Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

ЛСТ біркелкі заттық бағыттағы сөз топтарын біріктіреді. П.Н.Авалиани ЛСТ – ды бір – бірінен лексикалық мағынасы арқылы сөз топтарына жатқызуға болады дейді [1, 52]. Ф.П.Филин ЛСТ – ға олардың топтағы орнына қарай мағынасын ажыратуға болады дейді [41, 336].

Г.В.Ершова мынандай анықтама береді: «ЛСТ жеке сөздердің лексико – семантикалық нұсқасын және олардың семантикалық белгілерін лексикалық бірліктері арқылы анықтауға болады» [20, 35].

Сонымен ЛСТ бір сөз табына жататын топ ретінде анықталады.

Заттың сапасы сынын білдіретін сын есімдер өзінің ерекшелігімен ажыратылады. Олардың қолдану аясы өте кең. А.А.Уфимцева өзінің «Тіл белгілерінің типтері» еңбегінде былай деп жазады: «Сын есімдердің лексико- семантикалық қолдану аясы кең және лексикалық мағынасы синтагма мен үйлесіп келеді» [38, 149]. Синтагмадағы сын есімдердің синтаксистік рөлі өте зор. Сын есімдер негізгі мағынасы жалпы семантикалық белгілерді білдіреді. Сын есімдер көбінің мағынасы сегнифитатифтік мағынаны білдіреді.

Сын есімдер мағыналық белгілері көбінесе сын есімдермен қолдану аясы тар келеді.

Сын есімдердің көбінесе мағына жағынан (сегнифинат) аясы тар келеді, сын есімдер жасалған зат көлемі кең мағынаны білдіреді.

Сын есімдер шектеулі және толық семантикалық мағынасы синтагматикалық байланыстағы жоспарға енгізілді, сол себепті мағынасы тар сын есімдер, лексикалық синтагмаларды зат есімдерді салыстырғанда жартылай автаматтандырылған деп атауға болады.

Қазіргі ағылшын тіліндегі лексико – семантикалық топқа енгізілген «old» доминанты синонимдік қатар құрайтын сын есімдер қатар айтылады.

Сын есімдердің түрленуі

Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).

Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.

Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter).

Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем. Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.

Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды.Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

important (маңызды)

more important

interesting (қызықты)

more interesting

difficult (оңай)

more difficult

careful (сақ, ұқыпты)

more careful


Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.

 

 

2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы.

 

М.Ф.Палевскаяның пікірінше сөздің синонимдік байланысы белгілі бір тақырыпқа байланысты болады [29, 94]. Тақырыптың байланысы сөздерді белгілі біржалпы белгі мен біріктіріледі, мысалы: кез келген заттың бір бөлігі кеңістікпен біріктіріле айтылады. Сөздер мен құблыстардың аралығындағы белгілі бір байланыстың болмауынан тақырыптың байланыс үйлесімге түспейді. Тақырыптық байланыстың қозғалысы тілдің синонимдік жүйесінде жақсы байқалады.

Жалпы тақырыптың байланыс сөздердің санымен тікелей байланысады. Тақырыптар тақырыпшаларға, топтар мен топшаларға бөлінеді. Бір тақырыпқа біріктірілген сөздер әр – түрлі бір – біріне жақын мағынаға ие болады. Сөэдің жақын мағыналығы синонимия мәселесімен өте тығыз байланысты.

А.А.Уфимцева: «синонимия мәселесін сөз еткенде оның теориялық практикалық екі жағын ажыратып алу керек»,  - дейді [40, 26]. Тілдегі бұл құбылыс синонимдермен және полисемия, омонемия мен өте ұқсас келеді. Синонимдерді түсінудің екінші жолы практикалық жолмен келеді. Синонимияның бұл екінші жолы стилистика аясынан шығып, синонимдік сөздік жасауға негіз болады.

Синонимияны ұгынудың бұл екі жолы әр – түрлі мақсатта жүзеге асады, синонимге жалпы дефиниция беріп және ерекшелеу кез келген тілдің сөздік байлығында синонимдік, лексикалық бірліктерін жатқызу болып табылады. Бірақ бұл 2 жол синонимияның түсінудің тығыз байланысын шектетеді. Қортындылаудың шынайлығы мен нақтылығы практикада тексерілуі тиісті, қазіргі уақытта практикалық жол болып синонимдік сөздікпен жұмыс жасау жатады.

Синонимге анықтама бермей тұрып синонимияның анықтамасына оралайық. Лингвистикалық әдебиетте синонимия туралы ешбір анықтаманың жоқтығын ескеруіміз қажет. Зерттеушілердің көбісі синоним белгілерін синонимияға жатқызады. А.А.Реформацкий бір тілдегі екі сөздің мағынасын денотат арқылы анықтайды [30,62].

Р.А.Будагов синонимияға жататын екі сөзді бір мағынаға және бір денотатқа жатқызады.

Синонимия туралы жалпы анықтаманы синонимдерге байланысты шарттар мен семантикалық мүмкіндіктерден анықтауға болады. А.А.Уфемцеваның ойынша семантикалық топтардың әр – түрлі типтері тілдің негізгі бірліктеріне байланысты дейді [40, 29].

Синонимия мәселелері лексика мағынасы жағынан полесимияға өте ұқсас келеді. Сөздердің лексикалық байланысының көп мағыналығы мен күрделілігі тілдік белгілерге байланысты. Сөздердің өзіндік ерекшелігін бірнеше синонимдік қатарлардан және бірнеше лексико – семантикалық топтардан табуға болады. Сөз тілдің объективті – субъективті жағын танымдық, коммуникативтік, прагматикалық қызметін атқарады. Сөздердің әр – түрлі мағынаға ие болуы тілдік жүйеге ғана емес ауызша сөзжұмсауға өзгеріске түседі. Сонымен қатар тілді қоғамдық құрылыс ретінде, оның пайда болуына, қызметіне, қолдану аясына назар аудару керек. Соған сәйкес сөз мағынасы да шектеуге ие болады.

Сонымен қатар, әрбір сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар. Тілдің дамуы сөз таптарының түрлі тұлғаларымен толығуының, лексика –грамматикалық ерекшекліктерінің артуының нәтижесіне байланысты. Тілдегі сөз таптары единицалары мағыналарының қалыптасуы, жаңаруы, көнеленуі сол сөз табының ішкі жүйесімен қатар сыртқы факторлар, яғни, өзге сөз таптарының ықпалымен де жасалып отырады. Сондықтан сөз таптарының сөзжасамдық, сөзөзгерімдік, мағына қалыптастырушылық қасиеттерін санамағанда олардың ішкі және сыртқы факторлармен байланысты екендігін ескеру керек. Тілдік жүйеде жаңа сөз табының пайда болуына өзге сөз таптарының ықпалы мол. Әрбір сөз табының қалыптасуына тигізетін әсері де ерекшелігі түрлі-түрлі. Мысалы, үстеулердің пайда болу, қалыптасуына өзге сөз таптары түрлі жағдайларда, түрлі қасиеттерімен әсер еткен. Барлық сөз таптарының үстеу жасау қабілеті де алуан түрлі болады. Өйткені, әрбір сөз табының бір-біріне ұқсамайтын белгілері, өзгешеліктері бар. Десек те, оларды бірімен-бірін байланыстырып тұратын ортақтықтар да мол. Даму мен қалыптасуында да үзілмес байланыс бар. Тілде бір сөз табы ерте пайда болған, бірі кеш пайда болды, бәрібір олардың арасында қатынас сақталады. Сондықтан сөз таптарының осындай айырым - белгілері мен ортақ қасиеттерін сараптай отырып, барлық сөз таптарының бірін-бірі толықтыруда, қалыптастыруда алатын орындары бар деген тұжырым жасауға болады.

Адвербиалдану процесінің негізгі ұйтқысы болып табылатын жекеленген сөз таптары. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты белгілі бір заңдылықтар мен тілдік нормаға сүйенеді. Жоғарыда атап айтқандай әрбір сөз таптарының үстеулер қатарына өтуге бейім единицалары бар. Сол тілдік единицалардың үстеуге айналуына белгілі мөлшерде грамматикалық формалар ықпал етеді. Мысалы, мезгілдік және мекендік мағыналары бар зат есімдер, сапалық сын есімдер, сұрау және сілтеу есімдіктері, белгісіздік сан есімдер мен көсемшелер.

Адвербиалдану процесіне күрделі, жай және туынды сөз құрылымдарының барлық түрлеріне қатысады. Әрбір құрылымның үстеу сөз табын қалыптастыруда алатын алуан түрлі орындары бар. Арадағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды санамалаған жағдайдың өзінде бұл құрылымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста дамып отырады. Осындай сөздер мен тілдік құрымдар адвербиалдық мән-мазмұнға ие болады да семантикалық мазмұн бірлігі, функционалдық дистрибуция және ситуативті контекске байланысты – мекендік, мезгілдік, өлшем бірлігін, қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіру мәнінде қолданысқа түседі.

           Синонимия құбылысы полисимиямен тығыз байланысты. Тілдік белгілердің полисимиялық айырмашылығы синонимдермен қатар салыстырғанда ғана көрінеді, синонимдік қатарлардың анықтамасы сөздік белгілердіңполисимиялық мағынасына байланысты болып келеді. Сөздің мағыналық құрылымы және негізгі семантикалық категориялардың лексикалық мағынасы синонимияға байланысты болып келеді.

Сөздің лексикалық мағынасы құрылымдық қасиетіне қарай төмендегі факторлар арқылы анықталады:

    1. Сөз қолданысындағы тұрақты тіркестер;
    2. Белгілі бір сөз табына жататындығы;
    3. Белгілі бір семантикалық топқа жататындығы;
    4. Басқа сөздермен лексикалық байланысқа түсуі;
    5. Синонимдермен семантикалық қатынасы;
    6. Сөз байланысына мағыналық негізгі типтері;

Синоним мәселелері өте ертеден келе жатқан ғылым. Оны ежелгі гректер мағынасы жағынан бір – біріне жақын сөздер деп анықтама берген. Бұл синонимдер туралы анықтама осы күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Ғалымдардың көпшілігі осы анықтаманы басшылыққа алады. Т.И.Арбекова синонимге мынандай анықтама береді: «Синонимдер – бір категорияға жататын сөздік бірліктер, көлемі жағынан сөздік мағынасы бір және бірнеше сөздермен сәйкес келетін сөздер» [7, 122]. Синонимияның критерия ретінде оның көлемдік мағынасы мен сөз қолданысындағы мағыналық сөздер айтылады. Жеке жағдайларда бір заттың әр – түрлі мағынада ие болатын сөздер синонимдер болып есептелмейді.

Г.М.Шипицинаның пікірінше, ЛСТ – ға синонимдер бір мағынада ғана жұмсалады [42,127].

Л.А.Булаховский синонимдерді контексте және мағынасы бір – біріне жақын контексте тең мағынаға байланысты ғана байланысқа түседі депесептейді [15, 39]. И.В.Арнольттың пірінше бір ғана сөз табына жататын логикалық мағынасы жағынан контекстегі сөздермен өзара байланыса алатын сөздерді синонимдер деп аатайды [9,129]. Синонимдер туралы берілген барлық анықтамалар А.П.Евгеньеваның берген анықтамасы мен сәйкес келеді: «Синонимдер – мағынасы жағынан бір – біріне жақын сөздер» [20,9].

Бұл еңбекте И.В.Арнольттың синонимге берген анықтамасына сүйеніп отырмыз.

Ю.Д.Апресян былай дейді: «Синонимдердің мағынасы жағынан семантикалық және операционн - семантикалық» [3,126]. Синонимдер сөздер ретінде бір лексикалық мағынаға ие болып, бірақ өзіндік белгілермен ажыратылатын сөздер. Бұл анықтаманың бірнеше терминологиялық нұсқалары бар. Синонимия туралы айтылған пікірлер бойынша оларды семантикалық, лексикалық, синтаксистік және басқа белгілері арқылы ажыратуға болатындығын айтады.

Ю.Д.Апресян мұндай анықтамалардың көбінесе екі ұқсастығы барын айтады. Біріншіден олар әлі де болса мағынада байланысты нақты мазмұнға ие болмайды. Екіншіден синонимдердің семантикалық құрылымына басты назар аударылады. Олардың айырмашылықтарына назар аударылмайды. Мағынасы жағынан бір – біріне сәйкес келетін сөздер көбінесе жасанды синонимдер деп есептеледі.

Бұл пікірді А.Б.Шапироның мақаласына негізделіп аленеп отыр «... мағынасы жағынан сәйкес дыбыстың құрылымдағы сөздер синонимдер болып есептелмейді. Синонимдер мағынасы жағынан өте жақын байланысқан сөздер болып табылады».

Тілдік бірлік үшін синонимдік дәреже семантикалық компонентке ие болмайды.

Мағынасы жағынан өте жақын сөздер ғана аз мысалға ие болады дегенмен бұл қағмда тілдік анықтамаға әсерін тигізеді.

Егер синонимдер негізгі үлкен бөлікке бөлінсе екі сөздің мағынасы сәйкес келер еді. Мұндай бөлініс синонимдерді нақты және нақты емес деген тұжырымға әкеліп соқпайды. Синонимдер жайлы қарапайым анықтамалар түсіндірмелі теорияда қатаң талқылауға алынбайды. Ол тек қана лексикалық синонимдердің теориясы мен олардың құрылымындағы кемшіліктер деп есептеліп келді.

Синонимдердің өзара алмастырудың мықты жәнеәлсіз шарттары бар. Өзара алмастырудың мықты жақтарына кез келген контекстегі мағыналық жағынан өзара алмастыруға түсе алатын сөздерд жатқызылады. С.Ульман бұл қағидаға ешбір жұп сөздердің бағынбайтына көзі жетті. Сол себепті ол мынандай қортындыға келді. Сөздіктегі шектеусіз синонимдердің пайда болуын және оның дамуын зерттеуді инпрессионистік деп атайды.

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері