А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

   Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" атты еңбегі бастауыш сыныпта қазақ тіл- ін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі. Осы кітаптың алғы сөзінде оқытуға қатысты негізгі дидактикалық принципті айтқан. Ол - тіл оқытуда оқушының шамасы келетін нәрсеге үйретіп, оның оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру. Бұл дидактикалық қағиданы ғалым әдістеме жазуда негізгі ой қазығы еткен, әліппе, оқулық жазуда осы принципті басынан аяғына дейін ұстанған. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі 14 жыл мұғалімдік тәжірибесінің негізінде қалыптасқан. Оған осы еңбекке жазған алғы сөзі дәлел.

    Ғалымның "Баяншы" атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I бөлім "Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері" деп аталады. Әдісте- менің II бөлімі "Дыбыспен жаттығу" деп аталады.

    Еңбектің I бөлімінде Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат береді. Бұл - әліппеде бар мәлімет. Бірақ ол замаңда қазақ тілінің дыбыстық құрамы әлі ғылыми тұрғыда дәлелденбеген мәселе болған. Мұғалімдердің ол туралы білімі де шамалы екені сөзсіз. Араб алфавитінде қазақ тілінде жоқ дыбыстардың талай әріптері жүрді және ол туралы автор- ларда пікір алалығы да ұшырап отырады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов бұл мәселеде мұғалімдерге толық дерек беруді көздеген. Ол тікелей әдістеме мәселесі болмағанмен, мұғалімнің оқыту обьектісін анықтап қоюды көздегені дұрыс деп санаймыз.

    Сонымен бірге ғалым алфавитте осы дыбыстардың қалай белгіленгеннен мұғалімге мағлұмат беруді көздеген. Бұл оқулықта автор қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшеліктері мен жазу белгілеріне арнайы сөз арнаған. Қазақ тіліндегі дыбыстардың ішіңде Ғ мен Қ, Г мен К, Е дыбыстарынан басқалары бірде жуан, бірде жіңішке айтылатындығын көрсете келіп, Ахмет Байтұрсынов оның әрқайсысына жуан, жіңішке таңба белгілейтін болсақ мысалы, Т -.Ь.^.Ог^.іСг.сЬ^ сықылды: онда 19 дыбыс үшін 38 дыбыстың белгісі керек, оған жуан айтылатын ғ мен қ-ны, жіңішке айтылатын г мен к, е-ні қоссақ, бәріне 43 белгі керек екендігін баяндайды. "Ал араб алфавитінде 43-ке жететін әріп жоқ" дейді автор.

    Мұндай көп әріптіліктен Ахмет Байтұрсынов құтылу жолын тапты. Оның ойынша, дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде де, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қалай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді, яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыс- сыз иә жарты дауыстылар да жуан, жіңішке айтылса, олар да жіңішке айты- лып, сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып жазылсын деген пікір айтады. Оның еңбегінің маңызы мен құны да осындай өзгерістер енгізуінде.

Әріптерді меңгеру үшін Ахмет Байтұрсынов еңбегінің соңында мынандай әдістемелік жүйелі ұсыныстар айтады:

    1.  Әрбір жаңа әріпті үйрену үшін, сол әріптен тұратын қысқа -қысқа сөз айтып, дыбысын айырбастау керек.

    2.  Оны тақтайға жазу керек.

    3.  Сол әрпі бар сөздерді оқыту, жазғызу керек.

    4.  Жазған кезде жіберген қателіктерін оқушы баланың көзінше түзету  керек. 1921 жылы Ташкенттен Ахмет Байтұрсыновтың "Оқу құралы" басы- лып шықты. Ол әрбір оқулық кітабын шығару кезінде оның мазмұнына, мәніне аса көңіл бөледі, ол оқулықтың үйрену, оқу кезінде жеңілдік берер жағын іздестіреді. Осы еңбегінде ол өзінің ұстанған жолы, нені мақсат ететіні туралы "Сөз басында" баяндайды. Балалар ең басынан қиналмас үшін оқуға ықыласты болу керектігін, жігерлі құм болмай, шабыттана кірісуі керектігін еске салады. Ол оқытатын, үйренетін әліппенің жеңіл де жұмыр, сапалы, баланың ой-өрісіне, ұғымына дәл болу керек екенін түсіндіреді.

    Осы жайында өз ойын былай жеткізеді:  "Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптар қанат байлағандай көтеріп зораймақшы. Осыны ойлап, әліппенің оңай болғанын көздеп әуелі әліппені бастан-аяғына дейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым" (Байтұрсынов А. "Оқу құралы", Қысқаша әліби. Ташкент 1921 ж, 1-бет).

    "Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері" деген бөлімінде бұрынғы оқулықтарында айтып, жазып келген ой-пікір, ұсыныстарын қайта- лайды.

    Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Адамзат баласы алдымен сөйлеуді үйренеді, сосын жазуға көшеді.

    Сөздің өмір сүру формасы - дыбыс болса, әріп сол дыбысқа берілген шарт- ты таңба. Бір дыбыстың өзің түрліше өрнектей беруге болады. Ахмет Байтұрсынов дүние жүзіндегі қолданылып келе жатқан тілдердің жазу жүйе- сін айта келіп, ағылшын, француз, неміс, орыс жазуларының бәрінен артығы қазақ жазуы деп біледі. Себебі, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне арналған әрпі барлығы, әрі сол әріп өзі таңылған дыбыстан қайда тұрса да айрылмай- тындығын айтқан.

    Ахмет Байтұрсыновтың көрсетуінше, жаза білу үшін әуелі тілдегі дыбыс- тарды тани білу керек.

    "Оқу құралының" "Дыбыспен жаттығу" деген бөлімінде әр дабысты қалай таңбалау керек, оны қалай жазып үйрену керек, калай меңгеру керек деген мәселелерді егжей-тегжейді баяндап, балалар ұғымына түсінікті қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұл турасыңда автор өз ойын былай береді: "Оқу үйрен- гендегі бас мақсат керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу... Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз қыла білмейді. Себебі, олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді, оқуға балалар дыбыс үйренеміз деп келмейді. Оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ, дыбысты білмей, дыбыс тың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын, сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға әріп көрсетпей тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтырады. Дыбыспен жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, онан келетін пайда көп" (Байтұрсынов А. Оқу құралы. Ташкент. 1921, 9 бет). Дыбыстарды дұрыс меңгеру үшін не істеу қажеттігін айтады. Оның ойынша, біріншіден, балаларға әр түрлі дыбыс барлығын білдіру: екіншіден, таныс сөздерді көрсетіп, олардың ішінде қандай дыбыстар бар екендігін айыру: үшіншіден, бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз етуді үйрету; Төртіншіден, меңгерген дыбыстарын оқыту, сөз құрастыру:

    Балалар бұл дыбыстарды тез меңгеру үшін сол дыбыстардың әріптерінің суреттерін жаздырып үйрену. А.Байтұрсынов бұл дыбыстардың әр қайсысы- на таңбалану ерекшеліктеріне қарай өзінше ат қойған. Мысалы: С^р /б/ таңбасы нұқта, .-гР. /ф/ ілгекті шеңбер, ..-^. /д/ тұяқ, ..9.. /р/ шан бас, .§?. /о/ шақша бас, £?. /ш/ шоқпар, ли /с/ ирек, % /х/ кұс тұмсық, ...£.. /дәйекші/ ашық ауыз, „^Г/ы/ шәйнек мойын, .у.. /к/ ұшеу, ..Д. /е/ шығыршық. Сөйтіп, бұлардың барлығын әріп деп қабылдамай, алдымен суретін салдырып үйрет- се, онда бұл әріптерді балалар тез меңгереді, үйренеді деп түсіндіреді автор.

    Ахмет Байтұрсынов осы оқулығында әріптерді балаларға үйрету кезінде толып жатқан әдістерді қолданған. Ол өзі жасаған алфавиттегі әріптерді үйрету барысында алдымен жазып үйрену үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне басты назар аударады. "Сол дыбыстарға арналған әріптерді тани білу жөн" дейді автор, сол үшін сауаттану, яғни үйрену үшін сауаттану әдісін қолданған,  бұл  әдіс  бойынша  әр  адам  жаза  білуте  талпынады. Сондай-ақ, ол әріптерді үйренуде дыбысты әдісті де қолданған. Бұл әдіс бойынша мұғалім бір дыбысты айтады да "Ол не дыбыс?" деп балалардан сұрайды. Балалар сол дыбысты мегеріп, болған соң, оның әріптік таңбасын суретпен, не тақтаға жазып көрсетеді. Әріптерді тани білгеннен кейін, сол әріптерден қысқа-қысқа сөздер құратып үйретеді.

    Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақша оқу жайынан" деген мақаласын- да "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселер- ін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек" - деп жазғаны - ұстаздарға айтылған ғибрат.

    "Оқу құралы" арқылы балаларға сауаттандырып алғаннан кейін, ол енді қазақ тілін пән ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықгың әр бөлігі жеке-жеке "Тіл құралы" деген ат- пен жариялана бастайды. 1914 жылы морфологияға арналған II бөлімі, 1915 жылы фонетикаға арналған I бөлімі, содан кейін синтаксиске байланысты    ІІІ бөлімі жұртшылыкқа ұсынылады. Мұның қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген. "Тіл құрал" - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей-көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың "Сөз басында", "Тіл құрал" деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелі кезде сондай жат көрінер, өйткені қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын" дейді. ПІынында да ол жат болмақ түгіл, бірте-бірте   соншама   үйреншікті,   қазақ   балаларының   бірнеше буынын тәрбиелеген. 14-15 жыл бойы мектеп оқушыларына ана тілінің табиғатын танытқан, ет бауыр дүниеге айналады.

    "Тіл құрал" десе жұртшылық қазақ тілі оқулығын, оқулық десе, тек қана Ахмет Байтұрсыновты білетін болған.

    Қазақ тіл білімінің қалыптасуында айрықша рөл атқарған бұл еңбектерді саралағанда, жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мәселесін тіпті де аттап өте алмаймыз. Әлгіндей оқулықтар түзу барысында Ахмет Байтұрсынов әрбір ұғым, түсінік, нәрсе, затқа, әсіресе грамматикалық категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Сол кезеңде жасалып, қазір мүлде қалыптасып тұрақтанған зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, ұстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, дыбыс, әріп, қағида, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі т.б. толып жатқан терминдер - тіл ғылымын дамытудағы зор үлес. Әрбір грамматикалық категорияның өзіне тән атауын дәл тауып, жіліктеп, жіктеп, саралап беру оқу жүйесіндегі ісімізге айрықша әсер еткені мәлім. Мәселен, сөздерді тұлғасына, мағынасына қарай бөліп, саралап, қолмен қойғандай етіп көрсету мамандардың қай-қайсысын да таң қалдырған. Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдер жүйесі күні бүгінге дейін тілімізге мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы, тіл білімінде, түркітануда үлкен орын алатын - типология, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынов өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдердің типологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды.

    1. түбіршік тіл (түбір), 2. Жалғамалы тіл, 3. Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгермей жұмсалады, мәселен, қытай һәм жапон тілдері. Жалғамалы тіл- сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл - сөз түбірімен қопарылып өзгертілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болған- дықтан, жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгермей аяғына жалғау қосылып өзгереді. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. "Құлақ"деген сөзге "тың" деген жалғау қоссақ, "құлақтың" дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер "құлақ" деген сөзге "шын" деген жалғау қоссақ, "құлақшын" болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгеріледі. "Құлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "кұлақшын" болған соң, басқа киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан "тың" тысқарғы, "шын" ішкергі жалғау болады.

    Ұлттық терминологияны қалыптастыруда, ұлттық термин жасам принцип- теріне қазіргі заман лингвист-ғалымдары өз зерттеулерінде ғалымның ойлар- ын кеңінен сөз етіп, оған арқа да сүйеп келеді. Ахмет Байтұрсынов тұсында- ғы тіл білімін, қазақ тілін зерттеу сипаты және олардың даму деңгейі мен қазіргі заман лингвистика ғылымы жеткен биіктік арасында 70 жылмен өлшенетін үлкен кезең, толық бір дәуір жатыр екен. Бірақ тіл біліміндегі Ахмет Байтұрсынов айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үлесімді сабақтастығы, кейінгі қалам қазақ лингвист-ғалымдарының еңбектерімен жалғасты.

 

II ТАРАУ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ӘДІСКЕР, ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ.

 

   Ахмет Байтұрсынов алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдары дүниеге келтір- умен бірге, осы оқу құралдарын практикада қалай пайдалануға болады, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды шәкірттерге қалай ғылыми тұрғы да меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде де ойланған. Ол - заманның әдіс- темелік теорияларын өте жақсы меңгерген ғалым. Озық елдердің тіл оқыту әдістемелік ілімін жетік білуі қазақ тілін оқытуға арналған төл әдістемелік еңбектер жазуға әсер еткен, өйткені жазбаларынан "Баяншы", "Әліппе астары", "Нұсқаушы" (қай жылы жазылғаны белгісіз), "Тіл жұмсар" секілді әдістемелік еңбектерін және "Баулу мектеп", "Жалқылау" (айырыңқы әдіс), "Қай әдіс жақсы?", "Дыбыстарды жіктеу"туралы мақалаларын атауға болады.

   Бұлардың ішіңдегі автордың "Әліппе астары", "Нұсқаушы" деген екі кітабы әзірге қолға түспеуде. Ахмет Байтұрсынов мұраларын жинаушылардың айту- ына қарағанда бұл еңбектер Мәскеу, Санкт-Петербург, Уфа қалаларының кітапханаларынан да кездеспеген. Ұлттық кітахана мен Ғылым Академиясы- ның сирек қолжазбалар бөлімінен де ұшырастыра алмадық. Дегенмен аталған әдістемелік дүниелер қолымызға түспегенімен, кейбір деректерге сүйене келіп, бұл еңбектердің қандай бағытта жазылғанын аңғаруға болады. Мәселен, әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов Ахмет Байтұрсынов жұмыстан боса- ған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазып жүргенін айта келіп: "Бұрынғы окушыларға белгілі "Тіл құрал", "Оқу құралдарынан" басқа соңғы жылдарда "Әліппе аттарын" һәм қазақша жазған, бұл соңғы кітабы осы күнде Орынборда басылып жатыр" деп хабарлайды. Бұл 1923 жыл болса, ал 1924 жылы "Әліппе астары" еңбегі Орынбор қаласынан 24 беттік көлемде басы -лып шығады. Нұсқаудың алғашқы бетінде "Оқу құралы" деген қазақша әліп-би бойынша үйретушілер үшін шығарылған "баяншы" деп көрсетілген. Әдіскер М. Жұмабайұлы да Ахмет Байтұрсынов әліппесінің дыбыстық, әдіспен құралғанын сілтей келе: "Бұл әлифба бойынша қалай хат танудың жолы Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" һәм "Әлифба астары" деген кітап-тарында көрсетілген. Мұғалімдер соларды жолбасшы қылсын", - деп жазады. Ал ғалым Р.Сыздықова "Оқу құралын" пайдаланудың жалпы сауат аштыру әдістерінің  жөн - жобасын "Әліпби астары" атты  әдістемелік  еңбегіңде көрсетеді, - деген.

    Ахмет Байтұрсынов "Баяншы" әдістемелік нұсқауы 1920 жылы қазан қала- сының алтыншы мемлекеттік баспаханасында жарыққа шықты. Көлемі 15 бет. Таралымы 8600 дана. Еңбектің алғашқы бетінде "Қазақ мұғалімдері үшін" деп көрсетілген. Әдіскер нұсқауға жазған сөз басында: "Жаңа оқу жылымен таныс емес оқытушылар, төмендегі "Қазақ дыбыстары һәм жазу белгілері" деген һәм "Дыбыспен жаттығу" деген екі сөзді оқып әліппе қалай тәртіп етілгенін көріп, оқу бастауы артық емес. Бұл екі сөз оқушылар емес, оқытушылар үшін жазылған - деп те көрсетеді. Бұл еңбек - ағартушының көп жыл бала оқыта жүріп жасаған әдістемелік тәжірибесінің түйіні, тұжырымы. Оған Ахмет Байтұрсыновтың "Адамның өзіңдік кәмілдік болмаған соң, ісінде де кәмілдік жоқ. Сондықтан 14 жыл бала оқытып аңғарған, сезген, білген іс көргенін болса да, әліппе мінсіз болады демеймін. Ұнамсыз мінді жерін аң- ғарған адамдар көрсетсе, көп-көп алғыс айтамын, - деуі де дәлел.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі