Пәннің пререквизиттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат

Краткое описание

Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу

Прикрепленные файлы: 1 файл

Силлабус_Информатика_каз_2009-10.doc

— 1.55 Мб (Скачать документ)

-әралуан деңгейде күрделі  қайталанылатын есептеуді орындауға  арналған «расчет» 

 

Лекция №23. Компьютерлік графикаға кіріспе. 

Дәрістің мақсаты: компьютерлік графика негіздерін меңгерту.

Жоспар:

  1. Графикалық мәліметтерді жөндестіру туралы жалпы мағлұматтар
  2. Түстік моделдер
  3. Графикалық программалар. Графикалық ақпаратты құру және жөндестіру жұмыстарынң жалпы принциптері.

Кілттік сөздер: графика, түс модельдері, программалар, графикалық формат.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

  1. Компьютерлік графика – программалық және аппараттық есептеу комплекстерінің көмегімен бейнелерді құру және оларды өңдеу әдістері мен құралдарын зерттейтін инфрматиканың бөлімі.

Компьютерлік графика 3 топқа бөлінеді:

  1. Растрлық (формасы өзгереді)
  2. Векторлық (формасы өзгермейді)
  3. фрактальды

Осы графиканың үшеуі олар монитор –экранда немесе қағазға басылғанда бейненің қалыптасу принциптерімен ерекшеленеді. Векторлық графиканың негізгі объектісі болып сызық болып саналады.

Сызықтың келесі қасиеттері бар:

  1. форма (түзу немесе қисық);
  2. түсі;
  3. қалыңдығы;
  4. сызылуы;
  5. тұйықталған немесе тұйықталмаған;
  6. толтыру қасиеттері болады.

Векторлық графиканың математикалық негіздері

Векторлық графика объектілерінің көрсетілу әдістері.

  1. нүкте – бұл объект жазықтықта 2 санмен (x,y) көрсетіледі;
  2. түзу – y=kx+b теңдеуі беріледі. k және b параметрлері көрсетіліп белгілі координаталық жүйесінде шексіз ьүзу сызықты бейнелеуге болады.
  3. кесінді – айырмашылығы қосымша екі параметрмен (x1,x2) сипатталады.
  4. 2-ші ретті қисық – параболла, гипербола, эллипс теңдеулері ең үлкен дәрежесі 2-ден аспайы тиіс. Екінші ретті қисықтың жалпы түрі:
  5. 3-ші ретті қисықтардың қарапайым түрі Безье қисықтары жатады.

Түс модельдері

Объектілі графикалық программалармен құрылған және математикалық контурлар сияқты түссіз сызықтар. Оларды қару сияқты сыртқы қабығына және ішіне құю түстерін беріуліз керек. Сонымен қатар сыртқы қабығының өз жуандығы болады, ал құю бүріккіш жаппай құю және арнайы құю болады. Арнайы құюда (гардинетті құю, өрнектеп құю, текістуралы) болып бөлінеді.

Түстерді сипаттау үшін ең алдымен оның қандай бірлікпен өлшенетінен және қандай компанентерден тұратынын білуіміз керек. Түстерді сипаттауда түстер моделі әр түрлі болады. Сонынң саласында аз санды базалық және негізгі түстерді араластыру арқылы басқа түстерді алуға болады, оны құрамдас дейді. Сонымен әр түс математикалық сипатталған базалық компонентер құрылымы. Түстердің параметірі көптеген түстер моделі  көмегімен құралды, ал негізінен базалық саналатын түс компанентеріне байланысты. Сонымен кең таралған түрлері  - RGB, CMYK, Lab, HSB.

  1. RGB моделі:

Базалық компаненттері – 3 негізгі түстен құралған қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) .

RGB - үш каналды түс моделі  деп атайды. әр базалық түсі 256 әр түрлі түрден тұрады.

  1. CMYK моделі.

CMYK – ең танымалы модель, субътарктивті түсті сипаттайды және палирофияда негізгі модельі болады. Бұл модель RGB модельімен тығыз байланысты. Қаралатын түстер жазықтығында да 3 базалық түстерден құралады негізгісі ақ түстен RGB компанентерін алудан шығады.

Мысалы: Cyan(көгілдір = ақ-қызыл), Magenta(         = ақ-жасыл), Yellow(сары = ақ-көк).

CMYK моделінің түстік кеңістігі   RGB модельінің төнкерілген  кеңістігі  болады. Қара түс компанентің  минималды мәні, ал ақ-колдік, ақ  және қара нүктелері сұр шкаламен  байланысқан.

CMYK – төртканалды түс модельі болады. RGB моделі аңықты әр компаненті процентпен немесе градияциямен 0-ден 256 ке дейін алынады.

  1. HSB модельі- аддитивті түстерді сипаттайды. Сипаттау әдісі суретшінің қолданып жүргеніне ұқсайды. Бұл көбінесе компьютерлік суретшілерге ең танымалы болып келеді. Модельдің базалық компаненті – түстін төн (HUE), жарықтық(Brightness), қанғандық (Saturation).   Түстін төк берілген түстіңи спектерде орналасуын сипаттайды. Қызыл түс – көлдік мәнде, ал қалған түстер сол түстің бұрыш өлшемімен қызыл арасында беріледі. Ол 0-ден 360-қа дейін өзгере алады.Қанғандық – таза спектірлі түстер үшін максимал мәнді иеленеді. Ол максимумнан (100 немесе 255 градация) нолге шейін. Қанғандық аз болғансайын түс сонша ашық болады. Нолдік қанғандықта таза спектірлі түс аққа айналады. Жарықтық – спектірлі түстер үшін максималды (100% немесе 255 градация). Жарықтықты төмендеткенде түсте қараланады. Егер нолге тең болса, барлық түс қараға айналады.
  2. Lab моделі

Lab моделі – 3 каналды түс моделі болады. Бұл алдында айтылған RGB және CMYK моделдеріндегі кемшілікті жою үшін жасалған моделі. Бұл адамның түс қабылдауына негізделген.  Labтүсі жарықтықтан бөлімшеніп алынған. Объектінің жарықтығы светлоны (L) какалымен және екі громатикалық каналдан тұрады.

А-параметірі жасылдан қызылға өзгереді

В-параметірі көктен сарығы өзгереді

Бұл растарлық бейнелермен жұмыс жасағанда түсті қозғалтусыз жарықтықты көрсеттіреді.

Графикалық редактор — графикалық ақпаратты енгізуге және өңдеуге арналған бағдарлама. Графиканың үш түрі бар: олар векторлық графика, растрлық (нүктелік) және фракталдық графика. Векторлық графиканың негізгі элементтік базасы сызықтар мен геометриялық фигуралар болып табылады, ал растрлық графикада элементтік база нүкте болып табылады. Фракталдық графикада суреттер арнайы математикалық формулалардың көмегімен есептеліп салынады. Графикалық бейнелерді кұруда және оны түзетуде компьютер өте күшті және ыңғайлы құрал болып табылады. Компьютердегі графикалық редакторлар баспа өнімдерін, хат, жарнама т.б. көркемдеу үшін қажет. Раіпt бағдарламасы графикалық бейнелерді құруға және оны өңдеуге мүмкіндік беретін қарапайым графикалық редактор болып табылады.   Бұл   бағдарлама  көмегімен  қарапайым  сурет  секілді  өнер туындылары болып табылатын суреттерді де салуға болады.

Ең қарапайым графикалык редакторлар әртүрлі қалындыктағы түрлі-түсті қылқаламды пайдаланып, бейнелерді неше түрлі түске бояп, сурет салуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Ал күрделі графикалық редакторлар арнайы эффектілер: көлемділік, көлеңке түсіру, созылымды ету, суреттің кей бөліктерін үлкейту, образды қайта жасау және тустерді өзгерту, бір бейненің екінші жаққа жылжуы және т.б. мүмкіндіктер береді. Күрделі графикалық редакторларға CorelDRAW, PhotoShop, Adobe Illustrator және т.б. жатады.

Графикалық редакторлар әртүрлі форматтағы бейнелермен жұмыс істей алады. Редакторларда стандартты бейнелер мен алдын-ала даярланған бейнелердің үлкен кітапханасы бар, оларды пайдаланып, сурет салу өнері жоқ адамның езі тез арада керекті суретті даярлай алады.

 

Лекция №24. Corol Draw  графикалық редакторы 

Дәрістің мақсаты: CorelDraw-да жұмыс істеудің негізгі тәсілдерімен танытыру.

Жоспар:

  1. Жалпы мағлұматтар. Ортаны баптау.
  2. Саймандар тақтасы. «Графика» саймандар тақтасы
  3. Бейнені құру, сақтау және баспаға шығару.

Кілттік сөздер: векторлық графика, интерфейс, саймандар тақтасы.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

CorelDraw программасы векторлық  графикасында қолданушы интерфейсіне  қатысты  эксплуатационды сапасы жоғарғы. Берілген интерфейс келесі қасиеттер жиынын құрайды:

  • Эксплуатацияның ыңғайлылығы және қарапайымдылығы;
  • Тартымдылығы мен сыртқы түрі;
  • Құру (настройка) мүмкіндіктерінің кеңдігі;

Көбінесе, CorelDraw меню командаларымен, жылдамдатқыш пернетақтасымен, құрал саймандар тақтасымен, сонымен қатар программаны құру параметрлері бір-бірінен ерекшеленеді және әртүрлі қолданушы программаның интерфейсімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Компьютерде  шешіліп отырған есептің программасына немесе дизайнеріне қызығушылығына байланысты интерфейстің сол немесе басқа нұсқаулары таңдалады.

Программа экранында  басқару батырмалар жиынтығымен қатар,  Welcome to CorelDraw (CorelDraw программасына қош келдіңіз) панелінде программаны ашудың алты режимі берілген.

                 Олар келесі батырмалар:

  • New Graphic (новая графика) жаңа графикалық құжатты құруға арналған.
  • Open Last Edited (соңғы редактірленген құжатты ашу) соңғы өңделінген құжатты ашу.
  • Open Graphic (графиканы ашу) кез-келген файлдағы графиканы ашуға мүмкіндік береді.
  • Template (шаблон) батырма көмегімен New From Template (жаңа шаблон) диалогті терезесі ашылады, жаңа құжат құру мақсатында сол программаның шаблонында әмбебеп шаблон таңдалады.
  • Corel Tutor (Corel Tutor кітабы ) жаңа құжат құруға және CorelDraw программасының электронды кітапшасы жүктелген, Web бейнелеуіш соңғы терезесін ашуда қолданады.
  • What is New? (что нового? ) батырмасы, программаның он бірінші нұсқауында Features overview (функцияның бейнесі) сұхбат терезесі  ақпараттарды ашу мүмкіндіктерін береді.

CorelDraw программасының қолданушы  интерфейсі жайпақ (плоский) деп аталатын қазіргі заманғы интерфейсі  болып табылады. Осыған байланысты қолданушының назарын таңдалынған құрал сайманына, программада керекті құрал сайманынан іздеуін тездетуге және оның қателесу мүмкіндіктерін азайтуға арналған.  

CorelDraw программасы Windows 95/98/2000 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтындықтан, әрбір қолданушыға белгілі, интерфейс программасы стандартты элементтер жиынынан тұрады.

  • Программаның жүйелік және  (Бүктеу, қайта ашу және жабу) құжат батырмасы;
  • Программаның және құжаттың жүйелік блогі;
  • Программаның тақырып жолы;
  • Құжат атының жолы (оның толық ашылмағанында);

Corel Draw программасының интерфейсі, сонымен қатар сұқбаттық терезеден  қосымша құрал саймандар терезесінен  және программаның анықтамалық  жүйесінен тұрады. Сұқбат терезе  команда параметрлерін және жұмыс құрал–саймандарын  құруға, сонымен қатар программаның құру параметрлері үшін арналған. Программаның анықтамалық жұмыс режиміне жататын, құрал–саймандар  панелінің көмегімен әртүрлі амалдар орындауға болады. Анықтамалық жүйе қолданушыға программамен жұмыс жасауда көмек көрсетеді және оны өз бетінше оқуға мүмкіндік береді.

 

Лекция №25. Жергілікті есептеуіш желілер. 

Дәрістің мақсаты. Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдарымен танысу.

Жоспар:

  1. Компьютерлік желілер.
  2. Желілер топологиясы.

Кілттік сөздер: желі, топология, кабель, хаттама.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

Компютерлік желі деп әр-түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды, және принтерларды бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады. Компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық және арнайы программалық жабдық қажет. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін  біріктіреді. Ресурстар 3 түрлі (типті) болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, Қатты дискілердің сыйымдылығы ақпараттық ресурс болып табылады.

Программалық ресурсқа  мысал, өте күрделі және ұзақ есептеулерді орындау үшін шалғайдағы үлкен ЭЕМ-ға қосылуға және оған есептелінетін тапсырманы жіберуге, соңынан есептеу нәтижесін алуға болады. Алыстағы (удаленный) компьютерларда сақталынатын мәліметтер ақпараттық ресурсты құрайды. Бұған мысал ретінде Интернетті алуға болады.

Орналасқан компьютерлерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталатын желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты.Бұл-жергілікті  ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады деген сөз. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желілері желілік ОЖ-лер басқарумен жұмыс істейді. Негізгі желілік ОЖ-ге Novell Netwone, Windows NT, OS/2  т.б кіреді. Windows95, 98 ОЖ-де құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік ОЖ пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютеріде басқасында  орналасқан деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
  • ақпараттың сақталу сенімділігінің жоғарылауы;
  • ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қоғауды жақсарту;
  • ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлері арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Желі топологиясы - компьютердің бір–біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілеррді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологяның типі бар (жұлдызша, сақина және шина). ”Жұлдызша” топологиясы бар желідегі барлық компьютер орталық компьютерлермен немесе концентраторлармен жалғастырылады. Мұндай желідегі екі компьютерлер арасында  тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталған. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жерге жеткізеді.

“Жұлдызша” топологиясының жетістігі компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанымен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Оның кемшілігі осы негізгі жетістігінен шығады.

“Сақина” топологиясында жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайды (міндетті түрде шеңбер емес). Бұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

Сақина топологиясының кемшілігі желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтан қалады және деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен, ақпаратты басқалардың ұстап қалуы болып табылады.

“Шина” топологиясы бір жеткізетін каналды, яғни шина д.а коаксильді кабельді пайдаланады. Барлық компьютерлер “шинаға” тікелей қосылады.

“Шина” топологиясы бар желіде деректер екі бағытта да бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы Терминаторлар орнатылған. Желінің бір жерінде қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады.

 

 

Лекция №26. Ауқымды компьютерлік желілер. 

Дәрістің мақсаты. Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.

Жоспар:

  1. Интернеттің негізгі ұғымдары.
  2. Интернет желісінің тарихы.
  3. Internet желісіне қосылу

Кілттік сөздер: Интернет, провайдер, модем, броузер, журнал, чат, ICQ қызметі.

Информация о работе Пәннің пререквизиттері