Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа
Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58
Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі осыдан бұрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің кейбір түрлерінің (көбіне етістік, негізгі сын есімдердің) есімшелермен (немесе үстеулермен) байланысы бірыңғай формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын есім, келде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс аты, аспан — есімше тұлғасы, еын есім; -қы: шайқы — зат есім; -қыш: тұтқыш — зат есім, тапқыш — сын есім. Түркі тілдеріндегі сын есімдердің бір ерекшелігі—(мүмкін, тек қана түркі тілдерін деп емес, жалпы алтай тілдеріндегі) оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тек қана «сын есімдерге тән» деп қарауға болатындай морфологиялық тұлғалардың өте аздығы (немесе тіпті жоқтығы). Айталық, қазақ тіліндегі сын есім жасайтын қосымшалы түп негізі жағынан-лық қосымшасының тарихи варианты. Ал-лық көне түркі тілінің өзінде таза сын есім жасайтьш қосымша болмағаны мәлім, сын есімнің шырай түрлерін жасайды деп есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың бәрі сын есімдер деп аталатын грамматикалық топ түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырымдауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа топтарынан (әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматикалық жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы тілдің даму барысында орныққан құбылыс болса керек. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де) контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы (трансформация); 2. Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйенің қалыптасуы.
Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Бұл жолмен (трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тіл-дерінің барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қолданылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары, жас, кәрі т. б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. Айталық, қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнін де береді (қара көрінді); ал етістік деп қарауға дәлел — бұл сөздің етістік тұлғасы қарай, соңғы -й элементі көсемше тұлғасы. Ал, көсемше тек етістік түбірден ғана жасалатыны белгілі, сары сын есімінің арғы негізі — етістік, бұл сөздің көне түркі ескерткіштері тіліндегі тұлғасы сарығ, соңғы-ығ әдетте етістік түбірге жалғанатын қимылсын қосымшасы. Сонымен, осы айтылғандардан шығатын қорытынды: негізгі сын есімдер сібаста әр түрлі есім * тұлғалардың қолданысы негізінде қалыптасқан. Жоғары фактілерден байқалып отырғандай, трансформация жолымен түбір сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын есімге айналған. Негізгі түбірлер сапалық сын есімдерге ұйтқы болса, туынды түбірлер көбінесе қатыстық сын есімдердің негізін қалады. Туынды түбірлер негізінде қалыптасқан сын есімдердің едәуір тобы қазіргі тілде шырай қосымшаларын қабылдамайды. Мысалы: Кеш — кешірек, кештеу, бірақ кешкі сын есімі шырай қосымшаларын қабылдайды.
Ал, сын есімдер жасаудың екінші жолы — оларды басқа сөздер тобынан ерекшелейтін морфологиялық жүйенің қалыптасуы — туымды есім түбірлердің трансформация жолымен сын есімге айналуына негізделсе керек. Туынды түбірлердің текст құрамында қолданылу барысында сындық мән алып, орнығуы олардың форманттарының сын есімдік мән туғызу тәсілдері ретінде қайта ұғынылуына жағдай жасады (аналогия). Осы жолмен есімдерден сын есім жасайтынлы және -лық (бір аффикстің екі варианты) етістіктерден сын есім жасайтынқын, -ар, -қыр т. б. аффикстер құралған, сын есім жасаудың морфологиялық жүйесі қалыптасты.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдерді морфологиялық тұрғыдан екі топқа бөліп қарастыру қалыптасты. Ондай топтар: негізгі есімдер және туынды сын есімдер. Негізгі сын есімдер тобында әдетте бүгінгі тіл құрамында бөліп қарауға келмейтін, түбір ретінде ұғынылатын сөздер жатады да, туынды сын есімдерге қосымшалар арқылы басқа сөз таптарынан (есімдер мен етістіктерден) жасалған сын есімдер жатады.
Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала, жақсы, жаман, зор, үлкен, кіші, тегіс, бай, кедей сияқты сөздер барлық түркі тілдерінде айтылады, (әрине, әр тілдің немесе тілдер тобының өздеріне тән фонетикалық ерекшеліктеріне сай). Негізгі сын есімдердің едәуір тобы, әсіресе түр-түсті білдіретін сын есімдер бүгінгі түркі тілдерінде кейбір фонетикалық ерекшеліктермен түгел қайталанып отырады. Мысалы, қазақ: ала,ноғай: ала, ұйғыр: ала, алтай: ала, түркімен, әзірбайжан: ала т. б. сол сияқты заттың ерекшелігін білдіретін сөздер түркі тілдерінің барлығына дерлік тән, мысалы, қазақ: жаңа, ноғай: йаңы, құмық: йаны, ұйғыр: йени, түрік: йени әзірбайжан: йеңи, чуваш: джіні, қазақ, ұйғыр, қарақалпақ: көк, түрік: татар: күкт, якут: күрк, чуваш: қалак, түркімен: т. б. Сонымен бірге негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, әсіресе заттың әр түрлі сапалық ерекшеліктерін білдіретін сын есімдер жеке тілдердің қалыптасу, даму ерекшеліктеріне лайық өзгеше болып отырады: бұл жерде, әеіресе чуваш тілін еске алу керек. Мысалы, чуваш: ваты -қарт, кәрия, віті — ұсақ, майда, хырақ, хырах — жалғыз, лутака — аласа, домалақ. Бұл ұғымдар көпшілік түркі тілдерінде басқа сөздер арқылы беріледі. Чуваштық эквиваленттер басқа түркі тілдері мен чуваш тілі арасында белгілі дыбыс сәй-кестіктеріне жатпайды, чуваш тілінің өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады .
Сонымен қатар сөздік қордың басқа саласы сияқты, сын есімдер тобы да басқа тілдермен байланыс арқылы толығып отырған. Чуваш тіліндегі -лытқы, -тыныш, -лутака -аласа, жатаған, янкар — шірік, шулятра — үлкен, дәу т. б. толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен енген сын есімдер т. б. осы жол арқылы қалыптасқандар. Туынды сын есім жасайтын аффикстердің бірі және осы қызметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік (бұлардың фонетикалық варианттары -лығ, -ліг, -лы, -лі) Бұл аффикске қатысты ескеретін бір жай — көне түркі, ескі түркі (орта түркі) тілдерінде бұл аффикс көбіне -лығ (соңғы дыбысы ұяң -ғы) сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қалыптасуы — фонетикалық өзгерістерінің нәтижесі.
Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінгі тіл құрамында қолданылу ерекшеліктерінен байқалады, Мысалы, қазіргі қазақ тілінде -лы орнына -лық немесе керісінше қолданылу кездеседі (аудандық жер — ауданды жер).
Қазіргі түркі тілдерінде -лық және лы аффикстері арқылы жаңа сөз тудыру қатыстық сын есімдер (яғни туынды сын есімдер) жасалуының ең өнімді тәсілдері болып табылады. Тува: даштығ (тасты), дағлығ (таулы), суғлығ (сулы), өзбек: куркинчли (қорқынышты), хакас: маллығ (малды), тоннығ (тоңды, киімді), башқұрт: ішлі (етті). Осы тұлғалас қатыстық сын есімдердің қазіргі түркі тілдеріндегі семантикасы мен қолданысы көбіне ыңғайлас болады да, тілдер бүл жөнінде бір-бірінен пәлендей оқшау құбылыс байқатпайды.
Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын есімдердің өзгеше қолданысы да (көне түркі тілімен салыстырғанда) байқалады: -лы, -лық тұлғалы сын есімдер кісінің ұлт, мекенге қатыстылық мәнін білдіреді. Мысалы, қарашай: қытайлы (қытайлық), оруслу (Ресейлік), карачайлы (қарашай, қарашайлық), түрік: истанбуллы (Стамбулдық), түркімен: Морылы (Морайлық) өзбек: Самарқандік (Самарқандық) т. б. Бұндай қолданыс -лы, -лық тұлғалы сын есімдердің семантикалық дамуының нәтижесі. Түркімен, ұйғыр тілдерінде осы мәнде -лық, -лек аффиксі де қолданылады: ітлек (етті), музлақ (мұзды). Якут тілінде осы мәнде -тах, -тәх аффикстері айтылады: аттах (атты), оғолох (ұлды).
Қатыстық сын есім жасайтын аффикстердің бірі -шақ, (-шек і-чан, -чен, -ча), Бұндай түлғалы сөздер белгілі бір іске, әрекетке, әдетке ыңғайлылықты, икемділікті біл-діреді. Қазақ: бойшаң, алтай: соғушчан (төбелесшіл), ұрысқақ, татар: талайчән (талайшыл), өзбек: сүзчан (сөзшең) т. б. Қазақ тілінде, тағы басқа тілдерде бұл мәнде -қақ, -кек аффикстері айтылады (ұрысқақ). бұл айтылғандардан басқа есім түбірлерден сын есім жасайтын аффикстер мыналар: -қы, -кі: қысқы, жазғы, әзірбайжан: ахшамықа (ақшам уақытындағы, кешкі), түрік: сабаһқы (ертеңгі), чуваш: сурки (көктемгі), тува: часқы (көктемгі) т. б. -дақы, -декі жоғарыдағы аффикс пен жатыс жалғау қосымшасынан құралған: ауылдағы, үйдегі, түрік: долаптақы (шкафтағы), якут: тыатағы (тайгадағы), хакас: чирдеги (жердегі) т. б. Қазіргі түркі тілдері құрамында сын есім жасайтын аффикстердің жалпы саны әдәуір. Бірақ олардың көпшілігі (жоғарыда айтылғандардан басқалары) өнщсіз, азын-аулақ сөздер құрамында ғана кез-деседь Мысалы: -ғай аффиксі қазақ тілінде қапсағай тәрізді бірен-саран сөздер құрамында ғана үшырайды. Ал, татар тілінде айтылатын -лач, -леч аффикстері (итләч -етті, йыплач -жүндес) қазақ тілінде атымен кездеспейді. Немесе қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі (ақылман, қараман), алтай тіліндегі -сығ (дашсығ -тас сияқты, кіэзізіг-кісілік), қазақ тіліндегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбіне аталған тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Сондай-ақ жеке аффикстердің белгілі бір тілдер құрамында қолданылу дәрежесі де бірдей болып келмейді. Мысалы: қазақ тілінде -маң.аффиксі сын есім жасамайды, ал қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын аффикстер қатарына жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі қазақ тілінде кейбір есімдерге қосыльш, субъектіні ,бас-қалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ т. б. Бірақ шай, айыр, балық т. б. есім сөздерге жалғанбайды, яғни сондай зат есімдерден сын есім жасамайды. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай тілінде: арақызақ (арақ құмар), үйқұзақ (үйқышыл), тува тілінде: « айунзақ (ойынға құмар), чайымсақ (шайқұмар), балығым-сах (балыққа қүмар), якут тілінде: этімсех (етке қүмар, ет құмар) т. б. Қазақ тілі мұндай жағдайда -шыл, -қор, -құмар тәрізді қосымшаларды қолданар еді. Қолданысқа байланысты мұндай ерекшеліктер көбіне әдеби тілдің даму ерекшеліктерімен ұштасып жатады.
Сын есімдердің шырай категориясының сипаты мен ерекшеліктері жайлы жеке тілдерге арналған қорытынды - зерттеу еңбектерде толығынан айтылып келе жатыр. Сын есімнің шырайлық мәндерінің берілу тәсілдері екі түрлі: аналитикалық және синтетикалық. Аналитикалық тәсіл арқылы шырай мәнін туғызу — қазіргі түркі тілдерінде кең жайылған құбылыстың бірі. Бұл арнайы сөздің әдетте «күшейткіш сөз» не «күшейткіш буын» деп аталатын сын есіммен тіркес арқылы беріледі. Шырайлық мән берудің қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін тәсілі -ең с-зінің сын есімдермен тіркесі: қазақ: ең жақсы, түркімен: иң яғшы, шор: ен чакшы, ұйғыр: ең яхшы, тува: эң эки, құмық: иң де яхшы, ноғай: эң яксы, т. б. Ең күшейт-кіші қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолДаныла-ды. Бұл күшейткіш тек қана якут, чуваш тілдерінде кездеспейді. Якут тілінде бұл мәнде саамай (орыстың самый сөзі), ал чуваш тілінде чи күшейткіштері айтылады: Чуваш лайых (өте жақсы), якут: саамай үлүгәй (өте жақсы). Күшейткіш сөздер қазіргі түркі тілдерінің барлығында бірдей кездесе бермейді. Олардың бастылары мына төмен-дегілер: әзірбайжан тілінде лай, чох күшейткіштері қол-данылады: лап ях ты, лай чырмызы (қып-қызыл); лай сөзі якут, тува, алтай тілдерінде де айтылады. Бірақ ол тілдерде күшейткіш қызметінде емес, дербес сөз табы ретінде қолданылады. Башқұрт тіліндегі күшейткіш қызметінде бик, үтә, бигрәк, ғәжэй тәрізді сөздер қолданылады: бик яхшы, бигрэк йімлә (аса сүйкімді) т. б. Бұл сөздердің кейбірі қазақ тілінде сол мәнде, сол қызметте айтылады. Мысалы: өте, сондай. Бірақ бигрәк, бик сөздері айтылмайды. Ал ғажап сөзі күшейткіш қызметінде қолдаңылады. Алтай тілінде сүрекей, сүреек (екеуі де өте тым, аса мәндерінде), тың (өте мықты, өте күшті тәрізді мәндерде айтылады) сырақай (тіпті, өте) тәрізді күшейткіштер айтылады: сүрекей күч (өте күшті), сүреек салқынду (өте желді) т. б. Бұл сөздер ортаазиялық түркі тілдерінде ұшыраса қой-майды. Түркімен тілінде орэн, жуда, аша сөздері, хакас тілінде най (өте), тын (аса, тым), уғаа тәрізді күшейткіш сөздер айтылады.
Бұл айтылғандардың барлығы күшейтпелі шырай (қазақ тіл білімінде кейде «асырмалы шырай» деп аталатын шырай түрі, яғни заттың сындық қасиетін шамадан тыс асыра бағалаудың тәсілі болып табылады. Күшейтпе мән сонымен қатар сын есімдердің интенсив формалары арқылы да беріледі. Интенсив формалар әдетте редупликация (буын-ның қайталануы) арқылы жасалады. Қайталанатын бірінші буын, қайталанған буын п, б, м, кейде с, р дыбыстарына аяқталады: қып-қызыл, әзірбайжан: ғыт-ғырмызы, гөм-гөй (көкпеңбек), тәртәміз (өте таза, тап-таза) Бус-бүтін (бүп-бүтін), алтай: боп-боро (боп-боз), чоп-чоқор (ап-ала), гагауз: қас-қата (өте қатты, қап-қатты), түрік: бом-бош (боп-бос), қырғыз: оп-оор (ап-ауыр) т. б. Сонымен бірге қазақ тілінде: (көкпеңбек) туппа-тура, қарашай-балқар тілінде: таапа-толу, қаппа-қарауы, құмық тіліндегі: түппе-түз (түп-түзу), түрік тілінде: йапа-йалныз (жап-жалғыз). Салыстыр: жападан-жалғыз, түркімен тіліндегі тапба-таза, өзбек тіліндегі чіппа-чін тәрізді тіркестер редупликацияның ерекше түрі болып табылады. Бұлар басқы буынға -ба, -па буынның қЬсылуы арқылы жасалған. Интенсив фор-малардың арғы кегізі — сын есім түбірдің түгелдей қайта-лануы, яғни түзу-тұзу, қара-қара тәрізді қолданыста алдыңғы түбірдің фонетикалық өзгеріске түсуінің нәтижесі
дейтін пікір бар.
Түстің, сапаның, түрдің т. б. сындық қасиеттің белсендігі түркі тілдерінде арнаулы қосымшалар арқылы бе-ріледі. Ондай қосымшалар мына тәрізділер: -рақ, -рек (-ырақ, -ірек), -ымтыл (умтыл, -мтыл), -шыл, -шіл, -ыл, -ум, ылт, -ілт, (-улт), -ылтым, (-ултым -ылдым, ылтым, -ылтырым, -ултурум, -улдурым, -ғыл, ғул, -ғұлт, -қылт, -қылтым, т. б. Қазақ: сарырақ, сарғылт, ашқылтым, алтай: қысқылтым (қызғылт) сарғылтым, қаралтым (қарарақ), қазақ: ақшыл өзбек: ақчіл, қарашай-балқар: ақсыл, әзір-байжан: бояумтыл (бозғылт), гәйүмтүл (көкшіл), ағымтыл (ақшыл), ғырмызымтым (қызылырақ). Көрсетілген аффикстердің кейбірінің таралу шегі шағын. Мысалы: -рақ аффиксі якут, гштай, түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде қолданылады. Ал әзірбайжан, түрік тілдерінде актив қолданылатын -ым/-тыл аффиксі. Қазақ тілінде тек диалектикалық ыңғайда ғана ұшырасады. Онда да сол оғыз тобына жататын халықтармен араласып жататын террито-рия тұрғындарының тілінде ұшырайды.
Сынның салыстырмалы артықтығын, не салыстырмалы бәсеңдігін білдіретін шырай түрін жасайтын тәсіл -ырақ, -ірек, -рақ, -рек аффиксі. Бұл — шырайдың осы түрін жасаудың түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын тәсілі, Қазақ: қалыңырақ, қарашай-балқар: қалыңырақ, қызылырақ, қырғыз: ағурак, көгүрек, қаттурақ (қаттырақ), ңоғай: көгүрәк, түрік: інджәрәк (жіңішкерек), күчүрәк (кішірек), түркімен: аджырақ (ашырақ), өзбек: қорарақ (қарарақ), чуваш: ілэмлерех (әсемдірек), -рақ аффиксі кейбір зат есщдерге, бар, жоқ сөздеріне, кейбір тілдерде көсемше тұлғаларына, сондай-ақ үстеулерге жалғанып қолданылады: сыртырақ, сыртқарақ тәрізді қолданыстар қазақ тілінде кездессе, татар тілінде арқазарақ (кейінірек), қарайым тілінде ағарақ қарындаш (аға), ігітрах қарындаш, (іні) т. б. -рақ аффиксінің мұндай әр түрлі топқа жататын сөздерге жалғанып қолданылуы оны әдеттегі форма туғызушы (шырай жасаушы) қосымшалар тобында қараудың негізділігіне күмән туғызады. Әр түрлі грамматикалық, семантикалық топтарға жататын, әр түрлі синтаксистік қызметте қолданылатын сөздерге жалғана беруі оны (-рақ) аффиксін шырай жасайтын тәсілдер қатарына жатқызып, олардың бірі деп қарауға мүмкіндік бермейді. Егер ол сондай тәсілдердің бірі ғана болса, тек негізгі сын есімдерге жалғанар еді. Бұл ерекшелік түркологияда әр кез айтылып жүрген -рақ аффиксін сөз тудырушы (есім тудырушы) аффикстер қатарына жатқызу керек дейтін пікірдің негізі бар екендігін көрсетеді. Бұл аффикстің айқын салыстырмалы шырай жасайтын жері — шығыс септікті конструкция құрамында ғана. Мысалы: Мұрат Мақсұттан гөрі жайырақ. Ал якут тілінде осы мағынада салыстырмалы септік ай-тылады: хаттың титэгэр күстех (қайын қарағайдан күштірек). Дегенмен, -рақ айтылмайтын тілдер де бар: якут, алтай, гагауз тілдерінде салыстырмалы мән туғызатын мұндай аффикс айтылмайды. Шырай тұлғасын жасайтын кейбір тәсілдер белгілі бір тілдерде ғана қолданылып, сөйлемдерді айрықшалайтын белгі ретінде қаралады. Солардың бірі -сав (-сов) -су (-сыв) -сөй аффиксі. Бұл аффикс көбіне әзірбайжан, құмық тілдерінде қолданылады: Әзір-байжан: узунсов (ұзынша), делсов (ақымақтау), құмық: назіксув (нәзікше), улуусов (үлкендеу), биіксув (биіктеу), сазықсув (толықтау). Ал якут тілінде сондай мағынада -тықы (-туну) -нуну -сызр (суар) аффккстері айтылады: қыратыңы (майдалау), суоннуну (жуандау), ітітіңі (ыссы-лау), барбахсыар (нашарлау), мелтохсуор (әлсіздеу).
Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері