А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

      Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

      Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?

- дел ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қасиеттердің қауіпті екенін, соңдықтан опық жемей тұрғаңда одан құтылар жол ізде деп ой тастайды. Немесе И.А.Крыловтан аударған "Аққу, Шортан һәм Шаян" атты мысалының соңында:

      Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,

      Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.

      Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

      Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, - деп

халқын бірлікке шақырып, олай болмаған күнде "бөлінгеңді бөрі жеп", "көлденең көк аттыға жем" болатынын жетесіне жеткізеді.

    Осы секілді "Ат пен есек" мысалыңда не нәрсе болса да ақылға салып ойланып істе, өткенге өкінгеннен еш нөрсе өзгермейді деген бір ой тастаса, екіншіден біреу саған қиналып көмек сұрағаңда жердемдес деп жаныңдағы жанның жайын ұғуға шақырады. Бүгінгі замаңда А.Байтұрсыновтың осындай терең мәңді өсиеттері кесектеп кіріп, мысқалдап әрең шығатын жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеуде әбден қажет. Ахаң өз бойындағы шешеңдік қасиетті жамандықты түзеуге, жақсылықты медеуге жұмсаған, жас тарды азамат етіп тәрбиелеу құралы етуге тырысқан. Көптеген мысалдарын адамның мінез-құлық нормасын қалыптастыруға арнаған. "Егіннің бастары" атты мысалында өзі жемісін жеп тойып, семірген соң еменнің түбін қазып төңкеріп тастаған шошқа сияқты өзі пайдасын көріп тұрған дүниенің қайдан келгенімен ісі жоқ санасы таяз надаңдардың да болатынына қынжылып, ондайдан аулақ болу керек дейді. "Маймыл мен козілдіріктің"  де қозғар ойы осы пікірді жалғастырады. Оңда, ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өздерінің білімсіздігінен, ебедейсіз икемсіздігінен көрмей, кінәні басқадан іздейтін адамдар тобының да кездесетінін дәлелдейді. "Сары шымшық" мысалында жастарға адамның адамдық қасиетін көрсететін оның сылдыр сөзі емес, нақты істе тындырымдылығы демек, парасаттылығы мен саналылығы ал, әлі келмейтін нәрсемен елек болудың қажеті жоқ "көрпеңе қарай көсіл" деген халық даналығымен ұштасатын өсиет айтады. "Маймыл" атты мысалында алғыс, абырой алу үшін пайдасыз құр мехнат етудің қажеті жоқ, күншілдіктің соңы күйік, орынсыз істің аяғы өкініш, халық ілтипатына бөлену үшін көпке шарапаты тиер игі іс жасау керек, көзге түсем деп шапқылап "арамтер" болма деп қорытыңдылайды:

       ... Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың,

       Мал шашып құр далаға төккенменен

       Пайдалы істен алар абыройың,

      Кетпейді кейін қарай тепкенменен.

   Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың негізгі идеясы жастар тәрбиесін құр -ғақ сөз "таусылмайтын" ақыл-кеңеске емес үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеу. А.Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәнін зерделей келе, болашақ мамаңдарды тәрбиелеу, кісілік келбетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің мол екендігіне көзіміз жетті. Мұндай шығармалар тіл жұтаңдығынан арылуға, жастар арасыңда сирек құбылысқа айналған теңей, салыстыра, астарлы сөйлеуге тәрбиелеуде таптырмас тиімді құрал. "Қырық мысал" еңбегінің нарық заманында өмір сүріп отырған жастарды имаңдылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы мен рөлі өте зор.

   Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген "Әдебиет таныт- қыш " еңбегінің де тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор. "Әдебиет танытқыш" еңбегінің Асыл сөз бөліміңде:"Өнер түрлі болады. Тіршілік үшін жұмсалатын -тірнек өнері, көркемшілік үшін - көрнек өнері болады,"-дей келе көрнек өнерін төмендегідей 5 тарауға жіктейді:

      1- Сәулет өнері (европаша-архитектура)

      2- Сымбат өнері (скульшура)

      З- Кескін өнері (орысша-живопись)

      4- Әуез өнері (европаша-музыка)

      5- Сөз өнері (қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, европаша- литература).

   Сосын сөз өнеріне кеңінен тоқталып, таратып, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлімдік, тәрбиелік жақтарын ашып көрсетеді. Тіл мәселесіне, сөйлеу мәдениетін қалытастыруға, тіл мен ой бірлігін дамытуға аса мән береді. Ахмет "өнердің ең алды-сөз өнері" - деп санады. "Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға , 2) қиялға , 3) көңілге.

   Ақыл ісі - андау, яғни нәрселердің жайына ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің түрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю, талғау.

     Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын андағанынша, қиялдық меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарату" - дейді. А.Байтұрсынов ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мұраларды бір жүйеге келтіріп ғылыми негіздеген. Мысал ретіңде көбіне Абай, Мағжан, Нысанбай жырау шығармаларынан және "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Сайын" жырларынан үзінділер алған. Оның жинақтаған ертегілері, мақал-мәтелдері, нақыл-өсиет сөздері, жыр-жоқтаулары, қисса-дастандары бүгінгі жас ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде аса қажетті тәрбие көздері болып табылады. А.Байтұрсынов мақал-мәтелдердің мәнін, тәлімдік мүмкіндіктерін жақсы көрсеткен.

   "Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақ- тан гөрі мақал маңызды, шын келеді",-дейді. Мысалы, "Мал-жанымның садағасы, жан-арымның садағасы" деген мақалда адамға ең жоғарғы рухани байлық - ар екенін нақтылайды. "Әкім адал болмаса, халық бұзылар, сауда адал болмаса, нарық бұзылар", - деген ой - тұжырым бүгінгі нарықтық қатынас қағидасы іспетті адалдыққа үндейді. "Қатты жерге-қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар" деген мақалмен еңбектенген адам бейнетінің текке кетпейтінін, ерінбей еңбек етуді уағыздайды. "Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді",-демек бірлікке өзара түсінісушілікке шақырады. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" - мұңда ата-ана тәрбиесін, отбасы мүшелерінің бір-біріне ықпалын, тәлімдік мәнін ашады. Яғни, А.Байтұрсынов мақал-мәтелдерді оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастыратындай етіп топтастыру арқылы жас ұрпақ бойында жағымды қасиеттер себуді көздеді. Ол: "Мәтел дегеніміз - кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ, мақал тәжірибеден шыққан ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады" -дейді.    

    "Көппен  көрген   ұлы  той"   мәтелі жастарды тәубашылыққа, бірлікке, көпшілдікке үндесе, "Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмадық",-деу мылжыңдық сияқты қасиеттерден қашуға, үйір болмауға шақырады. "Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда", - мәтелі арқылы   халқымыздың тәлімдік-тәрбиелік ойын уағыздайды. Ата-бабаларымыз жас түскен келіннің артық-кем кемшіліктерін ақылмен андап жанамалап, орынды түсіндіріп отырған. "Баланың сөзі батпаңдай - келіннің сөзі кетпендей",- деп кейбір ұяда көргені мен түйгені жоқ, санасы таяз, дөрекі келіндердің кездесетінін де көрсетеді.

     А.Байтұрсынов ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мақал-мәтелдерді жинақтап, анықтама беріп олардың ара жігін, өзара ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеп берген. Ғалым жинақтаған мақал-мәтелдер арқылы жас ұрпақ бойында рухани адамгершілік, кісілік қасиеттерді қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, Ахмет мұрасында жас ұрпақ тәрбиесінің негізі болатын халықтық мұраның бірі -әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің мәні зор.

    "Ғұрып сөзі" атты бөлімінде ұлттық ғұрыптарға: той бастар, жар-жар, бет- ашар, сыңсу, неке қияр, жоқтау, жарапазан, баталардың мазмұнына тоқталып, олардың тәлімдік мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Мысалы, той бастар ұғымына ол былай деп түсініктеме береді. "Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп аталады". Кете Шернияз ақынның  Баймағамбет сұлтанның қызы Ақылқаныкейдің тойындағы той бастарды мысалға келтіреді:

       Атаңыз қиналады сіз кеткенде,

       Көзінің қарашығы қыз кеткенге.

       Табылмас байекеме сіздей бала.

      Алты жүз арғымақпен іздеткенге, - деп

қыз баланы жат жұрттық, әке-шеше қызын көзінің қарашығыңдай көріп қимаса да, табиғат заңына қарсы шықпай, бата беретінін айтады. Қыз өз үйінен аттанардағы айтылатын әні - сыңсудың мазмұны әке ойымен ұштасып жатады. Балалықпен қоштасып, өткенін еске алып, қимастықпен қоштасудағы қыз баланың нәзік жүрегінің қобалжуын білдіреді.

     А. Байтұрсынов қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесетін ғұрыптардың педагогикалық мәніне жан-жақты тоқталады. Мысалы, қыз ұзатар кезінде айтылатын жар-жар жұбату өлеңінің мән-мағынасын ашып көрсетеді. Жар-жар өлеңі қыз үйден аттанып бара жатқан кездегі қыздар мен жігіттердің кезектесіп айтатын жұбату әні. Жалпы жұбатушы жігіттер болып табылады.

     Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жар-жардың айтылуына, мазмұнына жаңа сипат енді. Жар-жар көбіне қыз келін болып түскеннен кейін беташар тойларында айтылып жүр. Автор беташардың мағынасын былай түсіндіреді: "Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да алдына шымылдық тұтып, қыз - келіншек, бала - шағаларға ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. "Беташар" айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық ашылып, ғұрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң көрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды, жай сүйретіп, өлең түрінде ұйқастырып айтады. "Беташар" әуелі басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада шығарған сөз".

   Осы беташардан соң жүзеге асырылатын ғұрып неке қиярға А.Байтұрсынов: "Неке қияр сөз" деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі күнәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ, өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады"- деген анықтама береді. Мысалы:

      Куә, куә куәдүрміз ,

      Куәлікке жүрәдүрміз.

      Мұнда халық қасында,

      Таңда хақ қасыңда,

      Екі кісі, хақ куәлік бередүрміз.

    Пәленшеден жаралған (әкесінің есімін айтады), пәленшеден туған (шешесінің есімін айтады) пәленше қызды (қыздың есімін айтады) халал жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба?

    Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында "пәленшеге халал жұпты болдыңыз ба?" дейді - деп, неке қию рәсімінің өту барысын баяндайды. Осыңдай әдет-ғұрыптарымызды ұмыту, өткенді білмей алға жылжу өрескелдік. Ата-бабадаи жалғасып келе жатқан асыл қазына, рухани байлық негізі осы сияқты ғұрыптар, салт-дәстүрлер.Олардың халық ғұрпын санасына сіңірген саналы азамат тәрбиелеуде тигізер септігі, көрсетер көмегі мол.

    Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпыңда бата негізгі орын алады. "Бата-біреуге алғыс бергеңде айтылатын сөз; батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар бас қойылған табақты тартуға алып келгенде, асты жеп болғаңда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі",- дейді. Ахмет ауыздан-ауызға тараған баталарды жинақтай келе, бір топ баталардың мазмұнын ашып көрсетеді:

        Құдайым жарылғасын, бай қылсын!

        Төрт түлігін сай қылсын!

        Кетпес дәулет берсін!

        Кең пейіл берсін!

     Сонымен қатар, ол өзінің "Тілек батам"- атты өлеңіңде алты алаштың адаспай ақ жолға түсуін, азаматтың аяғынан тартар қазақ ішіңде кездесетін кертартпа сыңаржақтардың есінің кіруін тілейді. Осы тілектің қабыл болуын Алладан тілеп, қара балуан Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек бабаларының халқын қолдауын сұрайды. Ұрпағының тілеуін тілеп, өз батасын береді.

     Соңдай-ақ, ғалым: "Бесік жыры, яки бала тербету -баланы ұйықтату үшін айтатын өлең, ол түрліше айтылады. Бірақ, бірдей айтылатын жерлері де бар", - деп бесік жыры үлгісінің көптүрлілігі туралы ескертеді.

    "Аналарымыз дәстүрлі бесік жырлары арқылы бала бойында ұлттық ерлік сезімін оятатын тәрбиенің алғашқы нәзік пернесі арқылы сәбиін тәрбиелей білген. Бесік жырларынан ананың балаға, әжесінің немерелеріне деген құлаққа сіңімді, баяу сазды әуенімен орындалатын тілегін, ана арманын айқын аңғаруға болады"-дейді.

     А.Байтұрсынов жинақтаған бесік жырлары арқылы жас сәбиді тал бесікте тербете отырып, ананың мейірім мен шапағатқа, махаббатқа толы, әуезді үні арқылы адамгершілікке, ерлікке, анаға, Отанға, ұлтына, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің мәні зор.

    Ол "Қалып сөзі"деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын  сөздерді айтады. Мәселен, бал ашқаңда, ауру баққанда бақсылардың жын шақыруы, тісті емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда, адамға күлапсан шыққанда, бәдік я күлапсан көшіру, бала тербеткенде айтатын бесік жыры-осылардың бәрі қалып сөзінің тобына жатады"- дей келе төмендегідей анық- тамалар береді.

    Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады.

     Дерт көшіру. Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда болатын күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар: бәдік болған малды, күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып "Көш! Көш!"деп, анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды. Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік пен күлапсан өлеңі бір мазмүнды болады"- деп талдаған. Сол сияқты ғұрып сөзінің ең көп тараған түрі жарапазанды А.Байтұрсынов: "Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уакытында балалар, бозбалалар түнде үйдің сыртыңда түрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады" - деп түсіндіреді. Жарапазан өлеңдері арқылы бала бойында ата - дәстүрді жалғастыруды, әдет-ғұрыпты жаңа өмір салтында да жаңаша мазмүңда орынды пайдалануға, жарапазан құрастырту арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытуда, ұлттық мақтаныш сезімін оятуда пайдаланудың тәрбиелік әсері терең болмақ.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі