымыз бен аналарымыздың, ағаларымыз бен апаларымыздың жаңдары жанатта болғай!". 1998 жыл "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы", 1999 жыл жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы",- деп жарияланды. Яғни, "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы салт-дәстүрді келер ұрпаққа жеткізудің жолы. Сондықтан, осы жылдың басты идеясы аға ұрпақ жинақтаған адамгершілік және әлеуметтік тәжірибеге аялай қарау болып табылады". Демек, аталған жылдары жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды көздейді.
Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүниетанымымызды кеңейтіп, жеке тұлғалар өмірінің төлімдік мәнін зерттеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, Х.Досмұхамедовтың, Д.Бабатайұлының, Т.Шонановтың, А.Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың және т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан-жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды.
А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерей тойына орай "Ахмет Байтұрсынов тағылымы" және Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңның орындалу барысы тақырыбына арнайы өткізілген конференцияда ғалымның мұрасын оқытуға байланысты төмендегідей мәселелер қарастырылды:
- ұлы ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерейтойына арналған конференциялар, жиындар "Ахмет тағылымы" атты семинар сабақ, оқулар өткізу;
- барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде,арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, мемлекетгік тілді оқыту деңгейін көтеру. Сөйтіп, оны жеке адамдар арасыңдағы қарым-қатынаста, іскерлік байланыста және қазіргі кездегі іс жүргізуде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты іспен айналысу;
- әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтардың пайдалануына жеңіл, әрі тиімді әдістемелерді, көпшілікке арналған өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды шығаруға ат салысу, әрі оған қамқорлық жасау;
- мемлекеттік тілді қолдануды дамыту жөніндегі құрылған қалалық "Мемлекеттік тіл" қорының жұмысына ат салысу;
- А. Байтұрсынов атындағы мұражайда алдағы уақытта "Ахмет поэзиясы", "Ахмет өлеңдері", "Ахмет - тіл зергері", "Ахметтану ілімі", "Ахмет тағылымы" тәрізді тақырыптар бойынша кездесу, сұхбаттар өткізуді дәстүрге айналдыру;
- "Мемлекеттік тіл және А.Байтұрсынов" деген тақырыпта мектеп оқушыларының шығармашылық байқауларын ұйымдастыру;
- басқа ұлт өкілдерінің байқауларын өткізіп, тілдің шынайы жанашырларын А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтармен марапаттау;
- кітапханалар мен мұражайларда А. Байтұрсыновқа және тіл саясаты мәселелеріне арналған көрмелер, сұхбаттар, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күнін халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының басшылығымен жыл сайын Тіл мерекесі ретінде ерекше дайындықпен
өткізіп отыру; т.б.
А.Байтұрсынов қазақтың ағартушы педагогы Ы. Алтынсариннің тікелей ізбасар-мұрагері және оның идеясын жалпақ қазақ даласында іске асырушы қайраткер болғандықтан, оның педагогикалық мұраларын Ыбырай еңбектерінен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, ең алдымен Ыбырайдың ағартушылық идеясы қандай еді, А.Байтұрсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастырды деген мәселелер төңірегіңде ой қозғау қажет. Ыбырай заманы Ресей патшалығының отаршылдық саясатымен тұстас келді. Орыс патшасы қазақ еліне мектеп ашуды сылтауратып өзінің отаршылдық саясатын жүргізді. Оны Н.И.Ильминскийдің синодтық обер-прокурор К.Н.Победоносцевке жазған хатынан аңғаруға болады.
"Біз үшін - дейді ол,- бұратаналар орысша сөйлегенде жаңылып, қызарып, орысша жазғанда көптеген қате жіберетін болып, жалғыз губернатордан ғана емес, төменгі бастықтардың бәрінен үрейленіп қорқып тұратын болса жақсы болар еді,"- деп өздерінің саясаттарын әшкерелеп береді.
Егер, Ы. Алтынсариннің шығармашылық және ғылыми еңбектеріне зер салатын болсақ, оның идеясы Н.И.Ильминский идеясына мүлде қарама-қарсы екенін байқаймыз. Оған дәлел, Ы.Алтынсариннің мектептерде христиан дінін оқытуға қарсылығы және ислам дінінің мән-мағынасын қамтыған "Мұсылманшылдықтың тұтқасы" атты еңбегін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі еді. Ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыра отырып, негізінен адам гершілік тәрбиесі мәселесін қамтитын бұл еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен жарыққа шықты. Осы еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде Ы. Алтынсарин былай деді: "біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхам- мет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім" - дейді. Яғни, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты - дінді адамгершілікке тәрбиелеудің құралы деп түсініп, өзінің педагогикалық мақсатына икемдей пайдалану еді. Ы. Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие беру мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдастық т.б. мәселелерге кең көңіл бөлді. Өзінің хрестоматиясында қазақтың төл әңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беру арқылы ол ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре үйретуді көздеді. Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік потенциалы бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Ағартушы шығармашылығының негізі - адамгерішлікке, имандылыққа тәрбиелеу болды. Оның пікірінше, осыңдай қасиеттер тугелдей бір адам бойыңда қалыптасқаңда ғана ол парасаттылық- пен біреуге жанашыр бола алады.
Ы. Алтынсарин шығармаларының бәрі адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін, адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша оқытудың негізгі мақсаты - пән мазмұны бойынша ақпараттар беру ғана емес, жалпы іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс.
Ы. Алтынсарин ашқызған алғашқы ұлттық мектептердің құрылымдары төмендегідей еді:
1. Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2. Төрт жыл оқытатын бір кластық мектеп.
3. Алты жыл оқытатын екі кластық училище.
Осы мектептерден қазақтың белгілі ағартушы қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ғ.Балғымбаев, Б. Өтетілеуов және т.б. білім алды. "Ғұлама ағартушы ғалым" атты еңбекте: "Ы.Алтынсарин мектебін бітірген қазақ зиялыларының бірі: Ахмет Байтұрсынов - Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы мұғалімдер училищесінде оқыды",- деп атап көрсетеді. "Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - А. Байтұрсынов"-деп Қ.Мұхамедханов атап көрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай негізін салған ағартушылық идеяларды жалғастырушы болды. Олардың идеяларының үндестігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан, этнографиялық еңбектерінен, мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз. Мәселен, А. Байтұрсыновтың "Оқу жайы" атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәлелдейді. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші...
...Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер - білім, сол өнер - білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екеңдігімізді білдірер едік," - деген мақала жолдарынан ағартушының егемен ел болудың, тәуелсіздіктің тірегі- білім деген нақты тұжырымды халық санасына жеткізгісі келгенін аңғарамыз. Сол сияқты "осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте қүстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген - ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген - ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басыңда біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен", - деген пікірінің де Ы. Алтынсариннің "Өнер-білім бар жұрттар..." атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас, үндес екені байқалады. Екі ағартушы бір-бірін іштей түсініп, елінің келешегі тек өнер-білімде деп қарап, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды мақсат етті. Өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин "Ауыл ауылды аралап, елден қаржы жинап, Торғай, Қостанай, Ырғыз-Ақтөбе өнірінде бірнеше мектептер ашып, ал мектептерде діни оқудың орнына дүнияуи пәндерді оқытуды қолға алып, "Қазақ хрестоматиясын" ұсынса, сөйтіп қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінсе", А.Байтұрсынов "Оқу жайы" атты мақаласында "Қазақ ауылында оқу жайы нашар, кемшілігі есепсіз көп, шебер маман, сайлы мектеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйрететін, білгір маман даярлайтын оқу орны педучилищелер жоқ,"- деп дабыл қағады. Және ".. қазақта қай жерде болмасын қазақ үшін ашылған школдардың бәрі де аулынай школдар, бір ғана Қостанай уезіңдегі 132 школдың 109-ы ауылнай школдар, ал мұндай школдардан қазақ балалары тірішлікке пайдалы білім аларлық деңгейге жетпейді",-дейді. Сонымен қатар, мектеп, орта және жоғарғы оқу орыңдарын ашу керек, оларды дамыту, қаржылаңдыру мәселесін "Қазақ" газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол көрсетіп отырады деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін білдіреді.
А. Байтұрсынов "Бастауыш мектеп" атты мақаласыңда Ресей үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: "Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тідде, бір діңде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, еуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай оилағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау",- деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын және жатып оқи- тындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, -екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Оңда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқыла- тын соңғы екі жыл. Мұңда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек дейді. Демек, бұл салыстырулардан ғалымдардың мақсат-мүддесінің үндестігін, әрі заманына қарай өзіңдік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз.
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі