А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4

1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................................................................................   6

1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6

1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні ....................................................................  14

1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ......................................................................................................  27

 

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40  

2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40

2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44

2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары     ....................... ........  50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен  қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық  руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық- патриот- тық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.

      Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

       Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет. Себебі, олар халық мұңын мұндап, ұлттық, халықтық ар-намысты оятуды, қалың елі қазағының басқалармен терезесі тең ел болуын, өнер-білімді еркін игеруін аңсады. Осы ұлы көштің көшбасшысы бола білген Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басындағы қаранғылық қапас пен надандық ен жайлаған қазақ елінің мүшкіл халіне қабырғасы қайысып:

Қазағым елім,

Қайқайып белің

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың

Канауда жаның

Аш көзіңді оянып,                                                 

Қанған жоқ па әлі ұйқың                                        

Ұйықтайтын бар не сиқың - деп ашына ақыл  айтып, ой салады.                                                   

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,                         

Жол сілтедім жақын емес алысқа.                  

Өзге жұрттар өрге қадам басқаңда                             

Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа"--                       

деп өнер-білімі бар озық мәдениетті елдерді үлгі етті. Ойшыл-оқымысты қазақ зиялылары ұлттық, халықтық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді. "Елдің өзін ел сезінуін, өзгелермен тең сезінуін, өзінің ұлтын ер сезінуін, қайраттанып, намыстанып, жігерленіп өмір суруін" армаңдады. Сол жолда революционер- демократтарша өмірінің ақырына дейін күресе білді. Асыл арман жолында ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиюдан да тайынбады.

Сондай ғалымдардың бірі - А. Байтұрсынов еді. "Ахмет Байтұрсынов - ұлттың тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға", - деп    Ә.Кекілбаев атап көрсеткеңдей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расыңда да ешкіммен салыстыруға болмайды. "Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар". Ол ашқан "Қазақ" газеті мен қазақ мектептері, Қазақ мұғалімдер қурсы, ол жасаған қазақ термиңдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу-ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшан теңіз.

      Ол ақталған жылдан бастап оның энциклопедист - ғалым екендігін дәлелдейтін мақалалардың баспасез беттерінде  толассыз жарияланғаны туралы Л. Нұрғалиева «Ақталғандар тағдырының қазіргі баспасөз беттерінде зерттелуі» атты мақаласында: «А. Байтұрсынов жайында қазақ мерзімді баспасөзінде мынадай дүниелер жарияланып, оқырман назарларына ұсын- ылды: С. Әсіпов «Ұлттық ымыраға келудің басы еді», Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова  «Сан қырлы саңлақ дарын», С. Негимов «Дархан дарын», Б. Сарбалаев «Бес бәйтерек», Ж. Ысмағұлов « А. Байтұрсынов пен М.Дулатов творчествосындағы  идеялық-көркемдік ізденістер", Т.Қожакеев "Алыптың өмірінен үш үзік сыр", С.Қирабаев "Ахметтің ақындығы'', Д.Досжанов "А.Байтұрсыновтың істі болу тарихы" және т.б. - дейді.

    Ал ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғы- да зерттеу жұмыстары А.Кыдыршаевтың "А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары" атты ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытудағы орны- ның ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның "А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеу" атты ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының төлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің "Қазақтың тәлім-тәрбиесі" және "Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы" атты еңбектерінде       жақсы ашылып  көрсетілген.

    Қазіргі кезде педагогика ғылымы бойынша көптеген жеке тұлғалардың педагогикалық мұраларын зерттеу жұмыстары Т.Тәжібаев, Ә. Сыдықов, А.Көбесов, А.Ильясова, Р.Көшенова, А.Құдиярова, З.Көккөзова, С.Баймұрат- ова, А.Тұрсынова т.б. ғалымдар еңбектерінен көрініс тапқан.

    Бүгінгі танда А.Байтұрсынов еңбектерінің әр салада зерттелу жайы біршама жолға қойылған. Мәселен, тарих  ғылымы  бойынша М. Қойгелдиев, Ө.Айтбаев, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, К.Нүрпейісов, т.б., филология саласы бойынша Т.Кәкішев, Р.Сыздықова, Р.Нұрғали, К.Құсайынов, А. Мектепов,

Т.Қордабаев, Ү.Суханбердина, Б.Қойшыбаев, Д. Досжанов, т.б., педагогика және психология саласы бойынша С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Н.Іргебаева, т.б. еңбектерінде ағартушының артына қалдырған мұрасын жан-жақты зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдарын  айқындап береді.

     Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы,  оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерде білім мен  тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері өлі де болса жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта аламыз. Ал, ол кеңінен зерт -телуі және қазақ педагогакасы тарихынан занды орнын алуы тиіс.

     А. Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерт- теп педагогикалық  колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық жене практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығар- машыл тұлға қалыптастырудың  маңызы мен мәні аса зор.

     Егер, А. Байтұрсыновтың  педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіңдіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса, оңда рухани құңдылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік. Осы мақсатты көздеп ұстаздар қауымына А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектеріндегі төлімдік ойларды ашьш көрсетуді мақсат еттік.

    "А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайда- лану"атты біз ұсынып отырған ғылыми-әдістемелік еңбек екі тараудан тұрады.

     "А. Байтұрсынов мұраларының  ғылыми-педагогикалық негіздері" атты бірінші тарауда оның педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар, педагогикалық мұраларының зерттелу жайы және

Ы. Алтынсарин идеяларымен үндестігі, еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері қарастырылады.

    Ал, «А. Байтұрсыновтың тәләмдік ой- пікірлерін оқу- тәрбие үрдісіне негізудің әдістемесі» атты екінші тарауда А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселері, Ахмет мұралары  бойынша жасалған «Ахмет тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасы, оны педагогикалық колледждер мен орта мектептің оқу- тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары сөз болады.

       Біз осымен Ахметтану мәселесі толық шешілді деген пікірден аулақпыз. Оның еңбектерін тарих, қоғамтану, ән-күй пәндерінде пайдалану мәселелері өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін тақырып.

      Біздің мақсатымыз оқу-ағарту ісінің майталманы, көрнекті қоғам қайрат- кері, педагог, түрколог А. Байтұрсыновтың педагогикалық еңбегінің бір қырынан сөз етіп, орта мектеп мұғалімдері мен педколледждердің оқытушы- ларына көмекші құрал ретінде ұсынып, оларға аз да болса әдістемелік-педагогикалық тұрғыда көмек көрсету болды. Осы тұрғыда бұл еңбектің оқытушы-ұстаздар қауымына пайдасы тиеді ғой деп есептейміз.

 

        1.    А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми- педагогикалық негіздері

 

Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси- әлеуметтік жағдайлар.

    XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына тұтастай бағынуы, жер-жерлерде әскери бекіністердің, сауда-саттық өркендеген қалалардың салынуы, орыс шаруаларын Ресей отаршылдарының  қазақтың шұрайлы жерлеріне қоныстандыруы т.б. саяси- экономикалық қарым-қаты-настар, қалыптасып қалған көшпелі халықты бірден отырықшылыққа айналдыруы қазақ халқына едәуір әлеуметтік-психологиялық кері әсер етті.

     "Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша   шет   аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізідді. Өйткені, патша  өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі жолы-мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз". Осыңдай мақсатты   жүзеге асыра бастаған Ресей миссионерлері мұсылман елінің бірлігін ыдырату, халықты дінінен, тілінен айыру, бұратана халықтарды шоқыңдырып, ата-баба салтынан, дәстүрінен қол үздіріп тоз-тозын шығару үшін ғасырлар бойы қолданып келе жатқан алфавитін жойып, мұсылмандық мектеп -медреселерді жоғалтып, орыс-қазақ мектептерінің санын көбейтіп, оларды бірте-бірте таза орыс тілді мектептерге айналдыруды көздеген алуан түрлі сұрқия істерін жүргізді. Патша үкіметінің мұңдай саясатпен ашқан мектептері қазақ халқы-ның ұлттық ерекшелігіне, мәдениетіне үйлеспеді. Себебі, отаршылдардың басты мақсаты- қазақ халқын сауаттандырып, көзін ашу, білімді болуын қамтамасыз ету емес, орыстандыру, жазба мәдени етінен ажырату болатын. Ұлттық мектептердің азаюы, әлсіреуі осындай отаршылдық саясаттың күшеюінің нәтижесіне байланысты еді. Мұндай саясаттың белең алуына қарсылық білдірген  алғашқы  қазақ ағартушысының бірі -  Ы. Алтынсарин болды.

     Осы ғасырдың  аяқ кезінде қазақ  мектептері құрылымына байланысты екі түрлі көзқарастар туындады. Алғашқылары - орыстандыру, шоқыңдыру, ұлттық тіл мен діннен, мәдениеттен қол үздіруді көздеуші миссионерлер (Н.И. Ильминский, А.Е. Алекторов т.б.), ал сонғылары - орыс халқының озық идеяларын негізге ала отырьш, халқының дүниежүзілік білімді игеруін қалаған ұлт ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б.).

     "ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қырым, Еділ жағалауы, ондай-ақ Қазақстан, Орта Азия өлкелерінде пайда болған жаңа жадид ағымының жетекшісі  И. Гаспиринский  еді. Жадид ағымына белсене қарсы шыққандар- дың бірі белгілі миссионер Н.И.Ильминский болды. Жадид ағымы мектеп, медресеге  байланысты төмендегідей мәселелерді көтерді: біркелкі   оқу   жоспары   мен   бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін  бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрапия,  жаратылыстану, тарих тағы басқа дүнияуи пәндерді енгізу аркылы қазіргі заман талабына сай шәкірттер- ге орта білім беруді қамтамасыз ету; сауатсыз, фанатик-моллаларды тиісті білімі бар  мұғалімдермен алмастыру; дыбыстық  оқыту әдісін енгізу; мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндет атқаруды жеңілдету; мұсылман мектептерін бақылау- ды үкімет инспекторына, не дін қызметкеріне жүктемей, жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты

ету болды".

     Жадид ағымын қолдаушылар оқу-ағарту ісін бір ізге салып жүйелеуді, барлық халықтың бірдей білім алуын, білім деңгейінің сапасын көтеруді, ол үшін жаңа заман талаптарына сәйкес бағдарламалар, төл оқулықтар, маман- дар даярлау ісін жандандыруға ұмтылды. Жадид ағымыньщ көшбастары "білім   негізі - бастауыш мектепте" деген қағидаға зор  мән  беріп, бастауыш   мектептің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлді.Олар жастарды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті үлгілерімен кіріктіре білім беруді көздеді.Сол үшін осы кезеңде ұлт мектептерінде ана тілін оқыту- ға байланысты елеулі өзгерістер іске асырылды. Көркем әдебиет пен жалпы мәдениеттің қол жеткен жетістіктері негізінде бастауыш мектептерге арнал- ған ана тілі оқулықтарын жазу мәселесі қолға алынды. Оқытудың тиімді жол- дарын жан-жақты қарастырды. Осыған орай көптеген жаңа оқулықтар дүние- ге келтірілді. Мәселен, М. Нұрбаевтың «Қазақша әліппесі» ( Қазан, 19101), И. Арабаев пен Х. Сәрсекевтің  «Әліппе яки төте оқуы» (Уфа, 1911), М. Молдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппесі»(Уфа, 1912), Қ. Қожықовтың «Әліппесі»(Орынбор, 1912), К. Серғалиннің «Қазақша әліппесі» ( Қазан, 1913), т.б. төл туындылар дүниеге келді. Сондай- ақ М. Дибердиевтің  «Қазақ балаларына қирағат кітабы» (Қазан, 1910), М. Молдыбаевтың  «Қазақша оқу кітабы» (Семей, 1912), М. Кәшімовтың «Үгіт»(Қазан, 1907), «Әдеп»(Қазан, 1908) т.б. оқу құралдары жазылды,»- деген мәліметтерден жадид ағымының жетекшілерінің ұлттық мектепті жаңа арнаға салу, сапасын көтеру үшін аянбай тер төккендерін байқаймыз. Мәселен, Ғалия медрессе -сінде оқыған - Сәйфи Құдашев: «Жалғыз Тройцк қаласының бір өзінде ғана 300- дей қазақ шәкірті бар. Егерде бұл шәкірттер аянбай еңбек етсе, халық арасына есепсіз көп жаңа пікір тарайтыны айқын. Қазақ даласының  мәдениет жолына аяқ басуы және өнер- білімге жетуі ең алдымен саналы білімді шәкірттерге байланысты. Біздің қазақ балаларымыз аталы сөзге өте тез түсінетін зерк халық. Алған білімімізді босқа шашпай, қолымыздан келгенше пайдалы жерге жұмсап, қараңғыда қалған халықтарды нұрландыруға тырысу- біздің шәкірттеріміздің өтелмеген борышы,»- дейді.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі