Қазақ тіліндегі сын есім категориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 22:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.

Содержание

КІРІСПЕ БӨЛІМ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде зерттелуі

2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
Шырайдың жалпы категориялық мәні
Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

сын ес3м.doc

— 949.01 Кб (Скачать документ)

Сын есімнің маңызды белгілеріне ғалым С.ІІсаев мыналарды жаткызады: заттың түр-түсін білдіреді: Еділден ұшқан екі ақ қаз, Жайықтан ұшқан жалғыз қаз, Бірі - шаңқан, бірі - боз. (С. Сейфуллин). Қия қызыл тастардың үстінен бір ағып мұзбалақ қыран әуелеп кешті  (Сланов). Осы мысалдардағы ақ, боз, шаңқан, қызыл сын есімдері заттың түр-түсін білдіріп тұр.

Заттың көлемдік, аумактық. салмактық белгісін, сынын білдіреді: Абай мол, ауыр денесімен сыртына қарай бұрылды (М. Әуезов). ІІІапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, разы емен, осындай бір ат мінбесем мен (Абай). Осы сөйлемдердегі мол, ауыр, жүйрік. берік. жуан. жуас сын есімдері заттың көлемдік, салмактық белгісін білдіріп тұр.

Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?! (Абай). Надан білгіш бола ма мақтанменен. Мәстек шауып тұлпардан бәйге ала ма. Қадірлеп асыл жабу жапқанменен(С. Торайғыров). Кеңгірбайдан теріс азу, мықты биі шыққан ел (М. Әуезов). Бүл мысалдардағы әдемі, надан, асыл мықты сын есімдері заттың сапалык белгілерін анықтайды.

Заттың дәмі, исі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: Қалың құмның арасынан самарқауланып аққан ... (Майлин). Желдің жұмсақ лебі шипа тәрізді тиеді (Сейфуллин).

Затқа. қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынлы білдіреді: Өрлеп өрге нұрлы өмір, Жайнатты елдің райын (Жароков). Балуан Шолақ

Үйсіннің білікті деген адамдарына сәлем айтып  ...  (Мұқанов). Еліңнен атақты ақын Абай шықты (Тоқмағамбетов). Қарадым саған, Жәмила, Секілді жазғы жауһазын (Орманов). Бүгіндегі жастарға оқу міндет (Торайғыров). Биылғы жайлау - жылдағы жайлау емес (Әуезов).

Сын есімнің кейбір тобы заттың түсін, түрін, сапалык. көлемдік белгісін-, касиетіи білдіретін болса, енді бір тобы белгілі бір заттың жай-күйін, күбылыстың, кимылдың сындык сипатын, қарым-қатынасын білдіреді. Осы секілді сын есімге тән басты белгілер деп морфология саласын зерттеушілер Н.А.Оразахынова, Ж.Т.Исаев, Г.С.Сүлеева «Сөзжасам. Морфолоіпя» деген еңбекте мыналарды көрсеткен:

заттын түрін, түсін білдіреді: ак, көк, қара, сұр, құла т. 6.

заттың көлемдік, аумақтык, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік, кіші, map. ұзың, жеңіл т. б.

заттың сапалык белгісін, снпатын білдіреді: жақсы. сараң, алғыр,  зерек т. б. затгыц дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілсрін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (кымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек) т. б. затка, кимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге катысты сынды білдіреді: шасты (жер). балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна). аспалы (шам) т. б.

Көптелу, септелу, тәуелдену категорияларының сын есімге тән болмауы - оның морфологиялык ерекшелігінің бірі. Егер сын есім белгілі бір сөйлемде түрып тәуелденсе, кәптелсе, септелсе, субстантивтенеді де заттық мағынаға ауысады. Мысалы: Жаманымыз жолаушы кетіп еді. Жаманға сөз өтпейді. Мұнда сын есімиің нсгізгі мағынасына қосымша мағына үстеуші морфемалар - тоуелдік жалғаүы (-ымыз) мен барыс жалғауынын (-ға) көрсеткіші.

Заттың сынын, белгісін білдіріп, зат есіммен тіркесе айтылғанда, сын есімге жалғау  жалғанбай,  жалғау  өзінен соңғы  аныкталатын  сөзге  жалғанады. Мысалы: қара шақтам, қара шақталар, қара тақтаның, т. б. Зат есім сын есімнің алдына шығып, инверсия жолымен орын ауысса, онда аныкталатын зат есім ілік жалғауын, анықтайтын сын есім тәуелдік жалғауыида

келеді. Мысалы: Бидайдың көгін ормау керек (көк бидайды ормау керек дегеннің орнына).

Сын есімнің морфологиялык белгісінің бірі - шырай категориясы. Мәселен: сын есім күшейткіш буынмен (үп-үлкен, қып-қызыл, сап-сары т. б. түрінде ) келуі омың өзіне ғана тән белгісі. Мұны жігіт десе жігіт екен сияқты сипаттамалы сөз тіркесіндегі мағынамен анология жасауға болар еді. Сол сияқты күшейткіш үстеулердің сын есімнің сапалық катыстык түрлерімен тіркесуі де оның негізгі бір синтаксистік белгісі болмак. Мысалы, өте жақсы, өте ақылбы, сол кішкене, тым келіссіз т. б. бірақ мүндай қасиет тек кейбір үстеулерге ғаыа тән. Мысальс Өте кейін қалды. Тым соң шықты. Шырай тудыратын -лау, -леу және т. б. морфологиялық фомалар көбінесе сын есімге жалғанады. Мысалы: кызылырақ, сарырак, қызылдау, сарылау т.б. Мүман жоғарыдағы салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар басқа сөз таптарына жалғанбайды деуге болмайды. Мәселен, субстантивтену аркылы заттанған сөздерге (бала-рақ, шал-дау), кейбір модальды (аздау, азырақ. керегірек, керекіпеу т. б. ) сөздерге жалғана береді. Мысалы: Сақалдан гөрі ұйысып қалған көк шуда жүнге көбірек ұқсап турады (F. Мүсірепов). Сол сиякты сын есім мен үстеудің ортақ касиеттері де бар. Айталық, -рак, -лау жұрнақтарын кейбір үстеулер де қабылдай береді. Мысалы: «ІПалдар итініп ілгнрірек , жаспары жасқанып кейінірек оmырды (F. Мүсірепов); Дегенмен тезірек ,жүрейік (М. Иманжанов).

Тіпті бұл ғана емес, негізгі үстеу сөздердің күшейткіш үстеумен тіркесе келуі де (өте ілгері не өте жақсы) бұл екі сөз табындағы ұқсас ерекшелікті білдірсе керек. Тегінде мұның өзі бала, шал, ілгері, аз сөздерінде сындык мағынанын белгілі дәрежеде болуына байланысты болса керек.

Синтаксистік кызметі жағынан сын есім негізінде анықтауыш болады.

Сын есім ешкандай косымша косылмай-ак, негізгі түбір күйінде заттың түрін, түсін (ақ орамал, жирен am), заттың қасиетін қалың  карағай, mәmmi тамақ), заттың көлемдік мөлшерін (ұзың жіп, алыс жол, map бөлме), заттың ішкі, сыртқы белгісін (жалқау кісі, бүкір шал, терең көл, таза су) білдіреді.

Сол сиякты сапалык сын есімдер екіге болінеді. Мәселен: ақ, кок, қара, сары, көне, жаңа, ескі, аласа, биік, ұзың, семіз, сұлу, бұйра, жақсы, тұщы, терең, қараңғы, ыссы, қою т. б. сиякты сын есімдер көбінесе зат есіммен ғана тіркесе, жаман, жаксы, ұзың, қатты, қысқа, таза, қызық, толық т. б. нәрсенің жай-күйін, калпын, мөлшерін білдіретін сын есімдер зат есімдермен катар етістікпен де тіркесе келеді. Мүндайда олар үстеудей сөйлемнің пысықтауыш мүшесі болып келгенімен, үстеу болмай сын есім болады. Мысалы: Бүгін қатты жаңбыр жауды. Ол қатты сөйледі. бала орысша таза сөйлейді т. б. Әдетте қызыл, жасыл, суық, жыртық, ашық, жабық т. б. сияқты сын есімдер негізгі сын есім деп аталып жүр. Шынында да бұлар туынды сын есімдер. Айталық, аш (-ық), жап (-ық), су (-ық) дегенде түбір жігі анык көрінсе, қызыл, жасыл дегенде ондай айырым анық байқала бермейді. Бірақ бұлардың байырғы түбірі қыз, жас екенін оларға жалғанған ұқсас -ыл қосымшасынан көруғе болады.

Сып есімнің ендігі бір белгісі - морфологиялык тәсілмен арнаулы жұрнактар арқылы өзге сөз таптарынан (шөлейт, әскени, тарихи, оңғақ. майысқак, жалақор, басыңқы, алғыр, қысқы, көшпелі т. т.) қатысты сын есім жасалуы болмақ.

Сын есімдердің тұлғалык кұрамы жағынан айрықша бір тобы - қос сөздерден болуы. Бұлар негізгі түбір сын есімнен де (биік-биік, аласа-аласа, ұзын-ұзын), туынды түбір сын есімнен де (ақтылы-қаралы, ұзынды-қысқалы) бола береді. Бұларға жеке екі түбірдің косарлана айтылып, келе бірінің ықшамдалып, екіншісінің дыбыстык жаңғырығына айналғаны қып-қызыл, сап-сары, дегендерді де косуға болар еді.

Бұлардан басқа жеке компоненттерінің дербес мағынасы көмескілену аркылы кіріккен түбір күйіне келген төртпақ, алаңғасар, жалаңаш, жаймашуақ т. б. сияқты біріккен күрделі түбірлі болуын, ал қызыл, ақ сары, қара көк т. б. сияқты тіркес күйіндегі күрделі түбірлі болуын атауға болады.

Жоғарыда  сын   есімге  тән  жалпы  барлык   касиеттеріне  тоқталдық. Солардың ішінен казіргі уақытта ғалымдардың жеке көзқарастарына ілігіп жүрген, сын есімнің тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті деп саналып жүрген шырай категориясына тоқталайық. Бұл категорияның түрлері зерттеліп, талданып жүрсе де, әлі де нақтыланып, бір пікірде талданып жүрген жоқ. Бүл зерттеу жүмысында шырай категориясы түрлері жайында айтылып жүрген талдау-пікірлер талданады. Жалпы шырай категориясы дегеніміз не? Ол жөнінде зерттеушілердің пікірлері сәйкесе ме екен? «Сын есім сөз табы баска сөз таптарынан қандай қасиетімен ерекшеленеді?» деген сауал қойылса, айтатынымыз - шырай' категориясы. Негізінен солай. Ал бүл жөнінде ғалымдардың пікірі қандай екен? Осыларға тоқталайық.

Сын есім - семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі меп басқа сөздермен тіркесіп колданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі. Сын есімнің тек өзіне ғана тән ерекшелігінің бірі - шырай категориясы. Бүл жайында ағылшын тілін зерттеуші А. И. Смирницкий былай деп жазды: « Сын есімдер септік, жекелік-көптілік категорияларына ие бола алмағанмен, айрықша, өзінің ерекше категориясымен, атап айтқанда, шырай категориясымен сипатталады». Ал ғалым Кәкен Ахановтың пікірі мынадай: «Зат есімдерде жекелік-көптік категориясы мен септік категориясының болуы, ал бұл категориялардың сын есімдерде болмауы немесе, керісінше, шырай категориясының зат есімдерге емес, сын есімдерғе тән болып келуі аталған сөз таптарының бір-бірінен өздеріне тән грамматикалық категориялары жағынан ажыратыландығын көрсетеді» [1, 368].

Ғалым Ахмеди Ыскақов мынадай анықтама береді: «Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады» [25, 184]. Және мынадай тұжырым жасайды: «Сын есімнің шырай деп аталатын категориясының мазмұны да, формасы да әлденеше заттың, бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі кызыл, біреуі кара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай қызыл, я бірыңғай кара, я бірыңғай сары, я бірыңғай қоңыр, я бірыңғай көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. өйткені біркелкі белгінің осындай сандық я сапалык айырмашылықтары, сайып келгенде, шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып саналады»-дейді [25, 1886.].

Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілкаевтың «Қазақ тілі» оқулығында: «Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасы шырай дейміз», - деген анықтама беріледі [40, 147-148]. Ғалым-ұстаз Бектұров Шәбікен Кәрібайұлы шырайға мынадай анықтама береді: «Заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын шырай деп атайды. Шырай деген сөздің мағынасы өң, түр, кейіп, көрік, ажар, тағы да басқаны білдіреді. Сонымен, бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін шырай дейміз» [41, 119].

М.Қараев былай дейді: «Шырай негізінен алғанда, сапалық сын есімдерге тән кагегория. Сапалык сын есімдер заттың түрі мен түсін, сыны мен сырын. сипаты мен тұрпатын, көлемі мен аумағын білдіреді» [23, 98].

Қазақ тілі грамматикасы оқулығында шырай категориясы туралы былай делінген: «Шырай категориясы - басқа сөз таптарында жоқ, тек сын есімге ғана тән категория. Бірен саран үстеу я зат есімдер -рақ формасында колданылады, бірақ оларда шырай категориясы болған да емес, бола да алмайды. Тек біртектес   сапа   я   сындык   қасиет   салыстырылады,   сөз   егіліп   отырған категориялық форма бірінің екіншісінен я жалпы текті сападан басымырақ, молырақ екенін көрсетеді [15, 85].

«Шырай категориясы затқа, құбылысқа байланысты біртектес, бірыңғайлас сынның, сапалық белгінің, түр-түстің т. б. сапалык сипаттың артық я кемін немесе тым артык, я тым кем екенін білдіретін белгілі қосымшалар үстелу немесе басқа тәсілдердің жүйелі жолдары арқылы жасалатын сапалык сын есімнің парадигмалык түрі» - деп жазады С. Исаев [ 26, 134].

 

1.2 Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі 1.2.1 Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі

 

 

Төңкеріске дейінгі (1917 жыл) жазылған, шыққан грамматикаларда шырай туралы аталып қана қойылатын. Оларды жеке алып тексеріп, «шырай кагегориясы мынау» деген еңбек кездеспейді. Ал грамматикаларда айтылатын жайдың үлгісі мынадай болып келетін.

«Прилагательные качественные имеют три степени сравнения. Сравнительная степень образуется через прибавление положительной частицы -рак/-рек, например: жақсы-жақсырақ. Часто для сравнения двух предметов тот предмет, с которым сравнивают, ставится в исходном падеже, а сравниваемый в именительном падеже. Напрмер: Лошадь выше коровы - am сиырдан биік или сиырдан am биік. Но и в этом случае прилагательное чаще ставится в сравнительной степени, например: мен сенен күштірек или күштірекпін. Я сильнее тебя».

Превосходная степень, как и сравнительная, образуется из положительной степепи таким образом:

Через прибавление впереди прилагательного частицы ең, например: ең жақсы -самый лучший.

Через прибавление к прилагательному одного из следующих наречии: нағыз самый, әбден - совсем, әбден жақсы - очень хороший, нағыз жақсы    самый хороший.

Когда хотят выразить превосходство одного предмета перед другими, его повторяют два раза и во второй раз ставится в родительном падеже. например: мынау үй үйдің биігі - этот дом выше домов в мире [ 10,1 68].

Бұл кітапты Катаринский жазды деседі. Әңгіме оның авторында емес, сол кітаптың ғылыми дәрежесінде. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі шыққан грамматикалардың ішіндегі ең толығырақ жазылғаны деп танылады.

Қазак тілінің грамматикасын жазған орыс ғалымдары Мелиоранский, Лаптев, Терентьевтер осы Катаринскийдің көлемінен аса алған жоқ. Олардың еңбектерінде де осы айтылғаннан басқа көрнекті еш нәрсе кездеспейді. Сондыктан олардың айтқанын айтып талдамаймыз.

Түрік тілдеріндегі сын есімнің шырай категориясы туралы айтылғандар канағаттандырарлық емес. Сондыктан орыс тілі туралы айтылған шырай анықтамаларын айта отырып, түрік тілдері жөнінде айтылған, жазылған анықтамалармен салыстырып қарау -  әрі қолайлы да, әрі пайдалы да болмак. Солай болғасын мына төмендегі анықтамаларды қарайық.

«Качество может являться слабее или сильнее обыкновенного и может существовать в одном предмете более чем в другом и чем во всех других» -дейді Востоков [9, 58].

Бұл анықтаманың дұрыстығы - шырайдың негізгі шыққан жерін қарауында. Бұрыстығы -- өзі тұрған қоғамдағы дүние тану көзқарасынан аса алмай, салыстырылатын заттардың қатынасын көре алмай, бұрыннан «сапа нормасы» бар деген тұрғыдан қарауында. Сөйтіп, реалистік корытындыға келуінде.

Востоковтың ізімен осы түрғыдан карап айтқандардың (Лавский, Давыдов және т. б. ) анықтамасында айырмашылыктары бар, бірақ принцип жөнінен айырмашылығы жоқ.

Ғалым В.В.Виноградовтың пікірі мынадай: «Имя прилагательное - это грамматическая категория, формирующая и объединяющая слова, которые означают признак предмета (качественный, относительный или указательно-определительный) и которые являются определяющими имена существительные и обычно согласуемыми с ними в роде, числе и падеже частями речи. Семантической основой имени прилагательного является понятие качества» [6, 157].

Бұл пікірге ұқсас тілші Гречтің айтқаны: «В именах прилагельных качественных выражается степени сравнения, показывается, что один предмет перовосходнее другого в каком- либо качестве или что он во всем качестве пресвосходнее всех предметов того же рода» дейді[8, 97].

Заттық қатынасқа үлкен мән бере отырып, дұрыс позициядан қарай отырып, сапа мен объектінің бірлігін айта алмағанын байқауға болады. Осының салдары бір жақты анықтамаға келіп соққан. Соның өзінде бұл жоғарыда айтылған адамдардың анықтамасынан анағұрлым жоғары екендігі анық көрінеді. Дегенмен біздің тұсымыздағы тіл ғылымына колдануға келмейтіні түсінікті.

Ал, одан кейінгі кезеңдегі оқымыстылардың көзқарастарына тоқталатын болсақ, олардың ішіндегі көрнектілерінің бірі профессор В. А. Богородицкий шырай категориясын мүлдем «психологиялық момент» деп қарайды. Шырай дегеннің өзі ойдың сапалық өзгерісі яғни «субъективтік категория» деп, заттық шындықтан бөліп алып, жеке қарайды.

Информация о работе Қазақ тіліндегі сын есім категориясы