Қазақ тіліндегі сын есім категориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 22:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.

Содержание

КІРІСПЕ БӨЛІМ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде зерттелуі

2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
Шырайдың жалпы категориялық мәні
Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

сын ес3м.doc

— 949.01 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ

  1. Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
  2. Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
  3. Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
  4. Қазақ тіл білімінде зерттелуі

 

2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
  2. Шырайдың жалпы категориялық мәні
  3. Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Аңдатпа

 

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.

 

В этой диссертации описываются лексико-семантические, граматические признаки имени прилагательного. Особенно с научной точки зрения анализируется степень сравнения прилагательных. На этом основании раскрывается научно-грамматическая теория категории степени. Для определения уровня иследования суффиксов степени имен прилагательных анализируется научная литература.

 

In this dissertation the lexico-semantic and grammatical qualities of adjectives are described. Particularly, degrees of comparison of adjectives are analysed from the scientific point of view. On this ground the scientifik-grammatical theory of degrees of comparison is opened. In order to define the level of researching suffixes of degrees of comparison scientific literature is analysed.

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

 

 

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісінің кеңейіп, жан-жакты атқарар кызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы карастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-катынас жасаудың құралы деп танысақ, сөзде, сөйлем құрамында өзара семантикалық, синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз мағынасы өзге сөздермен тіркескенде әр қырынан көрінеді. Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі, қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданыс аясы өте кең.

Жалпы әр сөз табының өзінің ерекшелегі, яғни сөз таптарының ішінде өзінің алатын орны болады. Бұған сөз табының жауап беретін сұрағы анықтамасы, грамматикалық белгілері, жалпы категорияльды мағынасы (егер болса), сөйлемде атқаратын қызметі т.б. қызмет етіп, әр сөз табының өзіндік белгісін танытады. Бұл жерде айтайын деп отырғанымыз - есім сөз таптарындағы сын есімнің ерекшелігі.

Қазақ тіл білімінде заттың әр түрлі сыны, сапасы мен белгілерін білдіріп зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңарьн құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Осы уакытқа дейін казақ тілінде сын есімнің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары субстантивтенуі, синатксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы, сондай-ақ соңғы кездері сын eciмнің сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырыла бастағандығы белгілі. Бұл орайда казақ тіл білімінде Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдар, А.Ысқақов, М.Томанов, Ә.Төлеуов С.Исаев, Е.Жанпейісов, Т.Сайрамбаев, Ж.Шәкенов, Ф.Оразбаева, Е.Ағманов Ж.Сарбалаев, Г.Сыздыкова, Ұ.Серікбаева т.б. зерттеулерін атап өтуге болады

Дегенмен сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселенің бірі - шырай категориясы.

Зерттеу тілінің өзектілігі:

Есім сөз таптарындағы, жалпы сөз таптарындағы шырай категориясының орнын айқындау.

Зерттеу жұмысының нысаны:

Қазақ тіліндегі сын есімнің шырай категориясы болып табылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Шырай категориясы жайлы мағлұматтарды тиянақтау, анықтау. Сын есім шырай түрлеріне қатысты зерттеулерді жинақтау, мысалдық деректермен жұмыс. Негізінен әр сөз табы басқа сөз таптарынан өзіне тән бір ерекше қасиетімен ажыратылып, ерекшеленеді. Бұл зерттеу жұмысының максаты сын есім сөз табының ерекше қызметін анықтап, көрсету болғандықтан, басқа сөз таптарының қасиеттеріне нақты тоқталып, сөз болмайды. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: «Шырай категориясы жайлы мағлұматтарды тиянақтау, анықтау; сын есім шырай түрлеріне қатысты зерттеулерді жинақтау, мысалдық деректермен жұмыс жасау». Бүл мақсатқа жету жолында, біріншіден, «сын есімнің ерекше категориясы - шырай категориясы» деген тұжырымды нақтылау қойылады. Шырай категориясы жөнінде зерттеулер жасап, өз пікірлерін жазған ғалым-зерттеушілердің пікірлері, берілген анықтамалардың жиынтығы, ой сәйкестігі талданады. Бүл жерде баяндау, жинақтау, талдау әдістері қолданылады. Жүмыстың міндетіне жататын мысалдық деректер сын есім шырай категориясына берілген нақты анықтама-ережелерді орнықтыру, әр ғалымның шырай категориясының түрлеріне байланысты берілген тұжырым-пікірлерін нақтылау мақсатында терілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Шырай категориясы теориясын калыптастыру. Шырай жұрнақтары тиянақталады; зерттелу дәрежесі айқындалады; теориясы қалыптасады. Жұмыстың жаңашылдығына «шырай категориясы теориясын калыптастыру» жатады. Бұл қазіргі кезде тіл білімінде нақтыланбай тұрған, зерттеуді қажет ететін мәселе екені анық. Өйткені зерттеушілердің шырай түрлеріне байланысты берген тұжырымдары сәйкесе бермейді. Осы пікірлерді талдау, шырай категориясы теориясына нақты тұжырым жасау үшін әлі де зерттеу жұмыстары қажет. Жұмыста шырай кагегориясы теориясын, қосымшаларын тиянақтау алға қойылады.

Зерттеу жұмысының материалдары:

Зерттеу жүмысының материалдары көркем шығармалардан, публицистикалық газет-журналдардан т.б. жиналды. Зерттеу жұмысында мынадай әдістер мен тәсілдер қолданылды: сипаттау, жинақтау, қорыту, құрылымдық-семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы, логикалық талдау әдістсрі.

Зерттеудің теориялық маңызы:

Есім сөз таптарына, оның ішінде сын есімге нақты анықтама-ережелерді орнықтыра түседі.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы:

Зерттеу тақырыбының казақ тіл білімінің морфология, лексикология, семасиология, синтаксис, сөзжасам мәселелеріне тікелей қатысы бар. Оқыту жүйесінде тез және оңай меңгертудің жолдарын белгілеу.

Зерттеу жұмысының құрылысы:

Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнің 2 тарауынан, корытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1.1 Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай

категориясы

 

 

«Сын есімдер септік, жекелік-көптік категорияларына ие бола алмағанмен, айрықша, өзінің ерекше категориясымен, атап айтқанда, шырай категориясымен сипатталады».

( А.И.Смирницкий)

 

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен дәлелдемелер бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалык категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша , сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. Ғалым К. Аханов: «Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді» - дейді [1, 361]. Мысалы, A. А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі, яғни лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Орыс тіл білімінде акад. В.В.Виноградов және т.б. грамматистер де сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп есептейді. Ф.Ф.Фортунатов сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп қараса, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттылық, атрибутивтік, іс-әрекет тәрізділерді лексикалық мағына емес, жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше, заттылық зат есімді басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық мағына [7,361-362]. К.Аханов: «Лексикалық мағыналары әр басқа сөздер сөз табына қатысы жағынан бір ыңғайлас, бір сипаттас болып, ол сөздер сөз табы ретінде жалпылама ортақ, сол сөз табына тән, жеке нақтылы сөздердің мағыналарынан абстракцияланған бір ғана мағынаға ұласады» -- деп жазған [1,365].

Лингвистердің екінші тобы, сөз табының мағынасын грамматикалық мағына немесе жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. К.Аханов: «Егер сөз түрлендіруші аффикстер мен сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстердің грамматикалық мағыналарды білдіріп, ол аффикстердің де мағыналары грамматикалық мағыналар деп аталып жүргенін ескерсек, сөздердің сөз табы ретіндегі мағынасын да грамматикалық мағына деп атау тиімді бола алмайды » - дейді [1, 365]. Ғалымның пікірін ескеріп, сөздердің сөз табы ретіндегі мағынасын да грамматикалық мағына деп тиянақтай алмаймыз. О.П.Суниктің пікірінше, сөз таптарында жүйе бар, ол жүйе сөз таптары жалпы грамматикалық мағыналары жағынан ажыратылады [9, 366]. Мысалы, зат есімнің заттылық деп аталатын жалпы грамматикалық мағынасына атрибутивтік, процессуалдық мағыналарға ие болатын сөз таптары мағыналар жағынан қарсы қойылу арқылы ажыратылады. Жалпы тіл білімінде есім сөз таптарын бір-бірінен ажыратуға, олардың грамматикалық белгілері, яғни морфологиялық және синтаксистік белгілері қызмет етеді. Мысалы, -шы (-ші), -м (-ым.-ім) жұрнақтары зат есімдерге (етікші, малшы, жазушы, өнім, сенім және т.б.), -лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті), -ғыш (-гіш, -қыш, -кіш) жұрнақтары сын есімдерге (сулы, ажарлы,ұқыпты, айтқыш, сенгіш және т. б.), -ла (-ле, -да, -де, -та. -те), -а (-е) жұрнақтары етістіктерге (тағала, шегеле, гулде, сына және т.б.) тән жұрнақтар және осы белгісімен бір сөз табы екінші соз табынан ерекшеленеді.

Сын есім - семантика-грамматикалық мағынасы жағынан да, морфологиялык ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі жағынан да, синтаксистік кызметі мен қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі. Сын есімдер заттың көлемін, аумағын, салмағын (кең бөлме, биік may, ауыр жүк), мөлшері мен түр-түсін (жас бала, кәрі адам, ақ гүл,әдемі қыз), дәмі мен иісін (тәтті алма, жақсы иіс май, хош иісті гүл), құбылыстың, іс-әрекеттің, мезгілдің сипатын, қасиетін, сынын (отты жер, шөпті жер, сусыз жер, орманды дала, алғыр студент, білімді студент, жазғы демалыс) т. б. білдіреді. Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болады. Өйткені қандай белгі, сапа болмасын негізгі затқа, құбылысқа арқа тірейді [3, 83]. Мысалы, Үлкеп үйге кірген coң, бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты (Ғ. Мүсірепов). Семіз қоңыр төбел am жай ғана басып, тізгін соза бас изей түсіп, жүріп келеді (М. Әуезов). Әзімбай қалың қызыл қабағы мен суық бітік көзін әр кедейге оқша қадап койды да, Мағашқа сөйледі ...(М.Әуезов). Бірінші сөйлемдегі "үлкен" сын есімі үйдің көлемін ашып тұр. Екінші сөйлемдегі "семіз", "қоңыр" сын есімдері жылқы малының түр-түсі мен сипатын көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемдегі "қалың ", "қызыл" сын есімдері қабақтың түр-түсін, ал "суық", "бітік" сын есімдері көздің сипатын көрсетіп тұр. Бүл жерде белгі, сапа, сипат белгілі бір зат атауымен (үй, ат, қабақ, көз) тіркесіп қана қолданылып тұр делік. Ал осы сын есімдерді алып тастап оқысақ, атауды білдіруші сөздер сын-сипатынан, негізгі оқырман көріп отырған ерекшелігінен айрылып қалады. Бірінші сөйлемдегі адамдардың кішірейіп калғандықтарын қарама-қарсы мағынадағы сипаттаушы сөздерді (үлкен-кіші) қолдану аркылы ерекше танытып тұр. Екінші сөйлемде аттың жүрісінің баяулығын оның семіздігінен деп түсіндіруге болады (семіз ат қатты жүріске, шабуға жарамайды) Үшінші сөйлемде «Әзімбай өзінің қабағы мен көзін әр кедейге қадап қойды ...» делік, қандай көзін? Әзімбайдың осы жердегі көңіл-күйін, жиналған адамдарға деген көзқарасы қандай? түсініксіз, көз алдымызға елестетерлік сурет, белгі жоқ. Осы жерден зат есім де сын-сапа, белгі иесі сын есімге тәуелді екенін аңғарамыз.

Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға көптік тәуелдік жалғаулары да косылмайды. Ғалым К.Аханов бұл жөнінде былай деген: «Сын есімдерде зат есімдерге тән септік категориясы да, жекелік-көптік категориясы да жоқ» [1, 368]. Сонда, сын есімдердің жекеше-көпше болып түрленбеуі оны ажырататын ең басты морфологиялық белгі болып саналады. Ал егер септік, көптік, тәуелдік жалғауларының бірі сын есімге қосылса, онда заттанып, субстантивтеніп кетеді. Мысалы, Біреуі көк, біреуі жер тағысы, адам үшін батысып қызыл қанга (Абай). Қызылға конган қарғадай (халық әні). Осындағы бірінші мысалдағы "қызыл" сөзі сын есім де, ал екінші мысалдағы зат есім мағынасында колданылған.

Лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекше бөлініп жататын сөз табының бірі - сын есім. Сын есім - семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп колданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі. Сын есім семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сездер. Зерттеуші Ф.Оразбаева өз еңбегінде сын есімді синонимдермен тіркестіре қояды да ол жөнінде былай дейді: «Сын есім синонимдер заттың не құбылыстың қасиетін, сапасын, көлемін, салмағын, түр-түсі мен сын-сипатын өзара мәндес сөздер арқылы жан-жақты алып көрсетеді» [12, 4]. Осыған тағы да былай деп қосады: «Сын есімдер - сөздердің басқа лексикалық-грамматикалық топтарына карағанда табиғаты жағынан экспрессивтік және эмоциональдык касиетке жакын сөздер. Олар сындык сапа-белгілерді атап кана қоймай, белгілі бір кұбылыстардың жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз жақтарын да көрсетеді. Ұзын-сүмб, қолаң, дарқан, дұшпан, қас, меңіреу, керең, мүкіс, тосаң, зәулім, заңғар сөздері - лексикалық мағынасымен катар экспрессивтік мәні бар сындык атаулар. Бұл сөздердің әрқайсысы белгілі бір сындық қасиеттерді білдіре келіп, осы сапалық белгілерді асыра күшейте көрсетеді» [12, 112].

Жалпы түркі тілінде, оның ішінде казақ тілінде, сын есімнің орыс тіліндей морфологиялық көрсеткіші болмауы {жақсы бала, жақсы окиды) -оның мағынасы мен морфологиялық белгісін ажыратуда қиындык келтіреді. Мәселен, жақсы оқиды дегендегі жақсы сөзін, үстеу функциясын атқарып тұрғандай көрінгенмен, оны үстеу деп қарамай, сын есім деп қараймыз. Сын есімді зат есімнен бөлінбеген категория деп карау әсте болмайды. Өйткені сын есімнің кейбір жалпылык жақтарын (кайшылықтарын) былай койғанда, озіне гом семаптикалық, морфологиялык. синтаксисгік бслгілері омы басқа сөз таптарынан (зат есім мен үстуден) айкын бәледі. Сын есімнің табиғи қызметі -ешбір өзгеріске түспей-ак зат есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындык белгісін анықтау. Мысалы: Абзал адам азбайды арын cүйген (Айнабекұлы). Жаксы тәртіпі әдетке айналса ырыс, жаман тәртіпі әдетке айналса - қырсық (Әуезов). Әсем қоңыр әнмен желдірте түсіп отырған Дәрмен екеи (Сонда).

Информация о работе Қазақ тіліндегі сын есім категориясы