Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

Көптеген зерттеушілерге синонимдердің дара алмасушылық қабілеті қызықтырып отыр. Д.Ж.Лайонс оларды айырудың мынандай белгілерін ұсынады:

а) толық  және толық емес синонимия (олардың семантикалық және эмоционалды – экспрессивтік белгілерінің ұқсастығы)

б) басты – локалды синонимия (кез келген және кейбір контекстегі синонимдердің өзараалмасушылығы). Нәтижесінде келесі синонимдердің келесі классификациясы шығады:

 

    1. толық, басты;
    2. толық, локалды;
    3. толық емес, басты;
    4. толық емес, локалды.

Бұл классификацияның бір қызық жері сөздердің мағыналары сәйкес – сәйкес еместігінде.

А.К. Жолковский мен И.А. Мильчуктың түсінігі бойынша лексикалық синонимдер үшін лексикалық параметрге назар аудару қажет. Лексикалық параметр әр – түрлі сөздердің типтік мағынасы. Айтылған қағидалар бойынша қосымша синонимге бөлінген бөліктер лексикалық корреляттар синоним болуы мүмкін. Ендеше лексикалық параметр бойынша айтылған бұл ой кез келген синонимдердің өзара араласушылық қағидасынан бас тартады.

Ағылшын тілінің синонимдік сөздігінде былай дейді: «өзара алмасушылық синонимдерінің шарттарына нақты жатпайды, себебі ол идиоматикалық қолданысқа негізделген». В.Е. Вебстер сөздігін құраушылар ойларынша синонимияның шарттарын біркелкі талдау: олардың білдіретін мағынасының сәйкес келуі бірден – бір қанағаттыратын нәрсе. Бұл сәйкестік сирек жағдайларда толық мағынаға ие болады. В.Е. Вебстер синонимдер сөздігіндегі мақала да синонимге берілген анықтаманың қолдану аясының өте кең кеңдігін айтады. Лексикалық синонимдерді сөздің тар мағынасында былай айыруға болады: олар әр – түрлі жүйеде қолданысқа түседі алады; лексикалық идиоматикалық байланыста жартылай немесе толық алмасушылықта.

«Old» доминанты мен сын есімдер синонимдік қатарын салыстыру үшін келесі сын есімдер талқылаймыз:

 

It’s roof on that old shed.

       Қораның  төбесі ашылып қалыпты.

 

.But this summer neither Kamka nor the old man had the heart to leave Kutzhan’s grave untended.

      Қамқа да, өзі де Құтжаның жас қабірін  құлазытып, жалғыз тастап «жайлау  бар еді», сайран бар еді,- деп  кеткісі келмеді.

 

In the winter, after the death of his son, Kodar had invited an old kinsman to stay with him- poor old Zhampeis, a single man who had neither family nor shelter, and earned his livelihood by laboring for others.

 

       Баласы  өлген соң Қодар қыстыгүні  осы ел ішінде кірме боп, әркімде  жалда жүретін бір шал жиені  Жәмпейісті өз қолына алып  еді.

 

Жоғары да аталған барлық сын есімдер құрамында (terrible,horrible) сын есімдер элементтері қатысқан. Бұл контекстегі және сөйлеу тілдегі сөздердің бір – бірімен ауысуға болатындығын білдіретін дәлел.

Орыс лексикологиясында синонимдер нақты іс - әрекетті білдіретін сөз немесе құбылыс деп түсіндіріледі. Бұл анықтама тілдегі сөздердің бірігуіне қарама – қарсы келетін анықтама деп түсіндіріледі.

М.Ф. Полевская микро тақырыппен синонимдік қатар арасынан теңдік белгісін қойуға болады дейді [29.96]. микро тақырыптың ішіндегі сөздер стилистикалық белгілер бойынша бір – бірімен қарсы тура алады.

Синоним сөздерстилистикалық белгілер және мағыналық белгілер арқылы ғана ажыратылмайды әрбір сөздің өзіндік шығу тарихы бар. Сондықтан ешқандай сөздіңмағынасы басқа сөздің мағынасымен толық сәйкес келе алмайды.

Бір объективті сөз ғана емес фразеологиялық сөз деп те аталады. Демек, тілдің фразеологиялық жүйесіне бағынады. Синоним сөздер, синоним фразеологизмдер кез келген сөздермен үйлесуі үшін әр – түрлі қабілетке ие болады.

Синоним сөздер нақты іс - әрекетті білдіре тұра әр- түрлі сөз топтарына жатпайды. Тілдің лексикалық жүйесінде синонимдік қатарлар арнайы белгісіне қарай бір топқа жіктеледі.

 

 

 2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау.

 

А.В.Тарасова ойынша, сөздің семантикалық құрылымының баяндамасы, оның тек қана мағыналық жүйесінің құрылуы ғана емес жене олардың мазмұнды қатынасына талдау, сөздің семантикалық құрылымында сөздердің бір – біріне қатынасуы және жалпы тілдің семантикалық құрылымына қатынасы [36, 26].

Зерттеліп жатқан сын есімдердің мағыналарының салыстыруы оппозиция әдісі көмегімен істелуі мүмкін. Семасиологияда оппозицияның ерекшелігі оның дифференциалдық семантикалық белгілерінде. Осы сөздің белгісі семантикалық құрылымында ЛСН – нің салыстыруына негіз болып және әр ЛСН тілдің сипаттамасы тілдің номинативті құралымы жүйесінің элементі болады. М.В.Никитеннің анықтамасы бойынша ЛСН тілдік тәрбиесін анықтауға көмектеседі, яғни «сөйлеу тіліндегі берілген сөз тіркесінде анықтауыш белгілердің үйлесімділігіндегі қарым – қатынасты анықтау» [27, 70]. Мағыналардың құрылымының сипаттамасы нақты және ауыспалы мағыналарын табу үшін объективті негіз бола алады, осы пікір бойынша олар бір – біріне тең емес. Мағыналардың анықтауышы болып мына белгілер көрсетіледі: қолдану әдіс тәсілі, референциондық қажеттілік, бөлшектік, сөз құрылуы байланыстары, синтагмалық байланыстар (лексикалық дистрибуциялар көлемі), нақтылық - мағыналардың жалпылығы.

Осы параграфтың міндеті «old» сын есімнің ЛСН тілдік мәртебесін анықтау. Осы сөздің семантикалық құрылымын нақты және ауыспалы мағынаның негізінде олардың белгілерінің мәртебесін салыстыру.

Ағылшын талдау сөздіктері көмегімен «old» сын есімінің мағынасының жүйесі контекстуальды талдау әдісі арқылы құрылды. Олар келесі ЛСН құрайды.

 

1.  It’s roof on that old shed.

       Қораның  төбесі ашылып қалыпты.

 

2. But this summer neither Kamka nor the old man had the heart to leave Kutzhan’s grave untended.

      Қамқа да, өзі де Құтжаның жас қабірін құлазытып, жалғыз тастап «жайлау бар еді», сайран бар еді,- деп кеткісі келмеді.

 

3. In the winter, after the death of his son, Kodar had invited an old kinsman to stay with him- poor old Zhampeis, a single man who had neither family nor shelter, and earned his livelihood by laboring for others.

 

       Баласы  өлген соң Қодар қыстыгүні  осы ел ішінде кірме боп, әркімде  жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді.

 

3. There’s was an iron grip upon the old man’s throat, a grip that seemed to be crushing the very soul out of him.

      Осыдан  әрі сойнынан «лық» етіп, темірдей  қысып, жанын суырып әкетіп бара  жатқан таудай ауыр күш басты.

 

4. You see that old man? That’s Kodar’s kinsman Zheksen! You know him? What an old cur!

      Ананы қара! Мынау ұрғалы жатқан шалды қара!  Өзі шал. Өзі борсақ. Жексен...!

 

5. “You old devil”, he shrieked and struck Zheksen in the back.

      - Ой, кәрі малғұн!- деп, Жексенді желкеден қойып жіберді!

 

6. You vicious old cur!- shouted Abai.

       Не деген  имансыз едің, кәрі төбет?! – деді Абай.

 

7. But the old sheep- dogs soon tired of the game. They were too lazy to attack so helpless a quarry and sat about growling and barking.

       Бірақ  өңшең кексе тартқан иттер отанның күнде осындай сан рет жоқ шатаққа бастай бергенінен мезі болған ба, тазыны жұмсады. Құр ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр.

 

8. While Abai’s four- year- old bay was being saddled the two friends drank mare’s milk in the yurta.

       Осымен  екеуі Абайдың құла бестігсі ерттелгенше қымыз ішіп алды да, күнбатыс жақтағы үлкен қызылшоқы деген ұсақ адырға қарай желе жортып, тартып кеткен.

 

9. It was only once, on the second day of his sickness, that his grandmother ordered an old woman to take him out at sunset and slap him several times with the steaming lungs of a sheep that had just been slaughtered.

      Жалғыз- ақ  алғаш жығылған күннің ертеңенде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір қартаң қатын күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты.

 

  1. The nomads were not familiar with wagons or carriages, and the only one in the old, among all the tribes of the Tobykty for that matter, was the blue wagon of old grandmother Zereh and her daughter- in- law Ulzhan, which Kunanbai had bought in Karkaralinsk when he was elected Aga- Sultan.

 

       Кәрі әже мен Ұлжанның ортасында жалғыз арба бар еді. Тегі, бұл ел көшпелі болғандықтан арба дегенді білмейтін. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің- Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады. Құнанбай аға сұлтан сайланған кезінде болған.

 

10. Old Zereh had reflected for a moment and had then begun to speak- and they were not words that she had strung together, but an endless string of pearls.

       Кешкі  кездерде ол бір үлкен өсиетті  кейде шерлі қарт сияқтанады.

 

11. Kudaiberdy and Kamisbai had made a round of all the auls and now on foam- flecked horses, returned to Kunanbai, accompanied by the three old men.

      Құдайберді  мен Қамысбай астарындағы екі  бозды танауратты терлетіп, ең  соңғы үш үлкен кісіні ертіп келгенде, жалғыз төбеде, Құнанбай қасында, елу шамалы аттылар бар еді.

 

12. All the others, the children, old men and women, rode on pack camels.

      Бұл кезде  өзге елдердің бәрі де қыстау- қысиауына жетіп, жайласқан болатын.

 

13. Zheksen agreed with him, but the others, young and old were exasperated. 

       Жексен үлкендер мен кішілерге сөз сөйлемеген.

 

14. The cold has set in; we are threatened with the winter. Are we going to let the old people and children freeze? How long are we to stay?

      - Ал бірақ  тапқан ақылдарыңды айтшы! Қылышын сүйретіп қыс келеді. Кемпір- шалды күркілдетіп, баланың жағынан боздағын шығарып, қашанғы отырамыз? Қайда барамыз?

 

15. With the advent of the cold, however, he could not keep his old mother, Ulzhan, and the children freezing.

     Енді суық түскенде, кәрі шешесін және Ұлжан қолындағы жас балаларын тоңдырып отыра беруге болмады.

 

16. It was at this moment that Darkembai forced a way between Bozhei and Baidaly and began to take aim from an old flint- lock resting on a support.

 

      Төбесі аласа қораның ішінде Базаралы, Дәркембайлар сойылдарын да құлаштап тұрып сермей алмады.

 

17. On his right, Zereh sat on a low couch and with her knee gently rocked the cradle of her grand-daughter Kamshat, the daughter of Aigiz. As so often before, the old woman was crooning a lullaby. It was an old song, older even than she, the only one who sang it now, and to Abai it seemed as warm and as dear as Grandmother herself.

     Тізесімен  тербетіп отырғаны- Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Камшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры.

 

18. As Abai listened he felt that old Zereh’s singing, so farm and yet melancholy, was lulling him too. He would have liked it to go on for a long, long time, for ever.

      Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. 

                                                                                                                                                                                 

1. Номинация әдісі: нақты және ауыспалы мағыналар.

Сөздің нақты және ауыспалы мағыналарын бөлеміз біз ең бірінші тілдің объектісіне тілдің белгілерін байланыстырамыз. «Нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін» деген мағыналары бар сын есімдердің ең бірінші функциясы «сапа» деген экстралингвистикалық белгі болып анықталады.

Қиындатылмаған – номинативті мағыналар сын есімдерінің «сапа» тобы нәрсенің сапалық сипаттамасын немесе сипаттамасына байланысты ерекшелігін баяндау керек. Нақты мағыналар ауыспалы мағынаға қарама – қарсы қойылады, тек қана лингвистикалық жобада емес, бірақ логикалық жобада. Олардың түсіініктері байланысты бола алмайтын кезде олар бір – біріне салалас болады. И.В:Арнольд өзінің «Оппозиция в семасиологии» деген жұмысында «нақты және ауыспалы мағынадағы түсініктер бір – бірімен байланысты емес және салалас бола алмайды» [8, 43].

Нақты және ауыспалы мағынада сөйлегенде өте жеңіл бөлінеді, өйткені олар толықтап тұрған дистрибуция байланысында тұр. Контекст лексикамен толғанда олар үлкен айырмашылықтарын табады. «Old» сын есімінің бірінші функциясы ол «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін» эмпирикалық белгісін мағыналау. Өзінің нақты мағыналапында ол мынадай кездерде қолдануы мүмкін: а) әр – түрлі физикалық объектерінің атаулар сөз тіркестірімен, адамдарды қоса – ЛСН1, ЛСН3, ЛСН10, ЛСН6; б)зат есімдермен – ЛСН7, ЛСН9; адамдар тобы атауларымен – ЛСН1.

 

ЛСН1 - …in the attention of this individual with his old clothes [3.3, 27].

ЛСН2 - This climate is old workman [3.3, 249].

ЛСН3 - He was not the old workman [3.2, 462].

ЛСН4 - …to be an old man [3.4, 341].

ЛСН5 - He was old to Aigerim… [3.3, 253].

ЛСН6 - She had prepared an old dinner… [3.4, 96].

ЛСН7 - All you are old for is to spend money [3.2, 54].

ЛСН8 - …to stand old in law [3.4, 453].

ЛСН9 - …an old round sum… [3.3, 148].

ЛСН10 - My old sir… [3.2, 259].

ЛСН11 - …old hard work [3.4, 357].

ЛСН12 - …how am I doing? Not old [3.3, 128].

 

Ауыспалы мағыналар нақты мағыналардың ассоциативті қайтадан ойлап шығаруы болғандықтан, оларөзінің табиғатымен екінші мағына болады. Зерттелген жұмыс көрсеткендей «old» сын есімнің ауыспалы мағынасы сезінү сипаттамасында, тәртіп, адам жұмысында, адамның мінез қылығын, тазалығын, қайраттылығын, іші тар еместігін көрсетеді. «Пайдалы» мағынасында (medicine, love, climate); грамматикалық мағынада үстеу (old in him). Оларға ЛСНН, ЛСН8, ЛСН9, ЛСН2, ДСН12.

2. Референциондық қажеттілік.

Референционды мағыналар дегеніміз – контексте және ешқандай жағдайларға қарамай өзінің өзіндік мағыналары бар болып есептеледі. «old» сын есімінің семантикалық құрылымында осы ерекшеліктермен тек қана ЛСН1 болып саналады. Контекстен тыс болып қолданылғанда бұл сөз ереже бойынша «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін» мағынамен ғана байланысады. Басқа мағыналардың барлығы контекстің көмегін керек етеді. Сондықтан ЛСН1 осы белгіге «old» сын есімінің басқа мағыналарына қарама – қарсы қойылады.

 

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері