Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27
2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55
"Баяншы" 1920 жылы баспа жүзін көрді дедік. Бірақ әдістемелік нұсқаудың жазылуы бұдан ертерек секілді. Бұны алғаш байқаған тілші ғалым Р.Сыздықова жоғарыдағы еңбегінде былай деп жазады: 1912 жылы шыққан бұл "Әліппеден" біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" атты әдістемелік кітапшасы сол кезде-ақ бар екендігі. Оған мына мәтін дәлел: "Бұ алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып, дыбыспен қалай жаттықпақшы - бұлар жайын "Баяншы" деген кітап- шадан қараңыз.
Тілші ғалым пікіріне біз де қосыламыз. Келтірілген үзіндіге жүгінсек, сауат аштыру, тілді оқыту әдістемесінің негізін жасауға ұмтылыс нәтижесін- де әзірленген "Баяншы" еңбегі 1912 жылға дейін дүниеге келген болып шығады.
"Тіл жұмсар" әдістемелік нұсқауы екі кітаптан тұрады. Алғашқысы 1928 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақстан баспасынан жарық көрген. Көлемі 45 бет. Әдістемелік алғашқы парағында: "Сөйлеу, оку, жазу тілін жұмыс тәжірибес арқылы танытатын 1- ші кітап. Білім ордасы бірінші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған", деп жазылған 90 беттік көлеміндегі "Тіл
жұмсардың" екінші кітабы 1928 жылы, Қызылорда қаласында басыла- ды. Еңбектің "Дәйектеме"деп аталған бөлігінде Ахмет Байтұрсынов жетек- ші құралдың ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама береді. Автор "Бұл "Тіл жұмсар" деп ат қойып отырған кітап ана тілін жоғарыда айтылған жаңа жол- мен (тәжірибе арқылы білім алу)үйретуге ыңғайланып шығарылған. Мұңдағы білім -"Тіл құралдағы" білім, бірақ сол білімді мұңда үйрету жолы басқа. "Тіл құрал" қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін, түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. "Тіл жұмсар" сол үлкен құралдың бөлшек- терін, тетіктерін балаға шағындап, бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады" - деп бастайды. Одан әрі әдіскер, нұсқау бөлімінде қамтылған мәселелерді, оларды меңгертудегі алға қойған түпкі мақсатты айқындайды. "Тіл жұмсардың" қазір екі бөлімі ғана шығып тұратынын айта келіп, 1 бөлім- дегі жүргізілетін жұмыстарға мыналарды қояды.
1. Әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектерімен сөйлем бөлшектерін жаза білу.
2. Дәйекші керек қылмайтын дыбыстардың әріптерін білу.
3. Сөздердің жекелік, көптік тұрлерін таныту.
4. Көбінесе айтылатын сұрау сөздермен танысу.
5. Жеңіл сұрауларға жауап жаза білу.
6. Сөзге үлесетін сөз теріп ала білу.
7. Оңай туатын сөздерді туғыза білу.
8. Тасымалдаумен танысу.
9. Сөздерді сипырға (цифрға), сипырды сөзге айналдыра білу.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов "Бұл бөлімінде бақылау мен мәнісін білу жағынан тура тұтыну тәжірибе жағы басым болып отырады. "Тіл жұмсар- дың" екінші бөлімінде бірінші бөлімдегілердің келетіндігін, бірақ олар пысықтау ретінде емес, бұрынғы бөлімдерді терендетіп, аудандарын кеңейтіп білдіру ретіңде ұсынылатынын ескертеді. Енгізілген жаңа жұмыс түрлері ретіңде мысалдарды атайды.
1. Сөйлемдердің түрлерін тану.
2. Сөздердің, дыбыстардың негізгі түрлерін тану.
3. Орын талғайтын дыбыстармен танысу.
4. Сыбайлас дыбыстардың бір-біріне енетін әсерлерімен танысу.
5. Дыбыс екпінін тану.
Ахмет Байтұрсынов бұл бөлімінде тәжірибе арқылы байқаумен алған білім жұмсау жүзінде іске асып бақылау мен жұмсау екеуі де теңбе-тең бірдей жүріп отыратынын айтады.
Әдіскер дәйектемеде де "Тіл жұмсардың" берер пайдасы жөніңде де түйін- ді пікірін білдіреді. Ақырында айтып өтетін емле үйретуге "Тіл жұмсардың" екі бөліміңдегі қолданыстың нәрсе жеткілікті. Соның бәрін балалар дұрыс- тап, түгел қолданып өтсе, емленің 90 процент шамасы білуге дыбыс жүйелі. Оны білу үшін буыңды жақсы білу, дұрыс буыңдай білу, сөздің буындарын біліп отырып жазуға әдеттену керек.
"Әліпби" мен бірінші "Тіл жұмсар" көлеміндегі нәрсе де мезгіл де, білім де жеткілікті. Онан арғысын 2-ші "Тіл жұмсармен" толықтырып, үшеуінің көле- міндегі нәрседен 90 процент білімін толық алуға болады. Онан әрі қалған 10 процент білімін 3-ші "Тіл жұмсар" беруге тиіс. Сөйтіп бақылау мен жұмсау тәжірибе жолымен "Тіл жұмсардың" үш бөлімінің беретін білімін алғанда балалардың сауаты емле жағынан толық жеткілікті болмақ деген оған айғақ. Ахмет Байтұрсынов дәйектемесі 1928 жылы наурыздың алтысында Қызылорда қаласында жазылған. Берілген үзіндіден және бір байқайтын мәліметіміз Ахмет Байтұрсыновтың "Тіл жұмсар" әдістемелік нұсқауының үшінші кітабында шығаруға жоспарланған. Бірақ, ол еңбектің жарық көріп үлгермеуі сонымен, "Тіл жұмсар" ана тілін дұрыс қолданып дұрыс тұтыну жолдарын үйрететін әдістемелік құрал.
Ғалым Р.Сыздықова бұл еңбектің ерекшелігін дәл байқап "қолданбалы грамматика" деп бағалады. Нұсқау "Тіл құрал" оқулығында грамматикалық ұғымдарға және "Әліпбидегі" текстерге сүйенген.
Ахмет Байтұрсынов әдістемелік еңбектерінің біраз бөлігі мақалалар тобы- нан құралады. Әдіскер еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінде "Ана тілінің "әдісі" мақаласы мен "Оқу құралы" еңбегі деп аталған. Бұл оқу құрал- дың өзге оқу құралдардан айырмашылығы онда "Усулсатие" жолымен тәртіп етілген қазақша әліпбиге "Баяншы" деп жазылған. Бұның бірінші бетінде "Балалар бұ жол басы даналыққа" деп келетін алты тармақгы "Тарту" өлеңі берілген. Бұл шумақ алғаш рет Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынбор- дан шыкқан тұңғыш әліппесінде жазылған болатын. Көлемі 15 беттік әдісте- мелік еңбек. 1921 жылы Ташкент қаласынан шығарылған.
Ал "Ана тілінің әдісі" мақаласы 1927 жылы "Жаңа мектеп" журналының 9 нөмірінің №1, 23-31 беттерінде жарияланған. Бұған қоса ағартушының "Баулу мектеп" (Трудовая школа) атты проблемалы мақаласы журнал бетінде 1925 жылы (№1, тамыз) басылған болатын. Өкініштісі сол, жоғарыдағы айтылған екі мақала да Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері топтастырылған "Тіл тағылымы" деген бағалы жинаққа енбеген. Бұл құнды екі зерттеме "Тіл тағылымы" секілді екі оқу-ағарту, әдіс- темелік еңбектерінің топтамасынан көріну керек еді. Аталған жазбалардың 1991ж. "Жалын" баспасынан жарық көрген "Ақ жол" жинағына да ілінбегенін білуші едік. Әрине, бұнда өлендер мен тәржімелер, көсемсөздері мен әдеби зерттеуінің басы қосылған еді.
Ахмет Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш әліппесін "Оқу құралы" Орынбор- да шығарды. Оның жаңа әліппесі қазақ халқының мәдени тарихындағы үлкен жаңалық, зор еңбек болды. Қазақ балалары тұңғыш рет өз жазуында әріп танып, қазақша оқи алатын болды. А. Байтұрсыновтың бұл кітабы тұңғыш рет оқу-ағарту саласында ілгері басуға зор серпіліс туғызды. Оның 1912 жылдан бастап жазған еңбегі, ұсынған жаңа жазуы іс жүзінде қолданыла бастады. 1912 жылы әдіскер ғалым мектеп балаларын қазақша оқыту үшін арнайы тағы да кітап жазды. Ол әдістемелік еңбегі "Тіл құралы" деп аталады. Бұл оқулықтағы қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық болды. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың бұл еңбектері қазақ ұлттық жазуын қалыптастырудағы алғашқы табысы болды. Әдіскердің ойынша тілдің ғұмыры ұзақ. Сол ұзақ ғұмырыңда тілдермен бірге олардың жазулары өзгеріп отыратындығын айтады. Оның "Тіл құралы" тұңғыш оқулық болумен бірге, қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдап, жұйелеп танытып берген қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Ғалым Р. Сыздықова- ның айтуынша "бұл оқулықтар - қазақ тіл білімі" атты ғылым саласының ана тіліндегі бастамасы. Қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да сөз топтарын ажыратып сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да күні бүгінге дейін А. Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізі сақталып келеді. Тілдік әр категориясының классификациясынан бастап бүкіл термин- деріне дейін, қазіргі мектеп грамматикаларынан Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік оқулықтарының ізін табуға болады. 1914 жылы А. Байтұрсынов- тың "Тіл құрал" атты әдістемелік кітабы Орынбор қаласынан шықты. Бұл кітаптың "Сөз басында" ғалым былай дейді: "Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиынды күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы...
... Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытатын, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміздің бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше, әуелі өз тілімізбен оқытып сонан соң басқаша оқытылуы тиіс. "Тіл құрал" Орынбор 1914 ж. 1-ші жылдық, 1 бет. Ал бұрын татарша, орысша оқып келген балалардың ендігі жерде өз тілінде оку мүмкіндігі туғандығын әңгімелейді. Ол осы "Тіл құрал" еңбегінде қазақтың дыбыстық жүйесі мен жазу дағдыларын егжей-тегжейлі жазған. Ол туралы өз ойын былай жеткіз-еді. "Тіл құрал" деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да сондай жат көрінер, өйткені, бұл қазақтарда бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе, жаңа шыққан кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқай қалатын арабша һәм, орысша наху, сарф үйренгендерге жат көрінгенімен, түсініксіз болмас. Араб һәм орыс наху, сарфларында оқылатын заттар мұнда да оқылады. Айырмасы сол ғана: онда арабша иә орысша айтылған есімдер мұнда қазақша айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір аты ғана басқа ("Тіл құрал", Орынбор, 1914ж. 1-ші жыл, 1 бет). Ахмет Байтұрсынов бұл әдістемелік кітабы кейін бірнеше рет қайта басылды. Осы "Тіл құрал" кітабының маңызын кезінде М.Дулатов жақсы түсініп, ерекше бағалаған. Ол өз ойын былай айтады: Орысша грамматиканың арабша наху сарфты жақсы білетін қазақ баласы жете аңғарып, ақыл таразысына салып, бір-екі рет оқып шықса, бұл кітаптың құнын білер, үстірт қарап, саулатып өте шықса шытырман тоғайда адасқандай, асылына тұсіне алмас деп шамалайын "Тіл құралдың" артықшылығы: жалпы қағидаларға сүйеніп, белгілі тәртіппен, түзіліп, шылғи қазақ тілімен жазылған орысша, арабша наху сарафты һәм нәрсе қазақша аталып, қазақ тілінің табиғаты сақталып, тура мағынасы өзгер- тілмей, өз атымен аталған. Сөз таба алмай қиналып мағынасы деп келмейтін еш нәрсе алынбаған. Мұнда қолданған сөздер алғашқы кезде біраз жат көрі- нер,әрбір жаңа нәрсе басында солай болатыны белгілі. Бірақ, түсіне, жаттыға, құлақ үшін болса кем жаттығы болмаса керек.
Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан кітаптармен оқы- тамыз, һәм әдебиетіміз шын қазақша болсын дегенде бұлардың бөрінің негізі "Тіл құрал" екенін ұмытпаса керек. Бұл біздің оқу құралдарымыздың, ең қиын, ең керекті мүшесі еді, бұл да көңілдегідей болып шықты 1922 жылы Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақ тілі" атты әдістемелік оқулығы жарық көрді. Бұл оқулығында автор казақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар 17, оларға араб әліппесіндегі тура келетіні 13, жетпейтіні 4 дыбыс деп, оларға араб алфавитін дегі әріптер негізінде жасалған жаңа әріптердің ретін береді. Олар п, ш, ң, г әріптері.
1926 жылы шыкқан "Әліпби" атты әдістемелік оқулығында ғалым әрі ағар- тушы ұстаз әліппені шығарудағы өз мақсатын былайша жеткізеді: "Өзгеріске дейін Ресейде қалың оқушылар қолданған "Төте оқу" деген дыбыс негізгі әдіс екендігі мәлім".
