Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

ЛСТ “салмақ” мағынасын білдіретін сын есімдер тобына мыналар енеді: heasy, weight, light [14, 293].

Сын есімнің ЛСТобының “түс мағынасын беретін сын есімдері “түстің болмауын” білдіретін доминанты болып есептеледі, ал түстің әртүрлі сәулелері сема – спецификатор және түс үйлесімділігі арқылы ажыратылады. Мұндай сын есімдер пішіні жағынан зат есімдерге ұқсас келеді. Жоғарыда тізбектелген лексикалық бірліктер барлық сөздіктерде сын есім сияқты беріледі. Сөздіктерде айтылуы әр түрлі тәсілдер арқылы берілуі жиі кездеседі. Bronze сөзі біз сүйенген сөздіктерде сын есімге жатқызылса, “Longman Dictionary of Contemporary English” сөзі атрибутивті қолданыста жалпыға мәлім бола тұрса да, лексикалық бірлікті зат есім ретінде береді.

ЛСТ- тың «түс» мағынасын білдіретін сын есімдері: colorful, colorless, washed-out, pale, white etc.

ЛСТ-тың «дәм» мағынасын білдіретін сын есімдері: tasty, tasteless,spicy, peppery, sweet, acid, sour, tart, bitter, salty. Семантикалық құрылымында сын есім ретінде келтірілген «taste» доминанты мен оның анықтамасы бір-бірінен өте қарапайым түрде ажыратылады.

Кейде spicy, peppery, acid, salty сын есімдерінде дәм сапасы заттың дәмдік сапасын салыстыру жолы арқылы беріледі.

ЛСТ-ның «дыбыстау» мағынасын білдіретін сын есімдері: loud, tuneful, melodic, noisy, shrill etc. Дыбыс шығаратын, мысалы, музыка, ән, әуен, айғай, адам немесе жануар даусы, әр түрлі дыбыс (сөз, буын) және заттың дыбысы, дыбыс шығаратын іс-әрекеттердің анықтамасы денатота арқылы ғана сын есім болып есептеледі.

ЛСТ-ның «пішін» мағынасын shaped-having the stated shape, сын есімі білдіреді. Оның мағыналық құрылымы сын есімдердің барлық лексико-семантикалық парадигмасымен сәйкес келеді.

Жоғарыда келтірілген ЛСТ  бірінші ширекте екі топ арқылы төмендегі мағыналарға ие болып келеді.

1) «геометриялық пішінге ие»: triangular, square, oval, round, circular, spherical, global, cubical  және 2) «тура немесе қиғаш»: straight, direct, crooked, bent, curly, winding, roundabout.

Заттық физикалық қасиетімен байланысты ЛСТ «мөлшер» мағынасын білдіреді. Мұндай топқа dimensional -having the stated number of dimensions сын есімдері жатады.

ЛСТ «мөлшер» мағынасындағы сын есімдер 2 топқа бөлінеді. Мөлшер мағынасын білдіретін сөздер сын есімнің семантикалық құрылымында « нормадан жоғары/ төмен» сөздеоімен бекітіледі. Мысалы: large- more than usual in size; big – of more than average size; small-less than normal size, etc. «Үлкен» мағынасында жұмсалатын сын есімдер бірінші топқа енгізілді. Олар: small, portable, miniature, tiny, medium, big, giant, immense, etc.

«Кішілеу» мағынасында жұмсалатын сын есімдер – small, minute, tiny, miniature, fractional, portable, «little in size, weight, force, etc.» белгісін білдіретін екінші ширектің бірінші тобына біріктірілген.

«Өте үлкен» мағынасында жұмсалатын big, large, extensive, ample, spacious, vast, massive, bulky, giant, immense, gigantic, enormous, considerable, huge, colossal, tremendous сын есімдері заттың мөлшерін білдіреді.

Семантикалық белгі – «сандық» мағынаны білдіретін сын есімнің «сандық анықтама» лексико- семантикалық топтың негізгі болып есептеледі.

Берілген ЛСТ-тың ішінен тірек семантикалық парадигмалар бөлініп қарастырылады:

1)   «заттың есептік саны» мағынасы number зат есімімен жасалса

2) «заттың жалпылау саны» мағынасы amount, quantity зат есімімен жасалады.

ЛСТ «сандық» мағысында жұмсалатын сын есімдер much, little. Бұл топтағы бірліктер «заттық» сандық мөлшерін білдіретін лексикалық бірліктер екенін дәлелдей түседі: 1) кейбір жағдайларда дара мағынасында  жұмсалғанымен, санның нақтылық жағын білдіреді: much/ little, water, butter, money, time, light, etc. 2) кейбіреу much, little, trouble, difficulty.

ЛСТ «мақтаныш» мағынасында жұмсалатын сын есімдері: proud және haughty. Сын есімдер сөздігінде «quality»; proud – having the quality of self-respect and showing this in one` s standards of behavior қарапайым элементі болып есептеледі.

ЛСТ «шешкіш және мақсатқа жеткіш» мағынасында жұмсалатын сын есімдер саны үшеу: determined, resolute, single-minded.

ЛСТ «қабілетті» мағынасы сандық құрылымы бойынша ауқымы кең, тереңірек қарағанда төрт ширекке пара- пар келеді. Бірінші топқа жататын сын есімдер «белсенді қабілетті» мағынасында, екінші топқа «белсенділгі төмен қабілетті» мағынасында жұмсалатын сын есімдер жататындықтан, бірінші ширектегі екі топты бір-бірінен оңай ажыратуға болады.

ЛСТ «өтпелі» мағынсында жұмсалатын сын есімдер жатады: transparent, proof, watertight, waterproof, soundproof, fireproof. Берілген топтағы сын есімдер доминаттар негізінде синтезделген оған «(not) allowing something to pass through» жатады, «something» сын есімі әр бірлікте нақтыланады. «Light» - transparent сын есімі үшін, waterproof, watertight-«water», soundproof- «sound», fireproof – «fire».

ЛСТ «тыныштық» мағынасындағы сын есімдердің 6 түрлі лексикалық бірлікте жұмсалады; олар: calm, quite, serene, tranquil, peaceful, still. Бұл микрожүйедегі барлық бірліктер кең көлемде үйлесім табады.

ЛСТ «іс-әрекеттің/ үрдістің күй-жайы, жүру барысы, нәтижесі» мағынасында жұмсалатын сын есімдер төмендей бөліктерге бөлінеді.

      • «кездейсоқтық, дайындықсыз, күтпегендік» мағынасындағы сын есімдер кездейсоқ болған оқиғаның нақты немесе себебін білдіреді; олар; sudden, abrupt, unforeseen, accidental, casual, chance, snap, offhand, spontaneous.
      • «іс-әрекет» мағынасында мына сын есімдер жұмсалады, олар: voluntary, intentional, deliberate, profound, precautionary, automatic, random, voluntary/intentional act/ renunciation; deliberate push, precautionary measure;
      • «іс-әрекетті тиянақты орындау» мағынасында thorough, thoroughgoing сын есімдер жұмсалады.
      • «күш пайдалану арқылы әрекет жасау» мағынасындағы сын есімдер: violent, vigorous, spirited, forcible, laborious, leisurely;
      • «үрдіс» мағынасындағы сын есімдер: rapid, swift, speedy, hasty, quick, slow;
      • «үрдіс барысы» мағынасындағы сын есімдер: consonant, monotonous;
      • «жалғастыру және үзбеу» мағынасындағы  топқа мына сын есімдер жатады: without interruption, unbroken; incessant- never stopping; ceaseless – continuing without ceasing [2, 92].

Демек, жеке белгіні білдіретін сын есімдер – олар берілген топтың семантикалық көлемін білдіре отырып лексико-семантикалық топқа енетін ағылшын тілінің адъективті бірлік топтары.

 

 

Сын есімдер белгіні білдіретін семантикалық топ бірліктері белгіні білдіретін әр түрлі зат есіммен анықтылады.

Белгілі топқа жататындығын білдіретін сын есімдер сол топтың семантикалық көлемін білдіреді. Бұл топтың мүшелерін біреуге арналған семантикалық белгі арқылы ажыратуға болады. Олар мыналар: «of», «related to», «relating to», «having to do with», «concerning». Бұл топқа заттар, субстанция, оқиға, үрдіс, іс-әрекет және олардың белгісін білдіретін сын есімдер жатады. Бұл топтың семантикалық белгісін білдіретін сын есімнен жасалған анықтауыштар «керек- жарақ» мағынасын білдіреді. Анықтауыш пен анықтауышы сөздер «шектеу» атрибутивті сөз тіркесін жасайды.

Ұсақ семантикалық топшаларда біріктіру арқылы ЛСТ ірі топтардың құрылуына әкеп соқты. Нәтижесінде, топтардың семантикалық көлемін білдіретін 2 ЛСТ пайда болды.

      1. «Табиғи құбылыстар керек-жарағы» мағынасындағы ЛСТ құрылса,

2) «қоғамдық құбылыстар керек-жарағы» мағынасындағы ЛСТ құрылды.

«Табиғи құбылыстар керек-жарағы» мағынасындағы сын есімдер жалпылай берілген, олар: environmental – the natural conditions, such as air, water and land, in which man lives; elemental – of or being like a great force of nature; material – of or concerning matter or substance, not spirit. Бұл ЛСТ бірінші ширектегі 10 топшаларға мүше бола алады [22,17].

      • «әлемнің бір бөлшегі ретінде аспан денелері керек- жарағы» мағынасындағы сын есімдер нақты семантиканы қажет етеді. Олар: solar, planetary;
      • «шексіздік немесе нақты географиялық нүктеге қарым - қатынасы» мағынадағы сын есімдер: global, continental, northern, southern, western, eastern, equatorial, tropical;
      • «жер шарында бар нақты құбылыс» мағынасындағы сын есімдер: climatic, atmospheric, tidal, scenic, volcanic, oceanic, marine;
      • «белгілі территорияға арналған» мағынасындағы сын есімдер: territorial, local, regional;
      • «жануарлар әлемінің   керек - жарағы» мағынасындағы сын есімдер: animal, bacterial;
      • «жынысқа қатысты» мағынадағы  сын есімдер: sexual, male, female;
      • « pertaining to physical structure of organism of living being» мағынасындағы лексикалық бірліктер тірі табиғаттың дене мүшесімен нақты мүшелерді анықтайды. Оған: bodily, skeletal, muscular, spinal, dental, facial, vocal;
      • «биологиялық құбылыс ретінде адамға керек- жарақ» мағынасындағы бір ғана  human сын есім жатады.
      • «шығу тегі» мағынасындағы сын есімдер адамның психикалық қабілеті биологиялық тұрғыдағы қарым-қатынасы мағынасында жұмсалады. Олар: mental, intellectual, idiotic, instinctive, inspirational [1.5, 835].

 

Сын есімнің семантикалық тобына «Арнайы құбылыс тобының керек - жарағы» мағынасындағы сөздер «қоғамдық әлеуметтік құбылыс керек - жарағы» мағынасында жұмсала береді. Social- of or concerning human society, its organization, or quality of life  cын есімдері парадигмалық топтық анықтауыштық сын есім ретінде қолданылады. Мына сын есімдер:public – of, to, by, for, or concerning people in general; civil – of, belonging to, or consisting of the general population; not military or religious.

ЛСТ «әлеуметтік, қоғамдық құбылыс құралдары» мағынасында бірінші ширектің 15 топшасына жатқызылады.

      • «адамның даму кезеңдері үшін тарихи жағдайларды анықтауға арналған құралдар» мағынасында келесі сын есімдер жұмсалады: tribal, national;
      • «ұлтаралық, мемлекетаралық қатынастарға қажетті құралдар» мағынасында мына сын есімдер жұмсалады: international – having to do with more than one nation;
      • «қоғамдық экономикалық формацияны анықтауға қажетті құралдар» мағынасында мына сын есімдер жұмсалады: feudal, imperial, monarchic, capitalistic, imperialistic, socialistic, communistic;
      • «мемлекетті саяси басқаруға арналған құралдар» мағынасында төмендегі сын есімдер қолданылады: political, federal, republican, democratic, constitutional, presidential, ministerial, parliamentary, congressional, municipal, departmental, totalitarian;
      • «әлеуметтік қоғамның немесе арнайы топтың құралы» мағынасында мына сын есімдер жұмсалады: aristocratic, bourgeois, white – collar;
      • «әскери ұйым немесе азаматтық, сауду, өнер –кәсіп, өндіріс орындарына қажетті құралдар» мағынасында төмендегі сын есімдер жұмсалады: industrial, commercial, wholesale, speculative, etc.;
      • «кәсіби құралдар немесе белгілі кәсіпке байланысты» мағынасында мына сын есім occupational жалпы мағынада қолданылады. Қалған лексикалық бірліктер нақты кәсіби құралдар құрлымында жұмсалады. Мысалы: editorial – related to an editor;
      • «табыну құралдары» мағынасындағы сын есімдер: clerical, priestly;
      • «қылмысқа жататындар» мағынасындағы сын есімдер: criminal – related to crime or its punishment, penal- of punishment ( by law), capital – punishable by death;
      • «көркем шығармашылық, өнер, мәдениет құралдары» мағынасында төмендегі сын есімдер қолданылады: cultural – pertaining to aristocratic or other activity of mind and the works produced by this; «Арнайы өнер саласына қажетті құралдар» семантикалық белгіні білдіретін бұл топ екінші ширектің 4 топшасына мынандай мағыналарды білдіруіне байланысты бөлінеді: 1) «Сұңғат өнері құралдары»: artistic, pictorial; 2) «Музыкаға қажетті құралдар»: musical, symphonic; 3) «Театрға қажетті құралдар»: theatrical; 4) «Әдебиет және оның жанрларына қажетті құралдар»: literary, poetic, fictional, tragic, romantic, legendary, anecdotal;
      • «тәрбие мен білім құралдары» мағынасында мына сын есімдер қолданылады: educational, collegiate, academic, graduate, elementary, disciplinary;
      • «адам білімінің арнайы саласы, ғылым немесе практикадағы қолданыс құралдары» мағынасында жұмсалатын сын есімдер: scientific – concerning science or its principles or rules. Парадигмалық топтың қалған мүшелері білімнің немесе оны пайдалану аясының құрамына енгізілді. Берілген микро жүйеге төмендегі сын есімдер жатқызылады: philosophical, psychological, philological,  historical, geographical, biological, chemical, technological, technical, mechanical, astronomical, mathematical, arithmetical, medical, surgical, sanitary, anatomical, economic, financial, statistical, tactical, grammatical [1.5, 547].
      • «мистикалық және діни көзқарас бағыты» мағынасында келесі топтағы қарама – қарсы мағыналық сын есімдер жатқызылды: religious, mystical, magic, divine, holy, sacred, superstitious, spiritual, ghostly, devilish, hellish, prophetic, heavenly, earthly;
      • «әлеуметтік және қызметтік іс - әрекетке байланысты» мағынасында келесі сын есімдер жұмсалады: procedural, ceremonial, inaugural;
      • «тұрғылықты жер және үйге байланысты» мағынасында үш бірлік жұмсалады: home, domestic, residential;
      • «әлеуметтік жоспар және арнайы территория құралдары» мағынасында адамның қоғамдық өміріндегі күй – жайын анықтайтын лексикалық бірліктер қолданылады. Бұл топқа мына сын есімдер жатады: country, urban, provincial, suburban, rural [1.4, 408].

Берілген семантикалық топтың спецификалық бірлігі шектеулі атрибутифтік үйлесіммен анықталады. Шынайы әлеуметтік құбылысқа жататын денотаталар сын есім қызметімен сәйкес келеді. Бұл топ сан жағынан көп емес.

 

 

Динамикалық белгіні білдіретін семантикалық көлемді сын есімдер тобы.

Бұл топқа жататын сын есімдер белсенді белгі арқылы анықталады.

Бұл топтың барлық бірліктері «acting in a certain way» белгісінде, «Белгілі іс- әрекетке қабілеттілігі», «Агентивтік синтагма» ретінде жұмсалады.

Әлеуметтік және моральдік, іс-әрекеттер, күй – жәйін білдіретін  «Динамикалық белгі» мағынасын білдіретін сын есімдерді «Тәртіп» мағынасындағы сын есімдер деп атуға болады. «Acting in a certain way» - белгісін білдіретін негізгі топтың семантикалық құрылымында 2 негізгі бағытта анықталады: «Қалайда өзін ұстау (қалай?)» және «басқамен қарым –қатынасқа түсу үшін өзін ұстау (бір нәрсеге)». Келесі ширектегі сын есімдер «абай болу/ тәуекелге бару», «Адал, адал емес», «әділетті, әділетсіз» бағалау компоненттерімен анықталады [13,219].

ЛСТ «адамның психикалық көзқарасын білдіретін (эмоционалды, интелектуалды), тәртіп» мағынасындағы сын есімдер бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, айыруға болатындықтан, олар үшінші ширектің 11 топшасында жұмсалады:

      • «Бақылау іс - әрекеті, көңіл аудару» мағынасында мына сын есімдер жұмсалады: watchful, attentive, vigilant, alert, observant;
      • «Абай болу іс - әрекеті» мағынасында: careful, cautious, calculating және қарама-қарсы мағынасында мына сын есімдер жұмсалады: careless, reckless;
      • «Қорықпау» мағынасында төмендегі сын есімдер: brave, courageous, fearless, dauntless, bold, darling, gallant, valiant, adventurous, venturous, enterprising, hot – headed және антонимдік cowardly, shy сын есімдер жатады.
      • «Өзін ұстау/ ұстай алмай» мағынасында төмендегі сын есімдер қолданылады: temperate, discreet, rash, impulse;
      • «Түсініп қарау» мағынасында: reasonable, unreasonable;
      • «Тұрақсыздықты білдіру» мағынасында: flighty- too influenced by sudden desired or ideas, often changing;
      • «Әділ болу/ әділетсіз болу» мағынасында: honest, sincere, straightforward, two- faced, deceitful, fraudulent, sneaky;
      • «Ашықтық» мағынасында: frank, demonstrative;
      • «showing uncertainty»; hesitant;
      • «Өзін дұрыс ұстау» мағынасында: dignified, stately, majestic;
      • «Салмақтылық немесе өзіне сенімділік» мағынасында: presumptuous, conceited, pretentious, modest [1.4, 203].

 

Динамикалық  белгіні білдіретін «тәртіп» мағынасындағы сын есім ЛСТ тобының сын есім семантикалық белгі ретінде «Біреуге байланысты өзін дұрыс ұстау» мағынасында анықталады. Бұл топқа жататын семантикалық құрылымды сын есім контекстке енетін импликациядағы 2- ші мүше болып есептеледі. Бұл ЛСТ мағынасына қарай 8 мүше бола алады.

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері