Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат
Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
Ұяшық – мәліметтерді қамтитын кестенің 1-ші элементті. Әрбір ұяшық бағана әріпі мен жол номерінен тұратын адреске ие.
М: В3-бағана В,жол 3 қиылысуы.
Ұяшық көрсеткіші –тезектегі ұяшықты анықтайтын –жарық тіктөртбұрыш.
Кезектегі ұяшық- көрсеткішпен белгіленеді.
Блок – аралас ұяшықтардың тіктөртбұрышты облысы, блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан, жолдар, бағаналардан тұруы мүмкін.
Блок адресі- : бөлінетін қарама-қарсы бұрыштардың координаты құралады.
Excel кітап сияқты беттерден тұрады (16 бет) экранда тек 1 бет –жоғарғы көрініп тұрады.
Лекция№18. МS Ехсеl-электрондық кестесі.
Дәрістің мақсаты: MS Excel-де жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгерту.
Жоспар:
Кілттік сөздер: сілтеме, формула, функция, функциялар шебері.
Иллюстрациялық материал: слайд.
МS Ехсеl -де қолданылатын математикалық формулалар.
Ехсеl-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәтін — кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " " символынан бастау керек. Электрондык кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Ехсеl-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметгердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Функциялармен жұмыс
Функцияларды кірістіру тәсілдері:
Функция түрлері:
Прогрессиямен жұмыс : Правка Заполнить Прогрессия командасы шақырылады.
Прогрессия диалогты терезесі шығады: Ол келесі бөліктерден тұрады.
Расположение
о по строкам
о по столбцам
Сандық форматтарды орнату үшін Формат/Ячейки командасын орындаймыз.
Формат ячеек сұхбат терезесі шығады. Ондағы қаттамалар түрлері: Число, Выравневание, Шрифт, Граница, Вид, Защита. Ұяшықтар мен болктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы, және аралас түрде жазуға болады.
Адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде берлісе – салыстырмалы адрес деп аталады. В3, А1:А4
Ұяшықтың адресін нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз $С$2.
Аралас - $ символдары өзгермейтін адреске сәйкес бағана әріпінің алдында жазылады.
Функциялар у=f(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, f- функция. Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+sіп(С7) формуласын келтіруге болады. Ехсеl бағдарламасының кейбір фунциялары:
- КОРЕНЬ(х) — х санының оң
мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы,
Корень(25)=5.
- Sin(х) — радианмен берілген х бұрышының
синусын анықтайды.
Мысалы: sіn(0.883)=0,772646.
- МАКС(тізім) — берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді aнықтайды, мысалы: макс(55,39,50,28,67,43)=67.
- СУММ(тізім) — берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: СУММ(А1:А300) — А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.
Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы батырма бар.
Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер.
Салыстырмалы адрес - базалық адрестің мәніне қатынасы бойынша айырманы өрнектейтін адрес. Салыстырмалы адрес Ехсеl формулада копданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы, егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Ехсеl формуланы өзінше былай талдайды: "үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі катар жоғары орналасқан ұяшық мәніне косу керек". Егер сіз көшіру барысында нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Әрбір ұяшықтың өзгермейтін адресін абсолюттік адрес деп атайды, өзгермейтін абсолют адрес белгісі кестедегі бағана атының немесе жол нөмірінің алдындағы $ таңбасы болып табылады. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$Ғ$48 және сол сияқты. Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адрес деп аталады.
Ехсеl-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады: өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады; ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі.
Ехсеl-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын-ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл=>Қарап шыгу мәзір командасын орындау немесе Стандартты құрал-саймандар тақтасының көру батырмасын басу керек.
Алдын ала қарап шығу операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай, уақытты әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді.
Сонымен бірге бұл режимде жұмыс атқару үшін:
МS ЕхсеІ-дің графикалық мүмкіндіктері.
Ехсеl-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі - оның сандар қатары мен бағаналардағы ақпараттарды толық, көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады. Диаграммалар мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Ехсеl-дің бұл функциясы бес қадамнан тұрады.
1-қадам. Мұнда ЕхсеІ Диаграмма шеберінің «4-тен 1 қадам» деген сұхбат терезесін шығарады. Осы терезе арқылы Ехсеl тұрғыза алатын диаграмма түрі таңдалады.
2-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың мәлімет көздері анықталды.
3-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмма параметрлері таңдалады.
4-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың орналастыратын орыны анықталады.
Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мелшерін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.
Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрін таңдап алғаннан кейін, Ехсеl оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді.
Диаграмманы түзету үшін тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады, Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма түрін өзгертуге болады: диаграмманың кез-келген жерінде тышқан батырмасын жылдам екі рет шертеміз; экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр=>Аспаптар тақтасы=>Диаграмма командасын орындаймыз. Диаграмма түрлерінің тізімінен тұратын тақтадан Диаграмма түрі батырмасын шертеміз.
МS Ехсеl-ді мәліметтер қоры ретінде пайдалану. МS Ехсеl-дегі кестелер байланысы.
Ехсеl-дегі кестені мәліметтер қоры ретінде қарастыруға болады. Кестенің бағандары (А,В,С,D,Е,Ғ т.с.с.) бағандарындағы ақпарат өрістер деп, ал қатардағы (1, 2, 3 т.с.с.) мәліметтер жазбалар деп аталады. Мәліметтер қорының (МҚ) құрылымына төмендегідей талаптар қойылады: МҚ-ның бірінші жолында қайталанбайтын өріс атаулары орналасады; ал қалған қатарлары бос болмауы керек, онда жазбалар мәні орналасу тиісті; бағана бойымен орналасқан мәліметтер бір типті болады. Ол сандар мен мәтіннен тұруы керек. МҚ-дан белгілі критерийі бойынша іздеп табу үшін фильтр колданылады. Оның екі түрі бар: автофильтр және кеңейтілген фильтр.
Кестелерден тұратын ЕХСЕL жұмыс кітабында бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып пайдалануға болады. Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парақ жарлықтары көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, көрсетілген парақ екпінделіп, үстіне орын ауыстырады. Жарлықта тышқанның оң жақ батырмасын шерту кестенің орнын ауыстыру, атын өзгерту және оны жою сияқты әрекеттерді орындайтын мәзірді экранға шығарады.
Экранның сол жақ теменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші параққа жылдам ауысуға болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын шертсек, онда өзімізге керекті кез келген парақты таңдай алуға мұмкіндік беретін контекстік-тәуелді мәзірді шақыра аламыз. Ехсед-де бір кестеге баска парақтардан немесе басқа кестелерден мәліметтер алып енгізуге болады. Екі парақ арасындагы байланыс олардың біреуіне екіншісінің адресі көрсетілген формула енгізу арқылы орнатылады.
Ол үшін жарлықтағы жанама тәуелді мәзірден Жою командасын орындау қажет. Бірнеше жұмыс парақтарын жою үшін оларды Сtrl пернесін басулы күйде ұстап тұрып, алдын ала ерекшелеу керек те, соңынан жою қажет.
Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файл ұяшығындағы мәліметтерге сілтемесі бар байланыс формуласын енгізу арқылы жүргізіледі. Басқа орыннан мәліметтер алатын файл қабылдауыш файл деп аталады да, мәліметтер беретін файл — жөнелткіш файл деп аталады. Байланыс орнатылысымен Ехсеl жөнелткіш файлдағы ұяшық мәндерін қабылдауыш файлға көшіріп алады да, кабылдауыш файл ұяшықтарындағы мәндер автоматты түрде өзгеріске ұшырайды.
Лекция №19. Деректер қоры теориясының негізі.
Дәрістің мақсаты: деректер қорының теориялық негіздерін оқып үйрету және меңгерту.
Жоспар:
Кілттік сөздер: деректер қоры, модельдер, қатынас, кесте, құрылым.
Иллюстрациялық материал: слайд.
Деректер қоры ұғымы 60 жылдардың соңына қарай пайда болды. Осы уақытқа дейін берілгендерді өңдеу сферасында, тек берілгендер файлы және берілгендер жиынтығы туралы ғана айтылып келді. Деректер қоры (МҚ) - объектінің немесе объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтердің ең кіші элементін өріс деп атаймыз. Мәліметтер элементтерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін мәліметтер жиынтығын кортеж деп атаймыз. Жазба - анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жиынтығы.
Мәліметтер негізгі үш моделі бар: иерархиялық, желілік және реляциялық. Мәліметтердің иерархиялық моделі, бұл модельдегі барлық жазулар тармақты қүрылыммен байланысқан модель түрі. Желілік модель - желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және олармен амал-әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі. Реляциялық модель - ақпараттардың тік төртбұрышты кесте түрінде болатын мәліметтер қорлары. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Мұндай кестелердегі бағандар мен жолдарды өрістер және жазулар деп атайды. Кестелердің арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес келетін өрістердің мәндері арқылы жүзеге асырылады. Кестедегі әрбір жол, яғни жазулар қайталанбауы тиіс. Жазулардың қайталанбауын болдырмау үшін кілттер пайдаланылады, олар кестенің бір немесе бірнеше өрістерін қамтиды. МҚБЖ-не койылатын негізгі талаптардың бірі үлкен көлемді ақпараттардың ішінен қажетті жазуды жылдам іздеп табу болып табылады. Кілттік өрістер бұл операцияны орындауды айтарлықтай жеделдетеді.
ДҚБЖ – деректер қорын құруға, енгізуге және пайдалануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Пайдалану сипаты бойынша ДҚБЖ –дербес және көпқолданушыға арналған болып екіге бөлінеді.
Деребес ДҚБЖ – бір компьютерде жұмыс жасайтын жергілікті ДҚ құруға мүмкіндік жасайды. Оларға Paradox, dBase, FoxPro, Access және т.б. жатады. Ал көпқолданушының ДҚБЖ «клиент-сервер» архитектурасы негізінде жұмыс жасайтын ақпараттық жүйелер құруға арналған. Оларға Oracle, Informix, SyBase, MS SQL Server InterBase жатады.
Лекция №20-21. МS Ассеss-деректер қорын басқару жүйесі.