Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа
Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Сын есімдердің аударылу
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның
қолдану аясы..........................
1.4 Сын есімдердің жалпы
2. Сын есімдердің ағылшын
2.1 Сын есімдердің аударылуын
талдау, ағылшын тілінен қазақ
тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер.
2.2 Лексикалық синонимдердің
2.3 Көркем әдебиет негізінде
сын есімдердің аударылуын
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ұсынған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау міндетін айқындап берді. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілдіі пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» Сол үш тілдің ішінде ағылшын тілі өте маңызды орын алады. Жат тілді игеруде салғастырмалы-типологиялық ізденістердің нәтижелері үлкен лингводидактикалық қызмет атқарады.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау көзделеді делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін өзінің кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы жаңа тәжірибиге жол ашатындай батыл қадам жасау көзделеді. Қазіргі тіл білімі ғылымында морфология саласының ғылыми мәселелерінің зерттелуі үлкен орын алады. Курстық зерттеу жұмысы қазақ және ағылшын тілі зат есімінің тілдік (сөздік) деңгейде семантикалық қасиеттерін зерттеуге арналған.
Салғастырмалы-типологиялық ғылыми ізденістердің нәтижелері екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ғана емес, салғастырылып жатқан әр тілдің ішкі дүниесіндегі нәзік ерекшеліктерді де анықтайды. Ол ерекшеліктер монотілді зерттеу барысында әркез байқала бермейді.
Сөз таптарының семантикалық мәндеріне арналған
зерттеулер өте аз. Сөз табының морфологиялық
қасиеттерін салыстырмалы тіл білімі
ұғымдары, ұстанымдары негізінде орындаған
зерттеулер өте аз. Сөз таптарына, соның
ішінде, зат есімне арналған ғылыми жұмыстар
қазақ тіл білімінде бар. Осы мәселе
Бүгінгі таңда лексико-семантикалық сөздердің қатынастарының зерттеуі өте өзекті және көкейкесті мәселе, бұл тілдің мән-мағысына байланысты. Осы тақырыптың зерделенуінің қажеттілігі теориялық және тәжірибелік назарынан керектігінен зерттеледі. Лексикалық қатынастардың зерделенуі сөздердің лексико-семантикалық құрылымын, сөздердің лексико-семантикалық нұсқаларына жіктеуіне зерттелуіне көмектеседі. ЛСН терминін (лексико-семантикалық нұсқа) А.И. Смирницскийдің түсінігінде «тілдің лексико-семантикалық жүйесінде ең кішкентай бөлшек» .
Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.
Диплом жұмысының тақырыбы «Aғылшын тілінен қазақ тіліне cын есімдердің аудару ерекшеліктері».
Диплом жұмысының мақсаты: «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін» түсінігін білдіретін қазіргі ағылшын тілінде, парадигматикалық деңгейдегі сын есімдерге талдау жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
Диплом жұмысының объекті болып классикалық прозаның қазақ жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан 1819 бет, 600 мысалдар талданып алынды.
Зерттеудің пәні: «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін «old» сын есімдердің синонимдер қатары.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: біріңғай таңдау әдісі, компонентік талдау әдісі. Басқа ғылыми талдаулар қолданылады; контекстуальдық және баяндау.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы және ғылыми жұмыстың жаңашылығы. Бұл ғылыми жұмыста зерттелген сын есімдердің лексико-семантикалық нұсқаларының мазмұнды байланыстары көрсетілуімен анықталады.
Зерттеу жұмысының болжамы: барлық сын есімдердің негізінде қандай-да бір қағидадан жоғары семантикалық белгі жатыр. Ағылшын түсіндірме сөздіктері арқылы «old» сын есімінің 18 лексико-семантикалық нұсқалары белгіленіп шығарылып отыр. Біздің ойымыз бойынша ЛСН1 ең жиі қолданылатын және нақты мағынасы бар, ал басқа мағыналар ЛСН1 көп белгілерімен икемге келеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Бұл жұмыстың практикалық маңызы, оның зерттелген нәтижесін жалпы теориялық дисциплиналарының оқытуында, қолданбалы грамматика, сөйлеу және жазу машықтандыру және ағылшын тілінің стилистикасы оқытуында қолданудың мүмкіндігі. Осы мәлімметтер курстық жұмысын жазуында қолданыла алады.
Жұмыстың апробациясы. Зерттелген жұмыстың қағидалары XII «Ғылым және жаңа ұрпақ -2010» ғылыми конференциясында баяндалды.
Зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және әдебиет қайнар көзі тізімінен құрылған.
Кіріспеде зерттелген жұмыстың көкейкестігі негізделеді, мақсат және міндеттер қойылады, зерттелетін жұмысқа мағлұмат анықталады.
Бірінші бөлімде жалпы теореалық мәселелр қарастырылады. Қазіргі ағылшын тілінің сын есімдер подкласстары қарастылады.
Екінші бөлімде сөздің лексикалық мағынасын анықтайтын мәселелер қарастырылады. Сөздің семантикалық құрылымында сөздің тура және ауыспалы мағыналары белгіленеді. Сөздің мәні денотативтік және стилистикалық (коннотативтік) болып мағыналарына қарай бөлінеді.
Детонативтік деп аталатын сөздердің лексикалық мағынасы заттық ұғымы жетекші және анықтауыш. Коннотативтік мағына сөздің атауы мен сөздің белгісі, түсінігі сөздің сипаттама қызметімен бірлестіріледі.
Қорытындыда зерттелген жұмыстың жалпы жиынтығы баяндалады.
1 Сын есімдердің аудару ерекшеліктері.
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Семантика – тілдік ұғымдар мен тілдік әлемнің шынайы немесе елестету қатынастар жиынтығының сараптамасы. Нақты қазіргі уақытта тілдік ұғымдар (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін ) дүниедегі барлық заттарды, сапаны, ( немесе қасиеттерді), іс - әрекетті, іс - әрекетті орындаушы тәсілдерді, қарым – қатынасты, оның кейінгі жағдайларын білдіреді. “Семантика” термині грек сөзінің түбірінен алынған, ол “көрсеткіш” дегенді білдіреді (semantikos «обозначающий»). Шынайы тіл мен нақты немесе елестету әлемінің мағынасы лингвистика бөліміндегі лингвистикалық семантика арқылы зерделенеді. Семантика жасанды формалды тілдер мен олардың пайымдалуы формалды логиканың бір бөлімі болып есептеледі. Берілген мақалада оқиға лингвистикалық семантика жайында айтылған. [3,151].
Семантика лингвистиканың бір бөлімі ретінде төмендегі мәселелерді қарастырады: адам кез келген тілдегі сөздің грамматикалық ережесін біле тұра сол туралы жан-жақты ақпаратты бере алуға қабілетті (ішкі жан дүниесінқосқанда), сонымен қатар алғаш рет естіп тұрған мәліметті де өзінше түйе алады.
Семантикалық компонент толық тілдік талдаудың грамматикалық негізгі бөлігі екенін мойындайды. Әр түрлі тілдік теориялар семантикалық қағидалардың жалпы қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, семантикалық компоненттердің құрылу қағидаларына американдық лингвистер Дж.Катц пен Дж.Фодор үлес қосса, оның дамуына Р.Джэкендофф, сонымен қатар “Мәтін - Мағына” компонеттерін Ю.Д.Апресян, А.К.Жолковский, И.А.Мельчук бастаған. Москвалық семантикалық мектебінің өкілдері қамтамасыз етті. Семантикалық компонеттің өзіне тән сөздігі болады (лексикон). Онда әр сөздің сол тілдегі жеке мағынасы және қарым – қатынастағы мағыналық ережесі беріліп отырады.
Лингвистиканың жеке бір саласы ретінде семантика 19 ғасырдың соңында ерекшеленді. “Семантика” терминін ғылымның бір саласы ретінде 1883 жылы француз линсвисті М.Бреал енгізді. 1950 жылдың соңына дейін бұл терминмен бірге “семасиология”термині қатар қолданылып келеді. Лингвистикалық семантиканың қарқынды дамуы 1960 жылдарда басталды; бүгінгі таңда ол мағынасы жағынан тіл білімінің негізгі бөлімі болып есептеледі. [7,122].
Семантикалық топтар термині лингвистикада көбінесе тілдік бірлік ретінде жұмсалады. Бастапқы уақытта мұндай лексикалық бірліктерді сөз – лексикалық деңгейдің бірліктері ретінде қарастырды, кейін сөз тіркестер мен сөйлемді де қарастыратын семантикалық топтар пайда болды.
Семантикалық топтар төмендегі негізгі қасиеттермен ерекшеленеді.
1. Семантикалық топтар тілдік негізгі қасиеттермен оның шынайы психологиялық тұстарын меңгере алды.
2. Семантикалық топтар тілдің жеке жүйесі ретінде ерекшелене алады.
3. Семантикалық топтар бірлігі семантикалық қатынастар жүйесімен тығыз байланыса алады.
4. Әр семантикалық топтар тілдің басқа семантикалық топтарымен байланыса отырып, бірлесе тілдік жүйені құра алады.
Семантикалық топтардың негізгі теориясында тілдегі кейбір семантикалық топтар жәнә қабілетіне байланысты тілдік бірліктер бір немесе бірнеше топтарға бөліне алады делінген. Тілдің сөздік құрамы (лексика) жеке сөздер тобын құра алады: семантикалық (мақтау - мақтану), антонимдік (сөйлеу - үндемеу) т.с. с [11,321].
Лексикалық сөз жүйесінің біріккен түрі 19 ғасырда М.М.Покровский (1868/69 - 1942) еңбегінде көрініс табады. Алғаш семантикалық топтардаы ерекшелеу идеографиялық сөздіктерді жасауда П.Роже еңбектерінде көрінді. “Семантикалық топтар” термині белсенді түрде И.Трира және Г.Ипсен еңбектері жарыққа шыққаннан кейін қолданысқа енді. Лексикалық Жүйенің мұндай көзқарасы бірінші аксиома ретінде емес, лингвистикалық гипотеза ретінде қолданылады, сондықтан тілдік зерттеудің мақсаты емес, оның әдіс- тәсілі ретінде жұмсалады. [8,225].
Қазіргі уақытта “семантикалық топтар” термині аясытар: лексикалық топтар, синонимдік қатар, лексико – семантикалық тәсілдер сияқты терминдерменалмастырылып қолданылып жүр. Бұл терминдердің әрқайсысы байланысқа түсетін топтар қатарына енетін тілдік бірліктердің типін анықтай алады. Көптеген еңбектерде “семантикалық топтар” мағынасы терминологиялық синонимдер ретінде қолданылады дейінген.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның
мофологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік
қызметтерінен де сараланып айқын көрініп
отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын
есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден
басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын
есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш
мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі
қызметін атқарғанда сын есім ешқандай
өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат
есім көптік, септік, тәуелдік формаларының
кайсысында қолданылса да, оиы анықтайтын
сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді
де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық
ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа,
түр, рең, салмақ, көлем т. б.) жағыиан анықтайды,
бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін
атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді,
көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән кептік, тәуелдік, септік
жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің
де қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық
омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық,
жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана
бе-рулерімен катар, белгілі бір контексте
қолданылу ыңғайына қарай субстантивтеиетін
сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше,
кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа,
жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді.
Сын есім-де көптік, тәуелдік, септік_категориялары
болмағынымен, оның өзіне тән ерекше шырай
категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын
есімнің-зат есімнен бөлінерлік, өз алдьша
дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан шн есімдер зат
есімді анықтауларымен қатар, етістікті
де анықтап, үстеу сөздердің кызметтерін
атқарады. Мысалы: хатыңнан жақсы ұғындым
сөздің бәрін. Өлке бойындағы қалың тал
мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды.
Семіз сөйлеп, арық шыққаннына, арық сейлеп,
семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің
әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың
қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора)
қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер
де әрі адъективтік, әрі адвербиалдық
қызмет атқарады.
Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері