Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)
      • «Берілгендік/ сатқындық» мағынасында: faithful, loyal, treacherous;
      • «Әділ қарау» мағынасында: «acting in a just manner» - топтың негізгі семантикалық белгісі. Бұл топтың семантикалық құрылымында «адал»,  «әділетті», «заң мен ережені сақтай алатын» сияқты сын есімдер енгізілген: fair, just.
      • «Махаббатпен қарау» мағынасында: affectionate, loving, fond;
      • «Достық/ қастандық» мағынасында: friendly, cordial, rival, hostile, adverse, antagonistic, argumentative, controversial, aggressive. Бұл топтың жалпы мағынасы антонимдік сын есім friendly, hostile жасалады. Бұл топқа кіретін қалған сын есім қастандық немесе бәсекелестік аясчнда қолданылады. Мысалы: aggressive – «кез-келген қатерге дайындық» сын есім; argumentative –controversial- «келіспеушілік, дауласу» сын есімдер, adverce және antoganistic- «қарсылық көрсету, келіспеу», antaganistik –«белсенді бәсекелестік»;
      • «Шыдамды/ шыдамсыз» мағынасында: tolerant, patient;
      • «Сыпайы/ дөрекі» мағынасында: polite, gracious, courteous, tactful, decent, gentle, amiable, hospitable және мағынасы жағынан қарама – қарсы impolite,  vulgar сын есімдері. Бұл топтағы сын есімдер семантикалық белгісі бойынша «сыпайлықты білдіру» мағынасында келеді, сыпайы семантикалық компоненті сыйлау, ескерту, басқаға көңіл бөлу сияқты мағыналарда жұмсалады.
      • «Қызықтыру, мейірімділікті білдіру» мағынасында жұмсалатындар: «showing the desire to be good to others»: kind, benevolent, charitable, selfless, considerate, indulgent, liberal; selfish. Аталған сын есімдер мейірімділіктің әр сатысын сілтеп көрсетеді, мысалы, «көмек көрсету талабы» obliging сын есімі; «жол беру» indulgent сын есімі; «қайырымдылық» charitable сын есімі және т.б. selfish есімі осы топтағы басқа бірліктерге қарама- қарсы мағынада қойылған. Бұл топқа төмендегі сын есімдер меңгеріле байланысады public spirited-showing readiness to do things that are for the benefit of the people;
      • «Қатыгез» мағынасында: cruel, severe, stern, savage, abusive, fierce, outrageous, grim, brutal, fiendish. Бұл топтың басты белгісі аталған сын есімдер аяусыздықты, қатыгездікті білдіреді. [1.7, 1183].

Бұл топтағы адъективтікті лексикалық бірліктер лексико – сымантикалық топқа жатады. Берілген семантикалық топтың бірліктері мағынасына қарай адам іс - әрекеті мен тәртібінің белгілерін білдіреді. Анықтаушы денотанттармен іс - әрәкет аясында сын есімдер белгілері арқылы ажыратылады. Берілген топтың анықтаушы болып нақты іс- әрекеттің белгілі жағы және нақты тәртіп қызметі есептеледі. Аталған жақтан басқа анықтауыш болып әр – түрлі зат есімдерде қызмет атқара алады. [40, 384].

Қарым – қатынас белгісін білдіретін сын есімдер семантикалық көлем тобы.

Бұл топ қарым – қатынас белгісін білдіретін сын есімдірді жинақтайды.

Семантикалық белгіні қарастыратын топ «standing in relationship or characterized by relation of whatever sort» белгісі болып табылады. «Қарым – қатынас» түсінігі кем дегенде бір қарым – қатынастың болуын көздейді. Бұл топтың мағынасына қарай мына мүшедегі сын есімдер жатқызылады: іс - әрекет, үрдіс, оқиға, кейбір абстракциялар.

Сын есім анықтайтын семантикалық топ айтылуда сын есім мағынасында жұмсалады. Нақты қарым- қатынас семантикалық белгісін білдіретін берілген топтың лексико – семантикалық парадигмасы негізінде біріктіру арқылы ғана анықтайды. Берілген топтың семантикалық құрылымында белгілі кестесі бойынша алғаш болып «standing in relationship or characterized by relation of whatever sort» топтың анықтауыштық белгісі көрсетілген. Одан кейін «қарым - қатынас» семантикалық белгісі, мысалы, «ұқсастық», «себеп» сын есімдері орналасқан. Одан кейін ереже бойынша әр – түрлі мағыналық белгілер мен анықтауыштар орын алады. [39, 205].

Қарым – қатынстағы іс - әрекет жалпылау мағынасында төмендегі сын есімдер жұмсалады.

ЛСТ «сәйкестік» мағынасында келісушілік және кез келген аспектіге теңдік мағынасымен сәйкес келеді. «Сәйкестік» мағынасындағы сын есімдер тобы in conformity/accordance/compliance with элеметтерін пайдаланады. Пішіні мен мөлшеріне сәйкес аталған ЛСТ бірнеше топтың мүшесі бола алады.

      • «Объектінің сәйкестік мөлшері» мағынасында: similar, approximate, proportionate, different, distinct, opposite, contrary, various, sundry, unparalleled, unique;
      • «Бөлшектік ұқсастық» мағынасында: similar, angelic, saintly, queenly, princely, childish, babyish, infantile, boyish, girlish, owlish, spidery, wormy, spongy, bulbous, milky, creamy, pastry, furry, woolly, bristly, feathery, silky, silken, earthy, airy, metallic, silvery, glassy, crystal, icy, chalky, powdery, wiry, pearly, bushy, wintry;
      • «Сәйкестік/ сәйкес еместік» мағынасында: usual, normal, ordinary, natural, commonplace, habitual, customary, traditional, conventional, standard; антонимдері: strange, monstrous, odd, peculiar, queer, extraordinary, phenomenal, weird, quaint, abnormal; natural- following the usual course of nature, monstrous- following the usual course of nature, esp. in frightening way деген сын есімдер анықтауыш денотатын көрсетеді, оған «табиғаттың нәрселерінің сәйкестік емес» екенін көрсетіп [1.7, 1427].
      • «Логикалық сәйкестік» мағынасында: logical – according to the rules of logic or reason; absurd, nonsensical «contrast to reason». Бұл топтағы сын есімдер «логикалық сәйкестік» мағынасында «reason» семантикалық белгісімен сәйкес ЛСТ – ның «интелектуалдық қабілеттілік» мағынасы мен және «саналы тәртіп» мағынасындағы микро жүйелік сын есімдер қатар айтылады.
      • «In accordance or contrary to law» мағынасындағы сын есім «сәйкестік / сәйкес еместік» белгісіндегі сын есім бірге айтылады. Бұл топқа кірген сын есімдер: legitimate, legal, lawful, statutory «Ережеге сәйкес» белгісімен және «ережеге сәйккес емес» белгісіндегі сын есімдер жатады: illegal, lawless, wrongful, evil;
      • «Сапалық нормаға сәйкес» мағынасында: good, satisfactory, bad. Екінші ширек 1-ші топтағы satisfactory – good enough to be pleasing, or for a purpose, rule, standard сын есімдері сапалық орташа норма мағынасын білдіреді, олар: fair, mediocre, second- class, second- rate;
      • «deserving or having adequate merit»: «meritorious, worthwhile, worthless, respectable, glorious, estimable, honorable, commendable, creditable, notable; despicable, paltry, ridiculous;»
      • «Дұрыстық/ бұрыстық, қателік туралы сәйкестік» мағынасында: correct, incorrect, wrong, mistaken, erroneous, faulty;
      • «Нақтылық/ нақтылық емес» мағынасында: exact, accurate, precise, literal, letter – perfect; inaccurate, inexact;
      • «Баға» мағынасында: «having price», precious, expensive, costly, valuable, cheap, inexpensive;
      • «Маңызды/ маңызды емес туралы сәйкестік» мағынасындағы: important, significant, momentous, prime, predominant, primary, principal, essential, cardinal, main, staple, fundamental, basic, foremost, petty, trivial, trifling [1.6, 813];
      • «Пайдалылық/ пайдасыздық туралы сәйкестік» мағынасында: useful, advantageous, profitable, gainful, constructive және олардың антонимдері: useless, vain, futile;

«Себеп» мағынасында қолданылатын сын  есімдер тобы семантикалық белгілер негізінде анықтауыш денотаттың себебін білдіреді. Оған келесі сын есімдер жатады:

      • «Зиян келтіру, залал келтіру» мағынасында: harmful, injurious, disastrous, catastrophic; fatal, mortal, murderous, ruinous;
      • «Ауырлық келтіру » мағынасында: painful, sore, agonizing, painless;
      • «causing serenity physical or mental well-being» мағынасында: soothing, wholesome, comfortable, restful, smug;
      • «Ызасын келтіру» мағынасында: exciting, thrilling, inflammatory, stirring, sensational;
      • «Өштесу, араздасу» мағынасында: annoying, trying, provocative;
      • «Қорқыныш шақыру» мағынасында:fearful, frightful, terrible, horrible, horrid, appalling, formidable, scary, creepy;
      • «Қайғы, төмен көңіл күй себебі» мағынасында: distressing, grievous, mournful, depressing, dreary, dismal;
      • «Аяушылық сезімін білдіру» мағынасында: pitiful, pathetic.
      • «Бақытты немесе бақытсыздық» мағынасында:enjoyable, ecstatic;
      • «Ұятқа қалдыру» мағынасында: disgraceful, shameful, scandalous;
      • «Көргісі келмеу» мағынасында: disgusting, sickening;
      • «Реніш, балағаттауды есту» мағынасында:offensive, abusive, insulting;
      • «Күлкі қуаныш сезімін шақыру» мағынасында: entertaining, funny, laughable, humorous;
      • «Таңғалу сезімі» мағынасында:surprising, astonishing, amazing [1.4, 300].

«Кеңістіктегі қарым-қатынас» мағынасындағы ЛСТ. Бұл микрожүйенің мүшелері анықтауыш денотаттардың орналасу тәртібі мен орнын анықтайды. Бірінші ширектің бірінші тобындағы лексикалық единицалар «орналасу тәртібі» мағынасындағы сын есімдер кеңістіктің немесе заттың денотаттары арқылы анықталады. Ал екінші мүшесі ережеге байланысы мағыналық құрылымдағы адектифтікті единицалар арқылы байланысады.

«Орын тәртібі» мағынасындағы сын есімдер тобы 6 топтарға бөлінеді.

      • «Жайылма» мағынасында:widespread, prevailing, prevalent;
      • «Ішінде орналасу» мағынасында лексикалық бірліктер кеңістіктегі орналасужайы «ішкі/ сыртқы» белгісін білдіреді. Сын есімдер: external, exterior, outside, outer, outdoor, internal, interior, inside, inner, indoor;
      • «Шектеулі кеңістіктегі нақты орын» мағынасында төмендегі лексикалық единицалар жатады: central, middle, side, lateral, left, left- hand, right- hand;
      • «Шектеулі кеңістіктегі немесе заттың алды және артқы қатынасына байланысты»:front, advanced, frontal, forward, fore, back, rear, hind [1.7,905].
      • «Жоғары / төмен орналасу» мағынасында: upper,under;
      • «Бір затқа жақын / алыс тұру» мағынасында: together / apart «арақашықтық» белгісін білдіретін сын есімдер біріктірілген. Бұл микро жүйені: near, close, neighboring; «жақын арақашықтық» мағынасындағы сын есімдерді құрайды. «Adjacent, adjoining, contiguous» сын есімдері анықтауыш денотаттарының орналасу арақашықтығын бейнелейді. Сондықтан бұл микро жүйенің бірліктер белгісі арқылы «тығыз қарым- қатынас» мағынасындағы сын есімдер тобымен қабысып келеді. Бұл топқа: «distant, far, remote, faraway»  олар: «үлкен арақашықтық» мағынасындағы сын есімдерге жатады [1.7, 328].

Адъективті лексикалық бірліктің кең көлемді семантикалық аясы көптеген лексика – семантикалық топтарды ұсына алады. Берілген топтың анықталған сын есім әр-түрлі денотаттар арқылы жасалған. Екінші мүшелері сын есімдер семантикалық құрылымына жатады. Олар сәйкестік, орналасу тәртібі кеңістік, себеп, құралдар және басқа да сілтеу мағыналарында жұмсалады.

 

Сын есімнің семантикалық мағынасы оның мофологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады. 
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының кайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т. б.) жағыиан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.  
Зат есімге тән кептік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана бе-рулерімен катар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтеиетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын есім-де көптік, тәуелдік, септік_категориялары болмағынымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің-зат есімнен бөлінерлік, өз алдьша дербес категория екеніне дәлел. 
Сонымен бірге, бір алуан шн есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің кызметтерін атқарады. Мысалы: хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққаннына, арық сейлеп, семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвербиалдық қызмет атқарады

 

 

 

 

1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы.

 

Синонимдік қатар – тілдің жалпы жүйесіндегі микро жүйе. М.Ф. Палевская былай есептейді. Бұл микро жүйе бір немесе бірнеше объективті іс - әрекетке негізделеді [29,98]. Тілдің жалпы жүйесінде синонимдік қатар өзін белсенді ұстайды. Тілдің даму заңнамасында ол синонимдік қатардағы өзгерісін, дамуын, көбеюін, азаюын толығымен көрсете алады.

Лингвистикалық әдебиетте синонимдік қатар туралы бірнеше анықтама берілген. Ю. Д. Апресян синонимдік қатар өзіндік жүйесі бар тарихи топқа жататын сөздер десе, В.А. Серотина синонимдік байланысқа түскен сөздер тобы дейді.

Шарль Балли синонимдерге өзіндік үлесін қосқан бірден бір зерттеуші синонимдік қатар құрайтын синонимдерді «иницатар сөздер» деп атайды.

Тілдің лексикалық жүйесіндегі өзгеріс синонимдңк қатарларда және фразеологиялық оралымдарда нақты көрінеді.

Кей кездерде синонимдік қатар микро тақырыптармен сөзбен мазмұнының құрылымын құрылымы мен тепе тең келеді.

Тілдің синонимиялық жүйесін қарастырғанда оның тілдік қағидаларын ескеру қажет. В.Г. Велюман синонимдік қатарға жататын синонимияның белгілерін семантикалық сөздермен ауыстырып қолдануға болады деп есептейді. Синонимдік қатарлардың факультативтік белгісі ретінде сөздің морфологиялық құрылымы мен дыбыстық жағын ұқсастыра салыстырады [16, 60].

Сөздердің тақырыптың байланысы микро тақырып немесе синонимдік қатарын өзгеруіне алып келеді. Ауыспалы мағынадығы сөздер оның тең дәрежедегі мүшесі бола алады. Сондықтан синонимдік қатарға тура мағынасындағы сөздер мен тек қана сөздер немесе фразеологиялық оралымдар ғана емес сонымен қатар ауыспалы мағынадағы сөздер мен оралымдар жатады.

Сөз бұл лексикалық және грамматикалық мағынасындағы білдіретін дыбысты белгі. Тек қана сөздің негізгі мағынасы арқылы сөздің көп мағыналығы анықталады. Керісінше, сөздің тура және ауыспалы мағынадағы тілдің синонимиялық жүйесі арқылы анықталады.

Қазіргі тіл білімінде синонимдік қатардан доминант сөзді бөліп алу жақсы жолға қойылған. В.А. Серотина былай деп көрсетеді: «доменант сөз қолдану аясына қарай ешқандай эмоционалды экспресивті белгіде болмауы керек».

Сөздің көп мағыналығы доменантты ажыратуды қиындатады. В.Н. Клюева былай дейді: «кең көлемді» мағынада алынған доменант синонимдік қатарды айыруға кедергі жасайды, оны тек қана шектеулі мағынада қолдану керек [24, 7].

Доминантты ажырату ешқандай күдік келтірмейді: керсінші доменанттар синонимдік қатарлардың мүшелерін бір – бірімен ажыратуға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілінде түсіндірмелі және синонимдік қатарлар сөздігін зерттегенде қазіргі ағылшын тіліндегі нормадан жоғары сапалық мағынасын білдіретін 30 сын есімдер анықталады.соның ішінде жиі қолданысқа түсетін (good, nice, fine…), қолданысқа түсетін сөздермен стилистикалық белгісі бар (magnificent, first – rate, marvelous…) сөздер қолданылған.

Синонимдік қатарларда бұл сын есімдер эмоционалды және стилистикалық белгілер өсу дәрежесі бойынша орналасқан. Синонимдік қатарлардағы барлық  жерде кездесетін сөз «Old» сөзі. Бұдан былай жоғары нормадағы сапалық сәйкестік мағынасын білдіретін синонимдік қатардағы «Old»  сын есімдерін доменант деп есептейміз.

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері