Пәннің пререквизиттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат

Краткое описание

Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу

Прикрепленные файлы: 1 файл

Силлабус_Информатика_каз_2009-10.doc

— 1.55 Мб (Скачать документ)

Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.

IР-телефония (Skype бағдарламасы)

IP-телефония ретінде қолданыла  алатын көптеген алуан түрлі  бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік  береді.

Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады.

Skype бағдарламасын пайдалану  алу үшін компьютер мынадай  ең аз жүйелік талаптарға сай  болуы тиіс:

· Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;

· 400 MHz процессор;

· 128 MB оперативті жады;

· дискіде 15 MB бос орын;

· дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);

· 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.

Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді.  
Skype бағдарламасының танымалдығы және оның Internet шектерінен шығуы бағдарламамен жұмыс істеуді барынша қарапайым етуге бағытталған құрылғылардың пайда болуына алып келді.

Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.

Skype желісіне қосылу үшін  мына әрекеттерді орындау керек. 
Сіздің компьютеріңізге Skype орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде бағдарламаның белгішесі пайда болады.

 

 

Лекция №28  HTML гипертексті белгілеу тілі.

Дәрістің мақсаты. HTML құжатының құрылымымен таныстыру.

Жоспар:

  1. Гипермәтінді жіберу хаттамасы.
  2. HTML құжатының құрылымы.

Кілттік сөздер: гипертекст, Web құжат, HTML тілі.

Иллюстрациялық материал: слайд.

WWW-құжаты стильденген  және форматталған мәтін, графика  және әртүрлі Internet ресурсты гипербайланыстарға ие бола алалды. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін HTML (Hyper Text Markup Language – Мәтінді Белгілеу Тілі) арнайы тілі шығарылды. HTML-де жасалған құжат мәтіндік файл болып табылады, мұнда мәтін және белгілеу жалаушалары (markup tags -тегтер) орналасқан. Жалаушалар <> белгісінде жазылатын белгіленген ретті символдар болып табылады. Белгілеу жалаушаларына сәйкес программа мәтінді, бөлек графикалық файлдарда сақталынатын суреттерді экранға орналастырады және басқа құжаттармен немесе Internet-пен гипербайланыс жасайды.

1. html - берілген құжат HTML тілінде  жазылғаны туралы программаға  хабарлайды;

2. head және /head жалаушалары  арасында құжаттың тақырыбы орналасқан;

3. title және /title жалаушалары  арасында құжаттың аты орналасқан; атау құжаттың өзімен емес, ал қарау программа терезесінің тақырып өрісінде орналасады;

4. body> және /body жалаушалары  арасында құжаттың денесі орналасқан;

5. h1 және /h1 қарау программасы  үлкен шрифтпен шығаратын (тақырыпты  құжат тақырыбымен шатастырмау керек) тақырып орналасқан;

6. p жалаушасы параграф  басын белгілейді, оның мәтіні  жаңа жолдан шығарылады; әрбір  параграфқа бос жол тіркеледі; мәтін жолының ұзындығы бастапқы HTML – файлындағы ұзындығымен  сәйкес келмеу мүмкін, сондықтан  ол қарау программасының терезе өлшемімен және шрифттің символдар өлшемімен мәтінді шығару программасы арқылы анықталады;

7. u1 және /u1 жалаушалары реттелмеген  тізімнің басы мен аяғын белгілейді, мұнда әрбір элементке li жалаушасы  бастама болады; әрбір тізім элементі * символымен басталатын жаңа жолға шығарылады;

8. img src="face.gif" жалаушасы face.gif файлында сақталған кескінді (сурет)  құжатқа қосады;

HTML құжатының құрылымы 

НТМL құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы Блокнотты пайдалана беруге болады.

  1. НТМL қүжатының кез келгені <НТМL> тегінен басталып, соған сәйкес </НТМL> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
  2. Құжаттың тақырыптық бөлігі <Неаd> және </Неаd> тегтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті <Тitle>...</Тitle> тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген браузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
  3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын <Воdy>... </Воdy> тәгтерінің ортасына жазылады. Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау. НТМL тілі құжаттың функционалдық жеке беліктерін сипаттауға арналған. Көптеген құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен абзацтар қарастырылады.

 

 

Лекция №29-30.   Жасанды интеллект және эксперттік жүйелер

Дәрістің мақсаты: жасанды интеллект және эксепрттік жүйелердің негізгі ұғымдарымен таныстыру.

Жоспар:

    1. Жасанды және машиналық интелект ұғымдары.
    2. Жасанды интелекттің дамуы.
    3. ЖИ әдістерінің қолданылу бағыттары.

Кілттік сөздер: жасанды интеллект, машиналық интеллект, жасанды түйсік, ЖИ әдістері, эсперттік жүйе.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Жасанды интелект-адамның ой-өрісінің жұмыстарын моделдеумен байланысты ғылыми бағыт.  

ЖИ –ті зерттеу саласындағы жұмыстар екі бағытқа бөлінеді. Оның себебі, ЖИ жүйелерін қалайша құру керектігі жайлы екі көзқарас болуына байланысты. Бір көзқарастың жақтаушылары бәрінен тек нәтиже маңызды, яғни жасанды және интелектуалды жүйелердің атқаратын жұмыстары (тәртібі) мейлінше сәйкес болғаны жеткілікті деп ойлайды, ал оның атқаратын жұмыстарының  қалыптасудағы ішкі құрылысын ЖИ жасаушының  көшіруі, ескеруі мүлде қажет емес деп есептейді.

Екінші көзқарас жақтаушылары ЖИ жүйелерін құруда табиғи ойлау механизмдерін зеттеуді  және адамның саналы іс-әрекеттерінің қалыптасу тәсілдері жайлы мәліметтерді талдауды негізге алу қажет дейді, мұнда ЖИ жүйесін құру алдымен биологикалық объекттердің нақтылы жұмыс ерекшеліктері мен принциптерін техникалық құралдар арқылы орындау, модельдеу арқылы жүзеге асырылады.

Сөйтіп, бірінші бағыт адамның іс-әрекетінің нәтижесін қарастырады, оның құрылымын үйренеді, және ол нәтижені техникалық құралдардың (ЭЕТ-нің) көмегімен  ұйымдастыруға тырысады. Егер ЭЕТ-сын нақтылы мәселені шешетіндей етіп программаласа интелектуалды іс-әрекеттің сәйкес түрі автоматтандырылды деуге болады. ЖИ-тің бұл бағытының жетістігі тікелей ЭЕТ дамуы мен программалау шеберлігіне (искуствосына), яғни компьютерлік ғылым деп аталатын ғилыми-техникалық зерттеулерге тікелей байланысты. ЖИ-тің бұл бағытын машиналық интелект деп те атайды.

ЖИ-тің екінші бағыты интелектуалды іс-әрекеттердің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмдері жайлы мәліметтерді қарастырады, кеңінен алсақ – адамның ой жүйесін. Жобалаушылар бұл механизмдерді олардың жұмысы алдын-ала белгілі шамада анықталған адам жұмысымен жақсы сәйкес келетіндей етіп шығаруға тырысады.  Бұл мәселе ойдағыдай шешілгенде адамның сәйкес іс-әрекеті автоматтандырылды деп есептеледі. Жасанды түйсік деп аталатын бұл бағыт адам жайлы ғылымның жетістіктерімен тікелей байланысты.

ЖИ-тің екі бағыты да моделдеумен байланысты. Бірінші жағдайда феноменологиялық, имитациялық, ал екінші жағдайда құрылымдық моделдеумен байланысты.

Бұл күнде ЖИ - информатиканың қуатты салаларының бірі.

Оның мақсаты: программист емес қолданушыларға ЭЕТ –мен қарым-қатынас жасай отырып, интелектуалды болып саналатын өз мәселелерін(есептерін) шешуге(шығаруға) мүмкіндік беретін аппараттық-програмалық құралдар жасау.

Шешу алгоритмі белгісіз кез-келген есепті ЖИ шеңберіне жатқызуға болады. Мысал үшін, шахмат ойнау, медициналық диагноз жасау, мәтіндерді шет тілдеріне аудару т.б. –бұл есептерді шешудің нақтылы алгоритімдері жоқ..

ЖИ әдістерінің қолданылу бағыттары:

1.Эксперттік жүйелерде білімдерді жинақтау жане оларды бейнелеу. Бұл бағыт ЖИ –нің негізгі бағыты, ЭЖ –нің негігін құрайтын білімдер қорын құруға, білімдердің модельдерін жобалауға байланысты. ЭЖ- нақтылы жұмыс түрлерінде мамандардың білімін өзіне жинақтаған интелектуалды жүйе.

2.Ойындар және шығамашылық. Әдетте, ЖИ-ке интелектуалды ойындар кіреді – шахматтар, дойбылар, го, т.б. Ойындар ертеректен белгілі лабиринттік пен эвристикалық  жолдарға негізделеді

3.Табиғи тілдерді түсіну және машиналық аудармалар. 50 жылдарда ЖИ-ті зерттеудің кең тараған аймағы машиналық аудармалар болатын. Бұл аймақтағы алғашқы программа – ағылшын тілінен орыс тіліне аударғыш. Ағашқы сөзбе-сөз аудару идеясы тиімді болмай шықты. Бұл күнде табиғи тілдегі хабарламаларды талдау және синтездеу қабілеттері бар бірнеше бөліктен тұратын күрделі модель қодлданылады. Талдау үшін олар:

- морфологиялық талдау – мәтінде сөздерді талдау;

- синтасистік талдау – сөйлемдердің грамматикасын жане сөз байланыстарын талдау;

- семантикалық талдау – белгілі бір пән-бағытты білімдер қорлары негізіндеәр сөйлемнің мағанасын талдау;

- прагматикалық талдау - өз білімдер қорлары негізінде мәтіннің қолданылу саласына байланысты сөйлемдердің мағынасын талдау.

Синтезге осы этаптарға ұқсас этаптар кіреді, бірақ біраз басқаша ретте.  

4.Бейнелерді тану. Мүны көрнекті және дыбыстық мәліметтерді қабылдай алатын, оларды кодтай және жадқа орналастыра алатын техникалық жүйелер ғана деп түсінбейміз, сонымен қатар ол мәліметтерді өңдеу барысында түсіну және логикалық  ойлау проблемасы деп түсінеміз.

5.Копьютерлердің жаңа архитектурасы. Бұл бағыт символдық және логикалық әліметтерді өңдеуге бағытталған аппараттық шешімдер мен архитектуралар ойлап табумен айналысады. Пролог- және Лисп-машиналар, V, VI кезеңгі копьютерлер жасалады.

6.Интелектуалды роботтар. Роботтар – адамның жұмыстарын автоматтандыруға арналған элетромеханикалық құрылғылар.

Белгілі және кәзіргі уақытта жасалып жатқан роботтар өздерінің құрылымы жағынан да, жұмыс жасау мүмкіндігі жағынан да  айтарлықтай өзгеше, осы арадағы даму кезеңдерін бірнеше сатыға болуге болады.

Қатаң (өзгертілмейтін)  басқару схемалы роботтар Оларға кәзіргі барлық өндірістік роботтар жатады.

Сенсорлық құрылғылары (көзі, қолы т.с.с.) бар роботтар. Бұл роботтардың алғашқы үлгілегі өте қарапайым, кейіннен оларға айтарлықтай өзгерістер енгізілді, ондай роботтардың жобалары ғана бар, өндірістерде  әзірге қолданылмайды.

Иттелектуалды роботтар. Бұл әрине робот техникасының келешегі, мақсаты. Интелеетуалды роботтарды жасаудағы негізгі проблема – жасанды көз.

7.Арнайы прораммалық  жабдық. Бұл бағыт көлемінде есептелмейтін процесстерді шешуге арналған арнайы тілдер (LISP6 PROLOG, SMALLTALK, PEФАЛ т.б.) жасалады. Бұл тілдер маліметтерді символдық өңдеуге бағытталған. Сонымен қатар, интелектуалды жүйелерді өндірістік жобалауға бағытталған программалар пакеті жасалуда, мысалы, КЕЕ,ARTS. Сол сияқты, әртүрлі жүйелерді құруда білімдер қоры толтырылатын бос эксперттік жүйелерді құрылуда (EXSYS, M1 т.б.).

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Негізгі әдебиеттер:

 

  1. Бауэр Ф.Л.  Информатика. Вводный курс: В 2-х ч. Ч.1 / Ф.Л. Бауэр, Г. Гооз; Пер. с нем. М.Валиева, В.Кербеля и В.Сабельфельда под ред. А.Ершова.- 2-е полностью переработанное и расширенное издание.- М.: Мир, 1990.- 336с.                             
  2. Симонович С.В.  Общая информатика. Новое издание: Универсальный курс / С.В. Симонович.- СПб.: Питер, 2007.- 428с.                                                    
  3. Лабораторный практикум по информатике: Учебное пособие для вузов / Под. ред. В. А.Острейковского.- 3-е изд., стер.- М.: Высш. шк., 2008.- 376с.: ил.                     
  4. Могилев А.В.  Информатика: Учебное пособие для студентов вузов / А.В. Могилев,  Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; Под ред. Е.К.Хеннера.- 6-е изд., стер.- М.: Академия, 2008.- 848с. 
  5. Острейковский В.А.  Информатика: Учебник для вузов / В.А. Острейковский.- 3-е   изд., стер.- М.: Высшая школа, 2005.- 511с.
  6. Информатика. Учебник для ВУЗов.  Под ред. Макаровой. – «Финансы и статистика», 2004г.
  7. Практикум по информатике. Учебник для ВУЗов.  Под ред. Макаровой. – «Финансы и статистика», 2004г

 

Қосымша әдебиеттер:

 

  1. Microsoft Excel 97 кестелi процессоры: Лабораториялық практикум.- Алматы: ЖТИ,  2003.- 72 б. 
  2. Беркінбаев К.М.  Информатика: Оқулық / К.М. Беркінбаев.- Алматы: Заң әдебиеті,  2007.- 421б.
  3. Байжұманов М.Қ.  Информатика: Оқу құралы / М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева.-  Астана: Эверо, 2004.- 224бет.
  4. Камардинов О.  Информатика: Оқу құралы / О. Камардинов.- 3-ші басылымы.- Алматы: Ғылым, 2008.- 360бет.
  5. Лавренов С.М.  Excel: Сборник примеров и задач: Учебное руководство и пособие / С.М. Лавренов.- М.: Финансы и статистика, 2006.- 336с.- (Диалог с компьютером.).         
  6. Молчанов А.Ю.  Системное программное обеспечение: Учебник для вузов / А.Ю. Молчанов.- СПб.: Питер, 2006.- 396с.                                                     
  7. Бройдо В.Л. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации. Учебник для  вузов-СП.; Питер 2003
  8. HTML с самого начала. - Питер, 1998
  9. Хомоненко А.  Microsoft Access. Быстрый старт / А. Хомоненко , В. Гридин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2002.- 304с.                                                              
  10. Резников Ф.А.  Как установить, восстановить и настроить Windows XP. Подробное   иллюстрированное руководство: Учебное пособие / Ф.А. Резников.- М.: Лучшие книги, 2008.-  192с.: ил.                                                                               
  11. Старков В.В.  Компьютерное железо: архитектура, устройство и конфигурирование / В.В. Старков.- 2-е изд., стер.- М.: Горячая линия-Телеком, 2007.- 424с.: ил.             
  12. Microsoft Power Point 2002. Русская версия. Шаг за шагом.- М: Эком, 2002.- 368 с.
  13. Power Point программасын пайдалану: Лабораториялық практикум: Оқу құралы.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 40 б.
  14. Microsoft Word 97 мәтiн редакторы.Лабораториялық практикум: Оқу құралы.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 86 б.
  15. Комолова Н.В.  Самоучитель Corel DRAW 12 / Н.В. Комолова, А. Тайц , А.А. Тайц.- СПб.: БХВ-Петербург, 2004.- 640с.                                                        
  16. Корабельникова Г.Б.  Adobe Photoshop 7 в теории и на практике / Г.Б. Корабельникова.- 2-е изд.,испр.- Мн: Новое знание, 2003.- 560с.                          
  17. Абрамов С.А. и др. Задачи по программированию.-М.:Наука,1988
  18. Аманжолова Н.И., Турмагамбетова К.В., Нуриденова К.Н. Программирование на языке Паскаль.-Алматы: Бiлiм,1996
  19. 1С: Бухгалтерия 7.7 с нуля! Книга + Видеокурс: Учебное пособие / Под ред. Селищева Н.В.- М.: Лучшие книги, 2006.- 528+ 1СD.                                        
  20. Байдыбекова С.К.  Компьютерные технологии в бухгалтерском учете: Учебное  пособие / С. Байдыбекова.- Талдықорған, 2006.- 250б.                                     
  21. Скляров Д.В.  Искусство защиты и взлома информации. / Д.В. Скляров.- СПб.: БХВ- Петербург, 2004.- 288.                                                                   
  22. Жапарова Г.Ә.  Информатика негіздері: Оқу құралы / Г.Ә. Жапарова.- Алматы: Экономика, 2006.- 296б.                                                                  
  23. Толковый словарь по информатике. Методическое пособие. Алматы. 2003
  24. Гладкий А.А.  1С: Предприятие 8.0. / А.А. Гладкий.- СПб.: Тритон, 2005.- 256с. 
  25. Журин А.А.  Работа на компьютере: Практическое руководство для начинающих пользователей. / А.А. Журин.- М.: Лист Нью, 2003.- 704с.                                 

Информация о работе Пәннің пререквизиттері