Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат
Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
Дәрістің мақсаты: Acсess-те деректер қорын өңдеу мүмкіндіктерін үйрету.
Жоспар:
Кілттік сөздер: ДҚБЖ, объектілер, конструктор, кесте, сұраныс, есеп беру, форма.
Иллюстрациялық материал: слайд.
МS АССЕSS - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). МҚБЖ мәліметтер қорын құру, оларды өңдеу, қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді таңдау, іздеу, сұрыптау және есеп беруді жүзеге асырады.
МҚБЖ негізгі объектілері: кесте, форма, сұрау, есеп беру.
Кесте - мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған объект. Форма - мәліметтерді көрнекті түрде енгізу үшін қолданылатын объект. Сұрау - қажетті мәліметті бір немесе бірнеше кестеден алуға мүмкіндік беретін объект. Есеп беру - мәліметтерді баспаға шығаруға арналған объект.
МS Ассеss-маліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын кұру.
МҚ құруды мысалмен түсіндірейік. Алдымен белгілі бір атпен бума құрамыз. МS АССЕSS-ті іске қосып, Саймандар тақтасындағы мәліметтер қорың құру батырмасын басып немесе Файл мәзіріндегі Құру командасын таңдаңыз. Мәліметтер қорының аты бос орынсыз сегіз символдан тұруы мүмкін. Нәтижесінде сіз мәліметпттер қоры терезесін кересіз. Терезеден мәліметтер қорының кестелерін, формаларын және де басқа объектілерін құруға болады. Мәліметтер қорының терезесі келесідей элементтерден тұрады: Тақырып жолы - ашылған мәліметтер қорының аты шығады. Объектілер батырмалары - «Кесте», «Форма» және т.б. Шебер көмегімен кесте құру кезінде кестелер үлгісі ұсынылады. Олардың әрқайсысы сәйкесінше өрістер үлгілерінен тұрады. Өрістер үлгісін таңдағаннан кейін, Шебер автоматты түрде кесте құрады. Алгашқы кілт — кестедегі кез-келген жазу мәндерінің сәйкестігін бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше еріс. Енгізу қалқасы — өріске бірдей форматты мәндерді енгізуге мүмкіндік беретін үлгі. Енгізу қалқасы өрістерде тұрақты символдарды автоматты түрде кескіндейді.
Кез-келген МS АССЕSS кестелері екі түрлі режимде берілуі мүмкін: 1) мәліметтерді енгізуге, керіп шығуға, түзетуге арналған кесте режимінде; 2) кестелерді өзгертуге және құруға арналған құрастырушы (конструктор) режимінде. Кейбір жағдайларда мәліметтерді кестеге емес, әрбір жазбаны жеке терезелерде көрсетілетін формаға енгізген ыңғайлы. Форманы құру үшін Форма белгішесін шертіп Құру батырмасын басу керек.
Іздеуді ұйымдастыруда қажетті жазбаларды кесте режимінде және форма режимінде де іздеуге болады. Оны Правка-Найти командасы арқылы іске асыруға болады. Жалпы іріктеу шартын қанағаттандыратын жазбалар тобын табу үшін Електен өткізу (фильтр) қолданылады. Фильтр - бұл жазбаларды іріктеу және сұрыптау үшін тағайындалған шарттар жиынтығы.
Шарттарды іріктеуді өрнектеуде төмендегідей операторлар үлгісісі пайдаланылады: Жұлдызша (*) – кез келген таңбаларды кез келген топтармен ауыстырады. Сұрақ белгісі (?) – кез келген бір таңбаны ауыстырады. Нөмір белгісі (#) - кез-келген бір цифрды ауыстырады.
МS Ассеss-мәліметтер қорын басқару жүйесінде сұрау құру. Кестелер арасындағы байланыс.
Сұрауды бір немесе бірнеше кестеден құруға болады. Сұраудың нәтижесі таңдау деп аталады. МҚ-да тандау сақталмайды. Ол әрбір сұрауды орындағанда жаңадан құрылады. Ақпараттарды таңдау үшін қандай ақпараттың таңдалатындығын және ол ақпараттың кандай кестеде сақталғандығын білу керек.
Сұраудың мынадай түрлері бар: бір және екі кестеден сұрау, қорытынды сқрау, кесте құруға сұрау, жазбаларды өзгертуге сұрау, жазбалады енгізуге сұрау, жазбаларды өшіруге сұрау, параметрлі сұрау, қиылысатын сұрау.
Бір кесте негізінде Сұраулар-Құру-Конструктор-
Сұрау құрғанда шарт бойынша іріктеуді пайдалануға және сұрауға есептелетін өрісті қосуға болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды пайдаланып екі немесе одан да көп кестелердегі мәліметтер алынып сұрау (отчет) күрылады. Кестелер арасындағы байланысты Мәліметтер схемасы терезесінде құруға, көрнекті бейнелеуге және өшіруге болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Мәліметтер схемасы терезесін ашып, Кестені қосу терезесіне өтіп осы терезеден керекті кестеледі таңдап алып, кестелерді қосу терезесін жабу керек. Содан кейін, көрсеткішті кестедегі байланысатын өріске қойып, тышканның көмегімен өрісті екінші кестедегі өріске сүйретіп апарамыз. Соңынан Байланыстар сұхбат терезесінде Құру командасын орындаймыз, нәтижесінде өрістер арасында байланыс сызығы көрінеді. Осылайша кестелер арасындағы байланысты орнатуға болады.
Есеп беру - қағазға басып шығаруға арналған, мәліметтерді көрудің ерекше формасы. МҚ баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетінде қандай тұрде бейнелетіндігін және қандай жазбалар мен өрістер енгізілетінін алдын-ала көріп алу қажет. Кез келген кестеден, сұраудан Есеп беруді құруға болады.
Лекция № 22. Кеңселік программалық құралдар.
Дәрістің мақсаты: Кеңселік программалық құралдардың мүмкіндіктерімен таныстыру.
Жоспар:
Кілттік сөздер: презентация, слайд, шаблон, мультимедия.
Иллюстрациялық материал: слайд.
Соңғы уақытта іс жүргізуде орта және кіші кәсіпорындар мен мекемелерде басқарудың әралуан аспектілерінде пайдалынатын программалар пайда болды. Бұл программалар кеңселік атауға ие болды. Кеңселік программалар құрамына кіретін
-презентация өңдеу құралдары (МS Office пакетіндегі Power Pоint типті)
-Электронды ұйымдастырушылар
-іс-әрекетті жоспарлау құралда
-қоймалық және бухгалтерлік есеп жүйелері (1С:Торговля, 1С: Бухгалтерия, 1С: Кәсіпорын);
-Кеңестік заңды жүйелер (консультации).
Power Point презентация құралы.
Сұйық кисталды панельдер мен мультимедиялық проекторлардың пайда болуы компьютерлік дайындыққа өтуге және презентация (иллюстративті материал) көрсетуге мүмкіндік етеді.
Power Point программалық жүйесі
MS Office программалық пакетінің
Power Point - презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35 миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық (фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.
Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен катар, мультимедияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.
Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа кұралдарды пайдалану керек.
Power Point менюлері оффистің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Мастер автосодержания сұхбат терезесін іске қосқаннан кейін Файл-Создать-Презентации командасы көмегімен презентация түрін таңдау сұхбат терезесіне кіріп, презентация шаблондарының бірін таңдау керек.
Презентация шаблоны дегеніміз - белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.
Power Point -та презентация жасау негіздері.
Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 1) Power Point -ты іске қосу; Файл-Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режіміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) кұрылым режіміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режіміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау, 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.
Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:
Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов-настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр езгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша кайталау керек.
Слайд көрсетудің үш әдісі бар:
3)Слайдтарды автоматты
түрде толық экранда керсету. Ол көбінесе
көрнелік стендте,
жиналыста пайдаланылады;
Power Point программасын жүктелгеннен кейін келесі режимдердің бірін пайдаланып жаңа презентация құруды ұсынады.
- автомазмұн мастері
- презентация шаблоны
- бос презентация
Нақты слайдтың сыртқы түрін өзгертуді Вид менюінің көмегімен Слайд режиміне өту арқылы өзгертуге болады. Текстік слайдқа графиканы орнату үшін оның разметкасын Формат менюінің көмегімен өзгертуге болады.
Құрылған презентацияны Показ слайдов менюіндегі Показ командасының көмегімен орындауға болады.
Ұйымдастырушы программалары
Бұл программалар құралдардың өкілдері Lotus Development паниясының программалық шикізаты болып табылады. Солардың кейбіреуінін қарастырайық.
Бүкіл жер шарында кең танымал Lotus Start Suite бір атаулы пакеті. Қазіргі уақытта (2000ж. басында) Осы пакеттің 9.5 версиясы таратылуда. Оның құрамында:
-ақпаратты басқару құралы,
Lotus Start Center программасы басқа
қосымшаларды жүктеуді
-MS Word қарағанда біршама дамыған Lotus Word Pro текстік процессоры, желімен жұмыс Internet және Interanet.
- Lotus компаниясында өңделінген
Lotus 1-2-3 кестелік процессор Ехсеl-мен
бірдей. Қосымша электрондық кестемен
топтың жұмыс жасау, ақпарат алу
үшін деректер қорына сұраныс
болып табылады. Электрондық кестеге мәліметтер
- Lotus Approach деректер қорын басқару жүйесі.
- Lotus Freelance Graphics графикалық презентация құру құралы;
- Lotus Onganiser «уақытты басқару»
құралы жүктеуде ежедневник –
Бухалтерлік іс-әрекетті автоматтау жүйелері
Программалардың бұл класына бухгалтерлік құжаттар мен есептер даярлауға арналған қарапайым программалар жатады. Мысалы, печатающие платежные поручения и накладные, формирующие сведения о доходах для налогооблажения и пенсионного фонда. «1С: кәсіпорын» комплексі командаларының жұмысын автоматизациялаудың универсалды жүйесі болып табылады. Ол бухгалтерлік есептің әралуан бөліктерінде пайдаланылуы мүмкін: тауарлық және материалды қорларда, жалақыны есептеуде, негізгі қаржылардың амортизациясын ҰҚ есептеуде, кадрлық есепте.
«1С: Кәсіпорын» жүйесі 3 негізгі компанентті қамтиды:
-қаржылық операцияларды бейнелейтін «бухгалтер есеп»;
-командалардың таралуы, материальды, ақшалық және басқа қорлардың қалдығын және қозғалысын автоматтауды есепке алуға тағайындалған «жедел есепке алу»;