Қазақ тіліндегі сын есім категориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 22:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.

Содержание

КІРІСПЕ БӨЛІМ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде зерттелуі

2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
Шырайдың жалпы категориялық мәні
Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

сын ес3м.doc

— 949.01 Кб (Скачать документ)

Шапиро: «Суффиксы -ее/ей/-е указывают, что признак имеется у данного предмега большой степени чем у другого» дейді.

Сөз жоқ бұл формалистік анықтама. Мұнда заттық қатынас, сапаның затпен араласуы, ойлау процесіндегі синтаксистік қарым-қатынастардың бәрі жоққа шығады.

Осының ізімен кеткен Финкель A. М., Боженов Н. М. және басқалары формальдық белгілерін алады.

«Степени сравнения - формы качественных имен прилагательных наречий, служащие для обозначения различных степени качества. Положительная, сравнительная, превосходная степени сравнения» -деп жазған профессор Ушаков Д. Н. [8, 1 18].

Ал, «Степени сравнения - морфологические или образование сочетанием со служебными словами формы прилагательных и наречий, выражающие сравнительно большую степень качества» -- прфессор Жироков Л. И. (Лингвистический словарь, 1945 г.)

Бұл категория туралы Пешковский, Бархударов және басқаларының айтқандарын қоя тұрып, нақты толығырақ, дәлірек айтқан атақты ғалым В. В. Виноградовтың атын атауға болады. Оның «Современный русский язык» деген еңбегінде   толық   айтылған   және   бұрын   ашылмай,   көмескі   жүрген мәселелердің беті  ашылған. Кітапта оларды нақты айтқан.

Түркологтардың ешқайсысының еңбегінде шырай категориясының анықтамасы жоқ. Айтылса да, жалпы айтады.

Түрік системалы тілдерді зерттеушілер Баскаков Н. А.. Дыренкова. Кононов A. Н., Дмитриев Ы. К. және басқаларының жазған грамматикаларында шырай категориясына арнаулы анықтама беріліп айтылмайды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде шырай нақты зерттелмесе де, шырай категорисының бар екенін мойындайтыны көрінеді. Барлығы да бір ауыздан шырай категориясы бар дейді. Бірақ әрқайсысы әр түрлі тіл ерекшелігіне қарай, өзгешеліктерін ескере отырып, азды-көпті тексеріліп отырған тіл фактілерін береді.

Қазақ тілін тексерушілер: Мелиоранский. Катаринский, Лаптев және басқаларының да зерттеулерінде нақты анықтама берілмеген.

Қазактың орта мектебіне арнап, грамматика жазушылардың пікірлері жоғары айтылғандардан гөрі өзгешерек.

Олардын ішінде ғалым С. Аманжолов, F. Бегалиев, F Сауранбаев. Кеңеспаев пен Жиенбаевтың грамматика еңбектерінде шырай категориясы туралы жазылған. Ғалым Ғ. Бегалиев пен профессор Н. Сауранбаев өз еңбектерінде шырай категориясына қатысты мынадай пікір жазған: «Шырай кагегорпясы заттың сапасын, сынның қаншалық артық, қаншалық кем екенін білдіреді, екінші сөзбен айтқанда, сапаның дәрежесін білдіреді» [2 L І2Н].

Профессор Ісмет Кеңеспаев пен Жиенбаевтың грамматикасында шырай категориясына жалпы берілген анықтама жоқ. Бірақ шырайлардың әрқайсысына арнаулы анықтамалар бар. Мысалы: «Нәрсенің сапасы меп сынын салыстыра келіп, оның басқа нәрселерден артық-кемдігін көрсететін сын есімді талғаулы шырай дейміз» [22, 181]. Осы тәрізді анықтамаларды басқа шырайларға береді.

Жоғарыда келтірілген Ы. Сауранбаевтың «заттың сапасының қаншалықты   артық,  қаншалықты   кем   екендігін   білдіреді»   анықтамасына тоқталып көрелік. Осы сапаның артық, кемдігін қалай, қандай жолмен білдіреді? Бұл жерден нақты бір «норма» бар деген түсінік тууы мүмкін. Автор мұндай түсінікті дәлелдеп жатпайды, яғни бұл анықтаманың дұрыс құрылмағанын біз түсінеміз. Шынында да белгі, сапа сын есімнен өзі болмайды. Бұлар заттың болмысының бір керінісі. Белгісіз зат жок. Затты белгісі арқылы танимыз. Сөйтіп, өзінің болмысын объективтік шындық дүниесінде атрибут арқылы көрсете отырып, басқа заттан айырмасының болуын анықтауы сөзсіз. Біз оны осы белгілері арқылы танимыз. Бірақ бұл белгілер бірінде кең, бірінде аз болуы, бірінде артық, бірінде кем болуы мүмкін. Сөйтіп затты тану жолының ең бастысы - екі заттың біркелкі белгісін біріне-бірін салыстырып барып тану.

I. Кеңеспаев жазған екінші анықтамадағы: «бір нәрсенің сапасы мен сынын салыстыра келіп, оның басқа нәрселерден артық, кемдігін көрсететін сын есімді талғаулы шырай дейміз» дегендегі жетпей тұрғаны - мағынаның тұрақсыздығы. Мұнда бір заттың сапасын, екінші заттың сапасымен қалай салыстырамыз? Затты затпен салыстырамыз ба? Болмаса тек қана басқа нәрселермен, яғни көп заттармен салыстырамыз ба? Міне, осылар бұл анықтамада ашылмай қалған. Салыстырылатыны түсініксіздеу. Осы екі анықтамаға ортақ кемшілік салыстырылатын сапаның көзбе көз тұруы қажет пе? Қажет емес пе? Жалпы белгілері, сапалары салыстырылатын екі, не одан көп заттардың бір жерде, бірге тұруы міндетті емес. Біз бір нәрсенің сапасын айтқанда екеуін бірдей де айтамыз. Кейде біреуін ғана айтып, екіншісін ойымы зға сақтаймыз. Екі немесе көп заттардың жалпы белгілері ғана салыстырылып қоймайды. Сол екі, не одан да көп объектінің біркелкі белгілерінің саны салыстырылады. Бұл шырай ұғымының туу ерекшелігінің бірі.

XI/ ғасырдың бірінші жартысының өзінде тіл біліміне еңбегін қосқан әйгілі ағартушы Мелетий Смотрицкий шырай категориясы туралы былай деген: «Имена прилагательная, -- писал он, -- их же знаменование расти или малети может», и потому: «уравнение есть имене уравняемого по степенем уравнения восхождение» [5, 76]. Бұл тұжырым жөнінде орыс ғалымы A. С. Никулин былай деп жазды: «Это весьма примитивное определение, представляющее для нас только исторический интерес, конечно, ни в какой мере не.удовлетворяет научному пониманию природы исследуемой категории». [5, 7].

Сын есім сипатының өзгеруі мен осы сипаттың мөлшерлік айырмашылығын ескере отырып, М. Смотрицкий өз анықтамасында шырай категориясы қалыптасатын алғашкы формаға көңіл бөлмейді. Бұл анықтама сипат пен нысанның байланысын ашпайды. Ал енді сол байланысты бірінен бірін бөліп қарастыруға болмайды. Мұнда сипаттың сапалығының бөлінісі жоқ. Ғылыми тіл білімінің кезеңінде де осындай талдау белгілі. Мысалы, Востоков былай деген: «Качество может являться слабее или сильнее обыкновенного и может существовать в одном предмете более нежели в другом и нежели во всех других» [5,7].

Востоковтың түсінігі бойынша салыстыру ерекшелігі нысанның сипатының мөлшерлік айырмашылығының көрінісі ретінде беріледі. Бірақ та Востоков салыстырудың бастапкы формасы туралы түсінік келтіреді. Мұнда оның үлкен еңбегі көрінеді. Востоковтың ойынша сипаттың бір мөлшерінің асырылуы екіншісінің алдында бірнеше заттардың өзара байланысынан емес, ал алдын ала болатын байланыстардан пайда болады. Востоковтың жолы.мен Павский, Давыдов және тағы басқа келесі уакыттың лингвистері жүрді. Арасында ғалым Греч ерекшеленеді. «В именах прилагательных качественных, -- деп жазды ол, -- выражаютсы степени сравнения, т. е. показывается, что один предмет превосходнее другого в каком-либо качестве или что он в сем качестве превосходнее всех предмегов того же рода» [8, 8]. Бұдан шырай категориясы аныктамасында Гречтің салыстыру нысанына үлкен мән бергенін көреміз. Салыстыру, оның пікірінше, сипаттардың катыстылығы емес, заттардың да қатыстылығы. Жалпы дұрыс жолды көрсетсе де, Греч нысан мен сипаттың бірлігі үғымына көтеріле алмады.

Ал Богородицкийдің тұжырымы өзгеше. Ол салыстыруды психология саласына   мүлдем   ауыстырады.   Оның   түсінігі   бойынша   салыстыру   тек материалдык нақтылык  пен осы  нактылықтың әлеуметтік себептерінен болінген тек қана субъективтік категория.

Орыс ғалымы A. С. Никулин былай деп жазды: «Известно, что система синтаксических конструкций, образующих сравнения в русском языке, может быть разделена на две большие группы. Их мы называем условными терминами двучленная группа сравнеиий и одночленная группа сравнений» [5, 9].

Ғалымның осы пікіріне сүйене отырып, қазақ тіліндегі салыстырумен байланыстырып көрелік. Екі топқа бөлсек, біріншісін - екі мүшелі топ, екіншісін бір мүшелі топ деп атаймыз. Екі мүшелі салыстыруға мысал келтірелік.

Мысалы: Болмаса ол өзінеи кіиірек Рахымның көңіліп аулайды, үмітін демейді [М. Әуезов, 405 б.]. Бірақ студент талдырмаш та, доктордан гөрі мұрындырақ\Х. Есенжанов. 125 6.]

Бұл жерде ғалым A. С. Микулиннің мына сөзін келтірелік: «Эта группа сравнения достагочно прозрачна со стороны значения. Нетрудно видеть, что в этих примерах сравнение возникает в результате отношения, т. е. сопоставления сравниваемых объектов [5, 10].

Келтірілген мысалдардан біз екі нәрсенің бір-бірімен салыстырылып отырғанын көреміз. Яғни, бірінші мысалда Рахымның I жақта ойлап отырған адамнан жасының кіші екені, екінші мысалда студенттің доктордан мұрнының үлкендесу екені салыстырылады. Бір заттың қандай затпен салыстырылып отырғаны анық көрініп тұрғадықтан, біз бұны екі мүшелі салыстыру дейміз.

Ал тағы да мына мысалдарды келтірелік: Бір mоn әйелдің алдында келе жатқан Шарипаның оңі ақшыл, ажары тәуір болатын [М. Әуезов, 419].

Мұнда салыстырылатын нысан бір затқа емес, бірнеше затқа қарама-қарсы қойылған. Яғни, Шарипаның әңі көп әйелдердің өңінен ақшыл екенін көреміз.

Түсінуге қиындық туғызатын бұл бір мүшелі топ.

Мысады: Yш бала биыл көктемнен бері бір кішілеу қайыққа ие болыпты [М. Әуезов, 299]. Оның ажары жастау [ М. Әуезов, 295 ].

Келтірілген мысалдарда салыстырылатын екінші нысан жоқ. Кейбір лингвистер осыны салыстыруға жатқызбайды. Бұл пікірдің дұрыс еместігіне көз жеткізу үшін, мысалдарды салыстырып көрелік. Бірінші мысалда балалардың үлкен қайыққа емес, кіші қайыққа ие болғаны айтылады. Яғни, егер салыстырылатын зат айтылмаса, онда әңгіме болып жатқан зат, әрине өзі секілді затпен, құбылыспен салыстырылады. Екінші мысалдағы кімнің кіммен салыстырылып тұрғанын осының алдында берілгеп ойдан, яғни контекст арқылы ұға аламыз.

Тағы мысал келтірелік. Бес қабатты үйді көріп біз оны «мынау биік үй» дейміз. Бірақ, басқа көшеде сегіз қабатты үйді көре тұра, жаңағы бес қабатты үйді «өте биік үй» дей алмаймыз. Ал егер біздің қалада бес қабатты үйден басқа үй болмаса, онда оны «өте биік үй» дей аламыз. Бұл жерде салыстырылатын нысан жоқ. Мұны салыстыру қызметі жоқ, салыстыруға жатпайды деуге бола ма? Жоқ, біз ондай тұжырым айта алмаймыз. Өйткені, сегіз қабатты үйді біз бес қабатты, үш қабатты және барлық басқа нақты қаладағы үйлермен салыстыра аламыз.

Сонымен, шырай категориясы негізінің бір жағы салыстырылатын нысанның өзіне ұқсас басқа затқа қатыстылығы болып табылады. Бұл жерде, шырай категориясы туу үшін нысанның тілде немесе тек біздің ойымызда, елестетуімізде болуы мімдетті емес. Бірақ, шынында да заттардың, құбылыстардың өзара байланысынан немесе қатыстылығынан асырылу тумайды. Өйткені заттар емес, ал олардың сипаттары салыстырылады. Заттың сипатын көрсететін сын есімдер ғана шырай категориясының қызметін атқаратынын айтсак та, жоғарыдағы тұжырымды түсінуге болады.

Сонымен, шырай категориясының негізін бір нысанның сипатымен басқа нысанның сипатының қатыстылығымен байланыстылығымен толыктыруға болады.

Бірақ мына сұракқа токталайық. Біз нені нақты салыстырамыз: жалпы сипаттарды ма, сипаттың түрлерін (мөлшерін) бе әлде бірыңғай сипаттардың түрлерін бе? Бізге белгілі, сипат өз бетінше өмір сүрмейді, сипаттың категориясы арқылы әр зат және әр құбылыс өз орнын табады. Бірақ заттар да сипатсыз өмір сүре алмайды. Яғни, нысан мен нысанның сипатын бір-бірінен бөліп қарастыруга болмайды.

Бізге белгілі, заттарды сипаттардың әр түрлі құрамына қарап және сипаттың әр түрлі санына қарап айыра алуға болады. Мысалы, кара үстелді ак үстелден олардың әр түрлі түстеріне қарап айыру қиын емес. Ал екі қара түсті үстелдер бір-бірінен мүлдем ерекшеленбейді, өйткені екеуі де кара түсті, егер олардың айырмашылығы сипаттың сандык ерекшелігінде болса, яғни, үстелдердің біреуі жай кара түсті де, екінші қап-қара болса, айыруға болады.

Бірінші мысалда өр түсті үстелдер өз айырмашылыктары толықтырып. нақтылауды керек етпейді, яғни, салыстыруды керек етпейді. Ал екінші мысалда нақтылау қажет, өйткені салыстырусыз заттардың бірыңғай сипаттары өз беттерінше айырмашылықтарын таба алмайды. Яғни бізге көрінбейді. Сонымем тек салыстыру негізінде анықталады, өйткені сипаттың сандық айырымын анықтауда шырай түрі де нақтыланады, мысалы өте қара немесе қап-қара үстел т. б.

Талданып отырған категорияның негізі сипаттың мінезіне жаңа көрсетілу арқылы толықтырылады, яғни, негізінен жалпы сипаттар салыстырылмайды. Ал бір немесе бірнеше нысанның бірыңғай сипатының мөлшері, саны салыстырылады.

Әр заттың сана қабылдайтын өзіндік нүктесі болады. Егер ол зат не құбылыс сол нүктесінен асырылып не үлкейіп, төмендеп не кішірейіп көрінсе, онда оған үлкейтілген, төмендетілген қалып беріледі. Бұл жерде ғалым Павскийдің мына пікірін келтіріп кетелік: «Стол есть нормальное, представляемое в той мере, какая ему прилична. Но когда хотим увеличить стол, тогда говорим столище; когда хотим уменьшить или унизить его, тогда говорим столик, столишко. Увеличение или уменьшение свойственны не только именам существительным, но и именам прилагательным качественным, потому что и для качеств есть тоже известная мера или норма, в которой они представляются уму...» алайда қазақ тілінде зат есімдердің өзін үлкейтіп не кішірейтіп елестетсек те, айта алмаймыз. Олай айту үшін сол заттың сипатын өзгертіп айтуымыз керек. Ал заттардың сипаттарын сын есім көрсетеді емес пе? Мысалы: «үстел - үлкен үстел немесе кіші үстел». Осы жерде тағы да ғалым Павскийдің сөзін келтірелік: « Но сверх того в прилагательных именах,   и особенно в именах качественных, которые легко могут прилагаться ко многим вещам, возможно сравнение иного рода. Посредством их можно сличать вещь не только с нормою собственного ее бытия, но и сравнивать вещь с другими вешами, качество с другими качествами». Яғни, затты затпен ғана салыстырып қоймай, ал сипаттарын асырып, күшейтіп салыстыруға болады. Осының, яғни заттың басқа заттаң өзінше айырмашылығын тану мақсатында сын есімдерде шырай категориясы пайда болады. Тағы да айта кететін жағдай, егер заттың ерекшелігін тек сын есімдерге тән шырай түрлері ғана танытып берсе, онда бұл қасиет сын есімдерге ғана тән, басқа сөз таптарында жоқ белгі, ерекше категория болып табылады.

Басқа түркі тілдеріне шолу. Енді осы тұрғыдан қарағанда, түрік системалы тілдердің грамматикаларында сын есімнің шырай категориясын қалай шешкендігіне келетін болсақ, олар мынадай болып шығады: Ноғай тілі туралы. Жазған профессор Баскаков Н. А. Сын есім мен зат есімді бірыңғай қарауының салдарынан сын есімнің шырай категориясын нақты айта алмайды. «Все качественные имена прилагательные (но не относительные и уподовительные) изменяется специальными аффиксами, образуя категории, семантически близкие и степеням сравнения в русском языке: 1) аффикс ғана, гене, қана, кене уменьшительное имя прилагательное наречие, например, аз -мало, аз ғана - маленько, кішкене - малюсенький; 2) аффикс --рақ/-рек, присоединяясь к качественным именам прилагательным, образует формы. Имени   прилагательного,   указывающую  на   наличие   признаков   данного качества, например, кызыл - красный, қызылырақ - имеющий красный оттенок цвета, красноватый дейді.

Информация о работе Қазақ тіліндегі сын есім категориясы