Бірден дыбыстарды қосып сөз қылып оқығандықтан, бірден харіптерді қосып сөз қылып жазғандықтан, епсік пен қадімше оқудың қасында бұл әдіс анағұрлым төте еді. Сондықтан да "төте оқу" деп аталып еді. Арттағы жұрттардың бәрі қазақ. Басқалар жаңаланып жатқанын көріп, біз де жаңала- ғымыз келеді. Бірақ не пайда?
Көңіліміз тілегенмен, қолымыз жетпейді, іске жалғыз көңіл емес, қол да керек. Сондықтан жаңаланамыз десек те, жаңалық бізден әлі алыс жатыр.
Бұл әліпби кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегімен қол қысқалы- ғын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде шығарылып тұр (Ахмет Байтұрсынов "Әліп-би", Жаңа құрал, Қызылорда, 1926 ж. 1-4 бет).
Кейін 1927 жылы Ахмет Байтұрсыновтың "Жаңа әліппе" атты әдістемелік оқулығы шықты. Бұл еңбегіңде автор араб жазуыңдағы әріптер мен оған ұқсас тұлғада айтылатын қазақ тіліндегі әріптерге талдау жасайды.
Қазақ әліппесіне арнап шығарған әріптердің ішінде дыбысы бар. Ахмет Байтұрсынов бұл әріптің де қазақ тілінде бар дыбыс екендігін айтады. Мысалы, шаршаған кезде уһ деп күрсінеміз, жақтырмаған кезде туһ дейміз, өкінгенде аһ дейміз. Бұл әріпті автор алфавиттен, шығарып тастаған, оның себебін осы дыбыспен жазылатын сөздердің аздығынан деп түсіндірген бола- тын, ғалым бұл дыбыстың жоқгығы кей сөздерде жазу барысында сезілмей- тіндігін қоса айтады. Со (ф) дыбысы қазақ тіліндегі ъ (һ) дыбысына айтылуы жағынан жақындығын айтады.
Мұнда ғалым көбінесе әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көп жұм -салатын сөз белгілерін жаза білуді үйретеді. Дәйектемесіз жазылатын әріп- тердің таңбаларын көрсетеді. Бұл оқулығының соңыңда да А. Байтұрсынов үйренген әріптерін меңгерген тексеру үшін түрлі тақпақ, әңгіме, жаңылтпаш- тар берген.
Қорыта келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың әдіскер ретіндегі жазылған ғылыми әдістемелік еңбектерінің дүниеге келуі, олардың баспасөз бетінде жариялануының жайы осындай. Ал осы әдістемелік нұсқау көмекші құралдарының, мақалаларының құрылымы көтерген мәселесі қандай деңгейде екеңдігі - өз алдына кең әңгіме.
III ТАРАУ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ұлттық тілді оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолына үңілсек XX ғасырдың бас кезіндегі алғашқы онжылдықтардың салмағының молдылығы- на, маңыздылығына көз жеткізуге болады. Өкініштісі сол, қолымызда бар тіл біліміне, әдістеме іліміне қатысты зерттеу еңбектердің бірде-бірінде, әмбебап сөздігімізде де сол тұстағы ағартушы, әдістемеші зиялыларымыздың аты-жөні көрсетілмеген еңбектеріне объективті баға берілмеген. Ендеше осы мерзімдерде жарық көрген газет-журналдарымыз бетінде жарияланған әдіс- теме, оқу-ағарту бағытындағы мақалаларды сын-көзден өткізу, саралау, сол сәттегі игі істің дамуына қосқан үлесін анықтауда құн тәртібінде деген сөз. Әдістеме тарихын бастау кезінің бір парағы. "Айқап", "Қазақ", "Мұғалім", "Шолпан", "Шора", "Сана", "Жаңа мектеп" секілді талай басылымдарда жатыр. Мысалы: Ғ. Қараштың "Педагогика" ("Мұғалім" журналы №2. 1919ж), Х. Досмұхамедұлының "Қазақ қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" ("Шолпан" журналы №1-3, 6-8 1923ж.) Жүсіпбектің "Ана тілін қалай оқыту керек?" ("Жаңа мектеп" журналы №2, 1925ж 17-25 бет) еңбектері көтерген жүгімен сан тарау ойға жетелейді. Ал таза педагогикалық басылым "Сана" журналының сауат ашу, ағарту бағытындағы кемшіліктердің орнын толтыру- ға арналғанын байқаймыз.
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі