Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 22:38, дипломная работа
Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде зерттелуі
2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
Шырайдың жалпы категориялық мәні
Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.2.2 Қазақ тіл білімінде зерттелуі
Шырай түрлері жайында да бір ортақ пікір жоқ. Әр ғалым шырай түрлерін әр түрлі бөледі. Ғалым Ахмет Байтұрсынов сынды «тек сыны» және «сыр сыны» деп екіге бөледі де, сыр сынында үш шырай бар дейді; 1) жай шырай 2) талғаулы шырай 3) таңдаулы шырай. Бұл ертеректеу зерттеме болғандықтан, жай шырай шырай ұғымына еніп отыр. Осыдан да әлі күнге шейін мектеп оқулықтарында сол тұжырым сақталған.
«Қазақ тілінің грамматикасы» окулығында авторлары Н.Сауранбаев, Бегалиев шырайдың 4 түрін көрсетеді:
/. Жай шырай (қызыл, жақсы, орта, үлкен т.б.)
Шағын шырай (қызғылт, сарғылт, көгілдір, қышқылтым т.б.) Мысалы: Мағрипа сыпайы бұрылып, қызара күлді де, нұрлы сұрғылт көздерін Дәрменге аударбы | М.Әуезов «Абай жолы», 142 б.];
Салыстырма шырай (қызылырақ, жақсырақ, ортарақ т.б.) Мысалы: Жасырақ болсам доктордан басқа жанға ғашық болмас ем [Х.Есенжанов «Ақ Жайық», 45 б. |; Көбіңің сүйетіні тамақ ішік болса керек, сол көбірек [Х.Есенжанов «Ақ Жайық», 548 б.];
Тандаулы шырай (өте қызыл, тым жақсы, тіпті жаман, қап-қара т.б.); Мысалы: Біресе, кең ашылатын үлкен шуғылалы сұрғылт көздері, бір cәm қып-қызьіл еріндері, немесе сыңғырлап күлген сылдыраған үні мен бірлі жарым тіл-қатқан сөздері құлағына келгендей болады [М.Әуезов «Абай жолы», 143 б]; Ауыл сыртындағы көкалға апарып, қағып-соғып тазалаған кілем, түскиіз, алаша, текемет, жап-жаңа сырмақтар көрінеді [М.Әуезов «Абай жолы», 103 б.]; өте жуан, аса қарлыққан, ірі дауысты каткақ көшенің бойымен дөңгелетіп ыққаі қарай алысқа әкетіп жел көп жерге ескерткендей [Х.Есенжанов «Ақ Жайық», 67 б.]; Және осы қонақтарды аса жақсы шыраймен күтіп отырған сол Мұсабайдың жиені, құрбы жігіті Нұртаза |М.Әуезов «Абай жолы», 139 б.];
Кейінгі жазылып шыққан жоғарыдағы ғалымдар Ғ.Бегалиев және Н.Сауранбаевтың «Педучилищеге арналған қазақ тілі грамматикасында» 3 түрлі шырай көрсетіледі: 1. Салыстырма шырай; Мысалы: Айналасына азырақ (ажым жиылған мұңлы көзін кейде қысыңқырап қарайды [М.Әуезов «Абай жолы», 7 б]; Үй ішінде құрғақ тезектің оты маздап, кішілеу қазанның түбін жалап, ернеуін де шарпып аймалат, жанып тұр екен [М.Әуезов «Абай жолы», 175 б.]; Бұлардың божысын ұстаған өлгінде үйден бірге шыққан жастау мұғалім екен [Ғ.Мүсірепов' «Жат қолында», 289 б.]; 2. Таңдаулы шырай; Мысалы: Дәркембайдың кемпірі істеп берген қара көже ең қымбат, дәмді астарындай [М.Әуезов «Абай жолы», 67 б.]; Бұның екеуінің де oн екі жасар бала қалпында, түстері өте суық [М.Әуезов «Абай жолы», 536 б.]; ...Адамның беті-жүзін топырақ шаңмеп қап-қара қылады [Х.Есенжанов, 89 б.|; Сол Керала жаңағы өздеріңе мен түсіп айтқан аппақ шал, елу бес-ақ жастағы адам дегенде, бағанадан, ынтыға тыңдап отырған Абылғазы: -- Алда бақыр, есіл ер-ай .' дейді. 3. Шағын шырай; Мысалы: Ай астында ақшыл дала қызусыз, жарықсыз бір булдыр сәуле сездіреді [М.Әуезов, 179 б.]; Шәрипаның даусы қоңыр емес, әдемі сарғыш сыяқты [Т.Ахтанов «Боран», 57 б.]; Бұл күнде ажым тарткан сұрғылт жүзін сәл жадыратып. Абайға көзін сығырайтып, күліп қарады |М.Әуезов, 61 б.];
Мұнан кейін шыққан проф. І.Кеңеспаев, С.Жиенбаев жазған орталау мектептің 5,6 сыныбына арналған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде шырай категориясы түрлеріне былай тоқталады: 1. Талғаулы шырай; 2. Таңдаулы шырай. Бұл жерде «Талғаулы шырай» дегенге салыстырмалы, жоғарыда аталған «шағып» шырайды жатқызады. Ал, «таңдаулы» шырайға «күшейтпелі» және «асырмалы» шырай түрлерін жатқызады.
Қазақ тілінің грамматикасында сын есімнің мынадай шырайлары көрсетілген: 1) салыстырмалы шырай 2) бәсең я шағын шырай 3) күшейтпелі шырай 4) асырмалы-үдетпелі шырай. [15, 86] Бұндағы бәсең я шағын шырайдың жасалуына негіз болатын мынадай морфологиялык формалар көрсетіледі:
-лау//-леу, -дау//-деу, -тау//-теу (сұңғақтау, жіңішкелеу); Мысалы: Аласалау жер үй болғанымен пеші орысша кірпіштен салынған [Ғ.Мүсірепов «Жат қолында», 86 б.]; Қиылған жирендеу келгеп мұрты бар Самарбай, жас молда болса да жақсы окыған [М.Әуезов, 559 б.]; Жіңішкелеу ұзын қастары әлі де қап-қара [М.Әуезов, 106 б.]; ...Сол қалпымеп шәмбіл бетіндегі сұйықтау біткен сары мұртын сипай түсті [Х.Есенжанов, 235 б.];
-ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -ілжім (capғылт, сарғылтым, көгілдір, сарғыш)\ Мысалы: Мұсаның төрде отырған семіз, қызғылт жузді тоқалы Тұрайга қарады [М.Әуезов, 140 б.]; Құрттың ашңылтым солі өңешін тітіркендіріп асқазанына қарай ауыртып жол салып барады |Т.Ахтанов, 74 б. ]; Көбінің жүзі ақшыл, не қызғылт, сарғыш [М.Әуезов, 140 б.]; Алыста, жігіттердің бет алдында, үш-төрт бөлек көгілдір жоталар жатыр ['М.Әуезов, 1 10 6.1;
-шыл, -шіл (көкшіл); Мысалы: Сол сәтте алдыңғы ақшыл бәрі осы топтың анасы - қаншық қасқыр екен, бара бір саулықты алып соқты [М.Әуезов. 81 б.]; Мұнараның басынан көрінген ұзын өзеннің көктіл жиектері, арғы жағасы көзге әрең шалынатын ІІІалқар көлдің шалқыған кең беті, жағаға төнген may бейнесі, желпи соққан жазғы жел лебі мезет жоғалып, жердегі мынау реңсіз жарлы көріністер Хакімнің жүрегіне бір мұңды сезім құйып жіберді [Х.Есенжанов, 197 б.];
-аң/-ең (жұқалан, жасаң)\ Мысалы: Кең маңдай ақ жузіне науқастың және бейнетті өмірдің зардабындай боп, жұқалаң сарғыш peң араласқан [М.Әуезов, 154 6.];
-қай, -ай қоңырқай, тырбықай) [2, 86-88]. Мысалы: ( сұлу. бұйра қоңырқаи сақалы бар, орта жасты доктор Станов, аласа бойлы, беті-жүзі келбетті кісі еді [М.Әуезов, 568 б.];
Ғалым Қ.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаевтар шырайдың екі түрін көрсетеді:
1. Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай - сындық сапаның басқа заттың сапасымен салыстырғанда, өте артық я өте кем екенін көрсетеді дейді. Мысал ретінде қып-қызыл, өте әдемі сөздерін береді. [40, 147-148 б.].
Ғалым-ұстаз Бектұров Шәбікен Кәрібайұлы 4 түрлі шырай ды атайды: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейліпелі шырай, асырмалы шырай [41, 119 6.].
Ғалым А.Ысқаков 4 түрлі шырай бар дейді:
Жай шырай (негізгі) - «заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып саналады»-дейді [25, 188 б.]. Жай шырай формасын шырайлардың басқа түрлері мағына жағьнан да, форма жағынан да салыстыратып негізгі форма болып саналатынын айтады.
1. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын. белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіретінін айтады. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтарға.
А) -рақ/-рек, -ырақ/-ірек; Мысалы: Тоқтасқан, шағын денелі, пысық қимылды. шашы бурыл шартқан, кішірек қара көздері жылтылдай қараған кісі таныс адамындай жайдары жүзбен қарсы алды [Х.Есенжанов, 23 б.|:
О) -лау/-леу, -дау,/-деу, -тау/-теу; Мысалы: Бір күрең өгізді жетелеп Бірәлі жарықтау жерге әкетіп барады [Ғ.Мүсірепов, 305 б.]; Аздаған дөрекілеу, епсіздеу ме, қалай? [Ғ.Мүсірепов, 21 б.]; Жастау әйсл кездессе - ерің үйде ме? деп сұрайды \Ғ.Мүсірепов, 84 б.]; Сырты қоңырлау болса да, ақ ауылдан іші мығым [Ғ.Мүсірепов «Миллионер», 392 б.];
Б) -ғыл/-қыл, -ғылт/-кылт, -тым, -шыл/-шіл, -қай, -аң; Мысалы: Әбіш пен Магыштың көздері соңғы күндерде Мәкен жүзінен осындай сол бір шақта толқына туған қызғылт нұрды көретін [М.Әуезов, 365 б.]; Өзге шөптен сызаты көп, түн шағында өрі салкын, өрі калың көкшіл бидай, мол жылқының my биелерін де. тай-құлыны, байталын да түгел қызықтыра тартты [М.Әуезов. 192 б.]; Жазылған бұрымдар су бетіне жайылып кетіпті; күн тимеген дене өткір кезді қара торы жүзден әлдеқайда ақшыл, oң қолын көтеріп қайықты ілгері итеріп жібергенде сұлу кезде, тулаған балықтың бауырындай, жарқ ете қалды [Х.Есенжанов, 222 б.]; Әбіштің қоңырқай қызыл тартқан тотыкқаи жүзді қып-қызыл боп кетті [М.Әуезов, 321 б.]; Келген қартаң жұмыскерлер конторға да ығыспай кіріп еді, стол қасында да сол еркін қалыптарында келіп отырды [Ғ.Мүсірепов, 73 б.];
Күшейтпелі шырай. «Заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма»-дейді [25, 188 б.]. Мысалы: Сондай қап-қара май сіңген үлкен брезентті арба, обадай обыр дерттіц баршысы тәрізді [М.Әуезов, 323 б.]; Жылтыр қара мұртының астынан қып-қызыл еріндері күле түсті, аппақ тістерін ақситып, Мәкенің қасына ерді [М.Әуезов, 233 6.J: Сыртта жарқыраған күннің қуанта .жайнатқан аспаны сондай мөп-мөлдір, тап-таза, көкпеңбек [М.Әуезов, 427 б.];
Асырмалы шырай. « заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердін алдына аса, өтe, тым(дым), тым-ак (дым-ақ), тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал (ал қызыл, алқара көк), орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл да өте құнарлы тәсіл» -- дейді [25, 188-189 б.]. Мысалы: Ол сәнді салмақпні бояу басып, алтынды шолпысы өте жіңішке, биязы үнмен шылдырлап келіп, Мұсабайдың дәл жоғарғы жағынан отырды [М.Әуезов, 140 б.] Ең әдемі стаканды қонаққа ұсынбас па!.. [Ғ.Мүсірепов, 405 б.]; Ол әиелдердің ең қымбат дүние-мүліктері сол хаттар [Ғ.Мүсірепов, 4196.]; Әсіресе. осы ІПолпан, Қасқаюұлақтардың астыртында, Тайлақпай құдығының маңында өте қызықты боп қаулап. шықты [М.Әуезов, 1 826.]; Жер, туған жер, ең толық, ең мол сырлы өзгеше әңгімеші екен [М.Әуезов, 515 б.]; Фон-Шшейн осындай өте кең шиырлы істерді асыра аяқтап болғанша уақыт та жылжып өте берді [Ғ.Мүсірепов, 171 б.];
Ғалым М.Ә.Қараев та 4 түрлі шырай бар дейді:
Жай (негізгі) шырай. «Заттың түсін, түрін, белгісін, сапа, сын, көлемін, салмағын, аумағын тағы басқа сондай сын-сипаттарын білдіретін сапалык сын есім жай шырай деп аталады. Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салғастыратын негізгі форма болып саналады»-дейді [23, 99 б.].
Салыстырмалы шырай. «Бір заттың сынына екінші бір заттың сынын салыстырып, сол салыстырылатын түстердің я белгілерінің бір-бірінен я сәл кем, я артық екенін білдіретін шырай түрі»-дейді де [23, 99 б.], мына жұрнақтарды жатқызады:
А) -рақ/-рек, -ырақ/-ірек; Бектоғай жирен мұрт, жұқарақ ернін керілте күліп аппақ кесек тістерін ақсита тұрып, Абайды құптап, бас изеген [М.Әуезов, 546 б.];
Ә) -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу; Мысалы: Омартай әлі ақсақалдар қатарына косылмайтын жастау адам, реті келсе менің де бірді тапсырғаным келіп жатыр [Ғ.Мүсірепов, 195 б.]; -- Әйда, ебдашлар! --деп, татар жұртқа команда бергендей екі қольн кең сермеп, жуандау күшті дауыспен бірінші шумақты бастай беріп еді, жұрт жуанды-жіңішкелі жігерлі дауыспен тегіс ілin әкетті [Х.Есенжанов, 105 б.]; Алгашқы бурыл шал - Афанасьевич, қалған екеудің зор денелі,балуан кеуде сары мұрттысы - Федор, екіншісі, кішілеу денелі, өткір шүңірек көк көзді, түксиген қабақты ақбас шал - Сергей [М.Әуезов, 186 б.];
Б) ғыл/-қыл, -ғылт/-қылт, -тым, -шыл, -қай, -аң. Мысалы: Қоңыр көлеңке үйдің ішінде жайнаған шоқтың қызғылт сәулесімен Марфаның әдемі толық беті де қызғылт шабдарланып кетті [Х.Есенжанов, 40 б.]; Мағрипа отырған қалпында қозғалып, Мұсабай қасына ауысып алды, Иіліп келе жатқан Әбішке жоғары қарап, үлкен сұрғылт көздерін көтергенде, оның қып-қызыл ерңіндерінде, әдемі достық ажарындай, жымию да бар еді [М.Әуезов, 143 б.]; Кейде қоңырқай, сұргылт жүзіне сол толқын қызғылт нұр шығады [М.Әуезов, 41 1 б.|; Жұқалаң жүзі құбылып, Жанаттың қолтығынан қолын суырды [Ғ.Мүсірепов, 253 б.]; Дәл осы ауылдың сыртында өзеннің аp жағында, бөлекше зорайып көрінген бозғыл биікті көрсетіп, Көкбай Әбішке: «Қоңырәулие дегеңіміз мынау may болады!» - деді [М.Әуезов, 453 б.]; Аласа ақшыл жас қайың, ызыл мойын кездеседі [М.Әуезов, 143 б.];
Күшейтпелі шырай. «Заттың бастапқы сындық сапасын күшейте түсетін шырай өтe өнімді форма»-дейді [23, 99 б.]. Мысалы: Мына бір қап-қара надандықка, тал түстегі зорлыққа тоқтау салар деп бардым [Ғ.Мүсірепов, 196 б.]; Ерінің қолына қарсы созған жүзікті, білезікті жұп-жұмсақ кішкентай саусақтары ып-ыстық боп майда тиді [М.Әуезов, 209 б.]; Ай жап-жарық, дөп-дөңгелек [Ғ.Мүсірепов, 161 б.]; Жіп-жіңішке әсем даусы барынша жақын леппен жан тарткандай, ыстық көрінді [М.Әуезов, 209 б.];
Асырмалы шырай. «заттың сынын не асыра көтеріп, не тұкырта төмендетіп көрсетеді. Бұл шырай сын есімнің алдынан келіп, күшейткіш демеуліктердің тіркесуі арқылы жасалады [23, 99 б.]. Мысалы: «Бірі тым ауыр, екіншісі тым шатшаң, ұрьншақ» дейді [Ғ.Мүсірепов, 242 б.|; Кейде адамның ең ауыр қайғы-мұңы осындай күлуден де өршіп кетеді [Ғ.Мүсірепов, 38 б.|; Қазір maң ата ұсақ жұлдыздар кетіп, ең ірі, ең жарық жұлдыздар ғана қалыпты [Ғ.Мүсірепов, 252 б.];
Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімде 5 түрлі шырай бар дейді [24, 34|. 1) Салыстырмалы шырай. Оның морфологиялык тұлғасы рақ, -рек (мысалы: ж-ақсырақ, қызылырақ). Мысалы: Терезеден түскен күн нұры, ақ болыскей кроваттың ақ төсегіне құйылып, үй іші бұрынғысынан да жарығырақ көңілдірек [Ғ.Мүсірепов, 285 б.]; 2) Бәсең шырай -- дау, -деу, -лау, -леу, -тау, -теу (мысалы: жақындау, жуастау, сұрлау, кішілеу). Мысалы: Қартаңдау жағынан тағы бір екеуі шығып болып жүрмесе қайтсін [Ғ.Мүсірепов, 170 б.|; Сұйықтау қызыл қоңыр шашы жылтырай, жабыса таралған екен [М.Әуезов, 106 б.]; Жиыны Жұмаділ отырған кішілеу бөлмелі ғаиа толтыруға жараған бір шөкім саудагерлер мен сәлделілер ғана [М.Әуезов, 318 б) Шағын шырай. Оның морфологиялық тұлғасы -шіл, -шыл, -ғыл, -ғылт, -ғыш, -ілдір (мысалы: көкшіл, бозғыл, ңызғылт, сарғыш, көгілдір). Мысалы: Күн сәулесін кірмейтіндіктен реңі ақшыл келеді [М.Әуезов, 150 б.]; Аз уақытта көрші үйдің әйлі, сарғыш шашты, қызыл шырайлы жас келінді шақырып, тыстағы жерашақ манында отын-су алдыра бастады [М.Әуезов, 155] Батуға жақындаған қьпғылт күн «Асқар-көлдің» батыстық, солтүстік жақтарын қапталдай өскен биік жалды су бетіне сулатып салғандар дірілсіз суда жатыр [Ғ.Мүсірепов, 249 б.]; 4) күшейтпелі шырай. Оның морфологиялық тұлғасы - күшейту буыны (мысалы: қып-қызыл, сап-сары, ап-ала). Мысалы: Қалың біткен қып-қызыл төменгі ерні, ол күлерде әуелі көтеріліп, еркін шығарған кісідей бір кекіріп, 'кері қозғалыс жасап, содаи кейіп anпақ кесек сұлу тістеріи ақсита күледі (М.Әуезов, 53 б.); Осы мол сардаланың жап-жазық бетінде Шұнай, Доғалаң, Орда сияқты таулар бір сәтте Абай көзіне may емес, әлдебір ғажайып алып кеме тәрізденеді [М.Әуезов, 5146.]; Жидебайға тақау жалғыз қара биік Өртеңнің төсіндегі көде, бетеге сап-сары жадау жүзді |М.Әуезов. 602 б.|; Көкпеңбек түпсіз биік аспанда қалықтаған аққудың аппақ таза қанаты күн шұғыласына малына алтындай жарқырамас па!.. [М.Әуезов, 6046.]; -- Қадірлі оқытушы, қазақ мектебі жайында жазған мақалаң жап-жақсы еді [Ғ.Мүсірепов, 2016.]; 5) Үдетпелі шырай. Бұл шырай күшейткіш үстеулер аркылы жасалады. Мысалы: Аса жақсы ат, тым жақсы кісі, өте биік may. Мысалы: Ойнақы, мөлдір қызық ырғағы бар, қайнағандай жігері жұлқыпып тұрған өте әсем ырғақты би күйлерін ойнайды [М.Әуезов, 1016.]; Шолпанның үні өте жылы, құлаққа жүректі елжіретерліктей мейірімді естілді [Х.Есенжанов, 317 б.]; -- Шөбі белуардан жайлауға өте қолайлы жер, -- деді учитель айналасы алыс даланы көзімеи шолып [Х.Есенжанов, 269 б._|; Аса қатты да емес, біркалыппен тықылдатып ол тағы да қақты [Х.Есемжамов, 15 б.]; Қыздар да ішіктің ең жылы жеріне, ең жұмсақ жеріне қарай тығыла түсіп барады [Ғ.Мүсірепов, 1 15 б.]; -- Анар апам! Үлкен әжем менің! Ең сұлу апам, мырза апам! [Ғ:Мүсірепов, 420 б.]; Бәрі де өте қажет, өте тез шешуді керек ететін жайлар [Ғ.Мүсірепов, 432 б.]; С. Исаев: « Күшейтпелі және (асырмалы деп аталатын шырай түрлерін біріктіріп қарайтын болсак асырмалы деп жүрген шырай түрі де күшейтпелі мәнді білдіреді: оше жақсы, жап-жақсы, аса биік, біп-биік, т. б.) [1, 141] - дейді де, шырайдың сапалык сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді: салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай. I. Салыстырмалы шырай.